InfoPath электрондық пошта пішіндерін Outlook бағдарлмасында жіберу және қабылдауға кіріспе

Бұл мақалада

InfoPath электрондық пошта пішіндеріне кіріспе

InfoPath электрондық пошта хабары пішіндерін пайдалану үшін алдын ала шарттар

InfoPath электрондық пошта пішіндеріне кіріспе

Егер сіз апталық күй есеп хаттарын жіберу сияқты тапсырмаларды орындау үшін Microsoft Office InfoPath пішіндерін және Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасын электрондық хабарларды басқару үшін пайдаланып жүрген болсаңыз InfoPath электрондық пошта пішіндері іскерлесу мен деректерді ортақ пайдалану үшін пайдаланып жүрген іс реттеріңізді реттеуге көмектеседі. Ол сіздің InfoPath пішіндерін Office Outlook 2007 бағдарламасында InfoPath бағдарламасын ашу қажеттілігінсіз ашып, толтырып, жібере ала алатындығыңызға байланысты. Егер сіз InfoPath электрондық пошта хабарының пішіндерін Office Outlook 2007 бағдарламасындағы кез келген басқа тармақ сияқты жібере аласыз, әрі қарай жібере аласыз және сақтай аласыз.

InfoPath пішіндері мен пішін үлгілері туралы

InfoPath пайдаланушыларды деректерді жинақтаудың икемді әрі құрылымды жолымен қамтамасыз ететін XML стандартын пайдаланатын бағдарлама болып табылады. InfoPath бағдарламасы XML стандарттарына негізделгендіктен, InfoPath пішіндерін пайдалана отырып жиналған дерек ұйым ішінде әрі қарай пайдаланыла алады. Мысалы, Шығындар есеп хатында сақталған деректер департамент бюджеті шығындарының үрдістерін бөле көрсететін веб бетінде көрсетіліп, қол жетерлік бола алады.

Пішін құрастырушысы жаңа InfoPath пішінін жасағанда ол іс жүзінде пішін үлгісі атауымен белгілі нәрсені жасайды. Пішін үлгісі пайдаланушылар толтыратын пішіндегі деректердің құрылымын, көрсетілуін және сипаттамасын белгілейді. Пішін үлгісін пайдаланушыларға жаңа пішіндер жасау мүмкіндігін беретін бастау нүктесі деректерді пайдалану және сақтау үшін сондай жолды пайдаланатын дайындама  — ретінде қарастырайық. Себебі, пішін үлгісі сіз пішінді толтырмас бұрын қол жетерлік болуы тиіс, пішін үлгілері пайдаланушылардың қолы жетерлік жерде қолданылулары тиіс. Пішін үлгілері әдетте компания желісінің Windows SharePoint Services 3.0 немесе Microsoft Windows SharePoint 2.0 қызметтері тораптарында орналасатын ортақ қалта, веб серверлері немесе кітапханалары сияқты жерлерінде қолданылады.

Егер пайдаланушының пішін үлгісі сақталған жерге кіруге рұқсаты болса, ол осы үлгіге негізделген пішінде InfoPath бағдарламасын, веб шолғышын, жылжымалы құрылғына немесе Office Outlook 2007 бағдарламасын пайдалана отырып толтыра алады. Пішін InfoPath бағдарламасын немесе көптеген шарттарға, соның ішінде пішін үлгісінің жасалуы мен қолданылу әдісі, байланысты басқа әдістердің бірін, пайдалана отырып толтырыла алады. Мысалы, шолғыш ішінде толтырылуы үшін, пішін шолғышта жегілетіндей етіп жасақталуы және пішіннің пішін үлгісі серверде InfoPath Forms Servicesжегілуінде қолданылуы тиіс.

Сіз InfoPath электрондық пошта хабары пішіндерін өзіңіздің деректеріңізді басқа Office Outlook 2007 пайдаланушылары мен ортақтаса пайдалану үшін яки олардан деректерді жинау үшін пайдалануыңыз мүмкін.

