HTML өңдегішін пайдалану

Microsoft Office SharePoint Server 2007 нұсқасының HTML өңдегішінің мүмкіндігі толық мүмкіндікті мәтіндік өңдегіш болып табылады. Пішімдеу мәнерлерін мәтін немесе мазмұн элементтеріне HTML өңдегіші құралдар тақтасының мәзірі арқылы қолдануыңызға болады. Кестелер мен тізімдер сияқты элементтерді құралдар тақтасындағы түймешіктер арқылы енгізуіңізге болады. Құралдар тақтасы арқылы мазмұнын іздеуіңізге, тіпті мазмұнының емлесін тексеруіңізге болады. Сондай-ақ, пернетақта арқылы осы мүмкіндіктердің барлығын қолдануыңызға болады.

Не істегіңіз келеді?

Мәтінді кірістіру және өңдеу

Мәтіндік немесе HTML элементтерін таңдау және пішімдерді немесе таңдамалы мәнерлерді қолдану

Кестелерді және басқа HTML элементтерін кірістіру және өңдеу

HTML көзінің өңдеу күйін пайдалану

Мәтінді кірістіру және өңдеу

HTML өңдегіші кірістірілген болып шығуы мүмкін немесе оның веб бетінің тілқатысу терезесіне, жаңа терезеге шығуы мүмкін. Басқа мәтіндік өңдегішіне терген сияқты HTML өңдегіші терезесіне бірден енгізуіңізге болады. Сіздің мәтініңіз HTML өңдегішіне жарияланған бетке шығатын әдіспен шығады. HTML өңдегіші кірістірілген болып шыққанда, кейбір мүмкіндіктер қол жетімсіз болады.

Көшіру және қою

Мәтінді көшіру және қою HTML өңдегіші қою параметрлерін ұсынатыннан басқа толық мәтіндік өңдегіштердегідей етіп жұмыс істейді.

Мәтінді Аралық сақтағыштан қоғаныңызда және сол мәтін пішімделгенде, Қою параметрлері мәзірі шығады. Қою параметрлері мәзірі төмендегі параметрлерді ұсынады:

  • Кірістірілген мәнерлерді жою      Бұл параметр қандай да бір кірістірілген мәнерлерді қойылған мәтіннен жояды. Кірістірілген мәнердің бөлігі болып саналмайтын пішімдеу өзгеріссіз қалады.

  • Тек мәтінді сақтау      Бұл параметр қандай да бір кірістірілген мәнерлер мен пішімдерді қойылған мәніннен жояды.

  • Кірістірілген мәнерлерді сақтау      Бұл параметр барлық кірістірілген мәнерлер мен пішімдерді қойылған мәтінде өзгеріссіз қалдырады.

Мазмұндағы мәтінді іздеу

Табу Түймешік суреті түймешігін басу арқылы мазмұндағы мәтінді іздеуіңізге болады. Табу түймешігін басқаныңызда, Табу жолағы Келесісін табу түймешігімен бірге шығады. Табу жолағына іздегіңіз келетін мәтінді енгізіп, Келесісін табу түймешігін басыңыз. Егер Табу жолағына енгізілген мәтін өңделетін мазмұнда болса, сол мәтіннің бірінші сатысы мазмұнда ерекшеленеді. Келесі сатаны іздеу үшін Келесісін табу түймешігін қайтадан басыңыз.

Ескерту : Егер сіз жүгірткіні Табу жолағынан тысқары жылжытсаңыз, Табу пәрмені Келесісін табу түймешігін басқаныңызда жүгірткі орналасқан мазмұнды іздеуді бастап, соңына жеткенде мазмұнды байланыстырмайды. Мазмұнның барлығының ізделгеніне көз жеткізу үшін Келесісін табу түймешігін басқан кезде жүгірткіні Табу жолағында қалдырыңыз.

Ескерту : HTML өңдегіші кірістірілген болып шыққанда, іздеу функциялары қол жетімді болмайды.

