Exchange Online және Office 365 қызметіндегі АТЕ деген не

Хабарды жеткізу кезінде қате пайда болса, Office 365 қызметіндегі Exchange Online бағдарламасы хабарды жіберушіге жеткізу күйі туралы хабарлау жібереді. Бұл хабарландыруларда әдетте әкімшілерге арналған шешімдер, интернетте қосымша көмек алу үшін сілтеме және техникалық мәліметтер ұсынылады. Exchange апарылмаған туралы ескертпесінің (АТЕ) хабарлары жеткізу туралы хабарлаудың ең көп тараған түрі және оларда хабардың жеткізілмегені туралы айтылады. Бұл сондай-ақ, пошта іркілісі туралы хабар деп те аталады және олар Кімге: жолында қате мекенжайды пайдалану сияқты қарапайым нәрседен туындауы мүмкін. Дегенмен, егер хабар тек уақытша кідірілсе, жеткізу туралы хабарлауды жіберуге болады. Әрбір жеткізу туралы хабарлау АТЕ емес.

Егер жергілікті Exchange 2013 жеткізу күйінің хабарландыруларын іздеп жатсаңыз, Жергілікті Exchange 2013 бағдарламасындағы DSN және АТЕ ескертпелері бөлімін қараңыз.

Exchange АТЕ ескертпелерінде екі пішім бар

Office 365 қызметінде Exchange Online бағдарламасы арқылы жіберілетін АТЕ ескертпелері әдеттегі электрондық пошта пайдаланушылары мен әкімшілерінің оқуына және түсінуіне оңай болуы үшін жасалған. АТЕ ескертпелері үшін екі әр түрлі пішім бар. Ең соңғы мәнердегі АТЕ әрбір тілде мәселе сипаттамасын, сонымен бірге оны түзету қадамдарын қамтиды. Келесі суретте Office 365 АТЕ ескертпесінің осы түріне арналған пішім көрсетіледі.

Office 365 бағдарламасындағы жеткізу туралы хабарландыруға (DSN) арналған жаңа пішім

Ең соңғы мәнердегі АТЕ ескертпелерінде қамтамасыз етілген ақпарат әдеттегі электрондық пошта пайдаланушысына орын алған мәселені дереу шешуге көмектесу үшін жасақталған. Ол мүмкін болмаған кезде, АТЕ әкімшілерге арналған мәліметтерді, сондай-ақ интернеттегі қосымша көмек үшін сілтемені қамтамасыз етеді. Келесі өрістер ең жаңа Office 365 АТЕ ескертпелерінде көрсетіледі.

Өріс

Сипаттама

Office 365 логотипі   

Бұл Office 365 қызметінің АТЕ ескертпесін жасағанын көрсетеді. Логотип Office 365 қызметінің қате үшін жауапты екенін білдірмейді. Бұл хабарда қандай хабар жіберу соңғы нүктелерінің немесе қызметтерінің электрондық пошта транзакциясына кірістірілетіні, ескі мәнердегі АТЕ ескертпелерінде қайсысының түсінікті бола бермейтіні туралы айтылады.

Себебі   

Бұл бөлімде хабар жіберілмеуінің себебі беріледі.

Түзету иесінің көрсеткіші   

Бұл бөлімде қате мен оның түзетілгенін қажет ететін адамға жылдам шолу жасалған. Кескінде Office 365 электрондық пошта транзакциясындағы негізгі үш тарап көрсетіледі: жіберуші, Office 365 және алушы. Қызыл түспен белгіленген аймақ әдетте мәселе түзетілуі тиіс жер болып табылады.

Мұны түзету жолы   

Бұл бөлім АТЕ ескертпесін алатын соңғы пайдаланушы немесе электрондық пошта хабарын жіберуші үшін жасақталған. Ол мәселені шешу жолы түсіндіреді.

Электрондық пошта әкімшілерін арналған қосымша ақпарат    

Бұл бөлімде техникалық мәліметтер және олық анықтамалық ақпаратты қамтитын интернет негізіндегі мақалаға сілтемемен қоса мәселе мен шешімнің түсіндірмесі қамтамасыз етіледі.

