Excel сөздігі


3-D

3-D қабырғалар және еден

Диаграммаға өлшем және жиектерін беретін көптеген 3-D диаграмма түрлерін қоршайтын аумақтар. Екі қабырға мен бір еден тұрғызу аумағы шеңберінде бейнеленеді.

3-D сілтеме

Жұмыс кітапшасындағы екі немесе бірнеше жұмыс парақтарына таралатын ауқым сілтемесі.


A

белсенді ету

Диаграмма парағын немесе жұмыс парағын белсенді немесе таңдалған парақ ету. Белсенді ететін парақ қай қойындылардың бейнеленетінін анықтайтын болады. Парақты белсенді ету үшін жұмыс парағындағы парақтың қойындысын нұқыңыз.

белсенді парақ

Жұмыс кітапшасында жұмыс жасап отырған парағыңыз. Белсенді парақ қойындысының атауы қалың.

белсенді ұяшық

Теруді бастаған кезде деректер енгізіле бастайтын таңдалған ұяшық. Бір мезетте бір ұяшықты ғана белсенді етуге болады. Белсенді ұяшық қалың жиекпен жиектеледі.

білік

Өлшем үшін сілтемесінің жақтауы ретінде қолданылатын диаграмманы тұрғызу аумағын жиектеп өтетін сызық. y білігі әдетте тік білік болып келеді және деректерді қамтиды. x-білік әдетте көлденең білік болып келеді және санаттарды қамтиды.

дәйек

Функцияның амалдар немесе есептеулерді орындау үшін қолданатын мәндері. Функцияда қолданылатын дәйек түрі функцияға байланысты өзгеше болады. Функцияларда кеңінен қолданылатын дәйектер сандар, мәтін, ұяшық сілтемелері және атаулар болып табылады.

жиым

Бірнеше нәтиже беретін немесе жолдар мен бағандар түрінде реттелген дәйектер тобымен жұмыс істейтін жекелеген өрнектерді құру үшін қолданылады. Жиым ауқымы ортақ өрнекті бөліседі; жиым тұрақтысы дәйек ретінде қолданылатын тұрақтылар тобы болып табылады.

жиым өрнек

Бір немесе бірнеше мәндер жиынтығымен бірнеше есептеулерді орындайтын, сосын жекелеген нәтижені немесе бірнеше нәтижені қайтаратын өрнек. Жиым өрнектері жақшаларға { } алынады және CTRL+SHIFT+ENTER пернелерін басу арқылы енгізіледі.

жиынтық кестенің салғастырылған есебі

Жиынтық диаграмма есебін қайнаркөздік деректермен қамтамасыз ететін жиынтық кесте есебі. Ол жаңа жиынтық диаграмма есебін жасаған кезде өзіндік түрде жасалады. Есептің біреуінің жаймасын өзгертсеңіз, басқасы да өзгереді.

қосалқы жегу қалтасы

Excel қолданбасын және жаңа жұмыс кітапшаларын жасаған кезде болуын қалайтын үлгілеріңізді жеккен кезде өзіндік түрде ашылғанын қалайтын жұмыс кітапшаларыңызды немесе басқа файлдарды қамтитын XLStart қалтасына қосымша ретінде жасалған қалта болып табылады.

қосалқы жегу қалтасы

Excel қолданбасын және жаңа жұмыс кітапшаларын жасаған кезде болуын қалайтын үлгілеріңізді жеккен кезде өзіндік түрде ашылғанын қалайтын жұмыс кітапшаларыңызды немесе басқа файлдарды қамтитын XLStart қалтасына қосымша ретінде жасалған қалта болып табылады.

мекенжай

Нысан, құжат, файл, бет немесе басқа межелі орынға сілтейтін жол. Мекенжай URL (Web мекенжай) немесе UNC жолы (желілік мекенжай) ретінде болуы мүмкін және файл ішіндегі Word бетбелгісі немесе Excel ұяшық ауқымы сияқты белгілі бір орынды қамти алады.

өзпішімдеу

Деректер ауқымына қолдануыңызға болатын ұяшық пішімдерінің (қаріп өлшемі, әшекейлер және туралау сияқты) бекітілген жинағы. Excel таңдалған ауқымдағы нәтиже және мәлімет деңгейлерін анықтайды және пішімдерді сәйкесінше қолданады.