Мәтіннің емле қателерін тексеру

Емле тексеру Түймешік суреті құралдары тақтасы түймешігін басу арқылы мәтіннің емлелік қателерін тексеруіңізге болады. Емле тексеру түймешігін басқаныңызда, жаңа терезе ашылып, ықтимал емле қателерін түзету ұсыныстарымен бірге көрсетеді.

Пернетақта лақабы  Емлені тексеру үшін F7 пернесін басыңыз.

Ескерту : HTML өңдегіші кірістірілген болып шыққанда, емлек тексеру функциялары қол жетімді болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтіндік немесе HTML элементтерін таңдау және пішімдерді немесе таңдамалы мәнерлерді қолдану

Бет мазмұнындағы мәтіннің шығуын өзгерткіңіз келгенде, пішімдер мен мәнерлерді пайдалануыңызға болады.

Мәнерлер бір пішімдеу параметрі ретінде қолдануға болатын пішімдеу параметрлерінің берілген жинағы болып табылады. Мысалы, сізде қалың, 14-нүктелі қаріпті көрсететін берілген Бөлім тақырыбын Arial қаріптер қатары арқылы көрсетілген қызылды қоңыр қаріп түсімен болуы мүмкін. Бөлім тақырыбы мәнерін таңдауға қолданғаныңызда, жеке пішімдеу параматерлерінің әрқайсысы таңдауға қолданылады.

Мазмұнды таңдауға болатын екі жол бар: Мазмұнды қолмен таңдауыңызға болады немесе HTML элементтері мен сол элементтер қамтитын мазмұнды таңдауыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Не істегіңіз келеді?

Мәтінді таңдауға тінтуірді немесе пернетақтаны пайдалану

HTML элементтерін таңдау үшін Таңдау мәзірін пайдаланыңыз

Мәнерлерді Мәнерлер мәзірі арқылы қолдану

Құралдар тақтасының түймешіктері арқылы пішімдерді қолдану

Мәтінді таңдауға тінтуірді немесе пернетақтаны пайдалану

Тінтуір немесе пернетақта арқылы мәтін тобын таңдауыңызға болады.

Тінтуір арқылы мәтін тобын таңдау үшін төмендегілердің кез келгенін орындаңыз:

  • Қажетті мәтінді таңдау үшін тінтуір меңзерін апарыңыз.

  • Сөзді таңдау үшін мәтінді еке рет басыңыз немесе ежені, тізім элементін немесе кесте ұяшығын таңдау үшін мәтін үш рет басыңыз.

Пернетақта арқылы мәтін тобын таңдау үшін таңдауды бір таңбадан бірден дұрыстауға SHIFT пернесін басып тұрып, СОЛ КӨРСЕТКІ немесе ОҢ КӨРСЕТКІ пернесін басыңыз. Немесе таңдауды бір жолдан бірден дұрыстау үшін SHIFT пернесін басып тұрып, ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІ немесе ТӨМЕНГІ КӨРСЕТКІ пернесін басыңыз. Сондай-ақ, бір сөзді бірден таңдау үшін CTRL және SHIFT пернелерін басып тұрып, СОЛ КӨРСЕТКІ немесе ОҢ КӨРСЕТКІ пернесін басыңыз.

Бөлімнің жоғарғы жағы

HTML элементтерін таңдауға Таңдау мәзірін пайдалану

Егер сіздің HTML элементімен қамтылатын мәтіннің барлығын таңдағыңыз келсе, құралдар тақтасындағы Таңдау мәзірін пайдаланыңыз.

Таңдау мәзірі мәтінмәнге байланысты болады, сондықтан оның параметрлері жүгірткі тұрған элементке байланысты. Мысалы, жүгірткі тізім элементінде тұрған кезде сіз Таңдау мәзірін таңдасаңыз, Таңдау мәзірі осы параметрлерді көрсетеді:

  • Пішімделген мазмұнды (ағымдағы элементтегі мәтінді ғана) таңдау.

  • Пішімдеу тобын (мәтінді және мәтіні бар DIV элементін) таңдау.

  • Тізім элементін (тізім элементін, оның ішінде мәтінді және элемент қамтитын пішімдеу тобын) таңдау.

  • Тізімді (ағымдағы барлық тізім элементін, оның ішіндегі мәтін және пішімдеу топтарын) таңдау.

