Excel функциялары (санат бойынша)

Жұмыс парағының функциялары олардың сәйкес функциясы бойынша санатталады. Оның функцияларын шолу үшін санатты басыңыз. Немесе бірінші бірнеше әрпін немесе сипаттамалы сөзді теру арқылы функцияны табу үшін Ctrl+F пернелер тіркесімін басыңыз. Функция туралы толық ақпарат алу үшін, бірінші бағандағы оның атауын басыңыз.

Функция санаттары

Біздегі ең танымал 10 функция

Сыйысымдылық функциялары

Текше функциялары

Дерекқор функциялары

Күн және уақыт функциялары

Инженерлік функциялар

Қаржылық функциялар

Ақпараттық функциялар

Логикалық функциялар

Іздеу және сілтеме функциялары

Математика және тригонометрия функциялары

Статистикалық функциялар

Мәтіндік функциялар

Қондырмалармен орнатылатын пайдаланушылық функциялар

Веб функциялар

Ескерту : Нұсқа маркерлері функцияны ұсынған Excel нұсқасын көрсетеді. Бұл функциялар алдыңғы нұсқаларда қолжетімді емес.

Маңызды : x86 немесе x86-64 құрылымын пайдаланатын Windows компьютері мен ARM құрылымын пайдаланатын Windows RT арасындағы формулалардың есептелген нәтижелері мен Excel жұмыс парағының кейбір функциялары аздап өзгешеленуі мүмкін. Өзгешеліктер туралы толық ақпарат алыңыз.

Біздегі ең танымал 10 функция

Мұнда адамдардың ең жиі оқитын 10 функциясы берілген.

Функция

Сипаттама

SUM функциясы

Ұяшықтарға мәндер қосу үшін осы функцияны пайдаланыңыз.

IF функциясы

Шарт шын болған жағдайда бір мән, ал жалған болғанда басқа мәнді қайтару үшін осы функцияны пайдаланыңыз. Мұнда IF функциясын пайдалану туралы бейне бар.

LOOKUP функциясы

Жалғыз жол не бағанды қарап жатқан кезде осы функцияны пайдаланыңыз және екінші жол не бағандағы бірдей орыннан мәнді табыңыз.

VLOOKUP функциясы

Кестеден немесе жолдағы ауқымнан қандай да бір ақпарат табу үшін осы функцияны пайдаланыңыз. Мысалы, қызметкердің нөмірі бойынша қызметкердің тегін іздеңіз немесе ол қызметкердің тегін іздеу арқылы телефон нөмірін тауып алыңыз (телефон кітапшасы сияқты). VLOOKUP функциясын пайдалану туралы мына бейнені қараңыз.

MATCH функциясы

Ұяшықтар ауқымынан элементті іздеу үшін сол элементтің ауқымдағы қатысты орнын қайтару үшін осы функцияны пайдаланыңыз. Мысалы, егер A1:A3 ауқымында 5, 7 және 38 мәндері қамтылса, онда =MATCH(7,A1:A3,0) формуласы 2 санын қайтарады, себебі 7 ауқымдағы екінші элемент.

CHOOSE функциясы

Индекс нөміріне байланысты 254 дейінгі мәндердің бірін таңдау үшін осы функцияны пайдаланыңыз. Мысалы, егер 1-мән және 7-мән аралығы апта күндері болса, CHOOSE функциясы 1 және 7 арасындағы сан индекс_нөмірі ретінде қолданылғанда күндердің бірін қайтарады.

DATE функциясы

Бұл функцияны белгілі бір күнді көрсететін тізбекті сериялық нөмірді қайтару үшін пайдаланыңыз. Бұл функция көбіне жыл, ай және күн формулалар немесе ұяшық сілтемелері арқылы берілетін жағдайларда пайдалы. Мысалы, сізде Excel бағдарламасы танымайтын ЖЖЖЖААКК сияқты пішімдегі күндерді қамтитын жұмыс парағы болуы мүмкін.

DATEDIF функциясын күндер, айлар санын немесе екі мерзім арасындағы жылдар санын есептеу үшін пайдаланыңыз.

DAYS функциясы

Екі күн арасындағы күндер санын қайтару үшін осы функцияны пайдаланыңыз.

FIND, FINDB функциялары

FIND және FINDB функциялары бір мәтін жолын екінші мәтін жолына орналастырады. Олар бірінші мәтін жолындағы бастапқы орын санын екінші мәтін жолдың бірінші таңбасынан қайтарады.

INDEX функциясы

Бұл функцияны мәнді немесе сілтемені кесте немесе ауқым ішіндегі мәнге қайтару үшін пайдаланыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Сыйысымдылық функциялары

Excel 2010 бағдарламасында немесе оның кейінгі нұсқаларында бұл функциялар жақсырақ дәлдікті қамтамасыз ететін және атаулары қолданысын жақсырақ ықпал ететін жаңа функциялармен ауыстырылған. Excel бағдарламасының алдыңғы нұсқаларымен үйлесімділігі үшін оларды әлі де пайдалануға болады, бірақ кері үйлесімділік қажет болмаса, оның орнына жаңа функцияларды пайдалануды бастау керек. Жаңа функциялар туралы толығырақ ақпарат алу үшін, Статистикалық функциялар (анықтама) және Математика және тригонометрия функциялары (анықтама) бөлімін қараңыз.

Егер Excel 2007 бағдарламасын пайдалансаңыз, бұл функцияларды Формулалар қойыншасындағы Статистикалық немесе Математикалық және Тригонометриялық санаттардан таба аласыз.

Функция

Сипаттама

BETADIST функциясы

Бета интегралдық тарату функциясын береді.

BETAINV функциясы

Көрсетілген бета таратылымға кері интегралдық тарату функциясын қайтарады. R

BINOMDIST функциясы

Биномды тарату мүмкіндіктерінің жеке мәндерін қайтарады

CHIDIST функциясы

Хи-квадрат үлестірудің бір жақты мүмкіндіктерін қайтарады

CHIINV функциясы

Хи-квадрат үлестірудің кері бір жақты мүмкіндіктерін қайтарады

CHITEST функциясы

Тәуелсіздікке тексеруді қайтарады

CONFIDENCE функциясы

Бас жиынтықтың орташа мәннің сенімді аралығын қайтарады

COVAR функциясы

Екі ауытқу өнімдерінің орташасын, коварициясын қайтарады

CRITBINOM функциясы

Үлестірудің биномиальдық жетесі берілген мәннен үлкен немесе тең ең кіші мән қайтарылады