B

негізгі мекенжай

Еренсілтемені кірістіру кезінде Excel қолданбасының межелі мекенжай үшін қолданатын қатысты жол. Бұл интернет мекенжайы (URL), қатты дискіңіздегі қалта жолы немесе желідегі қалта жолы.


C

ағымдық аймақ

Ағымдық таңдалған ұяшық немесе ұяшықтарды қамтитын толтырылған ұяшықтардың бумасы. Аймақ бірінші бас жол немесе бағанға барлық бағытта кеңейеді.

баған өрісі

Жиынтық кесте есебінде баған бағдарын тағайындаған өріс. Баған өрісіне қатысты элементтер баған шендері ретінде бейнеленеді.

баған тақырыбы

Өріс атын қамтитын әр деректер тақтасы бағанының жоғарысындағы көлеңкелі аумақ.

баған тақырыбы

Әр бағанның жоғарысындағы қаріптер немесе сандар жазылған күңгірт аумақ. Бүкіл бағанды таңдау үшін баған тақырыбын нұқыңыз. Бағанның енін көбейту немесе азайту үшін, сызықты баған тақырыбының оң жағына сүйреңіз.

біріктірілген кесте

Межелі аумақта пайда болатын біріктірілген нәтижелер кестесі. Excel қолданбасы біріктірілген кестені таңдаған жиынтық функцияңызды белгілеген қайнаркөздік аумақ мәндеріне қолдану арқылы жасайды.

диаграмма аумағы

Бүкіл диаграмма және оның барлық элементтері.

диаграмма парағы

Диаграмманы ғана қамтитын жұмыс кітапшасындағы парақ. Диаграмма парағы диаграмманы немесе жиынтық диаграмма есебін жұмыс парағы деректерінен немесе жиынтық кесте есебінен бөлек қарағыңыз келгенде пайдалы.

есептелген баған

Excel кестесінде, есептелген баған әр жол үшін реттеліп отыратын жалғыз өрнекті қолданады. Өрнектің сол жолдарға лезде жетуі мақсатында ол қосымша жолдарды қамту үшін өзіндік түрде кеңейеді.

есептелген өріс (дерекқор)

Дерекқордағы деректерден гөрі өрнектің нәтижесін бейнелейтін сұраудың нәтиже жиынтығындағы өріс.

есептелген өріс (жиынтық кесте есебі)

Жасаған өрнегіңізді қолданатын жиынтық кесте есебіндегі немесе жиынтық диаграмма есебіндегі өріс. Есептелген өрістер есептеулерді жиынтық кесте есебіндегі немесе жиынтық диаграмма есебіндегі басқа өрістердің мазмұнын қолдану арқылы жүргізе алады.

есептелген элемент

Жасаған өрнегіңізді қолданатын жиынтық кесте өрісіндегі немесе жиынтық диаграмма өрісіндегі элемент. Есептелген элементтер есептеулерді жиынтық кесте есебіндегі немесе жиынтық диаграмма есебіндегі бір өрістің шеңберіндегі басқа элементтердің мазмұнын қолдану арқылы жүргізе алады.

көшіру аумағы

Деректерді басқа орынға қойғыңыз келгенде көшіретін ұяшықтар. Ұяшықтарды көшірген соң, олардың көшірілгенін білдіру үшін айналасында жылжымалы жиек пайда болады.

куәландыру орталығы

Бағдарламалық жасақтама дамытушыларының құрамды әмірлерге қол қою үшін және қолданушыларды құжаттарға қол қою үшін қолдануына болатын сандық куәліктерді қамтамасыз ететін Microsoft Certificate Server сияқты құралдарды қолданатын компания ішіндегі кәсіби мекеме немесе топ.

өзгерту жұрналы

Ортақ жұмыс кітапшасында, алдыңғы өңдеу сеанстарында жасалған өзгерістер туралы жасалатын ақпарат. Ақпарат әр өзгерісті жасаған адамның атын, өзгерістің жасалған уақытын және қандай деректердің өзгертілгендігін қамтиды.