  • Барлық мазмұнды (ағымдағы HTML өңдегіш терезесіндегі мазмұнның барлығын) таңдау.

  • HTML өңдегішіндегі бет мазмұны ашық кезде жүгірткіні таңдағыңыз келетін HTML элементінің мәтініне орналастырып, құралдар тақтасындағы Таңдау түймешігін басыңыз.

  • Қажетті таңдау ауқымына сәйкес келетін Таңдау мәзір элементін таңдаңыз. Мысалы, жүгірткі байрақшалы тізім элементінің мәтінінде болып, сіздің тізімді түгелімен таңдағыңыз келсе, Байрақшалы тізім түймешігін басыңыз.

Мәнерлерді өңдегіш терезесінен ерекшеленген күйінде көретін мәтінге ғана емес, арнайы HTML элементтеріне пішімдегеніңізге немесе қолданғаныңызға көз жеткізу үшін Таңдау мәзірін пайдаланыңыз. Бұл мәнерлер мен пішімдерді сәйкесінше сақтауға көмектеседі.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Мәнерлер мәзірі арқылы мәнерлерді қолдану

Мәтінді тінтуір мен пернетақта арқылы немесе Таңдау мәзірі арқылы таңдасаңыз да, торабыңызға берілген мәнерлерді қолдану үшін Мәнерлер мәзірін пайдалануыңызға болады. Мұндай бірнеше мәнерлер Office SharePoint Server 2007 бағдарламасының бөлігі ретінде орнатылады және сіздің торабыңыздың әкімшісі немесе беттің орналасуын құрастырушы Мәнерлер мәзірі арқылы қолдануға болатын таңдамалы мәнерлерді анықтай алады.

Мәнерлер мәзірі мәтінмәнге байланысты болады. Көрсетілетін мәнерлер мәнер қолданылатын таңдауға байланысты.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Құралдар тақтасындағы түймешіктері арқылы пішімдерді қолдану

Пішімдерді таңдауға қолдану үшін құралдар тақтасындағы түймешіктерді пайдалануыңызға болады. Бұл пәрмендерді тінтуір арқылы немесе пернелер тіркесімдері арқылы қолдануға болады.

Пішімде таңдауға қолданғаныңызда, ол екі пішім бір-бірімен сыйысқанға дейін таңдауға қолданылатын басқа пішімдерге қосылады. Егер екі пішім сыйыспаса — мысалы, олар екі түрлі қаріп түсін көрсетіп тұрса — таңдауға екінші пішім қолданылады.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Беттің жоғарғы жағы

Кестелерді және басқа HTML элементтерін кірістіру және өңдеу

Кестелерді, тізімдерді, еренсілтемелерді, суреттерді және бірнеше рет қолданылатын мазмұнды кірістіру үшін құралдар тақтасындағы түймешіктерді пайдалануыңызға болады.

Бірнеше рет қолданылатын мазмұн бет мазмұнына кірістіруге болатын мәтін және HTML элементтерінің топтарынан тұрады. Сіз мазмұнды немесе бірнеше рет қолданылатын мазмұнның құрылымын HTML өңдегіші арқылы өзгерте алмайсыз. Мәнерлер мен пішімдерді бірнеше рет қолданылатын мазмұнға қолдану үшін HTML өңдегішін пайдалануыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Не істегіңіз келеді?

Кестені кірістіру және өңдеу

Тізімді кірістіру

Еренсілтеме кірістіру

Сурет кірістіру

Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды кірістіру

Кестені кірістіру және өңдеу

Кесте кірістіру Түймешік суреті құралдар тақтасының түймешігін басу арқылы кестені кірістіруіңізге болады. Кесте кірістіру түймешігін басқаныңызда, жаңа терезе төмендегі кесте сипаттарын таңдауға болатын жерден ашылады:

  • Өлшем сипаттары:

    • Жолдар      Жолдардың санын таңдау үшін осы сипатты пайдаланыңыз.

    • Бағандар      Бағандардың санын таңдау үшін осы сипатты пайдаланыңыз.

