Excel үлгісін жасау және пайдалану

Уақытты үнемдеу немесе стандарттау тәжірибесін кеңірек тарату үшін жұмыс кітабын басқа жұмыс кітаптарын жасау мақсатында пайдаланылатын үлгі ретінде сақтауға болады. Microsoft Office Excel 2007 бағдарламасында үлгі файлы (.xltx) ішінде деректер мен пішімдеу болуы мүмкін, ал құрамды әмір қосылған үлгі файлында (.xltm) макроc де бар болуы мүмкін.

Жаңа жұмыс кітабын жасау үшін өз үлгілеріңіздің біреуін пайдалана аласыз немесе Microsoft Office Online веб-торапынан қотарып алуға болатын көптеген алдын ала анықталған үлгілердің біреуін қолдана аласыз.

Не істегіңіз келеді?

Үлгі жасау

Үлгі арқылы жаңа жұмыс кітабын жасау

Үлгі жасау

  1. Үлгі ретінде пайдаланғыңыз келетін жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті түймешігін басыңыз, содан кейін Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

  3. Файл атауы жақтауында үлгі үшін пайдаланғыңыз келетін атауды енгізіңіз.

  4. Түр ретінде сақтау жақтауында Excel үлгісі немесе, егер жұмыс кітабында Сіз үлгіде қолданылуын қалайтын құрамды әмір бар болса, Құрамды әмір қосылған Excel үлгісі тармағын таңдаңыз.

  5. Сақтау түймешігін басыңыз.

    Үлгі арқылы жаңа жұмыс кітабын жасау керек болған кезде оның қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында үлгі өздіктік түрде «Үлгілер» қалтасында сақталады.

Кеңес : Excel жұмыс кітабын «Үлгілер» қалтасына көшіріп, оны үлгі файлы пішімінде (.xltx немесе .xltm) сақтамай үлгі ретінде пайдалануға болады. Windows Vista амалдық жүйесінде «Үлгілер» қалтасы әдетте мына жерде орналасады: C:\Users\<атыңыз>\AppData\Roaming\Microsoft\Templates. Microsoft Windows XP амалдық жүйесінде «Үлгілер» қалтасы әдетте мына жерде орналасады: C:\Documents and Settings\<атыңыз>\Application Data\Microsoft\Templates.

Беттің жоғарғы жағы

Үлгі арқылы жаңа жұмыс кітабын жасау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Жаңа түймешігін нұқыңыз.

  2. Үлгілер тобында келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    • Жұмыс кітабын жақында қолданылған үлгінің негізінде жасау үшін Бос және соңғы тармағын таңдаңыз, содан кейін Соңғы пайдаланылған үлгілер тобында пайдаланғыңыз келетін үлігіні екі рет нұқыңыз.

    • Жұмыс кітабын орнатылған үлгінің негізінде жасау үшін Орнатылған үлгілер тармағын таңдаңыз да, Орнатылған үлгілер ішінде пайдаланғыңыз келетін үлгіні екі рет нұқыңыз.

    • Жұмыс кітабын өзіңіз жасаған үлгіңіздің негізінде жасау үшін Менің үлгілерім тармағын таңдаңыз, содан кейін Менің үлгілерім қойындысында пайдаланғыңыз келетін үлгіні екі рет нұқыңыз.

    • Жұмыс кітабын басқа жұмыс кітабының негізінде жасау үшін Бар жұмыс кітабынан жасау тармағын таңдаңыз да, пайдаланғыңыз келетін жұмыс кітабын екі рет нұқыңыз.

Кеңес : Интернет желісіне қосылған болсаңыз, Office Online веб-торабында қолданылатын үлгілерге де қатынаса аласыз. Microsoft Office Online тобында үлгі санатын нұқыңыз, содан кейін осы санат тобында қотарып алғыңыз келетін үлгіні екі рет нұқыңыз. Егер қотарып алғыңыз келетін үлгі Microsoft Office Online қауымының мүшесі тарапынан қамтамасыз етілген болса, осы үлгіні қотарып алу үшін Сіз міндетті түрде Мен қабылдаймын түймешігін басып, «Қауымдық үлгілерге арналған лицензиялық келісімдің шарттары» деп аталатын келісімді қабылдауыңыз қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×