EXPONDIST функциясы

Экспоненциальды үлестірім қайтарылады

FDIST функциясы

F-мүмкіндікті үлестіру қайтарылады

FINV функциясы

Кері F-мүмкіндікті үлестіру қайтарылады

FLOOR функциясы

Санды ең жақын кіші санға дейін көрсетілген дәлдікпен дөңгелектейді

FTEST функциясы

F-сынағының нәтижесі қайтарылады

GAMMADIST функциясы

Гамма үлестірілуі қайтарылады

GAMMAINV функциясы

Кері гамма интегралдық үлестірілуін қайтарады

HYPGEOMDIST функциясы

Гипергеометриялық үлестіруді қайтарады

LOGINV функциясы

Кері логарифмдік қалыпты интегралдық үлестіруді қайтарады

LOGNORMDIST функциясы

Интегралдық қалыпты логарифмдік үлестіруді қайтарады

MODE функциясы

Деректер жиынындағы жалып мәнді қайтарады

NEGBINOMDIST функциясы

Теріс биномды үлестіруді қайтарадыъ

NORMDIST функциясы

Қалыпты интегралдық үлестіруді қайтарады

NORMINV функциясы

Кері қалыпты интегралдық үлестіруді қайтарады

NORMSDIST функциясы

Стандартты қалыпты интегралдық үлестіруді қайтарады

NORMSINV функциясы

Кері стандартты қалыпты интегралдық үлестіруді қайтарады

PERCENTILE функциясы

Ауқымдағы мәндердің k-інші персентилін қайтарады

PERCENTRANK функциясы

Деректер жиынындағы мәннің пайыздық рангын қайтарады

POISSON функциясы

Poisson үлестіруін қайтарады

QUARTILE функциясы

Деректер жиынының квартилін қайтарады

RANK функциясы

Сандар тізіміндегі сандардың рангын қайтарады

STDEV функциясы

Үлгіге негізделгін стандартты ауытқуларды бағалайды

STDEVP функциясы

Тұтас орналасуға қатысты стандартты ауытқуларды есептейді

TDIST функциясы

Студенттің 1-үлестіруін қайтарады

TINV функциясы

Студенттің кері 1-үлестіруін қайтарады

TTEST функциясы

Студенттің t-сынағына қатысты мүмкіндікті қайтарады

VAR функциясы

Үлгіге байланысты айырмашылықты қайтарады

VARP функциясы

Тұтас орналасуға байланысты айырмашылықыты есептейді

WEIBULL функциясы

Weibull үлестіруін қайтарады

ZTEST функциясы

z-сынағының бір жақты мүмкіндік мәнін қайтарады

Беттің жоғары бөлігі

Текше функциялары

Функция

Сипаттама

CUBEKPIMEMBER функциясы

Өнімділіктің негізгі көрсеткіші (ӨНК) сипатын қайтарып, ӨНК атауын ұяшықта көрсетеді. ӨНК — ұйым өнімділігін бақылау үшін пайдаланылатын ай сайынғы жалпы табыс немесе тоқсандық қызметкер айналымы сияқты сандық өлшем бірлігі.

CUBEMEMBER функциясы

Текшеден элементті немесе кортежді қайтарады. Текшеде элемент немесе кортеждің болуын тексеру үшін пайдаланыңыз.

CUBEMEMBERPROPERTY функциясы

Текшеден элемент сипаты мәнін қайтарады. Текшеде элемент атауының болуын анықтау үшін және осы элементке белгілі бір сипатты қайтару үшін пайдаланыңыз.

CUBERANKEDMEMBER функциясы

Жиындағы n-ші немесе реттелген элементті қайтарады. Үздік сатушы немесе үздік 10 студент сияқты жиындағы бір немесе бірнеше элементті қайтару үшін пайдаланыңыз.

CUBESET функциясы

Жиынды жасап, Microsoft Office Excel бағдарламасына қайтаратын серверде жиын өрнегін текшеге жіберу арқылы мүшелердің немесе мәндер жолақтарының жиынының есептемесін анықтайды.

CUBESETCOUNT функциясы

Жиындағы элементтер санын қайтарады.

CUBEVALUE функциясы

Текшеден біріктірілген мәнді қайтарады.

Беттің жоғары бөлігі

Дерекқор функциялары

Функция

Сипаттама

DAVERAGE функциясы

Таңдалған дерекқор жазбаларының орташа мәнін береді

DCOUNT функциясы

Сандарды құрайтын ұяшықтарды дерекқорда есептейді

DCOUNTA функциясы

Бос емес ұяшықтарды дерекқорда есептейді

DGET функциясы

Көрсетілген шартқа сәйкес дара есепті дерекқордан шығарып алады

DMAX функциясы

Таңдалған дерекқор жазбаларынан ең үлкен мәнін қайтарады

DMIN функциясы

Таңдалған дерекқор жазбаларынан ең кіші мәнін қайтарады

DPRODUCT функциясы

Дерекқордағы шарттарға сәйкес есептердің тиісті өрісінде мәндерді көбейтеді

DSTDEV функциясы

Таңдалған дерекқор жазбаларының үлгісіне байланысты стандартты ауытқуды бағалайды

DSTDEVP функциясы

Таңдалған дерекқор жазбаларындағы тұтас орналасуға байланысты стандартты ауытқуды есептейді

DSUM функциясы

Шарттарға сәйкес дерекқордағы есептердің өріс бағанында сандарды қосады

DVAR функциясы

Таңдалған дерекқор жазбаларынан үлгіге байланысты айырмашылықты бағалайды

DVARP функциясы

Таңдалған дерекқор жазбаларының толық толу деңгейіне байланысты айырмашылықты есептейді

Беттің жоғары бөлігі

Күн және уақыт функциялары:

Функция

Сипаттама

Date функциясы

Тиісті мерзімнің сериялық нөмірін береді

DATEDIF функциясы

Күндер, айлар санын немесе екі мерзім арасындағы жылдар санын есептейді. Бұл функция жасты есептеуге қажетті формулаларда пайдалы.

DateValue функциясы

Мәтіннің формасындағы мерзімді сериялық нөмірге түрлендіреді

Day функциясы

Сериялық нөмірді айдың күніне түрлендіреді

DAYS функциясы
Excel 2013

Екі күн арасындағы күндер санын қайтарады

DAYS360 функциясы

360 күндік жылға байланысты екі мерзім арасындағы күндердің санын есептейді

EDATE функциясы

Бастапқы мерзімнен бұрын немесе одан кейінгі айлардың көрсетілген саны болып табылатын мерзімнің сериялық нөмірін қайтарады

EOMONTH функциясы

Айлардың бұрын немесе кейінгі көрсетілген санын айдың соңғы күнінің сериялық нөмірін қайтарады

HOUR функциясы

Сериялық нөмірді сағатқа түрлендіреді

ISOWEEKNUM функциясы
Excel 2013

Жылдың ISO апта санының нөмірін берілген мерзімге қайтарады

MINUTE функциясы

Сериялық нөмірді минутқа түрлендіреді

MONTH функциясы

Сериялық нөмірді айға түрлендіреді

NETWORKDAYS функциясы

Екі мерзім арасындағы барлық жұмыс күнінің санын қайтарады

NETWORKDAYS.INTL функциясы
Excel 2010

Екі мерзім арасындағы барлық жұмыс күнінің санын қай және қанша күн демалыс күндері екендігін көрсету үшін параметрлерді пайдалана отырып қайтарады

NOW функциясы

Ағымдағы мерзім мен уақыттың сериялық нөмірін қайтарады

SECOND функциясы

Сериялық нөмірді секундқа түрлендіреді

TIME функциясы

Тиісті уақыттың сериялық нөмірін қайтарады

TIMEVALUE функциясы

Мәтін формадағы уақытты сериялық нөмірге түрлендіреді

TODAY функциясы

Бүгінгі күннің сериялық нөмірін қайтарады

WEEKDAY функциясы

Сериялық нөмірді аптаның күніне түрлендіреді

WEEKNUM функциясы

Сериялық нөмірді аптаның жыл ішінде сандық реті бойынша орналасқан жерін көрсететін нөмірге түрлендіреді