    • Өлшемдерін көрсету     Ені және Биіктігі жолақтарында кестенің ені мен биіктігін өзгерту үшін осы құсбелгі көзін белгілеңіз. Егер сіз кесте өлшемдерінің сервер арқылы реттелгенін қаласаңыз, бұл құсбелгі көзінен белгіні алып тастаңыз.

    • Ені мен Биікті     Егер сіз Өлшемдерін көрсету құсбелгі көзін белгілесеңіз, кестенің өлшемдерін реттеу үшін Ені мен Биіктігі сипаттарын таңдауыңызға болады. Санды Ені немесе Биіктігі жолағына енгізіп, пиксел немесе пайыз мәнін таңдау үшін көрсеткіні басыңыз. Мысалы, кестенің бет енінің жартысы болуға тиісті екенін көрсету үшін 50 санын Ені жолағына енгізіп, тізімдегі пайыз мәнін таңдаңыз.

  • Пішім сипаттары:

    • Берілген кесте пішімін пайдалану      Ашылмалы тізімнен кесте пішімін таңдау үшін осы құсбелгі көзін белгілеңіз. Office SharePoint Server 2007 бағдарламасы бірнеше берілген кесте пішімдерімен қамтамасыз етеді және сіздің торабыңыздың әкімшісі таңдамалы кесте пішімдерін құрып, оларды тізімге қоса алады.

      Кесте пішімін тізімнен таңдағаныңызда, сол пішімді қарап алу Қарап алу жолағынан көрсетіледі.

      Пішім бөліміндегі параметрлерді өшіру үшін Берілген кесте пішімін пайдалану құсбелгі көзінен белгіні алыңыз. Кестеге ешқандай пішім қолданылмайды.

    • Арнайы пішімдерді қолдану      Әрбір берілген кесте пішімінде тақырып жолына, соңғы жолға, бірінші бағанға және соңғы бағанға қолданылатын пішімдер болады. Сол жолға немесе бағанға арналған белгілі бір пішімдердің қолданылатынын көрсету үшін осы төрт жол мен баған параметрлерін пайдаланыңыз. Мысалы, тақырып жолының берілген кесте пішімімен көрсетілгендей пішімделмейтінін көрсету үшін Тақырып жолы құсбелгі көзінен белгіні алыңыз.

      Ескерту : Берілген кесте пішімін пайдалану құсбелгі көзі таңдалған жағдайда ғана осы параметрлер қол жетімді болады.

Сондай-ақ, өлшемін, пішімдерін және басқа сипаттарын өзгерту үшін кестені өңдеуіңізге болады. Кестені өңдеудің ең жақсы жолы Ұяшық мәзірі арқылы жүзеге асады. Ұяшық мәзірін ашу үшін өңделетін кесте ұяшығының оң жағындағы көрсеткіні басыңыз.

Ұяшық мәзірінде төмендегі пәрмендер болады:

  • Жолды жоғары жаққа кірістіру      Бұл пәрмен жолды бірден өңделетін ұяшықтың жоғарғы жағына кірістіреді.

  • Жолды төменгі жаққа кірістіру      Бұл пәрмен жолды бірден өңделетін ұяшықтың төменгі жағына кірістіреді.

  • Бағанды сол жаққа кірістіру      Бұл пәрмен бағанды бірден өңделетін ұяшықтың сол жағына кірістіреді.

  • Бағанды оң жаққа кірістіру      Бұл пәрмен бағанды бірден өңделетін ұяшықтың оң жағына кірістіреді.

  • Жолды жою      Бұл пәрмен өңделетін ұяшығы бар жолды жояды.

  • Бағанды жою      Бұл пәрмен өңделетін ұяшығы бар бағанды жояды.

  • Ұяшықты біріктіру      Бұл пәрмен өңделетін ұяшықты оң жағындағы немесе оңнан солға қарайғы тілдердегі ұяшықпен, сол жағындағы ұяшықпен біріктіреді.

  • Ұяшықты бөлу      Бұл пәрмен өңделетін ұяшықты бөліп, жүгірткіні нәтижесінде пайда болған сол жақ ұяшыққа орналастырады.

