FORMULATEXT функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен FORMULATEXT функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттама

Формуланы жол ретінде қайтарады.

Синтаксис

FORMULATEXT(сілтеме)

FORMULATEXT функциясының синтаксисінде келесі аргументтер бар.

  • Сілтеме    Міндетті. ұяшыққа немесе ұяшықтардың ауқымына жасалынатын сілтеме.

Ескертпелер

  • Егер сілтелінген ұяшықты таңдасаңыз, FORMULATEXT функциясы формула тақтасында көрсетіліп тұрғанды қайтарады.

  • Сілтеме аргументі басқа жұмыс парағына немесе жұмыс кітабына өте алады.

  • Егер сілтеме аргументі ашылмайтын басқа жұмыс кітабы болса, FORMULATEXT функциясы #N/A қате мәнін қайтарады.

  • Егер сілтеме аргументі бүкіл жол немесе баған, ауқым немесе бірнеше ұяшығы бар белгілі бір атау болса, FORMULATEXT функциясы жолдың, бағанның немесе ауқымның жоғарғы сол жақ ұяшықтың мәнін қайтарады.

  • Келесі жағдайларда, FORMULATEXT функциясы #N/A қате мәнін қайтарады:

    • Сілтеме аргументі ретінде пайдаланылатын ұяшықта формула жоқ.

    • Ұяшықтағы формула 8192 таңбадан көп.

    • Формула жұмыс парағында көрсетілмейді; мысалы, жұмыс парағының қорғауына байланысты.

    • Құрамында формула бар сыртқы жұмыс кітабы Excel бағдарламасында ашылмайды.

  • Кіріс деректер ретінде пайдаланылатын жарамсыз деректер түрі #VALUE! қате мәнін береді.

  • Функцияға аргумент ретінде кіретін сілтемені ұяшыққа енгізу – айналмалы сілтеме ескертуінде нәтиже бермейді. FORMULATEXT функциясы ұяшыққа формуланы мәтін ретінде қайтарады.

Мысалы

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=TODAY()

C2 ұяшығындағы формула A2 ұяшығында тапқан формуланы мәтіндік жол ретінде қайтарады, осылайша, оның құрылымын оңай тексере аласыз. A2 ұяшығында енгізілегн формула — =TODAY(), ол A2 ұяшығындағы ағымдағы күнді қайтарады. C2 ұяшығында =TODAY() формуласы мәтін ретінде көрсетілуі керек.

=FORMULATEXT(A2)

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×