WORKDAY функциясы

Жұмыс күнінің көрсетілген нөмірінен бұрын немесе кейінгі деректердің сериялық нөмірін қайтарады

WORKDAY.INTL функциясы
Excel 2010

Жұмыс күнінің көрсетілген нөмірінен бұрын немесе кейінгі деректердің сериялық нөмірін қай және қанша күн демалыс күндері болатынын көрсету үшін параметрлерді пайдалана отырып қайтарады

YEAR функциясы

Сериялық нөмірін жылға түрлендіреді

YEARFRAC функциясы

start_date және end_date арасындағы барлық күндердің санын білдіретін жыл бөлшегін қайтарады

Беттің жоғары бөлігі

Инженерлік функциялар:

Функция

Сипаттама

BESSELI функциясы

Бессельдің In(x) функциясын қайтарады

BESSELJ функциясы

Бессельдің Jn(x) функциясын қайтарады

BESSELK функциясы

Бессельдің Kn(x) функциясын қайтарады

BESSELY функциясы

Бессельдің Yn(x) функциясын қайтарады

BIN2DEC функциясы

Екілік санды оңдық санға түрлендіреді

BIN2HEX функциясы

Екілік санды он алтылық санға түрлендіреді

BIN2OCT функциясы

Екілік санды сегіздік санға түрлендіреді

BITAND функциясы
Excel 2013

Екі санның биттік "ЖӘНЕ" (биттік Және) мәнін береді

BITLSHIFT функциясы
Excel 2013

жылжыту_көлем биттер арқылы солға жылжытылған мәндік санды береді

BITOR функциясы
Excel 2013

Екі санның биттік "НЕМЕСЕ" (биттік НЕМЕСЕ) мәнін береді

BITRSHIFT функциясы
Excel 2013

жылжыту_көлем биттер арқылы оңға жылжытылған мәндік санды береді

BITXOR функциясы
Excel 2013

Екі санның биттік "Жеке иелік Немесе" әрекетін қайтарады

COMPLEX функциясы

Нақты және жорамал коэффициенттерді күрделі санға түрлендіреді

CONVERT функциясы

Бір өлшем жүйесіндегі санды екіншісіне түрлендіреді

DEC2BIN функциясы

Оңдық санды екілік санға түрлендіреді

DEC2HEX функциясы

Оңдық санды он алтылық санға түрлендіреді

DEC2OCT функциясы

Оңдық санды сегіздік санға түрлендіреді

DELTA функциясы

Екі сан теңдігін тексереді

ERF функциясы

Қате функцияны береді

ERF.PRECISE функциясы
Excel 2010

Қате функцияны береді

ERFC функциясы

Қателіктің қосымша функциясын қайтарады

ERFC.PRECISE функциясы
Excel 2010

х және шексіздік арасында біріккен ERF қосымша функциясын қайтарады

GESTEP функциясы

Санның шектік мәннен асу-аспауын тексереді

HEX2BIN функциясы

Он алтылық санды екілік санға түрлендіреді

HEX2DEC функциясы

Он алтылық санды оңдық санға түрлендіреді

HEX2OCT функциясы

Он алтылық санды сегіздік санға түрлендіреді

IMABS функциясы

Күрделі санның нақпа-нақ шамасын (модулін) береді

IMAGINARY функциясы

Күрделі санның жорамал коэффициентін береді

IMARGUMENT функциясы

Тета дәлелін (радианмен көрсетілген бұрыш) қайтарады

IMCONJUGATE функциясы

Түйіндес кешендік санды қайтарады

IMCOS функциясы

Күрделі санның косинусын береді

IMCOSH функциясы
Excel 2013

Күрделі санның косинусын береді

IMCOT функциясы
Excel 2013

Күрделі санның косинусын береді

IMCSC функциясы
Excel 2013

Күрделі санның экспоненциалды функциясын береді

IMCSCH функциясы
Excel 2013

Күрделі санның экспоненциалды функциясын береді

IMDIV функциясы

Екі кешенді сан жекелігін қайтарады

IMEXP функциясы

Күрделі санның экспоненциалды функциясын береді

IMLN функциясы

Күрделі санның натуралдық логарифмін береді

IMLOG10 функциясы

Күрделі санның ондық логарифмін береді

IMLOG2 функциясы

Күрделі санның екілік логарифмін береді

IMPOWER функциясы

Бүтін сандық көрсеткішпен дәрежеге шығарылған кешендік санды қайтарады

IMPRODUCT функциясы

2 мен 255 арасындағы күрделі сандардың көбейтіндісін береді

IMREAL функциясы

Күрделі санның нақты коэффициентін береді

IMSEC функциясы
Excel 2013

Күрделі санның косинусын береді

IMSECH функциясы
Excel 2013

Күрделі санның экспоненциалды функциясын береді

IMSIN функциясы

Күрделі санның синусын береді

IMSINH функциясы
Excel 2013

Күрделі санның гиперболалық синусын береді

IMSQRT функциясы

Күрделі санның квадрат түбірін береді

IMSUB функциясы

Екі күрделі санның айырмасын береді

IMSUM функциясы

Күрделі сандардың қосындысын береді

IMTAN функциясы
Excel 2013

Күрделі санның косинусын береді

OCT2BIN функциясы

Сегіздік санды екілік санға түрлендіреді

OCT2DEC функциясы

Сегіздік санды оңдық санға түрлендіреді

OCT2HEX функциясы

Сегіздік санды он алтылық санға түрлендіреді

Беттің жоғары бөлігі

Қаржылық функциялар

Функция

Сипаттама

ACCRINT функциясы

Кезеңдік пайыз барысында төленетін құнды қағаздар бойынша жинақталған пайызды қайтарады

ACCRINTM функциясы

Пайыздары өтеу барысында төленетін құнды қағаздар бойынша жинақталған пайызды қайтарады

AMORDEGRC функциясы

Амортизация коэффицентін қолдану арқылы әр есептік кезең үшін амортизацияны қайтарады

AMORLINC функциясы

Әр есептік кезең үшін амортизацияны қайтарады

COUPDAYBS функциясы

Купонды кезең басынан бастап, есептесу күніне дейінгі күн санын қайтарады

COUPDAYS функциясы

Құрамында есептесу күні бар купон мерзіміндегі күн санын қайтарады

COUPDAYSNC функциясы

Есептесу күнінен келесі купон күніне дейінгі күн санын қайтарады

COUPNCD функциясы

Есептесу күнінен кейінгі купон күнін қайтарады

COUPNUM функциясы

Есептесу күні мен өтеу күні аралығындағы купондар санын қайтарады

COUPPCD функциясы

Есептесу күні алдындағы купон күнін қайтарады

CUMIPMT функциясы

Екі кезең аралығында төленетін кумулятивті (нәтижесімен өсімтал) пайыздар мөлшерін қайтарады

CUMPRINC функциясы

Екі кезең аралығында займның негізгі сомасын өтеуге төленетін кумулятивті (нәтижесімен өсімтал) соманы қайтарады

DB функциясы

Қалдықты белгіленген азайту әдісін қолдану арқылы берілген мерзім үшін активті амортизациялау шамасын қайтарады