салыстыру амалдағышы

Салыстырмалы шарттарда екі мәнді салыстыру үшін қолданылатын таңба. Алты стандарт мынадай = тең, > көбірек, < азырақ, >= көбірек немесе тең, <= азырақ немесе тең және <> тең емес.

салыстыру шарттары

Деректерді табу үшін қолданылатын іздеу шарттарының жиынтығы. Салыстырмалы шарттар салыстырғыңыз келетін "Northwind Traders" сияқты таңбалардың қатары немесе ">300 сияқты өрнек болып табылады."

санат білігі

Әр деректер нүктесінің санатын білдіретін диаграмма білігі. Ол Qtr1, Qtr2 және Qtr3 сияқты ерікті мәтін мәндерін бейнелейді; ол кеңейтілген сандық мәндерді бейнелей алмайды.

санат өрісі

Жиынтық диаграмма есебінің санат аумағында бейнеленген өріс. Санат өрісіндегі элементтер санат білігіндегі шендер ретінде пайда болады.

таңданбалы есептеу

Жиынтық кесте есебінің деректер аумағындағы мәндерді деректер аумағының басқа ұяшықтарындағы мәндерді қолдану арқылы қорытындылау әдісі. Деректер өрісінің таңданбалы есептеулерді жасауы үшін жиынтық кесте өрісінің тілқатысу терезесіндегі деректерді тізім ретінде көрсетуді қолданыңыз.

тұрақты

Есептелмейтін мән. Мысалы, 210 саны және "тоқсандық кірістер" мәтіні тұрақтылар болып табылады. Өрнек немесе өрнектен шығатын мән тұрақты болып табылмайды.

ұяшық сілтемесі

Жұмыс парағындағы ұяшықтың алатын координаттар жиынтығы. Мысалы, B бағаны мен 3-ші жол қиылысында пайда болатын ұяшықтың сілтемесі B3 болады.

шарт аумағы

Сұрауыңыздың нәтиже жиынтығына кіретін жазбаларды шектеу үшін қолданылатын шарттарды бейнелейтін терезе аумағы.

шарттар

Сұраудың нәтиже жиынтығына қайсы жазбалардың кіретінін шектеу үшін белгілейтін шарттар. Мысалы, келесі шарт тапсырыс көлемі өрісіне мәні 30,000 асатын жазбаларды таңдайды: тапсырыс көлемі > 30000.

шартты пішім

Егер белгіленген шарт дұрыс болып шықса Excel қолданбасының өзіндік түрде ұяшықтарға қолданатын ұяшықты көлеңкелеу немесе қаріп түсі сияқты пішім.

шектеулер

Шешімді іздеу мәселесіне қойылатын шектеулер. Шектеулерді реттелетін ұяшықтарға, мақсатты ұяшыққа немесе мақсатты ұяшықтта тікелей немесе жанама қатысы бар басқа ұяшықтарға қолдануыңызға болады.


D

DDE сұхбаты

Динамикалық деректер алмасуы (DDE) ретінде белгілі арнайы функциялар және код арқылы байланыс орнатқан және деректермен алмасып отырған екі қолданба арасындағы өзара байланыс.

ашылмалы тізім жолағы

Тізім жанындағы кішкентай көрсеткіні нұқыған кезде параметрлер тізімін бейнелейтін мәзір, құралдар тақтасы немесе тілқатысу терезесіндегі басқару элементі.

дерекқор

Белгілі бір тақырып немесе мақсатқа қатысы бар деректердің жиынтығы. Дерекқорда, жұмыскер немесе тапсырыс сияқты белгілі бір нысан туралы ақпарат кестелер, жазбалар және өрістер санаттары бойынша орналасады.

деректер аймағы

Сұрауыңыздың нәтиже жиынтығын бейнелейтін терезе аймағы.

деректер аймағы

Деректерді қамтитын және бос ұяшықтар немесе деректер парағы жиектерімен жиектелген ұяшықтар ауқымы.