  • Биіктігі мен ені      Бұл пәрмен өңделетін ұяшығы бар жол мен бағанның жол биіктігі мен баған енін өзгертуге мүмкіндік беретін тілқатысу терезесін ашады.

  • Кестені өңдеу      Бұл пәрмен өңделетін ұяшығы бар кестенің кез келгенін сипаттарын өзгертуге мүмкіндік беретін тілқатысу терезесін ашады.

Сондай-ақ, құралдар тақтасындағы түймешіктер арқылы Ұяшық мәзірі әрекеттерінің барлығын орындауыңызға болады.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Тізімді кірістіру

Нөмірленген тізім Түймешік суреті немесе Байрақшалы тізім Түймешік суреті құралдар тақтасы түймешіг арқылы тізімді кірістіруіңізге болады.

Пернетақта лақабы  Нөмірленген тізімді кірістіру үшін CTRL+SHIFT+E пернелерін басыңыз. Байрақшалы тізімді кірістіру үшін CTRL+SHIFT+L пернелерін басыңыз.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Еренсілтеме кірістіру

Еренсілтеме кірістіру Түймешік суреті құралдар тақтасының түймешігін басу арқылы еренсілтемені кірістіруіңізге болады.

Пернетақта лақабы  Еренсілтемені кірістіру үшін CTRL+K пернелерін басыңыз.

Еренсілтемені кірістіргеніңізде, Еренсілтеме сипаттарын өңдеу веб бөлігінің тілқатысу терезесі ашылады.

  • Таңдалған URL жолағына URL мәнін теруіңізге немесе торабыңыздағы элементті немесе құжатты шолу үшін Шолу түймешігін басуыңызға болады.

  • Еренсілтемені жаңа терезеде ашу үшін Сілтемені жаңа терезеде ашу құсбелгі көзін белгілеңіз. Егер бұл құсбелгі көзінен белгі алынса, еренсілтеме бір терезеде ашылады.

  • Белгішені еренсілтеме мәтінінің алдынан көрсету үішн Сілтемені белгішесімен көрсету құсбелгі көзін белгілеңіз. Бұл сурет тегін (<IMG>) сілтеменің алдына қосу арқылы жүзеге асады. Әдепкі мәні бойынша шығатын белгіше еренсілтеме көрсететін құжат түрін көрсетеді, бірақ сурет тегінің (<IMG src=>) бастапқы төлбелгісін өңдеу арқылы шығатын суретті кейінірек өзгертуіңізге болады. Егер Сілтемені белгішесімен көрсету құсбелгі көзінен белгі алынса, еренсілтеме еренсілтемелік мәтін ретінде шығады.

  • Мәтінмәндік терезе жолағына тінтуір меңзері еренсілтемеде тұрғанда көрсетілетін мәтінді теруіңізге болады. Бұл мәтін еренсілтеменің байлам тегінің (<A title=>) тақырыптық төлбелгісі ретінде сақталады.

  • Бетбелгі бөлімінің Атау жолағына еренсілтеменің атауын теруіңізге болады. Бұл атау еренсілтеменің байлам тегінің (<A id=>) анықтауыш төлбелгісі түрінде сақталады. Басқа беттерден немесе бір беттің кез келген жерінен сілтеме жасалатын бетте бетбелгі жасау үшін осыны пайдаланыңыз.

Өңдегіңіз келген еренсілтеме таңдалғанда, бір құралдар тақтасының түймешіктерін пайдалану немесе CTRL+K пернелерін басу арқылы бар еренсілтемені өңдеуіңізге болады.

Еренсілтемені жою

Еренсілтемені жою үшін төмендегіні орындаңыз:

  1. Жойғыңыз келген сілтемені Таңдау мәзірі арқылы таңдаңыз.

  2. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • DELETE немесе BACKSPACE пернесін басыңыз.

    • Еренсілтемені жою Еренсілтемені жою түймешігі құралдар тақтасының түймешігін басыңыз.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Сурет кірістіру

Сурет кірістіру Түймешік суреті құралдар тақтасының түймешігін басу арқылы суретті кірістіруіңізге болады.