DDB функциясы

Қалдықты екі есе азайту әдісін немесе басқа айқын көрсетілген әдісті қолдану арқылы берілген мерзім үшін активті амортизациялау шамасын қайтарады

DISC функциясы

Құнды қағаздың жеңілдік мөлшерін береді

DOLLARDE функциясы

Бөлшек сан түрінде өрнектелетін доллар бағасын ондық сан түрінде өрнектелетін доллар бағасы етіп түрлендіреді

DOLLARFR функциясы

Ондық сан түрінде өрнектелетін доллар бағасын бөлшек сан түрінде өрнектелетін доллар бағасы етіп түрлендіреді

DURATION функциясы

Мерзімді төлем пайызымен қоса құнды қағаздың жылдық ұзақтығын береді

EFFECT функциясы

Қолданыстағы жылдық пайыздық мөлшерін береді

FV функциясы

Қаржы салымының болашақ құнын береді

FVSCHEDULE функциясы

Күрделі пайыздар мөлшерлемелерінің қатарын (іс кестесін) қолданғаннан кейінгі бастапғы негізгі соманың келешектегі құнын қайтарады

INTRATE функциясы

Толық қаржы салынған құнды қағаздың пайыздық мөлшерін береді

IPMT функциясы

Белгілі бір кезеңдегі қаржы салымының пайыздық мөлшерін береді

IRR функциясы

Бірқатар ақшалай қаражаттар ағынының ішкі табыс мөлшерін береді

ISPMT функциясы

Қаржы салымының көрсетілген кезеңінде төленетін пайызды есептейді

MDURATION функциясы

Номинал құны 100 теңге деп қабылданған құнды қағаздың өзгертілген Маколей ұзақтығын береді

MIRR функциясы

Оң және теріс ақшалай қаражат ағыны әр түрлі мөлшермен қаржыландырылған кезде ішкі табыс мөлшерін береді

NOMINAL функциясы

Жылдық номиналдық пайыз мөлшерін береді

NPER функциясы

Қаржы салымына арналған төлем кезеңдерінің санын береді

NPV функциясы

Бірқатар мерзімді ақшалай қаражаттар ағыны мен жеңілдік мөлшеріне негізделген, қаржы салымының таза ағымдағы құнын береді

ODDFPRICE функциясы

Толық емес бірінші кезеңінде құнды қағаздың әрбір 100 теңге номинал құнының бағасын береді

ODDFYIELD функциясы

Толық емес бірінші кезеңінде құнды қағаздан алынатын табысты береді

ODDLPRICE функциясы

Толық емес соңғы кезеңінде құнды қағаздың әрбір 100 теңге номинал құнының бағасын береді

ODDLYIELD функциясы

Толық емес соңғы кезеңінде құнды қағаздан алынатын табысты береді

PDURATION функциясы
Excel 2013

Инвестицияның көрсетілген мәніне жетуі үшін қажет кезеңдер санын көрсетеді

PMT функциясы

Бір жылдық табыс үшін мерзімді төлемді береді

PPMT функциясы

Белгілі бір кезеңдегі қаржы салымының негізгі сомасы бойынша төлемді береді

PRICE функциясы

Жүйелі түрде пайызы төленетін кепілдеменің номиналды құнының әр 100 теңгесіне шаққандағы бағасын көрсетеді

PRICEDISC функциясы

Дисконтталған құнды қағаздардың номиналды құнының 100 теңгесі үшін құнын қайтарады

PRICEMAT функциясы

Өтеу барысында өздері бойынша пайыз төленетін құнды қағаздардың номиналды құнының 100 теңгесі үшін бағаны қайтарады

PV функциясы

Келтірілген инвестициялау құны оралады

RATE функциясы

Жылдық табыстың әрбір кезеңіндегі пайыздық мөлшерді қайтарады

RECEIVED функциясы

Толық жұмсалған құнды қағаз үшін төлем күнінде алынған соманы қайтарады

RRI функциясы
Excel 2013

Қаржылай салымның өсуі үшін пайыздық құнның эквивалентін қайтарады

SLN функциясы

Активтің бір кезеңдегі түзу сызықтық амортизациясын қайтарады

SYD функциясы

Жылдық сандар қосындысы әдісімен есептелініп, осы мерзімде актив амортизациясы шамасын қайтарады

TBILLEQ функциясы

Қазыналық вексель бойынша облигацияға баламалы табысты қайтарады

TBILLPRICE функциясы

Қазыналық вексельдің номиналды құнының 100 теңгесі үшін құнын қайтарады

TBILLYIELD функциясы

Қазыналық вексельдердің табыстылығын қайтарады

VDB функциясы

Қалдықты кішірейту әдісін пайдалана отырып көрсетілген немесе жарты кезең бойынша есептелінген активтің амортизация мәнін қайтарады

XIRR функциясы

Міндетті түрде тұрақты болмайтын ақша ағындарының іс кестесі үшін табыстықтың ішкі мөлшерлемесін қайтарады

XNPV функциясы

Міндетті түрде мерзімді болып табылмайтын ақшалай қаражаттар қозғалысы жоспарының таза ағымдық құнын қайтарады

YIELD функциясы

Өздері бойынша кезеңдік пайыз төленетін құнды қағаздардың табыстылығын қайтарады

YIELDDISC функциясы

Дисконтталған құнды қағаздардың, мысалы қазыналық вексельдердің жылдық табыстылығын қайтарады

YIELDMAT функциясы

Өтеу мерзімінде пайызын төлейтін қауіпсіздіктің жылдық табыстылығын қайтарады

Беттің жоғары бөлігі

Ақпарат функциялары

Функция

Сипаттама

CELL функциясы

Пішімдеу, орны немесе ұяшықтың мазмұны туралы мәліметтерді қайтарады

Ескерту :  Бұл функция Excel Online ішінде қолжетімді емес.

ERROR.TYPE функциясы

Қате түріне сәйкес келетін санды береді

INFO функциясы

Ағымдағы жұмыс ортасы туралы ақпаратты береді

Ескерту :  Бұл функция Excel Online ішінде қолжетімді емес.

ISBLANK функциясы

Мән бос болған жағдайда ШЫН мәнің қайтарады

ISERR функциясы

#N/A басқа мән қателік мәні болса, ШЫН мәнін қайтарады

ISERROR функциясы

Мән қателік мәні болса, ШЫН мәнін қайтарады

ISEVEN функциясы

Сан жұп болған жағдайда ШЫН мәнін қайтарады

ISFORMULA функциясы
Excel 2013

Құрамында формуласы бар ұяшыққа сілтеме болса, ШЫН мәнін береді

ISLOGICAL функциясы

Мән логикалық мән болған жағдайда ШЫН мәнін қайтарады

ISNA функциясы

Мән #N/A қателік мәні болса, ШЫН мәнін қайтарады

ISNONTEXT функциясы

Мән мәтін болмаса, ШЫН мәнін қайтарады

ISNUMBER функциясы

Мән сан болған жағдайда ШЫН мәнін қайтарады

ISODD функциясы

Сан тақ болса, ШЫН мәнін қайтарады

ISREF функциясы

Мән сілтеме болған жағдайда ШЫН мәнін қайтарады

ISTEXT функциясы

Мән мәтін болған жағдайда ШЫН мәнін қайтарады

N функциясы

Санға түрленген мәнді береді

NA функциясы

#N/A қате мәнді береді

SHEET функциясы
Excel 2013

Сілтеме жасалған парақтың нөмірін береді

SHEETS функциясы
Excel 2013

Сілтемеде парақтар нөмірлерін береді

TYPE функциясы

Мәннің деректер түрін білдіретін санды береді

Беттің жоғары бөлігі

Логикалық функциялар

Функция

Сипаттама

AND функциясы

Барлық дәлелдері ШЫН мәнді болса, ШЫН мәнін береді

FALSE функциясы

FALSE логикалық мәнін береді

IF функциясы

Орындау үшін логикалық тестті көрсетеді

IFERROR функциясы

Формулада қате пайда болғанда, көрсетілген мәнді береді; кері жағдайда формула нәтижесін береді