деректер байрақшасы

Деректер парағы ұяшығынан пайда болатын жалғыз деректер нүктесін немесе мәнді білдіретін диаграммадағы жолақ, аумақ, нүкте, тілім немесе басқа таңба. Деректер қатарын құрайтын диаграммадағы қатысты деректер байрақшалары.

деректер қатары

Диаграммада тұрғызылған және деректер парағы жолдары немесе бағандарынан пайда болатын қатысты деректер нүктелері. Диаграммадағы әр деректер қатарының ерекше түсі немесе әшекейі бар. Диаграммада бір немесе бірнеше деректер қатарын тұрғызуыңызға болады. Дөңгелек диаграммаларда бір деректер қатары ғана болады.

деректер қатары

Диаграммада тұрғызылған және деректер парағы жолдары немесе бағандарынан пайда болатын қатысты деректер нүктелері. Диаграммадағы әр деректер қатарының ерекше түсі немесе әшекейі бар. Диаграммада бір немесе бірнеше деректер қатарын тұрғызуыңызға болады. Дөңгелек диаграммаларда бір деректер қатары ғана болады.

деректер кестесі

Бір немесе бірнеше өрнектердегі әртүрлі мәндерді алмастырудың нәтижелерін көрсететін ұяшықтар ауқымы. Деректер кестелерінің екі түрі бар: бір-енгізілім кестелері және екі-енгізілім кестелері.

деректер көзі

Дерекқорға қосылу үшін қолданылатын "қайнаркөздік" ақпараттың сақталған жиынтығы. Деректер көзі дерекқор серверінің атауын және орнын, дерекқор драйвері атауын және дерекқорға кірген уақытта оған қажет ақпаратты қамтуы мүмкін.

деректер көзінің драйвері

Белгілі бір дерекқорға қосылу үшін қолданылатын бағдарламалық файл. Әр дерекқор бағдарламасы немесе басқару жүйесі бөлек драйверді қажет етеді.

деректер нүктелері

Диаграммада тұрғызылған жекелеген мәндер. Қатысты деректер нүктелері деректер қатарын құрайды. Деректер нүктелері жолақтар, бағандар, сызықтар, тілімдер, нүктелер және басқа кескіндермен беріледі. Бұл кескіндер деректер байрақшалары деп аталады.

деректер пішіні

Бір мезетте бір толық жазбаны бейнелейтін тілқатысу терезесі. Деректер пішіндерін жазбаларды қосу, өзгерту, табу немесе өшіру үшін қолдануыңызға болады.

деректер шені

Деректер парағы ұяшығынан пайда болатын жалғыз деректер нүктесін немесе мәнді білдіретін деректер байрақшасы туралы қосымша ақпаратты қамтамасыз ететін шен.

деректерді тексеру

Ұяшыққа қай деректердің енгізілуіне болатынын немесе енгізілуі керектігіне қатысты шектеулерді анықтау және қолданушылардың дұрыс енгізілімдерді енгізуін сұрайтын хабарларды бейнелеу және қолданушыларды қате енгізілімдер туралы хабардар ету үшін қолдануыңызға болатын Excel қолданбасының мүмкіндігі.

диаграммалардағы деректер кестесі

Кейбір диаграммаларға қосуға болатын және диаграмманы жасау үшін қолданылатын сандық деректерді қамтитын тор. Деректер кестесі әдетте диаграмманың көлденең білігіне тіркеледі және көлденең біліктің белгілеу шендерін алмастырады.

әдепкі жегу жұмыс кітапшасы

Excel қолданбасын жеккен кезде бейнеленетін жаңа, сақталмаған жұмыс кітапшасы. Әдепкі жегу жұмыс кітапшасы басқа жұмыс кітапшаларын XLStart қалтасына енгізбеген болсаңыз ғана бейнеленеді.

әдепкі жұмыс кітапшасының үлгісі

Жаңа жұмыс кітапшаларының әдепкі пішімін өзгерту үшін жасайтын Book.xlt үлгіңіз. Excel қолданбасы үлгіні Excel қолданбасын жеккен кезде бос жұмыс кітапшасын жасау немесе жаңа жұмыс кітапшасын үлгі белгілеместен жасау үшін қолданады.

