Forward and redirect email automatically

ереже қолдану арқылы ережеде берілген шарттарға сәйкес келетеін кез келген электрондық пошта хабарларын басқа электрондық пошта тіркелгісі қайта жіберуге немесе қайта бағыттауға болады. Мысалы, жіберушіден келген немесе сіз белгілеген тақырыбы бар электрондық пошта хабарларының барлығын қайта жіберуге немесе қайта бағыттай аласыз. Қайта жіберу мен қайта бағыттау арасында қандай айырмашылық бар екенін білу үшін Электрондық пошта хабарын қайта жіберу немесе қайта бағыттау туралы білу тарауын қараңыз.

Ескерту : Қайта жіберу Microsoft Exchange сервер тіркелгісін қолдануды талап етеді.

Не істегіңіз келеді?

Электрондық пошта хабарын қайта жіберу және қайта бағыттау туралы білу

Келетін хабарларды басқа электрондық пошта тіркелгісіне өздіктік түрде жіберу

Келетін хабарларды басқа электрондық пошта тіркелгісіне өздіктік түрде қайта бағыттау

Электрондық пошта хабарын қайта жіберу және қайта бағыттау туралы білу

Келетін хабарды өздіктік түрде қайта жіберу мен қайта бағыттау арасындағы — айырмашылықтар — мен ұқсастықтар  мынадай:

  • Хабарды қайта жіберу     Ереже сіз қабылдайтын хабарды өздіктік түрде қайта жіберетін кезде Тақырып жолына "FW:" белгісін қосады, хабардың пішімін өзгертеді және хабарды ережеде белгіленген тіркелгіге қайта жібереді. Тіркелгіде айқындалған алушы хабардың сізден келгенін көреді. Сіз қабылдаған хабардың көшірмесі Келетін жәшігінде немесе бастапқы жіберілген қалтада қалады.

  • Хабарды қайта бағыттау     Ереже сіз қабылдаған хабарды өздіктік түрде қайта бағыттайтын кезде хабарды өзгеріссіз сол ережемен белгіленген тіркелгіге жібереді. Алушыға хабар бастапқы жіберушіден келген сияқты болып көрінеді. Хабардың тіркелгіңіз бойынша келгені ешқандай түрде көрсетілмейді. Сіз қабылдаған хабардың көшірмесі Келетін жәшігінде немесе бастапқы жіберілген қалтада қалады.

Мысалы, Оразов фармацевтикал фирмасының өкілі Әсем бірнеше тіркелгіні іргелес орналасқан сатылым ауданындағы тіркелгілерді басқаратын әріптес Азатқа тасымалдайды делік. Сол тасымалдаудың әсері тиетін әр тұтынушыға хабарлаудың орнына Асем сол тұтынушылардан келетін хабарларды Азатқа қайта бағыттайтын ережені жасайды. Асем өткен тұтынушыларымен жұмысын тоқтатқан жерден Азат толық түсініп жалғастыра береді.

Екінші сценарийде Марат көмекшісімен бірге бір жобамен айналысып жүрген болуы мүмкін. Марат сол жобаға қатысты алған әр электрондық пошта хабарын көмекшісіне қайта жіберетін ережені қолдана алады. Хабарды қайта жіберуді қолдану Мараттың көмекшісі сол жобаға қатысты хабарлардың барлығын өздіктік түрде алуын қамтамасыз етеді.

Сіз алатын қандай да болсын хабарды қайта жібере немесе қайта бағыттай аласыз — бірақ, ол үшін жіберуші алушыларға хабардың мазмұнын басқа адамдармен ортақтастыруға рұқсат еткізбейтін Ақпараттық құқықтарды басқару (IRM) мүмкіндігін қолданбауға тиіс. Хабарға қойылған шектелген рұқсатты тек бастапқы жіберуші алып тастай алады. IRM қорғауы бар хабарлар InfoBar жолында хабар арқылы дәл анықталады.