InfoPath электрондық пошта хабары пішіндері арқылы деректерді ортақтаса пайдалану

Сіз InfoPath электрондық пошта пішіндерін деректерді ортақтаса пайдалану үшін қолдануыңыз мүмкін. Мәселен, егер Сіз апталық күй есебі пішінін InfoPath бағдарламасында толтырып, және сол толтырылған пішінді басқарушыңызға электрондық пошта хабарының тіркемесі ретінде жіберетін болсаңыз, Сіз Office Outlook 2007 бағдарламасын пайдаланып осы үдірісті жеңілдете аласыз. Күй есебі пішінін ол жарияланған ораналсудан InfoPath электрондық пошта хабары пішіні ретінде ашыңыз да, оны толтырыңыз, сонан соң Office Outlook 2007  бағдарламасын пайдаланып деректердің барлығын InfoPath бағдарламасын ашпай-ақ басқарушыңызға жіберіңіз. Сонымен қатар, егер пішін деректерді деректер көзі жіберілетіндей етіп бапталған болса, пішін Outlook бағдарламасын пайдаланып жіберілгенде деректер сол деректер көзіне жіберіледі. Деректеріңізді жіберген соң, Сіз, егер қаласаңыз, InfoPath электрондық пошта хабары пішінінің көшірмесі мен оның ішіндегі деректерді ағымдағы қалтаға сақтап қоя аласыз.

InfoPath электрондық пошта хабары пішіндерін пайдаланып деректерді жинау

Сіз InfoPath электрондық пошта хабары пішіндерін басқалардан деректерді жинау үшін пайдалана аласыз. Мәселен, егер Сіз басқарушы болып, жұмысшыларыңызға қаражат есебі пішінін толтыруды ескерту үшін апта сайын хабар жіберетін болсаңыз, Сіз Office Outlook 2007 бағдарламасын қолданып, қаражат есебі пішінін InfoPath электрондық пошта хабары пішіні ретінде жібере аласыз. Егер тобыңыздың мүшелері деректерін жіберген сәтте Сіздің электрондық пошта мекнжайыңызды InfoPath элекрондық пошта хабары пішінідегі Кімге жолағына қосып қойса, Сіз олардың қаражат есеп пішінінің көшірме нұсқасын Office Outlook 2007 бағдарламасының Келетін қалтасына қабылдайсыз. InfoPath электрондық пошта хабары пішінін деректерді жинау үшін пайдалансаңыз, Сіз сол деректерді төменгі тапсырмаларды орындау арқылы да реттей аласыз:

  • Деректерді қалталарда сақтау    Сіз Office Outlook 2007 бағдарламасында InfoPath формаларының қалтасы деген жаңа қалта түрін пайдаланып, қатысты Office InfoPath 2007пішіндердің жинағын сақтауыңыз мүмкін. Мәселен, егер Office Outlook 2007 бағдарламасын қолдану арқылы тобыңыздан күй есебі пішіндерін жинасаңыз, дайын күй туралы есептерді Келетін ішіндегі InfoPath пішіндері қалтасында сақтау мүмкін. Сіз тағы әрбір пішіндегі деректерді сол қалтада бағандарда көрсетуді таңдауыңыз мүмкін. Бұл көпшілік пішіндердегі деректерді тез топтауға, фильтрлеуге және сорттауға мүмкіндік береді.

    Пішіндегі деректерді InfoPath пішіндер қалтасының көрінісінде бейнелеуден әуелі, сол пішін үшін пішін үлгісі сипаттарды ілгерілетуді қолданатын етіп теңшеленуі тиіс. Сипаттарды ілгерілету пішін ішіндегі өрістерге InfoPath пішіндері қалталарының ішіндегі мәндерді Office Outlook 2007 бағдарламасында яки Windows SharePoint Services 3.0 яки InfoPath Forms Services бағдарламаларын жегетін серверлерде бейнелеуге мүмкіндік береді. Тек қана пішін үлгісі құрастырушысы InfoPath бағдарламасын қолданып пішін үлгісі үшін сипаттарды ілгерілету мұмкіндігін қосуы мүмкін.

  • Деректерді біріктіру    Сіз көпшілік InfoPath электрондық пошта хабары пішіндерінің деректерін бір пішінге біріктіре аласыз. Мәселен, егер Сіз Office Outlook 2007 бағдарламасын қолданып тобыңыздан күй есебі пішіндерін жинасаңыз, Сіз олардың пішіндеріндегі деректерді басқарушы үшін бірыңғай жиынтық пішін ішінде біріктіре аласыз.