әдепкі жұмыс парағының үлгісі

Жаңа жұмыс парақтарыңыздың әдепкі пішімін өзгерту үшін жасайтын Sheet.xlt үлгіңіз. Excel қолданбасы үлгіні жаңа жұмыс парағын жұмыс кітапшасына қосу кезінде бос жұмыс парағын жасау үшін қолданады.

межелі аумақ

Қорытындыланған деректерді біріккен күйде ұстау үшін таңдайтын ұяшықтар ауқымыңыз. Межелі аумақ қайнаркөздік деректер орналасқан бір жұмыс парағында немесе басқа жұмыс парағында болуы мүмкін. Жұмыс парағы тек бір біріктіруді қамти алады.

мән өрісі

Жиынтық кесте есебінде немесе жиынтық диаграмма есебінде жиылған деректерді қамтитын қайнаркөздік тізім, кесте немесе дерекқор өрісі. Мән өрісі әдетте статистика немесе сату көлемдері сияқты сандық деректерді қамтиды.

мәндер аумағы

Жиынтық деректерді қамтитын жиынтық кесте есебінің бөлігі. Мәндер аумағының әр ұяшығындағы мәндер қайнаркөздік жазбалар немесе жолдардағы жиынтық деректерді білдіреді.

тәуелділер

Басқа ұяшықтарға сілтейтін өрнектерді қамтитын ұяшықтар. Мысалы, егер D10 ұяшығы =B5 өрнегін қамтыса, D10 ұяшығы B5 ұяшығының тәуелдісі болады.

толық деректер

Өзіндік түрдегі аралық қорытындыларға және жұмыс парағының құрылымдарына, жиынтық деректермен қорытындыланатын аралық қорытынды жолдары немесе бағандарына арналған. Толық деректер көбінесі жиынтық деректердің жоғары немесе сол жағына жақын орналасады.

түсірілу сызықтары

Сызбалар мен аумақтық диаграммаларда, деректер нүктесінен санат (x) білігіне дейін созылған сызықтар. Аумақтық диаграммаларда бір деректер байрақшасының қайда аяқталатынын және келесісі қайда басталатынын анықтау үшін пайдалы.


E

Excel кестесі

Жұмыс парағыңыздағы деректерді ұйымдастыру үшін, ең басында Excel тізімі ретінде белгілі болған, Excel кестесін жасауыңызға, пішімдеуіңізге және кеңейтуіңізге болады.

Excel қондырмасы

Excel қолданбасына пәрмендер мен функцияларды қосу үшін компьютеріңізге орнатуға болатын құрамдас құрылғылар. Бұл қондырмалық бағдарламалар Excel қолданбасына ғана тән. Excel немесе Office қолданбаларына арналған басқа қондырмалық бағдарламалар Component Object Model (COM) қондырмалары болып табылады.

ендірілген диаграмма

Бөлек диаграмма парағынан гөрі жұмыс парағына орнатылатын диаграмма. Ендірілген диаграммалар диаграмманы немесе жиынтық диаграмма есебін қайнаркөздік дерегімен бірге немесе жұмыс парағындағы басқа ақпаратты қарағыңыз немесе басып шығарғыңыз келгенде тиімді.

қате жолақтары

Әдетте статистикалық немесе ғылыми деректерде қолданылады, қате жолақтары қатардағы әр деректер байрақшасына қатысты орын алуы мүмкін қатені немесе белгісіздік деңгейін көрсетеді.

өрнек

Жалғыз мәнді есептейтін амалдағыштар, өріс аттары, функциялар, мәтіндер және тұрақтылардың жинағы. Өрнектер шарттарды (тапсырыс көлемі>10000 сияқты) белгілей немесе өріс мәндерінде (баға*мөлшер сияқты) есептеулерді орындай алады.

сыртқы деректер

Query қолданбасынан және Query бастаған бағдарламадан бөлек Access, dBASE немесе SQL Server сияқты дерекқорда сақталатын деректер.

сыртқы деректер

Excel қолданбасынан тыс жерде сақталатын деректер. Мысалдар Access, dBASE, SQL Server немесе веб серверде жасалған дерекқорларды қамтиды.