IFNA функциясы
Excel 2013

Өрнек #N/A рұқсат еткен жағдайда көрсетілген мәнді береді; кері жағдайда, өрнек нәтижесін береді

NOT функциясы

Дәлелдің логикасын береді

OR функциясы

Кез келген дәліл ШЫН мәнінде болса, ШЫН мәнін береді

TRUE функциясы

ШЫН логикалық мәнін береді

XOR функциясы
Excel 2013

Барлық дәлелдердің логикалық ерекше НЕМЕСЕ мәнін береді

Беттің жоғары бөлігі

Іздеу және сілтеме функциялары

Функция

Сипаттама

ADDRESS функциясы

Жұмыс парағында сілтемені мәтін ретінде жалғыз ұяшыққа береді

AREAS функциясы

Сілтемедегі аумақтардың санын береді

CHOOSE функциясы

Мәндер тізімінен мәнді таңдайды

COLUMN функциясы

Сілтеменің баған нөмірін береді

COLUMNS функциясы

Сілтемедегі бағандар санын береді

FORMULATEXT функциясы
Excel 2013

Берілген сілтемеде формуланы мәтін ретінде береді

GETPIVOTDATA функциясы
Excel 2010

PivotTable есебінде сақталған деректерді береді

HLOOKUP функциясы

Массивтің жоғарғы жолын іздейді және көрсетілген ұяшық мәнін береді

HYPERLINK функциясы

Желі серверінде, интражеліде немесе Интернетте сақталған құжаттарды ашатын енді немесе өткізуді жасайды

INDEX функциясы

Сілтемеден немесе массивтен мәнді таңдау үшін индексті қолданады

INDIRECT функциясы

Мәтіндік мәнмен көрсетілген сілтемені береді

LOOKUP функциясы

Вектор не массив ішінде мәндерді іздеу

MATCH функциясы

Сілтемеде немесе массивте мәндерді іздеу

OFFSET функциясы

Берілген сілтемеден сілтеме ауысуын береді

ROW функциясы

Сілтемемен анықталатын жол нөмірін береді

ROWS функциясы

Сілтемедегі жол санын береді

RTD функциясы

COM автоматтандыруын қолдайтын бағдарламадан нақты уақыт деректерін алады.

TRANSPOSE функциясы

Массивтің транспорлауын береді

VLOOKUP функциясы

Ұяшық мәнін қайтару үшін массивтің бірінші бағанын іздейді және жол бойында жылжытады

Беттің жоғары бөлігі

Математика және тригонометрия функциялары

Функция

Сипаттама

ABS функциясы

Санның абсолюттік мәнін береді

ACOS функциясы

Санның арккосинусын береді

ACOSH функциясы

Санның гиперболалық арккосинусын береді

ACOT функциясы
Excel 2013

Санның арккотангенсын береді

ACOTH функциясы
Excel 2013

Санның гиперболалық арккотангенсын береді

AGGREGATE функциясы

Тізімде немесе дерекқорда статистикалық формуланы береді

ARABIC функциясы

Латын сандарын Араб сандарына сан ретінде түрлендіреді

ASIN функциясы

Санның арксинусын береді

ASINH функциясы

Санның гиперболалық арксинусын береді

ATAN функциясы

Санның арктангенсын береді

ATAN2 функциясы

x пен y координаталарынан арктангенсты береді

ATANH функциясы

Санның гиперболалық тангенсын береді

BASE функциясы
Excel 2013

Берілген түбірмен (негіз) санды мәтін көрінісіне түрлендіреді

CEILING функциясы

Санды ең жақын кіші бүтін санға дейін немесе көрсетілген мәнге еселік ең жақын кіші бүтін санға дейін дөңгелектейді

CEILING.MATH функциясы
Excel 2013

Санды ең жақын кіші бүтін санға дейін немесе көрсетілген мәнге еселік ең жақын кіші бүтін санға дейін дөңгелектейді

CEILING.PRECISE функциясы

Санды ең жақын кіші бүтін санға дейін немесе көрсетілген мәнге еселік ең жақын кіші бүтін санға дейін дөңгелектейді. Сан таңбасына қарамастан, сан дөңгелектенеді.

COMBIN функциясы

Берілген нысандар саны үшін тіркесім санын береді

COMBINA функциясы
Excel 2013

Берілген элементтер саны үшін қайталаулармен тіркесім санын береді

COS функциясы

Санның косинусын береді

COSH функциясы

Санның гиперболалық косинусын береді

COT функциясы
Excel 2013

Санның гиперболалық косинусын береді

COTH функциясы
Excel 2013

Бұрыш котангенсын береді

CSC функциясы
Excel 2013

Бұрыш косекансын береді

CSCH функциясы
Excel 2013

Бұрыштың гиперболалық косекансын береді

DECIMAL функциясы
Excel 2013

Берілген негіздегі санның мәтіндік көрінісін оңдық санға түрлендіреді

DEGREES функциясы

Радиандарды градустарға түрлендіреді

EVEN функциясы

Санды көбейгендегі ең жақын жұп бүтін санға дөңгелектейді

EXP функциясы

Берілген санның дәрежесіне шығарылған e санын береді

FACT функциясы

Санның факториалын береді

FACTDOUBLE функциясы

Санның қос факториялын береді

FLOOR функциясы

Санды ең жақын кіші санға дейін көрсетілген дәлдікпен дөңгелектейді

FLOOR.MATH функциясы
Excel 2013

Санды ең жақын кіші бүтін санға дейін немесе көрсетілген мәнге еселік ең жақын кіші бүтін санға дейін дөңгелектейді

FLOOR.PRECISE функциясы

Санды ең жақын кіші бүтін санға дейін немесе көрсетілген мәнге еселік ең жақын кіші бүтін санға дейін дөңгелектейді. Сан таңбасына қарамастан, сан дөңгелектенеді.

