Lync 2010 бағдарламасындағы журналды жүргізу параметрлерін орнату

Қате журналы компьютер қате тапқан кезде орын алған нәрселердің жазбасы болып табылады. Техникалық қолдау көрсету қызметкері Microsoft Lync 2010 немесе Windows жүйелерінде тіркеу немесме бсқа мәселелерді талдау үшін қате журналын беруді өтінуі мүмкін.

Ескерту :  Журнал жүргізуді қосу алдында Microsoft Lync өнімдеріне қатысты құпиялылық туралы мәлімдеме.

Не істегіңіз келеді?

Журнал жүргізуді қосу

Lync 2010 журнал файлын анықтау

Windows оқиғалар журналын көру

Lync журнал жүргізу параметрлері төмендегідей:

  • Lync жүйесінде журнал жүргізуді қосу  Lync жүйесінің Microsoft Lync Server 2010 бағдарламасымен өзара әрекеттестігі туралы ақпаратты қамтиды.

  • Lync жүйесі үшін Windows оқиғалар журналын жүргізу   Ақауларды түзетуге көмектесетін мәліметтермен бірге Windows оқиғалар журналына белгілі бір қате түрлерін жазады.

Журнал жүргізуді қосу

  1. Lync тіркеу экранында Параметрлертүймесін басыңыз.

  2. Жалпы қойындысында Журнал жүргізу тармағы астынан қалаған параметрлерді таңдаңыз.

Lync 2010 журнал файлын анықтау

  1. Жетектеушіде пайдаланушы профилі каталогында Қадағалау қалтасына дейін шарлаңыз—мысалы, C:\Users\MyAlias\Tracing.

  2. Lync-uccapi-0.uccapilog файлын қараңыз.

Егер журнал жүргізуді жаңа ғана қосқан болсаңыз, журнал файлын жасау үшін тіркеуден шығып, қайта кіруіңіз керек.

Windows оқиғалар журналын көру

  1. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Windows Vista операциялық жүйесінде Іске қосу түймесін, Барлық бағдарламалар түймесін, Керек-жарақтар түймесін, одан кейін Орындау түймесін басыңыз.

    • Windows 7 операциялық жүйесінде Іске қосу түймесін, одан кейін Орындау түймесін басыңыз.

  2. Ашу жолағында eventvwr деп жазып, OK түймесін басыңыз.

  3. Оқиғалар көрсетілімі терезесінде сол жақтағы аумақтан Windows журналдары түймесін екі рет басып, Бағдарлама түймесін басыңыз.

  4. Қате мсәліметтерін көрсету үшін ең соңғы Lync 2010 қатесін екі рет басыңыз.

  5. Қате мәтінін көшіру үшін Оқиға сипаттары диалогтық терезесінде Көшіру түймесін басыңыз.

  6. Қате ақпаратын мәтін файлына немесе электрондық пошта хабарына қойыңыз да, жүйелік әкімші немесе қолдау көрсету тобына хабарласыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×