сыртқы деректер ауқымы

Жұмыс парағына әкелінген бірақ дерекқор немесе мәтіндік файл сияқты Excel қолданбасынан тыс жерден бастау алатын деректер ауқымы. Excel қолданбасында, деректерді пішімдеуіңізге немесе оны басқа да деректерді қолданатындай есептеулерде қолдануыңызға болады.

сыртқы сілтеме

Басқа Excel жұмыс кітапшасының парағындағы ұяшық немесе ауқым сілтемесі немесе басқа жұмыс кітапшасындағы анықталған атау сілтемесі.


F

өріс (дерекқор)

Кестеде сақталатын фамилия немесе тапсырыс көлемі сияқты ақпарат санаты. Query қолданбасы нәтиже жиынтығын деректер аймағында бейнелесе, өріс баған ретінде беріледі.

өріс (жиынтық кесте есебі)

Жиынтық кесте немесе жиынтық диаграмма есебінде, қайнаркөздік деректердегі өрістен алынған деректердің санаты болып табылады. Жиынтық кесте есептері жол, баған, бет және деректер өрістерін қамтиды. Жиынтық диаграмма есептері қатар, санат, бет және деректер өрістерін қамтиды.

өрнек

Барлығы бірігіп жаңа мәнді шығаратын ұяшықтағы мәндер, ұяшық сілтемелері, аттар, функциялар немесе амалдағыштар тізбегі. Өрнек әрдайым теңдік (=) таңбасымен басталады.

өрнек жолағы

Ұяшықтар немесе диаграммаларға мәндер немесе өрнектерді енгізу немесе өңдеу үшін қолданатын Excel терезесінің жоғарғы жағындағы жолақ. Белсенді ұяшықта сақталған тұрақты мәнді немесе өрнекті бейнелейді.

өрнек тақтасы

Өрнекті жасау немесе өңдеуде көмектесетін және функциялар және олардың дәйектері туралы ақпаратты қамтамасыз ететін құрал.

сүзгі

Белгілеген шарттарыңызды қанағаттандыратын тізімдегі жолдарды ғана бейнелеу үшін. Бір немесе бірнеше арнайы мәндерге, есептелген мәндерге немесе шарттарға сәйкес келетін жолдарды бейнелеу үшін автосүзгіні қолданасыз.

толтыру таңбалауышы

Таңдаудың төменгі оң жақ бұрышындағы кішкентай қара төртбұрыш. Толтыру таңбалауышына меңзегеніңізде, меңзер қара крестке өзгереді.

функция (Microsoft Query)

Мәнді есептеу нәтижелері негізінде қайтаратын өрнек. Query деректер көздері Avg, Count, Max, Min және Sum функцияларын қолдайды деп есептейді. Кейбір деректер көздері осылардың барлығын қолдамауы немесе қосымша функцияларды қолдауы мүмкін.

функция (Office Excel)

Мән немесе мәндерді қолданатын, амалды орындайтын және мән немесе мәндерді қайтаратын алдын-ала жазылған өрнек. Жұмыс парағындағы өрнектерді оңай ету және қысқарту үшін функцияларды қолданыңыз, әсіресе ұзын немесе күрделі есептеулерді орындайтындары үшін.


G

диаграммалардағы тор сызықтары

Деректерді қарау және бағалауды оңай қылу үшін диаграммағы қосуыңызға болатын сызықтар. Тор сызықтары біліктегі бөлшектерден басталып тұрғызу аумағына жайылады.

мақсатты іздеу

Басқа бір ұяшықтың мәнін туралау арқылы ұяшықтың белгілі бір мәнін табу әдісі. Мақсатты іздеу барысында, Excel қолданбасы белгіленген ұяшықтағы мәнді сол ұяшыққа тәуелді өрнек қалаған нәтиже бергенше алмастыра береді.

топ

Құрылымда немесе жиынтық кесте есебінде, жиынтық жол немесе бағанға жақын және тәуелді бір немесе бірнеше толық жолдар немесе бағандар.


H

жоғарғы-төменгі сызықтар

2-D сызбаларда, сызықтар әр санаттағы ең үлкен мәннен ең кіші мәнге дейін созылады. Жоғарғы-төменгі сызықтар биржалық акция диаграммаларында жиі қолданылады.