Пернетақта лақабы  Суретті кірістіру үшін CTRL+SHIFT+G пернелерін басыңыз.

Сурет кірістіру түймешігін немесе CTRL+SHIFT+G пернелерін басқаңызда, Сурет сипаттарын өңдеу себ бетінің тілқатысу терезесі ашылады.

  • Қол жетімді суреттер арқылы шолу үшін Шолу түймешігін басыңыз. Шолу түймешігін басқаныңызда, Суретті таңдау веб бөлігінің тілқатысу терезесі ашылып, өңделетін бет мазмұны бар тораптың Жарияланатын суреттер кітапханасына сақталған суреттерді көрсетеді. Суретті таңдаңыз, содан кейін сол суретті кірістіру үшін OK түймешігін басыңыз.

  • Суреттің баламалы мәтінін Баламалы мәтін жолағына теруіңізге болады. Сурет келушілердің веб шолғышы арқылы берілмеген жағдайда бейнебет оқырмандары баламалы мәтінді суретті көрсетудің орнына оқиды және ол шолғышта көрсетіледі.

  • Туралауды, жиек қалыңдығын және суреттің бос орнын көрсету үшін Орналасу бөліміндегі параметрлерді таңдаңыз.

  • Суреттің өлшемін көрсету үшін Өлшем бөліміндегі параметрлерді таңдаңыз. Суреттің әдепкі өлшемімен шығатынын көрсетуіңізге болады немесе бейнебет өлшемін пикселмен таңдауыңызға болады. Егер сіз бейнебет өлшемін көрсетсеңіз, суреттің биіктігі мен енін таңдауыңызға немесе пішімдік арақатынасын сақтау (биіктігі мен енінің арақатынасын сақтау) үшін таңдауыңызға болады.

  • Суреттің сипаттарын өңдеуді аяқтағаныңызда, OK түймешігін басыңыз.

Өңдегіңіз келген сурет таңдалғанда, бір құралдар тақтасының түймешіктерін пайдалану немесе CTRL+K пернелерін басу арқылы бар суретті өңдеуіңізге болады.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды кірістіру

Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды кірістіру Түймешік суреті құралдар тақтасының түймешігін басу арқылы бірнеше рет қолданылатын мазмұнды кірістіруіңізге болады.

Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды кірістіргеннен кейін, оның беттегі орнын және өлшемін өзгертіп, мәнерлер мен пішімдер параметрін қолдануыңызға болады.

Бірнеше рет қолданылатын мазмұнның орнын немесе өлшемін өзгерту үшін мазмұнды таңдап, оның орнын немесе өлшемін дұрыстау үшін оның жақтауын пайдаланыңыз.

Мәнерлерді немесе пішімдер параметрлерін қолдану үшін бірнеше рет қолданылатын мазмұнды таңдап, Таңдау мәзірін басыңыз, содан кейін Байрақшалы тізім түймешігін басыңыз. Содан кейін мәнерлерді Мәнерлер мәзірі арқылы қолдануыңызға, ал пішімдеу параметрлерін құралдар тақтасындағы түймешіктер немесе пернелер тіркесімдері арқылы қолдануыңызға болады.

Бірнеше рет қолданылатын мазмұн туралы толық ақпарат алу үшін Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды пайдалану бөлімін қараңыз.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Беттің жоғарғы жағы

HTML көзінің өңдеу күйін пайдалану

Мәтінді өңдеуден HTML көзін өңдеуге кез келген уақытта HTML көзін өңдеу құралдар тақтасы түймешігін басу арқылы ауыстырып қосуыңызға болады. HTML көзін өңдеу күйі мазмұндағы HTML элементтерінің төлбелгілерін өзгертуге қолайлы.

HTML көзін өңдеу күйінде HTML өңдегішінің терезесі HTML мазмұнын көрсетеді, ал құралдар тақтасындағы түймешіктердің көпшілігі істемейді. Стандартты HTML тегтері мен синтаксисті пайдалана отырып, HTML көзін өңдеуіңізге болады. HTML өңдегіші HTML 4.01 Transitional standard нұсқасын қолданады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×