Excel қызметтері параметрлерін теңшеу

  1. SSP жеткізушісіне (Ортақ қызметтер жеткізушісі) арналған басқару бетін ашыңыз.

    SSP жеткізушісіне арналған басқару бетін ашу үшін төмендегілерді орындаңыз:

    1. Жоғарғы шарлау тақтасындағы Бағдарламаны басқару түймешігін басыңыз.

    2. Бағдарламаны басқару бетінің Office SharePoint Server ортақ қызметтері бөліміндегі Осы ферманың ортақ қызметтерін жасау немесе теңшеу пәрменін таңдаңыз.

    3. Осы ферманың ортақ қызметтерін жасау немесе теңшеу бетінде басқару беті ашылатын SSP жеткізушісін таңдаңыз.

  2. Ортақ қызметтерді басқару өзіндік бетінің Excel қызметтері параметрлері бөліміндегі Excel қызметтері параметрлерін өңдеу түймешігін басыңыз.

  3. Excel қызметтері параметрлері бетінің Қауіпсіздік бөліміндегі Файлға қатынасу әдісітізімінен төмендегілердің біреуін таңдаңыз

    1. Тұлғаландыру. Тұлғаландыру бір туынды үрдістің сол туынды үрдісті иеленетін үрдістің мәтінмәнінен басқа бір қауіпсіздік мәтінмәнде іске қосылуына мүмкіндік береді. Excel есептеу қызметтерінен UNC және HTTP орындарында сақтаулы жұмыс кітаптарына қатынау үшін пайдаланушылардың рұқсаттарын тексеру талап етілуі үшін осы параметрді таңдаңыз.

      Ескерту : Тұлғаландыру параметрін таңдау Microsoft Office SharePoint Server 2007 дерекқорларында сақталатын жұмыс кітаптарына әсер етпейді. Ішінде деректерді алдын ала өңдейтін веб-серверлері мен Excel есептеу қызметтерінің бағдарлама серверлері әр түрлі компьютерлерден іске қосылатын сервер ферма орналастыруларының көпшілігінде тұлғаландыру шектеулі Kerberos өкілдігін талап етеді.

    2. Үрдіс тіркелгісі. Егер Excel есептеу қызметтерінің бағдарлама серверлері жұмыс кітаптарын UNC ортақ қорларына немесе HTTP веб-тораптарынан ашса, пайдаланушы тіркелгісін тұлғаландыру мүмкін болмайды және үрдіс тіркелгісін пайдалану керек.

      Егер деректерді алдын ала өңдейтін Excel қызметтерімен байланыстарды шифрлағыңыз келмесе, Қосылымды шифрлаутізімінен Міндетті емес параметрін, ал егер деректерді алдын ала өңдейтін Excel қызметтерімен байланыстардың барлығына шифрлауды қолданғыңыз келсе, Міндетті параметрін таңдаңыз.

      Excel есептеу қызметтерінің бағдарлама серверлері, дерек көздері, тұтынғыш компьютерлер мен тұтынғыш веб-серверлерінің арасындағы деректер алмасуын шифрлау үшін IP қауіпсіздігі (IPsec) немесе SSL тәсілін (Secure Sockets Layer ) қолданып көріңіз. Егер шифрланған деректер алмасуын талап етуді шешсеңіз, IPқауіпсіздігі немесе SSL тәсілін қолмен теңшеуіңіз қажет болады. Тұтынғыш бөліктері бар веб-серверлері мен Excel есептеу қызметтерінің бағдарлама серверлерінің арасындағы шифрланбаған қосылымдарға рұқсат бере отырып, тұтынғыш компьютерлер мен тұтынғыш бөліктері бар веб-серверлерінің арасында шифрланған қосылымдарды талап етуіңізге болады.

  4. Жүктемелерді теңгеру бөліміндегі Жүктеме теңгеру схемасытізімінен төмендегілердің біреуін таңдаңыз:

    1. Жұмыс кітабының URL-мекенжайы. Жұмыс кітабындағы URL-мекенжайы жұмыс кітабын қай Excel есептеу қызметтері (ECS) үрдісі ашатынын көрсету үшін пайдаланылады. Бұл белгілі бір жұмыс кітабынан келген сұраулар әрқашан бір ECS сеансына бағытталуын қамтамасыз етеді.

    2. Шеңберлік жүйе. Жұмыс кітабын ашу үшін пайдаланылатын ECS үрдісі жүктемені шеңберлік тәртіппен теңгеру схемасы арқылы таңдалады.

    3. Жергілікті. Егер жұмыс кітабы ашылып жатқан компьютер үшін жергілікті болып табылатын ECS үрдісі қол жетімді болса, ол пайдаланылады. Егер жергілікті ECS үрдісі қол жетімсіз болса, жүктемені шеңберлік тәртіппен теңгеру схемасы арқылы ECS үрдісі тағайындалады.

      Әрекетті қайталау аралығы жолағына бір ECS сеансына қайтадан қосылу үшін күтетін секундтардың ең көп санын секундтармен көрсетіп теріңіз. Бұл көрсетілген әрбір әрекетті қайталау аралығында кемінде бір қосылу әрекеті жасалуын қамтамасыз етеді.

  5. Сеансты басқару бөліміндегі Бір пайдаланушының ең көп сеанстары жолағына жекелеген бір пайдаланушыға рұқсат етілетін Excel қызметтері сеанстарының ең көп санын теріңіз (шек қойылмау үшін -1 санын теріңіз).

