Lync жазу басқарушысындағы жазуларды басқару

Microsoft Lync 2010 жазуды басқарушысы қатынастар бағдарламалық жасақтамасы арқылы жазылған Microsoft Lync Online cөйлесулері мен жиналыстарын басқара аласыз. Жиналыстарды жазып, оларды қайта тыңдау үшін Lync жазу басқарушысын қолдану жөнінде ақпарат алу үшін Lync Online бағдарламасында жиналыстарды жазу және қайта ойнату бөлімін қараңыз.

Қандай әрекет орындауды қалайсыз?

Жазу басқарушысын зерттеу

Lync жазулары қойындысын зерттеу

Windows медиа жазулары (.wmv) қойындысын зерттеу

Lync жазу басқарушысында жазуды ойнату

Жазу қалтасын шолу

Өзгелермен ортақ пайдалануға болатын жазуды жариялау

Жазудың атын өзгерту

Жазуды жою

Жазу басқарушысын зерттеу

Барлық сақталған жазулар жазу басқарушысында көрсетіледі. Жазу басқарушысында жазуларды ойната аласыз, жазулардың атын өзгерте аласыз немесе өзгелермен ортақ пайдалануға болатын бейне пішімін құра аласыз. Бұл әрекеттерді Lync жазулары қойындысы және жазу басқарушысындағы Windows медиа жазулары (.wmv) қойындысын пайдалану арқылы жүзеге асыра аласыз.

Жазу басқарушысын ашу үшін Бастау түймешігін басып, Барлық бағдарламалар пәрменін таңдаңыз да, Microsoft Lync жолағын нұқыңыз, содан соң, Microsoft Lync жазу басқарушысы түймешігін басыңыз.

Lync жазулары қойындысын зерттеу

Компьютерде сақталған Lync Online жазуларын көру үшін Lync жазулары қойындысын нұқыңыз. Lync жазулары қойындысында Lync жазуларын ойната, атын өзгерте, жоя аласыз немесе жариялай аласыз. Сондай-ақ, Windows медиа пішіміндегі жазуларды түгелдей не оның бөліктерін сақтап, өзгелерге жариялай аласыз.

Жазуды жазу басқарушысында ойнатқан кезде жазулар Microsoft Lync 2010 жазу ойнатқышында ашылып, ойнатылады. Lync 2010 жазу ойнатқышы жазуды құрған баяндамашыны бай көрініс тәжірибесімен қамтамасыз етеді. Дыбысты, бейнені жедел хабарламаларды, бағдарламаларды ортақ пайдалануларды, Microsoft PowerPoint көрсетілімдерін, тақтаны және Lync сеансының сауал бөлімін дәл Lync сөйлесуінде не жиналысындағыдай етіп көруге болады. Сондай-ақ, Lync жазуларының өзге бөліктеріне аса ден қою үшін бұл мүмкіндіктердің кез келгенін жасыра аласыз. Индекмтеу арқылы белгілі бір сөйлеушіні тыңдайаласыз не белгілі бір мазмұнды көре аласыз жәнесонмен қатар, қатысушылар тізімін алып, тіркемелерді жүктей аласыз.

Windows медиа жазулары (.wmv) қойындысын зерттеу

Бейне пішімінде сақтау қажет деп таңдаған Lync жазуларын көрсету үшін Windows медиа жазулары (.wmv) қойындысын нұқыңыз. Windows медиа жазулары (.wmv) қойындысында жазуды ойната, жоя аласыз немесе компьютеріңіздегі бейнегі не өзге желелік орында жариялай аласыз. Windows медиа бейнесін өзгелермен оңай ортақ пайдалана аласыз.

Жазудың Windows медиа нұсқасын құрудың екі жолы бар: Lync сеансын аяқтап, жазуды сақтау кезінде автоматты түрде құра аласыз (Сондай-ақ, өзгелерге жарияланатын нұсқасын құру ұяшығына құсбелгі қою арқылы), немесе Lync жазулары қойындысы арқылы құра аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Lync жазу басқарушысында жазуды ойнату

  1. Lync жазулары қойындысын не Windows медиа жазулары (.wmv) қойындысын нұқыңыз.

  2. Жазуды нұқып, Ойнату түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жазу қалтасын шолу

Әдепкі бойынша, Lync сеансын жазу кезінде, Lync жазуы компьютерде келесі орында сақталады: C:\Қолданушылар\қолданушы аты\Lync жазулары. Lync қызметіндегі бұл әдепкі орналасуды өзгертуге болады (Файлды сақтау параметрлерінде).

Сондай-ақ, егер жазудың Windows медиа нұсқасын құрсаңыз, әдепкі бойынша, бұл нұсқа компьютерде келесі орында сақталады: C:\Қолданушылар\қолданушы аты\Lync жазулары. Бұл орналасуды Windows медиа жазуын құру кезінде, Lync сеансын қолдану кезінде , немесе жазу басқарушысын қолдану арқылы өзгертуге болады. Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін келесі, “Өзгелермен ортақ пайдалануға болатын жазуды жариялау” бөлімін қараңыз.