GCD функциясы

Ең үлкен ортақ бөлгішті береді

INT функциясы

Санды азайғандағы ең жақын бүтін санға дөңгелектейді

ISO.CEILING функциясы
Excel 2013

Ең жақын кіші бүтін санға дейін немесе көрсетілген мәнге еселік ең жақын кіші бүтін санға дейін дөңгелектенген санды береді

LCM функциясы

Ең кіші ортақ еселікті береді

LN функциясы

Санның натуралды логорифмін береді

LOG функциясы

Сан логарифмін көрсетілген негізге береді

LOG10 функциясы

Санның ондық логарифмін береді

MDETERM функциясы

Матрица анықтауышын береді

MINVERSE функциясы

Массивтің кері матрицасын береді

MMULT функциясы

Екі массивтің матрицалық өнімді береді

MOD функциясы

Бөлімнен қалған бөлікті береді

MROUND функциясы

Көрсетілген дәлдікпен дөңгелектенген санды береді

MULTINOMIAL функциясы

Мәндер қосындысы факториалының мәндер факториалдарының туындыларына қатынасын береді

MUNIT функциясы
Excel 2013

Бірлескен матрицаны немесе көрсетілген өлшемділікті береді

ODD функциясы

Санды көбейгендегі ең жақын бүтін тақ санға дөңгелектейді

PI функциясы

Пи мәнін береді

POWER функциясы

Дәрежеге шығару нәтижесін береді

PRODUCT функциясы

Дәлелдерін береді

QUOTIENT функциясы

Қалдықты бөлу нәтижесінің бүтін бөлігін береді

RADIANS функциясы

Градустарды радиандарға түрлендіреді

RAND функциясы

0 және 1 арасындағы үлестірілген санды береді

RANDBETWEEN функциясы

Көрсетілген сандар арасындағы үлестірілген сандарды береді

ROMAN функциясы

Мәтіндік пішімде араб сандарын латынға түрлендіреді

ROUND функциясы

Санды көрсетілген нақтылықпен дөңгелектейді

ROUNDDOWN функциясы

Санды ең жақын кіші санға дейін көрсетілген дәлдікпен дөңгелектейді

ROUNDUP функциясы

Санды ең жақын үлкен санға дейін көрсетілген дәлдікпен дөңгелектейді

SEC фунциясы
Excel 2013

Бұрыш секансын береді

SECH функциясы
Excel 2013

Бұрыштың гиперболалық секансын береді

SERIESSUM функциясы

Өрнек бойынша есептелінген дәреже қатарының қосындысын береді

SIGN функциясы

Санның таңбасын береді

SIN функциясы

Берілген бұрыштың синусын береді

SINH функциясы

Берілген бұрыштың гиперболалық синусын береді

SQRT функциясы

Оң квадрат түбірін береді

SQRTPI функциясы

Өрнек мәнінің квадрат түбірін (сан*Пи) береді

SUBTOTAL функциясы

Тізімдегі немесе дерекқордағы аралық жиындарды береді

SUM функциясы

Дәлелдерді қосады

SUMIF функциясы

Берілген шартта көрсетілген ұяшықтарды қосады

SUMIFS функциясы

Бірнеше шартта берілген ұяшықтарды қосады

SUMPRODUCT функциясы

Массив компонеттеріне сәйкес өнімдер қосындысын береді

SUMSQ функциясы

Дәлелдер квадраттарының қосындысын береді

SUMX2MY2 функциясы

Екі массивтегі сәйкес мәндер квадраттардың айырмашылығының қосындысын береді

SUMX2PY2 функциясы

Екі массивтегі сәйкес мәндер квадраттардың айырмашылық қосындысының қосындысын береді

SUMXMY2 функциясы

Екі массивтегі сәйкес мәндер квадраттардың қосындысын береді

TAN функциясы

Санның тангенсын береді

TANH функциясы

Санның гиперболалық тангенсын береді

TRUNC функциясы

Бүтін санға қысқартады

Беттің жоғары бөлігі

Статистикалық функциялар

Функция

Сипаттама

AVEDEV функциясы

Орташа дерек түрінің ауытқуларының абсолюттік мәнінің ортасын береді

AVERAGE функциясы

Дәлелдердің орта мәнін береді

AVERAGEA функциясы

Сандарды, мәтінді және логикалық мәндерді қоса алғанда, дәлелдердің орта мәнін береді

AVERAGEIF функциясы

Берілген шарттарды кездестіретін ауқымда барлық ұяшықтардың орта (арифметикалық) мәнін береді

AVERAGEIFS функциясы

Бірнеше шарттарды кездестіретін барлық ұяшықтардың орта (арифметикалық) мәнін береді

BETA.DIST функциясы
Excel 2010

Бета интегралдық үлестірім функциясын береді

BETA.INV функциясы
Excel 2010

Көрсетілген бета үлестіруі үшін кері интегралдық үлестіруді береді

BINOM.DIST функциясы
Excel 2010

Биномдық үлестірудің жеке мәнін береді

BINOM.DIST.RANGE функциясы
Excel 2013

Биномдық үлестіруді қолданып сынақ нәтижесі мүмкіндігін береді

BINOM.INV функциясы
Excel 2010

Есепті биномдық үлестіруі шартты мәннен кіші не оған тең болатын ең кіші мәнді береді

CHISQ.DIST функциясы
Excel 2010

Бета-ықтималдық тығыздығының интегралдық функциясын береді

CHISQ.DIST.RT функциясы
Excel 2010

Хи-квадрат үлестірудің бір жақтылы мүмкіндігін береді

CHISQ.INV функциясы
Excel 2010

Бета-ықтималдық тығыздығының интегралдық функциясын береді

CHISQ.INV.RT функциясы
Excel 2010

Хи-квадрат үлестірудің кері бір жақтылы мүмкіндігін береді

CHISQ.TEST функциясы
Excel 2010

Тәуелсіздік тексеруді береді

CONFIDENCE.NORM функциясы
Excel 2010

Жалпы орташа жиынтық үшін сенімді аралықты береді

CONFIDENCE.T функциясы
Excel 2010

Оқушы үлестіруін пайдалана отырып жалпы орташа жиынтық үшін сенімді аралықты береді

CORREL функциясы

Деректің екі жиыны арасындағы корреляция коэффициентін береді

COUNT функциясы

Аргументтер тізімінде қанша санның бар екендігін есептейді

COUNTA функциясы

Дәлелдер тізімінде қанша мән бар екендігін санайды

COUNTBLANK функциясы

Ауқымдағы бос ұяшықтар санын санайды

COUNTIF функциясы

Берілген шарттағы ауқым ішіндегі ұяшықтар санын санайды

COUNTIFS функциясы

Бірнеше шарттағы ауқым ішіндегі ұяшықтар санын санайды

COVARIANCE.P функциясы
Excel 2010

Ковариацияны, жұпталған ауытқулардың өнімдер мөлшерін береді

COVARIANCE.S функциясы
Excel 2010

Екі деректер жиынындағы әр дерек нүктесі үшін үлгі ковариацияны, жұпталған ауытқулардың өнімдер мөлшерін береді

DEVSQ функциясы

Ауытқулар квадраттарының қосындысын береді

EXPON.DIST функциясы
Excel 2010

Экспоненциалды үлестірімді береді

F.DIST функциясы
Excel 2010

Мүмкіндіктің F-үлестіруін береді

F.DIST.RT функциясы
Excel 2010

Мүмкіндіктің F-үлестіруін береді

F.INV функциясы
Excel 2010

Кері мүмкіндіктің F-үлестіруін береді

F.INV.RT функциясы
Excel 2010

Кері мүмкіндіктің F-үлестіруін береді

F.TEST функциясы
Excel 2010

F-тест нәтижесін береді

FISHER функциясы

Фишер түрлендіруін береді

FISHERINV функциясы

Кері Фишер түрлендіруін береді

FORECAST функциясы

Сыздықтық тренд бойынша мәнді береді

Ескерту : Excel 2016 бағдарламасында бұл функция FORECAST.LINEAR функциясымен жаңа Болжау функциялары ретінде ауыстырылады, бірақ ол әлі де алдыңғы нұсқаларымен үйлесімділік үшін қолжетімді болады.