Хабар секірістері   

Бұл бөлімде әкімшіге хабар секірістерін немесе сервер-сервер жолын бақылауға мүмкіндік беретін хабар уақыттары мен жүйе сілтемелері қамтылады. Осы ақпарат көмегімен әкімші хабар секірістері арасындағы мәселелерді жылдам көрсете алады.

Ең соңғы пішімге жатпайтын АТЕ ескертпелері үшін ақпарат екі бөлімге бөлінуі мүмкін: Әкімшілерге арналған пайдаланушы ақпараты және диагностикалау деректері Келесі суретте Exchange Online АТЕ ескертпесінің бір түріне арналған пішім көрсетіледі.

Пайдаланушы мен әкімшінің диагностикалық ақпаратын көрсетуші АТЕ ескертпесі

Пайдаланушы ақпараты

Exchange Online АТЕ ескертпесіндегі пайдаланушы туралы ақпарат бөлімі алдымен кейбір АТЕ ескертпелерінде пайда болады және мұндағы басты мақсат - ненің дұрыс болмағандығы туралы қысқаша қорытынды ұсыну. Мәтін хабар жіберушісіне хабардың қабылданбау себебін анықтауға, мүмкін болған жағдайда, хабарды сәтті жіберу әдісін үйренуге көмектесу үшін жасалған. Әр алушының электрондық пошта мекенжайы тізімде беріледі және сәтсіздіктердің орын алу себебі алушы электрондық поштасы мекенжайының төменгі жағындағы бос орында қамтылады. Хабарды қабылдамаған пошта серверінің атауы да осы бөлімде қамтылуы мүмкін.

Әкімшілерге арналған диагностикалық ақпарат

Әкімшілерге арналған диагностика ақпараты бөлімі әкімшілерге хабарды жеткізу ақауын жоюға көмектесетін толығырақ техникалық ақпарат ұсынады. Онда хабарды жеткізу кезінде орын алған белгілі бір қате, АТЕ ескертпесін шығарған сервер және хабарды қабылдамаған сервер туралы толық ақпарат беріледі. Бұл бөлімде келесі пішім пайдаланылады:

Diagnostic information for administrators

Generating server: <server name><rejected recipient><remote server><enhanced status code><SMTP response>

Original message headers

<message header fields>

Өріс

Сипаттамасы

Жасаушы сервері   

Бұл өріс АТЕ жасаған SMTP пошта серверінің атын көрсетеді. Егер жіберушінің электрондық пошта мекенжайы астында қашықтағы сервер қамтылмаса, жасау сервері - бастапқы электрондық пошта хабарын қабылдамаған сервер болады. Қашықтағы сервер хабарды растап, қабылдаса, бірақ кейін мысалы, мазмұн шектеулеріне байланысты хабарды қабылдамаса, қашықтағы сервер АТЕ шығарады. Егер қашықтағы сервер ешқашан хабарды растап, қабылдамаса, Exchange Online қызметіндегі жіберуші сервер АТЕ шығарады.

< Қабылданбаған алушы >   

Бұл мән алушының электрондық пошта мекенжайы. Егер жеткізу бірнеше рет сәтсіз аяқталса, әр алушының электрондық пошта мекенжайы тізімге енгізіледі. Сондай-ақ, келесі ақпарат әрбір жеткізу сәтсіз аяқталған алушы үшін қамтылады:

Өріс

Сипаттамасы

<Қашықтағы сервер>   

Бұл мән хабарды қабылдамаған пошта серверінің аты болып табылады. Егер бастапқы хабар қабылдаушы сервер тарапынан сәтті түрде расталса, бірақ кейін қабылданбаса, қашықтағы сервер мәні толтырылмаған.

<Жақсартылған күй коды>   

Бұл мән бастапқы хабарды қабылдамаған пошта сервері тарапынан тағайындалады және хабардың қабылданбау себебін көрсетеді. Осы кодтар RFC 3463 ішінде анықталады, толтырғыш мәндері бүтін сандар болып табылатын abc x.y.z пішімін пайдаланыңыз. Мысалы, 5.x.x коды тұрақты қатені, ал 4.x.x коды уақытша қатені көрсетеді. Жақсартылған күй коды көбіне сыртқы пошта сервері арқылы шығарылса, Exchange Online қызметі пайдаланушы ақпараты бөлімінде көрсетілетін мәтінді анықтау үшін жақсартылған күй кодын пайдаланады.