  1. Бастау түймешігін басып, Барлық бағдарламалар пәрменін таңдаңыз да, Microsoft Lync жолағын нұқыңыз, содан соң, Microsoft Lync жазу басқарушысы пәрменін басыңыз.

  2. Lync жазуы қойындысын не Windows медиа жазулары (.wmv) қойындысын нұқыңыз.

  3. Жазуды нұқып, Шолу пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өзгелермен ортақ пайдалануға болатын жазуды жариялау

Lync жазуын түгелдей не оның бөліктерін Windows медиа файлы ретінде сақтау және Windows медиа файлын ортақ пайдаланылатын желі орналасуында не Microsoft SharePoint Server 2010 архивтер кітапханасында жариялау арқылы жазуды өзгелер үшін қол жетімді ете аласыз.

  1. Бастау түймешігін басып, Барлық бағдарламалар пәрменін таңдаңыз да, Microsoft Lync жолағын нұқыңыз, содан соң, Microsoft Lync жазу басқарушысы пәрменін басыңыз.

  2. Lync жазулары қойындысын нұқыңыз.

  3. Жазуды нұқып, Жариялау пәрменін таңдаңыз.

  4. Жазудыңатын өзгерту үшін Жазу файлыныңаты жолағының астында жаңа атты теріңіз.

  5. Жазудың орналасуын өзгерту үшін Сақтау жолағының астында келесі әрекетті орындаңыз

    • Мәтін ұяшығына SharePoint Server 2010 архив кітапханасының URL мекен-жайы секілді веб мекен-жай қойыңыз.

    • Шолу түймешігін басып, бейнені сақтағыңыз келетін қалтаны көрсетіңіз.

Ескерту :  Егер SharePoint Server 2010 қызметі және қажетті рұқсаттарыңыз болса, жазуды Microsoft SharePoint aрхив кітапханасында сақтай аласыз. Егер файлды SharePoint Server 2010 қызметіне кері қотаруға қатысты қиындық туындаса, SharePoint әкімшісінен әдепкі максималды кері қотару өлшемін (әдепкі 50 MB) және кері қотаруды күту параметрін ұлғайтуды сұраңыз.

  1. Жарияланатын бейне қамтитын мазмұн түрін таңдау үшін не жазудың басталу және аяқталу уақытын белгілеу үшін Параметрлер түймешігін басыңыз.

  2. Бейнедегі мазмұн жолағының астында қосқыңыз келетін мазмұн түрлерінің жанындағы ұяшықтарға құсбелгі қойыңыз. Егер мазмұн түрі қол жетімді болмаса, ол бастапқыда Lync сеансына қосылмаған.

Ескерту :  Егер жазудың жарияланатын Windows медиа нұсқасын құруды жоспарласаңыз, Lync сеансының түпнұсқасындағы белгілі бір мазмұнның өлшемі тым үлкен болса (мысалы, үлкен тақта, ұзақ жедел хабрлама (ЖХ) сеансы немесе қос компьютерді ортақ пайдалану), мазмұн бейненің соңғы нұсқасында дұрыс көрінбеуі мүмкін болуына назар аударыңыз. Сонымен қатар, жазудың жедел хабарлама бөліміндегі хабарламалар әдетте шектелген енге байланысты бейненің соңғы нұсқасында қысқартылады.

  1. Уақытжолағының астындағы Бастау уақыты және Аяқтау уақыты параметрлерін жазудың түпнұсқасында жарияланатын нұсқаның басталатын және аяқталатын уақытын белгілеу үшін қолданыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жазудың атын өзгерту

Жазудың атын өзгерту үшін келесі әрекетті орындаңыз:

  1. Бастау түймешігін басып, Барлық бағдарламалар пәрменін таңдаңыз да, Microsoft Lync жолағын нұқыңыз, содан соң Microsoft Lync жазу басқарушысыпәрменін таңдаңыз.

  2. Lync жазулары қойындысын нұқыңыз.

  3. Жазуды нұқып, Атын өзгерту пәрменін таңдаңыз. Жазу тақырыбы ерекшеленеді.

  4. Атты енгізіп, ENTER пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жазуды жою

Жазуды жою үшін келесі әрекетті орындаңыз:

  1. Бастау түймешігін нұқып, Барлық бағдарламалар жолағынтаңдап, Microsoft Lync бөлімін басыңыз да, Microsoft Lync жазу басқарушысы пәрменін таңдаңыз.

  2. Lync жазулары қойындысын не Windows медиа жазулары (.wmv) қойындысын нұқыңыз.

  3. Жазуды нұқып, Delete түймешігін басыңыз.

Ескерту : Windows медиа жазуы өзге компьютерде орналасқан кезде, жазуды жою әрекеті жазу басқарушысынан тек қана сілтемені жояды. Жазуды түгелдей жою үшін оны жазу сақталған жерден жою қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×