Facebook Connect мүмкіндігі енді қолжетімді емес

Facebook әлеуметтік желісі Microsoft бағдарламалары мен қызметтеріне әсер ететін Graph API платформа негізіне жаңарту жасады. Facebook Graph API - Microsoft тіркелігіңізді Facebook әлеуметтік желісіне қосу үшін пайдаланылатын құрал. Ол сіздің Facebook достарыңыздың контакт мәліметтерін Outlook.com және Windows «Адамдар» бағдарламасына апарады, сол контактілерді жаңартылған күйде сақтайды және Facebook әлеуметтік желісінде ортақ пайдалану үшін Сурет альбомы, Movie Maker және OneDrive.com сияқты бағдарламалар мен қызметтерде параметрлерді қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда бұл мүмкіндіктерді Facebook Connect ретінде көрсетеміз.

Осы өзгерістерге байланысты, Facebook Connect мүмкіндіктеріне енді қолдау көрсетілмейді. Бұл мақалада осы өзгерістер сіздің қосылған бағдарламаларыңыз бен қызметтеріңізге қалай әсер ететіні жөнінде түсіндіріледі.

Outlook.com контактілері

Outlook.com, Windows, Windows Phone және Office 365 күнтізбесін синхрондау

Windows 8.1 жүйесіндегі «Адамдар» бағдарламасы

Windows 8 жүйесіндегі «Адамдар» бағдарламасы

Windows 8 және Windows 8.1 жүйесіндегі «Күнтізбе» бағдарламасы

Windows 8 жүйесіндегі Сурет альбомы және Movie Maker

Windows 8 жүйесіндегі Фотосуреттер бағдарламасы

Windows Phone 7 және 8 жүйесіндегі «Адамдар» бағдарламасы

Windows Phone 7 және 8 жүйесіндегі OneDrive

Windows Phone 7 және 8 жүйесіндегі Фотосуреттер бағдарламасы

Windows Live Essentials күнтізбесі және контактілері

OneDrive Online

Outlook 2013 бағдарламасындағы Outlook Social Connector

Office 365 Outlook Web App

Outlook.com контактілері

  • Егер жаңа пайдаланушы болсаңыз, Facebook контактілеріңізді Outlook.com тіркелігіңізге қоса алмайсыз.

  • Егер алдында Facebook тіркелгіңізді Outlook.com тіркелгіңізге қосқан болсаңыз, Facebook контактілеріңіз енді Facebook желісіндегі ақпаратпен жаңартылмайды.

Outlook.com, Windows, Windows Phone және Office 365 күнтізбесін синхрондау

Facebook оқиғалары енді Outlook.com, Windows, Windows Phone және Office 365 қызметіндегі күнтізбеге автоматты түрде синхрондалмайды. Уақытша шешім ретінде, Outlook.com күнтізбесінен Facebook желісі қамтамасыз ететін сілтемеге жазылуға болады.

Сол Outlook.com тіркелгісін Windows, Windows Phone және/немесе Office 365 Outlook Күнтізбе бағдарламасымен байланыстырған кезде, сіз жазылатын оқиғалар осы бағдарламаларда синхрондалады.

  1. Facebook желісіне кіріңіз, содан кейін терезесінің сол жағындағы «Оқиғалар» тармағын таңдаңыз.

  2. Беттің төменгі оң жағындағы хабарды қарап шығыңыз: «Оқиғаларыңызды Microsoft Outlook, Google күнтізбесіне немесе Apple күнтізбесіне қосуға болады. Оларды қосқаннан кейін, олар жаңартылып отырады. Қосымша ақпарат. Алдағы оқиғалар. Туған күндер.".

  3. Тінтуірдің оң жақ түймешігімен «Туған күндер» тармағын басыңыз (немесе сенсорлық құрылғыны ұзақ кідірте тұрыңыз) және «Сілтеме мекенжайын көшіру» пәрменін таңдаңыз.

  4. Веб-браузерден Outlook.com сайтына кіріңіз және «Күнтізбе» тармағына өтіңіз.

  5. Жоғарғы колонтитулдан «Импорттау» пәрменін таңдаңыз.

  6. Сол жақта «Жазылу» пәрменін таңдаңыз, содан кейін 3-қадамда, «Күнтізбе URL мекенжайы» өрісінде көшірген URL мекенжайын қойыңыз.

