Excel 2013 бағдарламасының Power Pivot қондырмасындағы уақыт операциясы функциясы

Деректерді талдау өрнектерінің (DAX) деректерді белгілі уақыт сайын біріктіруге және салыстыруға арналған арнайы 35 функциясы бар. DAX күн және уақыт функцияларына қарағанда, Уақыт операциясы функцияларына ұқсас нәрсе Excel бағдарламасында жоқ. Мұның себебі – Жиынтық кестелердегі және Power View көрнекілендірулеріндегі қай мазмұнды таңдағаныңызға байланысты уақыт операциясы функциялары белгілі уақыт сайын тұрақты өзгеріп тұратын деректермен жұмыс істейді.

Уақыт операциясы функцияларымен жұмыс істеу үшін Деректер үлгісінде күндер кестесі болу керек. Күндер кестесінің бір бағанындағы әр жолда деректердегі жылдың барлық күндері қамтылған болуы керек. Бұл баған Күндер бағаны болады (бірақ сіз кез келген басқа атау берсеңіз де болады). Уақыт операциясы функцияларының көбі есептегі өрістер ретінде таңдалған күндер бойынша есептеу үшін күндер бағанын қажет етеді. Мысалы, егер сізде CLOSINGBALANCEQTR функциясымен тоқсан соңындағы теңгерімді есептейтін өріс бар болса, Power Pivot тоқсанның соңы қай күнге сай келетінін анықтау үшін тоқсанның басы мен соңы көрсетілген күндер кестесінің күндер бағанын қарайды. Күндер кестесі туралы қосымша ақпарат алу үшін Excel 2013 бағдарламасының Power Pivot қондырмасында күндер кестесін түсіну және жасау бөлімін қараңыз.

Функциялар

Бір күнді қайтаратын функциялар

Бұл санаттағы функциялар бір күнді қайтарады Содан соң нәтижені басқа функцияларда аргумент ретінде қолдануға болады.

Бұл санаттағы бірінші екі функция ағымдағы контекстегі Күндер_бағанының бірінші немесе соңғы күнін қайтарады. Бұл белгілі транзакция түрі орындалған бірінші немесе соңғы күнді табу қажет болған кезде пайдалы. Бұл функциялар тек бір аргументті алады: күндер кестесіндегі күндер бағанының аты.

Бұл санаттағы келесі екі функция өрнектің мәні бос емес жердегі бірінші немесе соңғы күнді (немесе басқа бағанның мәнін) табады. Бұл көбінесе тізімдеме секілді жағдайларда пайдаланылады. Сізге тізімдемедегі соңғы мөлшер қажет болып, соңғы тізімдеме қашан енгізілгенін білмеуіңіз мүмкін.

Келесі алты функция да ағымдағы есептеу контекстіндегі айдың, тоқсанның немесе жылдың бірінші немесе соңғы күнін қайтарады.

  • ENDOFYEAR (Күндер_бағаны [,YE_Күн])

Күндер кестесін қайтаратын функциялар.

Күндер кестесін қайтаратын он алты уақыт операциясы функциялары бар. Көп жағдайда, бұл жағдайлар ЕСЕПТЕУ функциясына СүзгініОрнату аргументі ретінде қолданылады. DAX өрнектерінің барлық уақыт операциясы функциялары секілді мұндағы әр функция аргументтерінің бірі ретінде күндер бағанын алады.

Бұл санаттағы алғашқы сегіз функция ағымдағы контексттегі күндер бағанынан басталады. Мысалы, егер Жиынтық кестедегі есептелген өріс қолданылып жатқан болса, ол жерде баған белгісі немесе жол белгісіндегі ай немесе жыл болуы мүмкін. Функцияның таза әсері – күндер бағанының ағымдағы контекстке қатысты күндері ғана қалатындай етіп сүзілуі. Сол ағымдағы контексттен бастап, осы сегіз функция кейін алдыңғы (немесе келесі) күнді, айды, тоқсанды немесе жылды есептеп, сол күндерді бір бағанды кестеге түрлендіреді. «Алдыңғы» функциялары ағымдағы контексттің бірінші күнінен артқа қарай жұмыс істесе, «келесі» функциялары ағымдағы контексттің соңғы күнінен алға қарай жұмыс істейді.

Бұл санаттағы келесі төрт функция осыларға ұқсас, бірақ алдыңғы (немесе келесі) мерзімді есептеудің орнына «ай басынан бүгінге» (немесе тоқсан басынан бүгінге немесе жыл басынан бүгінге немесе алдыңғы жылдағы бірдей мерзімдегі) дейнгі күндер жиынын есептейді. Бұл функциялардың барлығы есептеу операциясын ағымдағы контексттің соңғы күнін пайдаланып орындайды. SAMEPERIODLASTYEAR функциясы ағымдағы контекст құрамында іргелес күндер жиынының болуын қажет етеді. Егер ағымдағы контекст іргелес күндер жиыны болмаса, SAMEPERIODLASTYEAR қате қайтарады.