FORECAST.ETS функциясы
Excel 2016

Болашақ мәнді Экспоненциалдық тегістеу (ETS) алгоритмінің AAA нұсқасын пайдалану арқылы бұрыннан бар (тарихи) мәндер негізінде қайтарады.

Ескерту : Бұл функция Mac жүйесіне арналған Excel 2016 бағдарламасында қолжетімді емес.

FORECAST.ETS.CONFINT функциясы
Excel 2016

Көрсетілген мақсатты күніндегі болжам мәні үшін сенімді аралықты қайтарады

Ескерту : Бұл функция Mac жүйесіне арналған Excel 2016 бағдарламасында қолжетімді емес.

FORECAST.ETS.SEASONALITY функциясы
Excel 2016

Көрсетілген уақыт қатары үшін Excel бағдарламасында анықталатын қайталанбалы үлгінің ұзындығын қайтарады

Ескерту : Бұл функция Mac жүйесіне арналған Excel 2016 бағдарламасында қолжетімді емес.

FORECAST.ETS.STAT функциясы
Excel 2016

Статистикалық мәнді уақыт қатары болжамының нәтижесі ретінде қайтарады

Ескерту : Бұл функция Mac жүйесіне арналған Excel 2016 бағдарламасында қолжетімді емес.

FORECAST.LINEAR функциясы
Excel 2016

Бұрыннан бар мәндер негізінде болашақ мәнді береді

Ескерту : Бұл функция Mac жүйесіне арналған Excel 2016 бағдарламасында қолжетімді емес.

FREQUENCY функциясы

Жиілік үлестіруді тік массиві ретінде береді

GAMMA функциясы
Excel 2013

Гамма функциясының мәнін береді

GAMMA.DIST функциясы
Excel 2010

Гамма үлестіруін береді

GAMMA.INV функциясы
Excel 2010

Кері гамма-үлестіруді береді

GAMMALN функциясы

Гамма функциясының натурал логарифмын Γ(x) береді

GAMMALN.PRECISE функциясы
Excel 2010

Гамма функциясының натурал логарифмын Γ(x) береді

GAUSS функциясы
Excel 2013

0,5 қалыпты стандартты интегралдық үлестірімнен кіші береді

GEOMEAN функциясы

Геометриялық элементтерді береді

GROWTH функциясы

Экспоненциалды тренд бойында мәндерді береді

HARMEAN функциясы

Орта геометриялық элементтерін береді

HYPGEOM.DIST функциясы

Гипергеометриялық үлестіруді береді

INTERCEPT функциясы

Сызықтық регрессия сызығының қиылысуын береді

KURT функциясы

Дерек жиынының эксцессін береді

LARGE функциясы

Дерек жиынында ең үлкен k мәнін береді

LINEST функциясы

Сызықтық тренд параметрлерін береді

LOGEST функциясы

Экспоненциалды тренд параметрлерін береді

LOGNORM.DIST функциясы
Excel 2010

Интегралдық қалыпты үлестіруді береді

LOGNORM.INV функциясы
Excel 2010

Кері логарифмдік қалыпты үлестіруді береді

MAX функциясы

Дәлелдер тізімінде ең үлкен мәнді береді

MAXA функциясы

Сандарды, мәтінді және логикалық мәндерді қосы алғанда, дәлелдер тізімінде ең үлкен мәнді береді

MEDIAN функциясы

Берілген сандардың медианасын береді

MIN функциясы

Дәлелдер тізімінде ең кіші мәнді береді

MINA функциясы

Сандарды, мәтінді және логикалық мәндерді қосы алғанда, дәлелдер тізімінде ең кіші мәнді береді

MODE.MULT функциясы
Excel 2010

Деректер массивінде немесе ауқымында ең жиі кездесетін немесе қайталанатын мәндердің тік массивін береді

MODE.SNGL функциясы
Excel 2010

Деректер жиынындағы жалпы мәнді береді

NEGBINOM.DIST функциясы
Excel 2010

Теріс биномдық үлестіруді береді

NORM.DIST функциясы
Excel 2010

Қалыпты интегралды үлестіруді береді

NORM.INV функциясы
Excel 2010

Кері қалыпты интегралды үлестіруді береді

NORM.S.DIST функциясы
Excel 2010

Қалыпты стандартты интегралдық үлестірімді береді

NORM.S.INV функциясы
Excel 2010

Кері қалыпты стандартты интегралдық үлестірімді береді

PEARSON функциясы

Пирсон корреляция коэффициентін береді

PERCENTILE.EXC функциясы
Excel 2010

Ауқымдағы мәндердің k-персентильді береді, бұл жерде k — 0..1 ауқымында, жеке иелік

PERCENTILE.INC функциясы
Excel 2010

Ауқым мәні үшін k-персентильді береді

PERCENTRANK.EXC функциясы
Excel 2010

Деректер жиынының (0..1, жеке иелік) пайыздық көрсеткіші сияқты деректер жиынында мәндер рангін береді

PERCENTRANK.INC функциясы
Excel 2010

Деректер жиынында мәннің пайыздық рангін береді

PERMUT функциясы

Берілген нысандардың алмастыру санын береді

PERMUTATIONA функциясы
Excel 2013

Жалпы нысандардан бөлектелетін берілген нысандар саны үшін (қайталаулармен) алмастыру санын береді

PHI функциясы
Excel 2013

Қалыпты стандартты үлестіру үшін тығыздық функциясының мәнін береді

POISSON.DIST функциясы
Excel 2010

Пуассон үлестіруін береді

PROB функциясы

Ауқым мәні берілген екі шектер арасында болатын мүмкіндікті береді

QUARTILE.EXC функциясы
Excel 2010

0..1 қоса санамағанда пайыз мәндерінің негізінде деректер жиынының квартилін береді

QUARTILE.INC функциясы
Excel 2010

Деректер жиынының квартилін береді

RANK.AVG функциясы
Excel 2010

Сандар тізімінде сандар рангін береді

RANK.EQ функциясы
Excel 2010

Сандар тізімінде сандар рангін береді

RSQ функциясы

Көрсетілген дерек нүктелері үшін Пирсонның корреляция коэффициентінің квадратын береді

SKEW функциясы

Үлестіру ассиметриясын береді

SKEW.P функциясы
Excel 2013

Орташа мәнге қатысты таратылым ассиметриясының дәрежесін таңбалауы, толтыруға негізделген үлестіру ассиметриясын береді

SLOPE функциясы

Көрсетілген деректердің сызықтық регрессия сызығының иілуін береді

SMALL функциясы

Деректер жиынындағы k мәнінің ең кіші мәнің береді

STANDARDIZE функциясы

Қалыпқа келтірілген мәнді береді

STDEV.P функциясы
Excel 2010

Бүкіл жиынтыққа негізделген стандартты ауытқуды есептейді

STDEV.S функциясы
Excel 2010

Үлгіге негізделген стандартты ауытқуды есептейді

STDEVA функциясы

Сандарды, мәтінді және логикалық мәндерді қоса алғанда, үлгіге негізделген стандартты ауытқуды есептейді