  7. Жаңа күнтізбе атауын енгізіңіз және «Жазылу» түймешігін басыңыз.

Кеңес : Сондай-ақ, түсті өзгертіңіз немесе «Жазылу» түймешігін таңдамас бұрын қажетінше белгіні таңдауға болады.

Windows 8.1 жүйесіндегі «Адамдар» бағдарламасы

Windows 8.1 жүйесіндегі «Адамдар» бағдарламасы келесі мүмкіндіктерге енді қолдау көрсетпейді:

  • Facebook Connect — егер «Адамдар» бағдарламасын Windows 8.1 жүйесінде Facebook желісіне қосқан болсаңыз, енді бағдарламада Facebook контактілеріндегі ешқандай жаңартуларды көре алмайсыз. Егер жаңа пайдаланушы болсаңыз, сізде Facebook тіркелігіңізді «Адамдар» бағдарламасына қосу мүмкіндігі болмайды, себебі Facebook Connect мүмкіндігіне енді қолдау көрсетілмейді.

  • Контактілерді синхрондау – Көрсетілген Facebook контактілеріне арналған контакт мәліметтері енді Facebook желісіндегі ақпаратпен жаңартылмайды.

  • Live Tile хабарландырулары – Жұмыс үстелінде көрсетілген «Адамдар» бағдарламасының тақтадағы хабарландырулары енді Facebook желісіндегі хабарландыруларға кірістірілмейді.

  • Шебер түймелер тақтасы арқылы ортақ пайдалану – «Адамдар» бағдарламасы арқылы Facebook контактілерінің мазмұнын ортақ пайдалану мүмкіндігіне енді қолдау көрсетілмейді.

  • Жариялау, Ұнату, Ұнатпау және Пікір әрекеттері - «Адамдар» бағдарламасы арқылы Facebook контактілерінің жаңартуларын жариялау мүмкіндігіне енді қолдау көрсетілмейді.

Windows 8 жүйесіндегі «Адамдар» бағдарламасы

Windows 8 жүйесіндегі «Адамдар» жұмыс үстеліндегі бағдарламасы жұмыс істеуін жалғастырады, бірақ ол қосылған тіркелгілер үшін Facebook желісіндегі жаңартуларды енді қабылдамайды. Нәтижесінде, Facebook контактілеріне арналған «Жаңалықтар» және «Хабарландырулар» бөлімдері, контакт мәліметтері және Live Tile хабарландырулары енді Facebook желісіндегі ақпаратпен жаңартылмайды.

Егер жаңа пайдаланушы болсаңыз, сізде Facebook тіркелігіңізді «Адамдар» бағдарламасына қосу мүмкіндігі болмайды, себебі Facebook Connect мүмкіндігіне енді қолдау көрсетілмейді.

Windows 8 және Windows 8.1 жүйесіндегі «Күнтізбе» бағдарламасы

Windows 8 және Windows 8.1 жүйесіндегі «Күнтізбе» бағдарламасы Facebook контактілері үшін енді туған күн немесе оқиға ақпаратын қабылдамайды. Нәтижесінде, «Күнтізбе» бағдарламасының Live Tile хабарландыруларында көрсетілген Facebook контактілерінің туған күн немесе оқиға ақпараты ескіруі мүмкін.

Windows 8 жүйесіндегі Сурет альбомы және Movie Maker

  • Енді Facebook желісіне фотосуреттерді немесе бейнелерді жариялай алмайсыз. Бірақ Сурет альбомы бағдарламасы арқылы Facebook желісіне бұрын жарияланған фотосуреттер мен бейнелер жарияланған күйде қалады.

  • Уақытша шешім ретінде, Movie Maker бағдарламасына әлдеқашан бекітілген 1080p, 720p немесе 480p профильдері арқылы бейне жобаңызды компьютеріңізге жариялау үшін Movie Maker бағдарламасын пайдалануға болады. Содан кейін, Facebook веб-сайты арқылы қорытынды бейне файлдарын Facebook желісіне тікелей кері жүктей аласыз.

  • Компьютеріңізге сақталған фотосуреттерді таңдау арқылы фотосуреттерді Facebook желісіне кері жүктеу үшін Facebook веб-сайтын немесе Facebook бағдарламасын әлі де пайдалануға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін, Windows Essentials қауымдастық форумы бөлімін қараңыз.