<SMTP жауап>   

Бұл мән бастапқы хабарды қабылдамаған пошта сервері тарапынан қайтарылады. Бұл мәтін жақсартылған күй кодының мәніне арналған түсіндірмені ұсынады. Мәтін әрдайым US-ASCII пішімінде көрсетіледі.

Түпнұсқа хабар тақырыптары   

Бұл бөлімде қабылданбаған хабардың хабар тақырып өрістері қамтылады. Бұл тақырып өрістері хабардың бас тартылмастан бұрынғы жолы немесе қабылданбаған алушы мәніне сәйкес келетін To өріс мәні сияқты пайдалы диагностикалық ақпаратты ұсынуы мүмкін.

Exchange АТЕ ескертпесін анықтау әдісі

Мына жерде мысал берілген. Келесі ақпаратты қамтитын Exchange АТЕ ескертпесін алдыңыз делік:

Delivery has failed to these recipients or groups:

Ronald Slattery
Your message wasn't delivered due to a permission or security issue. It may have been rejected by a moderator, the address may only accept email from certain senders, or another restriction may be preventing delivery. The following organization rejected your message: mail.contoso.com.

Diagnostic information for administrators:

Generating server: bigfish.com

ronald@contoso.com
mail.contoso.com #<exchange.contoso.com #5.7.1 smtp;530 5.7.1 Client was not authenticated> #SMTP#


Original message headers:
...

Пайдаланушы ақпараты бөлімінен алушының Бекжан Орынбасаров екенін және хабарды Exchange Online немесе Exchange Online Protection пошта сервері болып табылмайтын mail.contoso.com пошта серверінің қабылдамағанын анықтай аласыз.

Әкімшілерге арналған диагностикалық ақпарат бөлімінен Microsoft Exchange Online Protection болып табылатын bigfish.com хабарды bekzhan@contoso.com алушысына жеткізу мақсатында mail.contoso.com серверіне қосылуға талпыныс жасағанын көре аласыз. Дегенмен, mail.contoso.com 530 5.7.1 Client was not authenticated қатесімен жауап берді. bigfish.com АТЕ ескертпесін шығарса да, mail.contoso.com іс жүзінде хабарды қабылдамады, сондықтан contoso.com әкімшілері мәселені түсініп, шешуге жауапты. Осы бір қате mail.contoso.com серверінің интернеттен анонимді электрондық поштаны қабылдамайтындай етіп реттелгенін көрсетеді.

Бастапқы хабар тақырыптары осы мысалдан олардың ұзындығы мен күрделілігіне байланысты қалдырылған болса да, әдеттегідей, келесі тақырып өрістерінен пайдалы ақпаратты шығара аласыз:

  • To:   Электрондық пошта мекенжайы қате жазылған кезде осы өріс пайдалы болуы мүмкін.

  • Received:   Осы өрістер АТЕ ескертпесінде Generating server мәнінен айтуға қиын болған жағдайда хабарға және жеткізу туралы хабарлау шығарған соңғы транзиттік жолды айтады.

  • Received-SPF:   Егер осы мән pass басқа мән болса, доменіңізге арналған Жіберуші саясатының негіздері (SPF) DNS жазбасын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Доменіңізден жіберілген шығыс электрондық пошта хабарын тексеру үшін SPF жазбасын реттеу бөлімін қараңыз.

Кездестіруіңіз мүмкін жиі кездесетін Exchange Online және Office 365 АТЕ немесе Office 365 DSN

Exchange Online қызметінде кездестіруіңіз мүмкін ең жиі кездесетін Office 365 АТЕ туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі тақырыптарды қараңыз:

Exchange АТЕ ескертпелері немесе басқа жеткізу туралы хабарлаулар бойынша әлі де көмек қажет пе?

Office 365 қауымдастық форумдарынан анықтама алу Әкімшілері: Қызмет сұрауына кіру және жасау Әкімшілері: Қолдау қызметіне қоңырау шалу
Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×