IPMT функциясы

Берілген кезең үшін инвестиция бойынша кезеңді, тұрақты төлемдерді және тұрақты пайыздық мөлшерді береді. IPMT функциясындағы дәлелдердің нақты сипаттамасы және жылдық пайдалардың функциялары жайында қосымша мәлімет алу үшін Ққ функциясын қараңыз.

Синтаксис

IPMT(мөлшерлеме,кезең,ксан,ққ,бқ,түрі)

Мөлшерлеме     әр кезеңдегі пайыздық мөлшер болып табылады.

Кезең     пайызы анықталатын кезең; ол 1 мен «ксан» дәлелі мәнінің арасында болуға тиіс.

Ксан     жылдық табыстағы төлем кезеңдерінің жалпы саны болып табылады.

Ққ     қазіргі құн немесе бірқатар болашақ төлемдердің қазіргі бағасының жалпы сомасы болып табылады.

Бқ     соңғы төлем жасалғаннан кейін қол жететін болашақ құн немесе қалдық қаражат. Егер «бқ» дәлелінің мәні есепке алынбаса, ол 0 деп қабылданады (мысалы, болашақтағы несие құны 0 болады).

Түрі     0 немесе 1 саны; бұл дәлел төлемдердің төленетін уақытын көрсетеді. Егер «түрі» дәлелінің мәні есепке алынбаса, оның мәні 0 деп қабылданады.

Түр қою

Төлемдер төленуге тиісті мерзім

0

Кезең соңында

1

Кезең басында

Ескертпелер

  • «Мөлшерлеме» дәлелі мен «ксан» дәлелінің мәнін белгілеуге пайдаланылатын бірліктердің сәйкестігін тексеріңіз. Егер жылына 12 пайыздық мөлшермен төрт жылдық несиені ай сайын төлеп тұрса, «мөлшерлеме» дәлеліне 12%/12, ал «ксан» дәлелі үшін 4*12 мәні пайдаланылады. Егер сондай несиені жыл сайын төлеп тұрса, «мөлшерлеме» дәлеліне 12%, ал «ксан» дәлелі үшін 4 мәні пайдаланылады.

  • Барлық дәлелдер үшін жинақтағы депозиттер сияқты төленетін қолма-қол ақша теріс сандармен беріледі; дивиденд чектері сияқты қабылданатын қолма-қол ақша оң сандармен беріледі.

Мысалдар

Бірінші мысалда пайыздық мөлшерлеме ай сайынғы мөлшерлеме алу үшін 12-ге бөлінген. Ақша төленетін жылдар төлемдер санын табу үшін 12-ге көбейтілген.

Мөлшерлеме

Кезең

Ксан

Ққ

Өрнек

Сипаттамасы (Нәтижесі)

10%

1

3

8000

=IPMT([Мөлшерлеме]/12, [Кезең], [Ксан], [Ққ])

Көрсетілген дәлелі бар қарыз үшін бірінші айда төленетін пайыз (-22,41)

10%

1

3

8000

=IPMT([Мөлшерлеме], 3, Ксан, [Ққ])

Көрсетілген дәлелдері бар қарыз үшін соңғы жылда төленетін пайыз, бұл жерде төлем жыл сайын жасалады (-292,45)

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×