    Бір пайдаланушының сеанстарының ең көп санын кішкене мөлшермен шектеу арқылы қор көздерінің қол жетімділігін сақтап, Excel есептеу қызметтерінің өнімділігі мен қауіпсіздігін жақсартуыңызға болады. Көп пайдаланушы бір уақытта бірнеше Excel есептеу қызметтерін сеансын ашып отырған кезде жұмыс өнімділігі нашарлауы мүмкін.

  6. Жадты пайдалану бөліміндегі Ең көп жеке байттар жолағына ECS үрдісі пайдалана алатын мегабайттардың (Мбайт) ең көп санын Мбайт түрінде теріңіз (ECS үрдісін басқаратын компьютердегі физикалық жадының 50% бөлігіне тең мән үшін -1 санын теріңіз.).

    1. Жад кэшінің ең төменгі мәні жолағына енжар нысандар үшін бөлуге болатын ең көп жеке байттардың пайыздық қатынасын көрсететін 0 мен 95 арасындағы бір мәнді теріңіз.

    2. Пайдаланылмаған нысанның ең көп уақыты жолағына енжар нысандар жад кэшінде қалатын ең ұзақ уақытты (минуттермен) теріңіз.

  7. Жұмыс кітабы кэші бөліміндегі Жұмыс кітабы кэшінің орны жолағына ECS серверін басқаратын компьютердегі жұмыс кітабы файлы кэшіне апаратын бір жолды теріңіз. Егер жолақ бос қалдырылса, жүйенің уақытша каталогындағы бір ішкі каталог пайдаланылатын болады.

    1. Жұмыс кітабы кэшінің ең үлкен өлшемі жолағына Excel қызметтері пайдаланып жатқан жұмыс кітаптарына бөлуге болатын бір мәнді МБ түрінде теріңіз. Қазір ашық тұрмаған соңғы пайдаланылған файлдар осы мән бойынша қайтадан саналады.

    2. Ешқандай сеанста пайдаланылып жатпаған нысандарды кэштеу үшін Кэштеу қосулы параметріне құсбелгіні қойыңыз.

  8. Сыртқы деректер бөліміндегі Қосылымның қолданылу уақыты жолағына қосылым ашық тұратын ең ұзақ уақыт мәнін секундтармен теріңіз. Мерзімі біткен қосылымдар келесі сұрау алынғанда қайта ашылады (қосылымдар ешқашан жабылмауы және қайта ашылуы үшін -1 санын теріңіз).

    Заңды пайдаланушыларға қызмет көрсетуден бас тарту шабуылы қаупін сеанстар ашық тұратын уақыт мөлшерін шектеу арқылы азайтуыңызға болады.

  9. Сыртқы деректер бөлімінің Көрсетілмеген қызмет тіркелгісі бөліміндегі Атауы, Құпия сөз және Құпия сөзді қайта теру жолақтарында түпнұсқалықты растау үшін тіркелгі мәліметтерін талап ететін дерек көздеріне қосылу үшін пайдаланылатын Excel есептеу қызметтерінің әдепкі Windows тіркелгі мәліметтерін көрсетіңіз.

    Көрсетілмеген қызмет тіркелгісі дегеніміз — Windows жүйесіне тән емес SSO түпнұсқалығын растау әдісін пайдаланатын немесе ешқандай түпнұсқалықты растау пайдаланбайтын деректер қосылымдарын орнату кезінде Excel есептеу қызметтері тұлғаландыруы мүмкін рұқсат талап ету деңгейі төмен тіркелгі. Егер көрсетілмеген қызмет тіркелгісі теңшелмесе, Windows жүйесіне тән емес SSO түпнұсқалығын растау әдісін пайдаланатын немесе ешқандай түпнұсқалықты растау пайдаланбайтын деректер қосылымдары орнамайды.

    Көрсетілмеген қызмет тіркелгісін тұлғаландыру Office SharePoint Server 2007 дерекқорлары мен Excel қызметтері тікелей қатынаса алатын кез келген басқа дерек көздерін сыртқы дерек қосылымдарын ашу үшін Excel есептеу қызметтерін пайдаланатын тұтынғыш компьютерлердің рұқсатсыз қосылымдарынан қорғайды. Көрсетілмеген қызмет тіркелгісі тұлғаландырылған кезде, Excel есептеу қызметтері бағдарламасының туынды үрдісімен байланысты мандаттарды кез келген басқа дерекқорларға қатынасу үшін пайдалану мүмкін болмайды. Сонымен қатар, көрсетілмеген қызмет тіркелгісі тұлғаландырылған кезде, сыртқы дерек сұраулары рұқсат талап ету деңгейі жоғарырақ Excel есептеу қызметтері бағдарламасының туынды үрдісінің қауіпсіздік мәтінмәнінде іске қосылудың орнына, рұқсат талап ету деңгейі төмен тіркелгінің қауіпсіздік мәтінмәнінде іске қосылады.

    Көрсетілмеген қызмет тіркелгісін егелік тіркелгісі немесе жергілікті компьютер тіркелгісі түрінде теңшеуіңізге болады. Егер көрсетілмеген қызмет тіркелгісі жергілікті компьютер тіркелгісі түрінде теңшелсе, теңшелімнің барлық Excel есептеу қызметтерінің бағдарлама серверлерінде бірдей болуын қамтамасыз етіңіз. Тек желіге кіруге мүмкіндік беру үшін көрсетілмеген қызмет тіркелгісінің рұқсаттарын шектеңіз. Көрсетілмеген қызмет тіркелгісі кез келген дерек көздеріне немесе Office SharePoint Server 2007 дерекқорларына қатынасы жоқтығына көз жеткізіңіз.

  10. OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×