Кейбір ұжымдарда хабарларды сыртқы мекенжайға қайта жіберу олардың желі мен компьютерді қолдану саясатын бұзады. Хабарлар корпоративтік желі қорғауынан шыққаннан кейін, оларды бөгде адамдар алып қалуы немесе басқа жерге бағыттап жіберуі мүмкін. Ұжымыңыздан тыс электрондық пошта мекенжайларында әдетте "@" таңбасы мен егелік болады — "@" таңбасынан кейінгі бөлік — электрондық пошта мекенжайыңыздың егелігінен өзгеше болады. Мысалы, "pat@contoso.com" мекенжайы "bobby@fourthcoffee.com." мекенжайынан өзге ұжым.

Беттің жоғарғы жағы

Келетін хабарларды басқа электрондық пошта тіркелгісіне өздіктік түрде жіберу

Хабарлардың көшірмесін басқа біреуге қайта жібергіңіз келсе, осы әдісті қолданыңыз. Алушы сол хабардың электрондық пошта тіркелгіңізге бастапқы түрде жіберілген хабардан қайта жіберілгенін көреді.

Ескерту : Төмендегі қадамдар ереже жасап, оны Келетін жәшігіне немесе жеке қалталардың біреуіне қолдану жолын түсіндіреді. Ашық қалтаға арналған ережені Сипаттар тілқатысу терезесінен жасау керек.

  1. Шарлау аумағы терезесінде Пошта түймешігін басыңыз.

  2. Құралдар мәзірінде Ережелер және Ескертулер тармағын таңдаңыз.

  3. Егер Outlook электрондық пошта профайлыңызда бірнеше электрондық пошта тіркелгісі болса, Өзгерістерді осы қалтаға қолдану тізімінде жаңа ережені қолданбақ болған Келетін жәшігін нұқыңыз.

  4. Жаңа ереже түймешігін басыңыз.

  5. Бос ережеден бастау тобында Келген хабарларды тексеру тармағын таңдап, Келесі түймешігін басыңыз.

  6. 1-ші қадам: Шарт(тарды) таңдау тобында келетін хабар сәйкес болсын деген әр шарттың тұсындағы құсбелгі көзін таңдаңыз.

  7. 2-ші қадам: Ереже сипаттамасын өңдеу тармағында шартқа сай келетін асты сызылған мәнді нұқып, шартқа қажетті мәліметті таңдаңыз немесе теріңіз.

    Мысал: Жанна Ахметовадан алатын әр хабарды қайта жіберу

    1. 1-ші қадам: Шарт(тарды) таңдау тармағында адамдардан немесе тарату тізімінен деген құсбелгі көзін таңдаңыз.

    2. 2-ші қадам: Ереженің сипаттамасын өңдеу тобында адамдар немесе тарату тізімі тармағын нұқыңыз.

    3. Мекенжай тізімдерінің біреуінен Жанна деген есімді екі рет нұқып, Жарайды түймешігін басыңыз.

  8. Келесі түймешігін басыңыз.

  9. 1-ші қадам: Әрекет(терді) таңдау тобында адамдарға немесе тарату тізіміне қайта жіберу құсбелгі көзін таңдаңыз.

  10. 2-ші қадам: Ереженің сипаттамасын өңдеу тобында адамдар немесе тарату тізімі тармағын таңдаңыз.

  11. Мекенжай тізімдерінің біреуінен хабарларды қайта жібергіңіз келетін атауды немесе тарату тізімін екі рет нұқып, Жарайды түймешігін басыңыз.

  12. Келесі түймешігін екі рет басыңыз.

  13. 1-ші қадам: Осы ережені атаңыз тобында ереженің атауын теріңіз.

    Қалталарыңыздағы хабарларға осы ережені орындау үшін "қалта" ішіндегі хабарларда осы ережені қазір орындау құсбелгі көзін таңдаңыз.