Жұрнал жұмыс парағы

Ортақ жұмыс кітапшасында бақылаудағы өзгерістерді, өзгерісті жасаған адамның атын, қашан және қашан жасалғанын, қандай деректер өшірілгенін немесе алмастырылғанын және қайшылықтардың қалай шешілгенін қоса, тізетін бөлек жұмыс парағы.


I

Internet Explorer

HTML файлдарын талдайтын, оларды веб беттері ретінде пішімдейтін және қолданушыға көрсететін веб шолушы. Internet Explorer шолушысын Microsoft веб торабынан http://www.microsoft.com қотарып алуыңызға болады.

айқын емес қиылыс

Жалғыз ұяшық ретінде саналған, жалғыз ұяшықтан гөрі ұяшықтар ауқымының сілтемесі. Егер C10 ұяшығы =B5:B15*5 өрнегін қамтыса, Excel қолданбасы B10 ұяшығындағы мәнді 5-ке көбейтеді, себебі B10 және C10 ұяшықтары бірдей жолда орналасқан.

енгізу ұяшығы

Деректер кестесінен алынған әр енгізу мәні алмастырылатын ұяшық. Жұмыс парағындағы кез-келген ұяшық енгізу ұяшығы бола алады. Енгізу ұяшығының деректер кестесінің бөлігі болу қажет болмағанымен, деректер кестелеріндегі өрнектердің енгізу ұяшығына сілтеме жасап отыруы қажет.

жалпылауыш

Өрнекте қолданылатын өріс атауы. Мысалы, тапсырыс көлемі тапсырыс көлемдерін қамтитын өрістің жалпылауышы (өріс аты) болып табылады. Өрнекті (баға*мөлшер) жалпылауыш орнына қолдануыңызға болады.

итерация

Белгілі бір сандық шарт орындалмайынша жұмыс парағын қайта-қайта оралып есептеу.

ішкі біріктіру

Query қолданбасында, біріктірілген өрістердегімен бірдей мәндері бар жазбалар ғана таңдалатын екі кесте арасындағы біріктірудің әдепкі түрі. Әр кестедегі екі сәйкес жазбалар біріктіріледі және нәтиже жиынтығында бір жазба ретінде көрсетіледі.

Кірістіру жолы

Excel кестесінде, деректерді енгізуді жеңілдететін арнайы жол. Кірістіру жолы жұлдызшаны белгіленеді.

реттеуіш

Деректерді іздеуді жылдамдататын дерекқордың құрамдас бөлігі. Кестенің реттеуіші болған кезде, кестедегі деректерді реттеуіштен қарау арқылы табуға болады.

элемент

Жиынтық кесте және жиынтық диаграмма есептеріндегі өрістің қосымша санаты. Мысалы, "Ай" өрісінде "Қаңтар," "Ақпан" және тағы басқа элементтер болуы мүмкін.


J

біріктіру

Сәйкес келетін қатысты өрістердегі жазбалар біріктірілетін және бір жазба ретінде көрсетілетін бірнеше кестелер арасындағы байланыс. Сәйкес келмейтін жазбалар, біріктіру түріне байланысты, кіргізілуі немесе шығарылып тасталуы мүмкін.

біріктіру сызығы

Query қолданбасында, екі кестелер арасын жалғайтын және Query қолданбасына деректердің қалай қатынасқанын көрсететін сызық. Біріктіру түрі сұраудың нәтиже жиынтығы үшін қай жазбалардың таңдалғанын көрсетеді.

біріктіру сызығы

Query қолданбасында, екі кестелер арасын жалғайтын және сұрауға деректердің қалай қатынасқанын көрсететін сызық. Біріктіру түрі сұраудың нәтиже жиынтығы үшін қай жазбалардың таңдалғанын көрсетеді.


L

құрсаулы өріс немесе жазба

Query қолданбасында қарауға рұқсат беретін бірақ өзгертуге (тек-оқу үшін) рұқсат бермейтін дерекқордағы жазба, өріс немесе басқа нысанның жағдайы.

шартты белгілер

Диаграммадағы деректер қатарына немесе санаттарға тағайындалған әшекейлерді немесе түстерді айқындайтын шаршы.

