GAMMALN функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен GAMMALN функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттама

Гамма функциясының, Γ(x), натурал логарифмін береді.

Синтаксис

GAMMALN(x)

GAMMALN функциясының синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • X    Міндетті. GAMMALN функциясы есептелетін мән.

Ескертпелер

  • Егер х дәлелінің мәні сан болмаса, GAMMALN мәні #VALUE! қате мәнін береді.

  • Егер х < 0 болса, GAMMALN функциясы #NUM! қате мәнін береді.

  • GAMMALN(і) дәрежесіне көтерілген e саны, мұнда, i мәні – бүтін сан, ол (i - 1)! өрнегімен бірдей нәтиже береді.

  • GAMMALN функциясы келесі жолмен есептеледі:

    Теңдеу

    мұнда:

    Теңдеу

Мысалы

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=GAMMALN(4)

4 мәніндегі гамма функциясының натурал логоритімі.

1,7917595

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×