    Осы ережені электрондық пошта тіркелгілері мен келетін жәшіктердің барлығына қолдану үшін Осы ережені барлық тіркелгілерде жасау құсбелгі көзін таңдаңыз. Егер электрондық пошта тіркелгіңіз немесе Келетін жәшігіңіз бірнешеу болмаса, бұл параметр сұр түсті болады.

  14. Дайын түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Келетін хабарларды басқа электрондық пошта тіркелгісіне өздіктік түрде қайта бағыттау

Бұл мүмкіндік Microsoft Exchange 2000, 2003 немесе 2007 тіркелгісін талап етеді. Көптеген үй және жеке тіркелгілер Exchange тіркелгісін пайдаланбайды.

Егер қайта бағытталған хабарлардың алушыларына сол хабарлардың электрондық пошта тірлкегіңіз арқылы жіберілгенін білдіргіңіз келмесе, осы әдісті қолданыңыз.

Ескерту : Төмендегі қадамдар ереже жасап, оны Келетін жәшігіне немесе жеке қалталардың біреуіне қолдану жолын түсіндіреді. Ашық қалтаға ережені Сипаттар тілқатысу терезесінен жасау керек.

  1. Шарлау аумағы терезесінде Пошта түймешігін басыңыз.

  2. Құралдар мәзірінде Ережелер және Ескертулер тармағын таңдаңыз.

  3. Егер Outlook электрондық пошта профайлыңызда бірнеше электрондық пошта тіркелгі болса, Өзгерістерді осы қалтаға қолдану тізімінде жаңа ережені қолданбақ болған Келетін жәшігін нұқыңыз.

  4. Жаңа ереже түймешігін басыңыз.

  5. Бос ережеден бастау тобында Келген хабарларды тексеру тармағын таңдап, Келесі түймешігін басыңыз.

  6. 1-ші қадам: Шарт(тарды) таңдау тобында келетін хабар сәйкес болсын деген әр шарттың тұсындағы құсбелгі көзін таңдаңыз.

  7. 2-ші қадам: Ереже сипаттамасын өңдеу тобында шартқа сай келетін асты сызылған мәнді нұқып, шартқа қажетті мәліметті таңдаңыз немесе теріңіз.

    Мысал: Тақырыбында "Оразов фармацевтикал" деген сөздері бар келетін хабардың әрқайсысын қайта бағыттау

    1. 1-ші қадам: Шарт(тарды) таңдау тобында тақырыбында белгілі бір сөздері бар құсбелгі көзін таңдаңыз.

    2. 2-ші қадам: Ереженің сипаттамасын өңдеу тобында белгілі бір сөздер түймешігін нұқыңыз.

    3. Мәтінді іздеу тілқатысу терезесінде Сөздерді белгілеу жолағында Оразов фармацевтикал атауын теріп, Қосу түймешігін басыңыз. Содан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

  8. Келесі түймешігін басыңыз.

  9. 1-ші қадам: Әрекет(терді) таңдау тобында адамдарға немесе тарату тізіміне қайта бағыттау құсбелгі көзін таңдаңыз.

  10. 2-ші қадам: Ереженің сипаттамасын өңдеу тобында адамдар немесе тарату тізімі тармағын таңдаңыз.

  11. Мекенжай тізімдерінің біреуінен хабарларды қайта бағыттағыңыз келетін атауды немесе тарату тізімін екі рет нұқып, Жарайды түймешігін басыңыз.

  12. Келесі түймешігін екі рет басыңыз.

  13. 1-ші қадам: Осы ережені атаңыз тобында ереженің атауын теріңіз.

    Қалталарыңыздағы хабарларға осы ережені орындау үшін "қалтадағы" хабарларға осы ережені қазір орындау құсбелгі көзін таңдаңыз.

    Осы ережені электрондық пошта тіркелгілері мен келетін жәшіктердің барлығына қолдану үшін Осы ережені барлық тіркелгілерде жасау құсбелгі көзін таңдаңыз. Егер электрондық пошта тіркелгіңіз немесе Келетін жәшігіңіз бірнешеу болмаса, бұл параметр сұр түсті болады.

  14. Дайын түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×