Insert a screen clipping on a page

Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасын компьютер экранының кез келген бөлігін суретке түсіру және суретті жазбаларға кірістіру үшін пайдалануға болады. Мұндай суреттер экран қиындылары деп аталады, олар аз пикселдерден бастап экранның толық биіктігі мен еніне дейін болуы мүмкін. Аумақта таңдағаныңыз кескінде пайда болып, жазбалар мен аралық сақтағыштарға автоматты түрде қойылады.

Бейнебет қиындысын жасау

Экран қиындылары жаңалықтар оқиғасын немесе саяхатқа қатысты веб-сайттардағы қолжетімді рейстер және бағалардың мерзімді тізімдері сияқты өзгеруі немесе мерзімі бітуі мүмкін ақпарат суреттерін жазуға қолайлы. Сондай-ақ, экран қиындылары пішімдері жазбаларға қандай да бір басқа тәсілмен сәтті жіберілмеуі мүмкін Веб-беттерден және басқа көздерден көшіруге ыңғайлы. Экран қиындылары өздерінің көздерімен байланыспаған.

Не істегіңіз келеді?

Жазбаларға экран қиындысын кірістіру

OneNote тапсырмалар тақтасының белгішесінен экран қиындыларын жасау

Экран қиындылары үшін әдепкі параметрлерді орнату

Жазбаларға экран қиындысын кірістіру

OneNote бағдарламасында экран қиындысын жасау және оны жазбалардың арнайы орнына кірістіру үшін келесі әрекетті орындаңыз:

  1. Экран қиындыларына жазу қажет ақпаратты экранда көрсетіңіз. Мысалы, сурет ретінде жазу қажет Веб-бетті шарлаңыз.

  2. OneNote бағдарламасында меңзерді экран қиындысын қосу қажет жазбалар бетіне орналастырыңыз.

  3. Кірістіру мәзірінде Экран қиындысы тармағын басыңыз.

    OneNote бағдарламасы қайырылып, соңғы белсенді терезе көрсетіліп, аздап қол жеткізгісіз болады.

  4. Жазу қажет экран аймағына меңзердіі тікбұрышты таңдау жасау үшін кез келген бағытта апарыңыз. Мысалы, жазу қажет аймақтың төменгі оң жақ бұрышынан бастап, содан кейін меңзерді қиғаш бойы жоғарғы сол жақ жаққа апарыңыз.

  5. Тінтуір түймешігін босатқан кезде, OneNote сіздің таңдауыңызды сурет ретінде жазып, оны жазбалар бетіне кірістіреді. OneNote бағдарламасы сонымен қатар оны аралық сақтағышқа экран қиындысын жазу кітапшасындағы басқа бетте немесе басқа бағдарламада пайдалануға болатындай етіп аралық сақтағышқа кірістіреді.

Беттің жоғары бөлігі

OneNote тапсырмалар тақтасының белгішесінен экран қиындыларын жасау

OneNote бағдарламасын бастапқы іске қосусыз экран қиындысын жасау үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Тінтуірдің оң жақ түймешігімен тапсырма тақтасының хабарландыру аумағындағы Outlook белгішесін басыңыз.

    OneNote 2007 тапсырмалар тақтасының белгішесі

    Ескерту : Хабарландыру аумағында OneNote белгішесі көрінбесе, Құралдар мәзірінде Параметрлер түймешігін басыңыз. Санат тізімінде Басқа тармағын басыңыз, содан кейін OneNote белгішесін тапсырмалар тақтасының хабарландыру аумағына орналастыру ұяшығына құсбелгі қойыңыз.

  2. Контекстік мәзірде Экран қиындысын жасау тармағын басыңыз.

  3. Жазу қажет экран аймағына меңзерді тікбұрышты таңдау жасау үшін кез келген бағытта апарыңыз. Мысалы, жазу қажет аймақтың төменгі оң жақ бұрышынан бастап, содан кейін меңзерді қиғаш бойы жоғарғы сол жақ жаққа апарыңыз.

    Тінтуір түймешігін босатқан кезде, OnceNote бағдарламасы таңдауыңызды сурет ретінде жазып алады және оны Тігілмеген жазбалар бөліміндегі жаңа, бос бетке кірістіреді. Осы бетті кез келген ашық жазу кітпашаңыздағы кез келген бөлімге жылжытуға немесе экран қиындысын жазбаларыңыздағы бұрыннан бар бетке қоюға болады.

Беттің жоғары бөлігі

Экран қиындылары үшін әдепкі параметрлерді орнату

  1. Тінтуірдің оң жақ түймешігімен тапсырма тақтасының хабарландыру аумағындағы Outlook белгішесін басыңыз.

    OneNote 2007 тапсырмалар тақтасының белгішесі

    Ескерту : Хабарландыру аумағында OneNote белгішесі көрінбесе, Құралдар мәзірінде Параметрлер түймешігін басыңыз. Санат тізімінде Басқа тармағын басыңыз, содан кейін OneNote белгішесін тапсырмалар тақтасының хабарландыру аумағына орналастыру ұяшығына құсбелгі қойыңыз.

  2. Контекстік мәзірде көрсетіңіз Параметрлер, Экран қиындысының әдепкі мәндері тармақтарына көрсетіңіз, содан кейін экран қиындыларын жасаған сайын орын алуы үшін әдепкі әрекеттердің бірін басыңыз:

    • Тек аралық сақтағышқа көшіру    Бұл параметр экран қиындысын жазбаларыңызға автоматты түрде қоймай-ақ оны компьютеріңіздің жадында уақытша сақтайды. OneNote бағдарламасында немесе басқа бағдарламада CTRL + V пернелерін басу арқылы жазылған кескінді қолмен қоюға болады.

    • Аралық сақтағышқа және тігілмеген жазбаларға көшіру (кескінді көрсету)    Бұл параметр экран қиындысын компьютеріңіздің жадында уақытша сақтайды, сонымен қатар жазылған кескіннің көшірмесін Тігілмеген жазбалар бөліміндегі жаңа бетке қояды. Егер бұл параметр таңдалған болса, Microsoft Windows жүйесі қойылған экран қиындысын қамтитын жазбалар бетін көрсету үшін OneNote бағдарламасының терезесін белсенді етеді.

    • Аралық сақтағышқа және тігілмеген жазбаларға көшіру (кескінді көрсетпеу)    Бұл параметр экран қиындысын компьютеріңіздің жадында уақытша сақтайды, сонымен қатар жазылған кескіннің көшірмесін Тігілмеген жазбалар бөліміндегі жаңа бетке қояды. Егер бұл параметр таңдалған болса, Microsoft Windows жүйесі OneNote терезесін алдыңғы қатарға шығармай сіздің ағымдағы терезеңізде белсенді күйде сақтайды.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×