Бұл санаттағы соңғы төрт функция күрделірек және кішкене қуаттырақ. Бұл функциялар ағымдағы контексттегі күндер жиынынан жаңа күндер жиынына ауысу үшін қолданылады.

  • DATEADD (Күндер_бағаны, Аралықтар_саны, Аралық)

  • DATESBETWEEN (Күндер_бағаны, Басталу_күні, Соңғы_күн)

  • DATESINPERIOD (Күндер_бағаны, Басталу_күні, Аралықтар_саны, Аралық)

  • PARALLELPERIOD (Күндер_бағаны, Аралықтар_саны, Аралық)

DATESBETWEEN көрсетілген басталу күні мен соңғы күн арасындағы күндер жиынын есептейді. Қалған үш функция ағымдағы контексттің уақыт аралықтарының кейбір нөмірлерін ауыстырады. Бұл аралық күн, ай, тоқсан немесе жыл болуы мүмкін. Бұл функциялар келесі әрекеттердің кез келгені бойынша есептеу үшін уақыт аралығын ауыстыруды оңайлатады.

  • Екі жылға артқа қайту

  • Бір айға артқа қайту

  • Үш тоқсанға алға жүру

  • 14 күнге артқа қайту

  • 28 күнге алға жүру

Әрбір жағдайда сіз тек қай аралықты және сондай аралықтардың қаншасын ауыстыруды көрсетесіз. Оң аралық уақытты алға жүргізсе, кері аралық артқа қайтады. Аралықтың өзі КҮН, АЙ, ТОҚСАН немесе ЖЫЛ кілт сөздерімен көрсетіледі. Бұл кілт сөздері жолдар емес, сондықтан олар тырнақшаға алынбайды.

Уақыт мерзімі бойында өрнектерді есептейтін функциялар

Функциялардың бұл санаты өрнекті көрсетілген уақыт мерзімінде есептейді. Дәл осындай операцияны CALCULATE және басқа уақыт операциясы функцияларымен орындауға болады. Мысалы,

= TOTALMTD (Өрнек, Күндер_бағаны [, СүзгініОрнату])

функциясы дәл келесі функциямен бірдей:

= CALCULATE (Өрнек, Күндер_бағаны [, СүзгініОрнату])

Алайда бұл уақыт операциясы функцияларын шешілуі қажет мәселеге жақсы сәйкес келген кезде қолданған оңайырақ:

  • TOTALMTD (Өрнек, Күндер_бағаны [, СүзгініОрнату])

  • TOTALQTD (Өрнек, Күндер_бағаны [, СүзгініОрнату])

  • TOTALYTD (Өрнек, Күндер_бағаны [, СүзгініОрнату] [,YE_Date]) *

Сондай-ақ, бұл санатта бастапқы сальдо мен соңғы сальдоны есептейтін функциялар тобы бар. Дәл бұл функцияларға қатысты белгілі ұғымдарды түсінгеніңіз жөн. Біріншіден, әрине айтпаса да түсінікті, кез келген мерзімнің бастапқы сальдосы одан алдыңғы мерзімнің соңғы сальдосы болып табылады. Соңғы сальдо мерзімнің соңына дейінгі барлық деректерді қамтыса, бастапқы сальдо ағымдағы мерзімдегі ешбір деректерді қамтымайды.

Бұл функциялар әрқашан белгілі уақыт нүктесіне қатысты есептелген өрнектің мәнін қайтарады. Бізге қажет уақыт нүктесі әрқашан күнтізбе мерзіміндегі соңғы күн мәні болып табылады. Бастапқы сальдо алдыңғы мерзімнің соңғы күніне негізделеді, ал соңғы сальдо ағымдағы мерзімнің соңғы күніне негізделеді. Ағымдағы мерзім әрқашан ағымдағы күндер контекстінің соңғы күнімен анықталады.

  • OPENINGBALANCEMONTH (Өрнек, Күндер_бағаны [, СүзгініОрнату])

  • OPENINGBALANCEQUARTER Тоқсан (Өрнек, Күндер_бағаны [, СүзгініОрнату])

  • OPENINGBALANCEYEAR (Өрнек, Күндер_бағаны [,СүзгініОрнату] [,YE_Date])

  • CLOSINGBALANCEMONTH (Өрнек, Күндер_бағаны [, СүзгініОрнату])

  • CLOSINGBALANCEQUARTER (Өрнек, Күндер_бағаны [, СүзгініОрнату])

  • CLOSINGBALANCEYEAR (Өрнек, Күндер_бағаны [,СүзгініОрнату] [,YE_Date])

Қосымша ресурстар

Мақалалар: Excel 2013 бағдарламасының Power Pivot қондырмасындағы күн кестелерін түсіну және жасау

Сілтеме: Office.com сайтындағы DAX функциясына сілтеме (DAX)

Үлгілер: Excel бағдарламасының Microsoft PowerPivot қондырмасындағы кіріс пен шығыс деректерінің үлгісін және сараптамасын жасау

Бейнелер: PowerPivot қондырмасындағы уақыт функциясына кіріспе

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×