Windows 8 жүйесіндегі Фотосуреттер бағдарламасы

  • Facebook желісіне бұрын жарияланған фотосуреттер мен бейнелерді енді қарап шыға алмайсыз.

  • Компьютеріңізге сақталған фотосуреттерді таңдау арқылы фотосуреттерді Facebook желісіне кері жүктеу үшін Facebook веб-сайтын немесе Facebook бағдарламасын әлі де пайдалануға болады.

Windows Phone 7 және 8 «Адамдар» бағдарламасы

«Адамдар» бағдарламасының жаңалықтар арнасының деректері енді Facebook желісіндегі деректермен жаңартылмайды. «Күнтізбе» бағдарламасындағы Facebook контактілер мен Facebook оқиғалары енді Facebook желісіндегі ақпаратпен жаңартылмайды.

Ескерту : Бұл өзгертулер тек Windows Phone 7 және Windows Phone 8 жүйесіне қолданылады. Егер Windows Phone 8.1 жүйесінде жұмыс істеп жатсаңыз, Адамдар бағдарламасы Facebook желісімен жұмыс істеуді жалғастырады.

Windows Phone 7 және 8 жүйесіндегі OneDrive

Windows Phone 7.5/8 жүйесінде және Office бағдарламасында Facebook бетіне немесе Facebook профиліне суретті не бейнені жариялау мүмкіндігіне енді қолдау көрсетілмейді. Уақытша шешім ретінде, фотосуреттерді және бейнелерді Facebook веб-сайты немесе Facebook бағдарламасы арқылы жариялаңыз.

Windows Phone 7 және 8 жүйесіндегі Фотосуреттер бағдарламасы

Windows Phone 7 және 8 жүйелерінде және Office бағдарламасында Facebook бетіне немесе Facebook профиліне фотосуретті не бейнені жариялау мүмкіндігіне енді қолдау көрсетілмейді. Сондай-ақ, Сурет альбомы бағдарламасына Facebook фотосуретіңізді біріктіру енді жұмыс істемейді.

Уақытша шешім ретінде, фотосуреттерді және бейнелерді Facebook веб-сайты немесе Facebook бағдарламасы арқылы жариялаңыз және қарап шығыңыз.

Windows Live Essentials күнтізбесі және контактілері

Windows Live Essentials күнтізбесі және контактілері функционалдығы жұмыс істеуін жалғастырады, бірақ ол қосылған тіркелгілер үшін Facebook желісіндегі туған күн оқиғасы немесе контакт жаңартуларын енді қабылдамайды. Нәтижесінде, Facebook контактілеріне арналған туған күн оқиғасы немесе контакт мәліметтері ескіруі мүмкін.

OneDrive Online

  • Бүйірлік тақта сілтемесіне арналған «Жариялау» түймешігі енді қолжетімді болмайды.

  • Бұрын жарияланған кез келген фотосуреттер мен бейнелер жарияланған күйде қалады.

  • OneDrive қалтаңыздан фотосуреттерді таңдау арқылы фотосуреттерді Facebook желісіне кері жүктеу үшін Facebook веб-сайтын немесе Facebook бағдарламасын әлі де пайдалануға болады.

Outlook 2013 бағдарламасындағы Outlook Social Connector

  • Outlook Social Connector (OSC) бағдарламасының Facebook желісімен байланысы енді жұмыс істемейді және «OSC байланысы» диалогтық терезесінде «Пайдаланушы аты немесе құпиясөз жарамсыз» қатесін көресіз. Нәтижесінде, «Жаңалықтар» бөлімі мен Facebook профиліңіздің суреті сияқты Facebook желісіндегі мазмұн жаңартылмайды.

  • Outlook Social Connector терезесінде X белгішесін таңдау арқылы Facebook байланысын жоя аласыз.

Office 365 Outlook Web App

Келесі мүмкіндіктер енді қолжетімді болмайды:

  • Facebook Connect – Егер Outlook Web App бағдарламасында Facebook желісіне қосылсаңыз, Facebook контактілеріңіз енді Office 365 тіркелгісіне синхрондалмайды.

    Егер жаңа пайдаланушы болсаңыз, Outlook Web Аpp бағдарламасы арқылы Facebook желісіне қосыла алмайсыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×