STDEVPA функциясы

Сандарды, мәтінді және логикалық мәндерді қоса алғанда, бүкіл жиынтыққа негізделген стандартты ауытқуды есептейді

STEYX функциясы

Регрессиядағы әрбір х мәні бойынша болжанған у мәндерінің стандартты қателігін береді

T.DIST функциясы
Excel 2010

Оқушы t үлестірімі үшін (мүмкіншілік) пайыз көрсеткіш нүктесін береді

T.DIST.2T функциясы
Excel 2010

Оқушы t үлестірімі үшін (мүмкіншілік) пайыз көрсеткіш нүктесін береді

T.DIST.RT функциясы
Excel 2010

Оқушы t үлестіруін береді

T.INV функциясы
Excel 2010

Мүмкіншілік функциясы мен бостандық дәрежелері сияқты оқушы t үлестіруінің t мәнін береді

T.INV.2T функциясы
Excel 2010

Кері оқушы t үлестіруін береді

T.TEST функциясы
Excel 2010

Оқушы t тестімен байланысқан мүмкіншілікті береді

TREND функциясы

Сызықтық тренд бойында мәндерді береді

TRIMMEAN функциясы

Деректер жиынының ішкі мәнін береді

VAR.P функциясы
Excel 2010

Бүкіл жиынтыққа негізделген дисперсияны есептейді

VAR.S функциясы
Excel 2010

Үлгіге негізделген дисперсияны есептейді

VARA функциясы

Сандарды, мәтінді және логикалық мәндерді қоса алғанда, үлгіге негізделген дисперсияны есептейді

VARPA функциясы

Сандарды, мәтінді және логикалық мәндерді қоса алғанда, бүкіл жиынтыққа негізделген дисперсияны есептейді

WEIBULL.DIST функциясы
Excel 2010

Вейбулл үлестіруін береді

Z.TEST функциясы
Excel 2010

z-сынағының бір жақты мүмкіндік мәнін қайтарады

Беттің жоғары бөлігі

Мәтін функциялары

Функция

Сипаттама

ASC функциясы

Таңбалар жолында толық енді (қос байтты) ағылшын әріптерін немесе катакананы жарты ендік (жалғыз байтты) таңбаларға өзгертеді

BAHTTEXT функциясы

ß (бат) валюта пішімін қолданып санды мәтінге түрлендіреді

CHAR функциясы

Кодты санмен көрсетілген таңбаны береді

CLEAN функциясы

Мәтіннен басып шығаруға мүмкін емес барлық таңбаларды жояды

CODE функциясы

Мәтін жолағындағы бірінші таңба үшін сандақ кодты береді

CONCATENATE функциясы

Бірнеше мәтін элементтерін бір мәтін элементіне біріктіреді

DBCS функциясы
Excel 2013

Таңбалар жолында жарты енді (жалғыз байтты) ағылшын әріптерін немесе катакананы толық ендік (қос байтты) таңбаларға өзгертеді

DOLLAR функциясы

$ (доллар) валюта пішімін қолдану арқылы санды мәтінге түрлендіреді

EXACT функциясы

Екі мәтін ұқсас не ұқсас еместігін көру үшін тексереді

FIND, FINDB функциялары

Басқа мәтіндік мән ішінде бір мәтіндік мәнді табады (үлкен-кішілігін ескеру)

FIXED функциясы

Оңдық сандардың түзетілетін сандарымен санды мәтін ретінде пішімдейді

LEFT, LEFTB функциялары

Мәтіндәк мәннен сол жақтағы таңбаларды береді

LEN, LENB функциялары

Мәтін жолағындағы таңбалар санын береді

LOWER функциясы

Мәтінді кіші әріптерге түрлендіреді

MID, MIDB функциясы

Мәтін жолағының басынан көрсетілген орынға таңбалардың көрсетілген санын береді

NUMBERVALUE функциясы
Excel 2013

Жергілікті тәуелсіз тәсілдегі мәтінді санға түрлендіреді

PHONETIC функциясы

Мәтін жолағынан фонетикалық (фуригана) таңбаларды шығаарып алады

PROPER функциясы

Мәтіндік мәннің әр сөзіндегі бірінші әріпті бас әріппен жазады

REPLACE, REPLACEB функциялары

Мәтіндегі таңбалардың орнын ауыстырады

REPT функциясы

Берілген мәтінді бірнеше мәрте қайталайды

RIGHT, RIGHTB функциялары

Мәтіндік мәннен оң жақтағы таңбаларды береді

SEARCH, SEARCHB функциялары

Бір мәтіндік мәнді басқада табады (үлкен-кішілік ескерілмейді)

SUBSTITUTE функциясы

Мәтін жолағында ескі мәтін үшін жаңа мәтіннің орнын басады

T функциясы

Дәлелдерді мәтінге түрлендіреді

TEXT функциясы

Санды пішімдеп, мәтінге түрлендіреді

TRIM функциясы

Мәтіннен бос орындарды алып тастайды

UNICHAR функциясы
Excel 2013

Берілген сандық мәнмен сілтеме жасаған Юникод таңбасын береді

UNICODE функциясы
Excel 2013

Мәтіннің бірінші таңбасына жататын (код нүктесі) санды береді

UPPER функциясы

Мәтінді бас әріптірге түрлендіреді

VALUE функциясы

Мәтін дәлелін санға түрлендіреді

Беттің жоғары бөлігі

Қондырмалармен орнатылатын пайдаланушылық функциялар

Егер орнатылған қондырмада функциялар болса, бұл қондырма немесе автоматтандыру функциялары Функцияны кірістіру диалогтық терезесінде Пайдаланушы анықтаған санатында қол жетімді болады.

Ескерту :  Пайдаланушылық функциялары (UDF-тар) Excel Online бағдарламасында қолжетімсіз.

Функция

Сипаттама

CALL функциясы

Іс рәсімін динамикалық сілтемелер кітапханасынан (DLL) немесе код ресурсынан шақырады

EUROCONVERT функциясы

Санды евроға, санды евродан евроға мүше елдің валютасына немесе евроны аралық (триангуляция) валюта ретінде пайдалана отырып, санды евроға мүше бір елдің валютасынан екіншісіне түрлендіреді

REGISTER.ID функциясы

Бұрын тіркеліп қойған көрсетілген динамикалық сілтемелер жинағының (DLL) немесе кодтық қор көзінің тіркеу анықтауышын береді

SQL.REQUEST функциясы

Сыртқы деректер көзіне қосылып, жұмыс парағынан сұрау жібереді, одан кейін макрос бағдарламалауынсыз нәтижені массив түрінде береді

Беттің жоғары бөлігі

Веб функциялар

Ескерту :  Бұл функциялар Excel Online қызметінде қолжетімсіз.

Функция

Сипаттама

ENCODEURL функциясы
Excel 2013

URL мекенжайының кодталған сұрау жолағын береді

FILTERXML функциясы
Excel 2013

Көрсетілген XPath пайдалана отырып XML мазмұнынан белгілі бір деректерді қайтарады

WEBSERVICE функциясы
Excel 2013

Веб-қызметтен деректерді қайтарады.

Беттің жоғары бөлігі

Қосымша ақпарат

Excel функциялары (әліпбилік)

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×