Insert or attach files to notes

Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасында жасалған жазу кітапшалары әр түрлі мәліметтерді жинауға және оларды бір жерде сақтауға мүмкіндік береді. OneNote бағдарламасын негізінен өзіңіздің жазбаларыңыз үшін пайдаланасыз, сонымен қатар басқа көздерден алынған қажетті мәліметтерді кірістіру уақытты үнемдеудің жақсы әдісі болып табылады. Мәліметтерді қайта терудің орнына немесе дербес күйде жұмыс істеген кезде пайдалану мүмкін болмай қалатын құжаттарға және файлдарға берілген сілтемелерге сенудің орнына қажетті мазмұнды тікелей Office OneNote 2007  бағдарламасына аңғартпа қосылатын тіркеме немесе қатты көшірме түрінде кірістіруге болады.

Не істеуді қалайсыз?

Құжатты немесе файлды тіркеу

Құжатты немесе файлды қатты көшірме түрінде кірістіру

Құжатты немесе файлды тіркеу

Кез келген құжаттың немесе файлдың көшірмесін жазбаларыңыздың бір бөлігі ретінде сақтау үшін, оны жазу кітапшасының бетіне тіркеуге болады. Тіркеме белгішесін екі рет нұқығанда құжат немесе файл өзінің сәйкес бағдарламасында ашылады (мысалы, Word құжат тіркемесі Microsoft Office Word бағдарламасында ашылады, егер компьютеріңізде орнатылған болса).

  1. Кірістіру мәзірінде Файлдар пәрменін таңдаңыз.

  2. Кірістіру үшін файлды немесе файлдар жиынын таңдаңыз тілқатысу терезесінде кірістіргіңіз келетін файл орнына барыңыз және оны бөлектеу үшін таңдаңыз. (Бірнеше файлдарды таңдау үшін, қосымша файлдарды бөлектеп нұқыған кезде CTRL пернесін жібермей басып тұрыңыз.)

  3. Кірістіру түймешігін басыңыз. Файлдың көшірмесі ағымдық бетке кірістіріледі және белгіше түрінде көрінеді. Құжат не файлды ашу немесе қарап шығу үшін белгішені екі рет нұқыңыз.

Ескерту : OneNote бағдарламасы бастапқы құжаттың немесе файлдың көшірмесін тіркейді. OneNote бағдарламасы бастапқы файлға сілтемені сақтамайды. Егер бастапқы файл кейінірек жаңартылатын болса, өзгерістер тіркеген көшірмеде болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Құжатты немесе файлды қатты көшірме түрінде кірістіру

Егер мәліметтерді компьютеріңізге басқа файлдардан тіркеусіз немесе файлдарға сілтеме бермей-ақ кірістіруді қаласаңыз, OneNote басып шығарғыш драйверін қолданып, мәліметтердің суретін немесе «басып шығаруын» кірістіруге болады. Файлды қағазға басып шығарудың орнына басып шығарғыш драйвері қатты көшірмені жазу кітапшаңызға электрондық түрде жібереді. Қатты көшірмені беттің кез келген жеріне қоюға болады. Қатты көшірмені бастапқы файл сияқты ашуға және өңдеуге болмайды, бірақ қатты көшірмеден мәтінді көшіріп алуға және өңдеу үшін оны кез келген жерге қоюға болады. Сонымен қатар қатты көшірме суреттерінің үстіне теру немесе жазу арқылы қосымша аңғартпалар қосуға болады.

  1. Кірістіру мәзірінде Басып шығару түріндегі файлдар пәрменін таңдаңыз.

  2. Құжатты енгізу үшін таңдау тілқатысу терезесінде кірістіргіңіз келген файлдың орнына барыңыз және бөлектеу үшін оны таңдаңыз. (Бірнеше файлды бөлектеу үшін, файлдарды бөлектеген кезде CTRL пернесін басып тұрыңыз.)

  3. Кірістірілетін файлдың түріне байланысты, OneNote бағдарламасы файл үшін бастапқы бағдарламаны іске қосуға әрекет жасайды да, мазмұнды ағымдық жазу кітапшасының бетіне сурет түрінде тікелей басып шығарады.

Ескерту : Егер құпия сөзбен қорғалған құжатты кірістіруге әрекет жасайтын болсаңыз, OneNote бағдарламасына осы құжат кірістірілмес бұрын құпия сөзді дұрыс енгізуіңіз керек.

Беттегі файл қатты көшірме суретінің орналасуын өзгерту

Әдепкіде, кірістірілген құжаттың немесе файлдың әрбір беті жазбаларыңызда жеке сурет түрінде орналасады. Кірістірілген қатты көшірме суреттерін кез келген жерге жылжытуға болады.

  1. Меңзерді үстінен жылжытыңыз да, үзік сызықты көк жиекті немесе сурет тұтқасын нұқып, суретті бөлектеңіз.

  2. Суретті нұқыңыз және оны жаңа орынға апарыңыз.

Файл қатты көшірмесінің суретінен мәтінді көшіру

OneNote бағдарламасының көптеген басқа бағдарламалардан айырмашылығы – кірістірілген «баспа» суретінен мәтінді көшіруге және оны өңдеу үшін басқа жерге қоюға мүмкіндік береді.

  1. Қатты көшірме суретін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Тек қана ағымдық таңдалған қатты көшірме суретінен мәтінді көшіру үшін Қатты көшірменің осы бетінен мәтінді көшіру дегенді нұқыңыз.

    • Кірістірілген қатты көшірме суретінің барлық беттеріндегі мәтінді көшіру үшін Қатты көшірменің барлық беттерінен мәтінді көшіру параметрін нұқыңыз.

  2. Жазу кітапшасындағы (немесе басқа бағдарламадан) мәтінді қойғыңыз келетін бетке барып,көшірілген мәтінді қою үшін, CTRL+V пернелер тіркесімін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×