  • Деректерді экспорттау    Егер Сіз пішін деректерін толық талдауды қаласаңыз, Сіз оны Outlook бағдарламасының Пішіндер қалтасынан Microsoft Office Excel 2007 жұмыс кітабына экспорттауыңыз мүмкін. Сондай-ақ, Сіз жеке InfoPath электрондық пошта хабары пішіндерін .xml файлдары ретінде жұмыс үстеліңізге экспорттай аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

InfoPath электрондық пошта хабары пішіндерін пайдалану үшін алдын ала шарттар

InfoPath электрондық пошта хабары пішіндерін сәтті пайдалану үшін Сіздің және Сіз бен бірге жұмыс істейтін кісілердің компьютерлерінде тиісті бағдарлама орнатылғанын және ол дұрыс теңшелгенін тексеріңіз.

Орнату үшін алдын ала шарттар

Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасында InfoPath электрондық пошта пішіндерін жіберу немесе алу үшін, компьютеріңізде Microsoft Office InfoPath 2007 бағдарламасы орнатылып, Office Outlook 2007 бағдарламасы InfoPath электрондық пошта пішіндерін жіберу немесе алуға теңшеленуі тиіс. Егер компьютеріңізде осы бағдарламалары орнатылып, Office Outlook 2007 бағдарламасы InfoPath электрондық пошта пішіндерін жіберу немесе алуға теңшеленген болса, бірақ InfoPath электрондық пошта пішіндеріңізді қабылдаушырда болмаған жағдайда сіз жіберген пішіндер сондай қабылдаушыларға электрондық пошта тіркемесі түрінде жеткізіледі. Қабылдаушылар сол тіркеме пішіндерді сақтап, InfoPath бағдарламасын пайдалана отырып ашады. Office Outlook 2007 бағдарламасы InfoPath электрондық пошта пішіндерін жіберу немесе алуға әдепкіде теңшеленген. InfoPath электрондық пошта пішіндерін қосу немесе өшіру үшін Параметрлер тілқатысу терезесінде, Office Outlook 2007 бағдарламасында, Қосымша параметрлер түймешігін нұқып, Басқа қойындысын, одан кейін Қосымша параметрлер тілқатысу терезесіндегі InfoPath электрондық пошта пішіндерін құсбелгі көзіне қанатша қойыңыз немесе алып тастаңыз.

Қабылдаушылар үшін орнату үшін алдын ала шарттар

Егер сіздің InfoPath электрондық пошта пішіндеріңізді қабылдаушысында Microsoft Office Outlook 2007 және Microsoft Office InfoPath 2007 бағдарламасы орнатылып, InfoPath электрондық пошта пішіндерін пайдалануға теңшелген болмаса, ол құрамында әдепкі пішін көрінісінің HTML нұсқасы бар электрондық хабар алып, InfoPath пішіндері электрондық пошта хабарына тіркеме ретінде жеткізіледі. Егер қабылдаушыларда InfoPath бағдарламасының ертеректегі нобайы орнатылған болса және пішін құрамында алдыңғы нобайлармен сыйысымды мүмкіндіктер болса, олар файл ішіндегі тіркемені сақтап, InfoPath бағдарламасының ертеректегі нобайын пайдалана отырып аша алады

Пішін үлгілерінің тәуелділіктері

Егер сіз пайдаланушылардың InfoPath электрондық пошта пішіндерін толтырып, деректерді өзіңізге қайтаруын қаласаңыз және сәйкес пішінді үлгілер пайдаланушыларыңыз кіре алатын ортақ пайдалану орнында сақталмаған болса, сіз InfoPath электрондық пошта пішіні бар үлгі пішіндерді Пошта параметрлері тапсырмалар аумағындағы Үлгі пішіндерін қосу түймешігін нұқу жолымен қоса аласыз. Тапсырмалар аумағы сіз InfoPath электрондық пошта пішінін жібергеніңізде немесе аған жауап бергеніңізде немесе сіз оны пішіндегі Жіберу түймешігін нұқу арқылы жібергеніңізде шыға келеді. Немесе, сіз пішіннің оқуға ғана болатын нобайын жібере еласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×