Gmail контактілерін Outlook бағдарламасына импорттау

Gmail контактілерін Outlook бағдарламасына импорттау

Қатысушылар: Диана Асқарқызы

Gmail контактілерін экспорттау

  1. Gmail тіркелгісінен Gmail >Контактілер тармағын таңдаңыз

  2. Қосымша > Экспорттау тармағын таңдаңыз.

  3. Экспорттау керек контактілер тобын таңдаңыз.

  4. Outlook CSV (Outlook бағдарламасына немесе басқа бағдарламаға импорттау) экспорттау пішімін таңдаңыз.

  5. Экспорттау пәрменін басыңыз.

  6. Экспортталған файлды сақтау туралы сұрау келгенде, Басқаша сақтау пәрменін басып, файлды сақтайтын орынға шолыңыз.

    Note: Google контактілердің фотосуреттерін экспорттамайды.

Экспортталатын контактілерді таңдаңыз және Google контактілерін экспорттау үшін Outlook csv пішімін таңдаңыз

Gmail контактілерін Outlook 2013 немесе 2016 бағдарламасына импорттау

  1. Файл > Ашу және экспорттау > Импорттау/Экспорттау тармағын таңдаңыз.

  2. Басқа бағдарламадан немесе файлдан импорттау > Келесі тармағын таңдаңыз.

  3. Үтірлермен бөлінген мәндер > Келесі тармағын таңдаңыз.

  4. Файлды импорттау терезесінде Gmail контактілеріңізді сақтаған .csv файлын таңдаңыз.

  5. Outlook бағдарламасының қайталанатын контактілерді өңдеу жолы> Келесі тармағын таңдаңыз.

  6. Межелі қалтаны таңдау терезесінде, қажет болса, бас жағына жылжып, Контактілер қалтасы > Келесі тармағын таңдаңыз.

  7. Аяқтау түймешігін таңдаңыз.

    Outlook бағдарламасы контактілерді Outlook пошта жәшігіне импорттайды.

Outlook жұмыс үстелі таспасының сыртқы көрінісі.


Google Gmail контактілерін Office 365 пошта жәшігіне импорттағанда, «Контактілер» бөлімін межелі орын ретінде таңдаңыз

Outlook бағдарламасындағы контактілерді қарау

  1. Outlook бағдарламасында Мекенжайлық кітап опциясын және пошта жәшігінің атауын таңдаңыз да, Контактілер тармағын таңдаңыз.

    Gmail контактілерін импорттағаннан кейін, мекенжайлық кітапты таңдасаңыз, Office 365 пошта жәшігінде контактілеріңізді таба аласыз

  2. Мекенжайлық кітапта контактілер тізімін көресіз.

    Контактілер Google Gmail поштасынан Office 365 қызметіне импортталғанда, олардың тізімі мекенжайлық кітапта көрсетіледі: Контактілер

Gmail контактілерін импорттау кезіндегі мәселелерді шешу

  • Қате туралы хабар пайда болады: Бір уақытта 2000-нан аса контактілерді импорттауға әрекет жасасаңыз, қате туралы хабар пайда болады. Сәйкес бағдарламаны (мысалы, Excel) пайдаланып, CSV файлын ашыңыз да, контактілер тізімін шағын .csv файлдарына бөліңіз, содан кейін әр жаңа CSV файлын жекелей импорттаңыз.

  • Outlook бағдарламасында контактілер көрсетілмейді: Контактілерді импорттасаңыз, бірақ олар Outlook бағдарламасында көрсетілмесе, келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Google сайтынан экспорттаған csv файлдарын табыңыз. Әдепкі файл атауы contacts.csv болып табылады.

    2. Google сайтынан экспорттаған CSV файлын Excel бағдарламасымен ашыңыз.

    3. CSV файлында ақпараттың бар-жоғын тексеріңіз. CSV файлы бос болса, Google сайтынан экпорттау кезінде қате орын алған. Мұндай жағдайда:

      1. contacts.csv файлын жойыңыз.

      2. Google сайтынан контактілерді қайта экспорттаңыз. Экспорттау кезінде Барлық контактілер тармағын немесе қажетті контактілер тобын таңдауды ұмытпаңыз.

        Экспортталатын контактілерді таңдаңыз және Google контактілерін экспорттау үшін Outlook csv пішімін таңдаңыз

      3. Контактілерді экспорттаған соң, Excel бағдарламасымен CSV файлын ашып, деректердің бар-жоқтығын тексеріңіз. Файлды жапқанда, Excel бағдарламасында бірнеше рет «Файлды CSV пішімінде сақтағыңыз келе ме?» сұрауы пайда болады. Әрқашан Иә жауабын таңдаңыз. Егер «Жоқ» жауабын таңдасаңыз, файл бүлініп, жаңа contacts.csv файлын құруға тура келеді.

      4. Outlook бағдарламасына contacts.csv файлын қайта импорттаңыз.

  • Контактілер туралы ақпарат толық импортталмаған: Контактілерді импорттап, Outlook бағдарламасын ашқанда, ақпараттың ішінара қолжетімді екенін көрсеңіз, ақпараттың толықтығын тексеру үшін, CSV файлын Excel бағдарламасында ашыңыз.

    • CSV файлын Excel бағдарламасында ашып, контактілердің аттарын және жетіспейтін қажетті ақпаратты қосып, өңдей аласыз.

    • Outlook бағдарламасында бірінші жолда баған тақырыбы болу керек, сондықтан оны өзгертпеңіз.

    • CSV файлын сақтағанда, Excel бағдарламасында бірнеше рет «Файлды CSV пішімінде сақтағыңыз келе ме?» сұрауы пайда болады. Әрқашан «Иә» жауабын таңдаңыз. Егер «Жоқ» жауабын таңдасаңыз, файл бүлініп, Gmail поштасынан контактілерді қайта импорттауға тура келеді.

    • Outlook бағдарламасына contacts.csv файлын қайта импорттаңыз. 5-қадамда қайталанатын контактілерді өңдеу жолы туралы сұрау пайда болғанда, Көшірмелерді импортталған элементтермен алмастыру тармағын таңдаңыз.

Бейне: Gmail контактілерін Outlook бағдарламасына импорттау

Бұл — орындау керек әрекеттерді көрсететін бейне.

Браузер бейнеге қолдау көрсетпейді. Microsoft Silverlight, Adobe Flash Player немесе Internet Explorer 9 бағдарламасын орнатыңыз.


Егер Gmail контактілерін Outlook 2016 немесе 2013 бағдарламасындағы Outlook.com тіркелгісіне (немесе басқа Exchange ActiveSync тіркелгісіне) импорттасаңыз, Контактілерді Outlook.com тіркелгісіне импорттау бөлімін қараңыз.

See Also

Outlook электрондық поштасын, контактілерін және күнтізбесін импорттау және экспорттау

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×