InfoPath бағдарламалу орталарына кіріспе

Microsoft Office InfoPath бағдарламасы пішін үлгісіні бағдарламалау коді мен теңшелеу үшін бірнеше бағдарламалау орталарын қолдайды. Өзіңіз үшін ең қолайлы бағдарламалау ортаны анықтау Сіз яки Сіздің кәсіпорыныңыз дұрыс көретін бағдарламалау тіліне, және жасақтау орталары мен бар құралдарға байланысты.

Сценарий коді

Microsoft сценарийлер редакторы InfoPath бағдарламасы үшін әдепкі біріктірілген жасақтау ортасы есептеледі, егер InfoPath бағдарламасын компьютеріңізге орнатқан сәтте, Microsoft .NET Framework 2.0 мен Microsoft Core XML Services 6.0 компьютеріңізде орнатылмаған болса. Сіз Microsoft сценарий өңдеушісінде жұмыс істегенде, пішін үлгісі үшін теңшелетін бизнес логикасын жасау үшін JScript немесе Visual Basic Scripting Edition (VBScript) пайдалануыңыз мүмкін.

Сіз Microsoft сценарий өңдеушісін құрастырушы тәртібінен Құралдар мәзіріндегі Бағдарламалау параметріне нұқып, сосын Microsoft сценарий өңдеушісі дегенді басып, немесе ALT+SHIFT+F11 пернелерін басып ашуыңыз мүмкін. Microsoft сценарий өңдеушісін InfoPath бағдарламасы ішінде ашқан соң, Microsoft сценарий өңдеушісінің код өңдеушісі пайда болады және пішін үлгісінің әдепкі сценарий файлы (.js яки .vbs файл аты кеңейтімі мен, үлгінің сценарий тіліне қарай) кодті өңдеу терезесінде пайда болады.

Ескерту : Егер Сіз Microsoft сценарий өңдеушісін Бағдарламалау мәзірінде көрмесеңіз, JScript яки VBScript бағдарламаларын үлгі үшін сценарий жазу тілі ретінде таңдауға тиістісіз. Пішін үлгісі үшін сценарий тілін орнату туралы қосымша ақпаратқа сілтемелерді т.б. қараңыз бөлімінде табыңыз.

Басқарылатын код

Егер InfoPath бағдарламасын компьютеріңізге орнатқан кезде Microsoft .NET Framework 2.0 мен Microsoft Core XML Services 6.0 компьютеріңізде орнатылған болса, InfoPath бағдарламасы Microsoft Visual Studio Tools for Applications (VSTA) бағдарламалау ортасын әдепкі біріктірілген жасақтау орта ретінде қолданады. Сіз VSTA ішінде жұмыс істегенде Microsoft Visual Basic яки Microsoft C# бағдарламаларын пайдаланып пішін үлгісі үшін теңшелетін басқарылатын кодті жасауыңыз мүмкін. Осы жасақтау ортасында жұмыс істеу туралы арнайы ақпарат алу үшін VSTA мен бірге орнатылған құжаттаманы қараңыз.

Егер Microsoft Visual Studio 2005 мен InfoPath бір компьютерде орнатылған болса қосымша жасақтау мүмкіндігі қатынаулы болады. Сіз Microsoft Office жуйесін (Office InfoPath 2007 қолдау) үшін Microsoft Visual Studio Tools құралдарын қотарып орнатуыңыз мүмкін. Бұл Сізге басқарылатын кодті Visual Studio 2005 жасақтау ортасы ішінен қолданатын пішін үлгілерді жасап құрастыру мүмкіндігін береді. Visual Studio бағдарламасын пайдаланып InfoPath жобаларын жасау туралы қосымша ақпаратты Microsoft Office жуйесі (Office InfoPath 2007 қолдау) үшін Microsoft Visual Studio Tools құралдары мен бірге орнатылған құжаттаманы қараңыз. Бұл кеңейтімді Visual Studio үшін қотару туралы қосымша ақпаратты алу үшін Microsoft құрастырушы желісіндегі InfoPath құрастырушы орталығы (Ағылшын тілінде) сілтемесін қараңыз.

Сыйымдылық талдаулары

браузерге үйлесімді форма үлгісі тек қана C# мен Visual Basic .NET тілдерін қолдайды. JScript яки VBScript сценарий коді бар пішін үлгілері шолғыш пен сыйысымды емес.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×