шартты белгілер пернелері

Диаграммадағы деректер қатарына (немесе санаттарға) тағайындалған әшекейлерді немесе түстерді көрсететін шартты белгілердегі таңбалар. Шартты пернелер шартты белгілер енгізілімдерінің сол жағында пайда болады. Шартты пернені пішімдеу оған қатысы бар деректер байрақшасын да пішімдейді.


M

Microsoft Excel басқару элементі

ActiveX басқару элементінен басқа Excel қолданбасының байырғы басқару элементі.

Microsoft Visual Basic анықтамасы

Excel қолданбасындағы Visual Basic арналған анықтама алу үшін Жасақтаушы қойындысының Код тобында Visual Basic таңдаңыз, содан кейін Анықтама мәзірінде Microsoft Visual Basic Help таңдаңыз.

біріктірілген ұяшық

Екі немесе одан көп ұяшықтарды біріктіру арқылы жасалған жалғыз ұяшық. Біріктірілген ұяшықтың ұяшық сілтемесі бастапқы таңдалған ауқымның жоғарғы сол жақ ұяшығы болып табылады.

жылжымалы жиек

Қиып алынған немесе көшірілген жұмыс парағы ауқымының айналасында пайда болатын жылжымалы жиек. Жылжымалы жиекті болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

жылжымалы орташа мән

Деректер қатарының бөліктерінен есептелінген орташа мәндер тізбегі. Диаграммада, жылжымалы орташа мән деректердегі ауытқушылықтарды түзейді, осылайша әшекей немесе трендті анығырақ көрсетеді.

көп-деңгейлі санат шендері

Иерархиядағы бірнеше сызықтарда өзіндік түрде, жұмыс парағының деректері негізінде, бейнеленетін диаграммадағы санат шендері. Мысалы, өнім тақырыбы жолдың жоғарғы жағында тофу, алмалар және алмұрттар тақырыптарымен бірге пайда болуы мүмкін.

матрица

Бірнеше қорытындылар немесе өнімдер шығару үшін басқа жиымдар немесе ауқымдармен біріктірілген мәндер немесе ұяшықтар ауқымының төртбұрышты жиымы. Excel қолданбасы қорытындылар немесе өнімдерді шығара алатын алдын-ала айқындалған матрица функцияларына ие.

салыстырылған ауқым

XML картасындағы элементке жалғанған XML тізімінің ауқымы.


N

OLAP емес қайнаркөздік деректер

OLAP дерекқорынан басқа дерек көзінен келетін жиынтық кесте немесе жиынтық диаграмма есебінің негізінде жатқан деректер. Бұл дерек көздері қатысты дерекқорларды, Excel жұмыс парақтарындағы кестелерді және мәтін файл дерекқорларын қамтиды.

атау

Ұяшықты, ұяшықтар ауқымын, өрнекті немесе тұрақты мәнді білдіретін сөз немесе таңбалар тізбегі. Сату!C20:C30 сияқты түсіну қиын ауқымдарға сілтеу үшін өнімдер сияқты түсінуге оңай аттарды қолданыңыз.

Атау жолағы

Таңдалған ұяшықты, диаграмма элементін немесе сызба нысанын айқындайтын өрнек жолағының сол жақ ұшындағы шаршы. Ұяшық немесе ауқымды атау үшін атау жолағында атауды теріңіз және ENTER пернесін басыңыз. Аталған ұяшыққа өту және таңдау үшін атау жолағындағы атын нұқыңыз.

жанаспайтын таңдау

Бір бірімен жанаспайтын екі немесе одан көп ұяшықтар немесе ауқымдар жиынтығы. Диаграммада жанаспайтын таңдауларды тұрғызу барысында, біріктірілген таңдаулардың төртбұрышты кескінді құрайтындығына көз жеткізіңіз.


O

ObjectLink

OLE деректер пішімі байланысқан нысанның класын, құжат атын және нысан атын анықтау арқылы сипаттайды. Осы деректер элементтерінің әрқайсысы шеті анықталмаған жолға жатады.

OLAP

Транзакцияларды өңдеудің орнына сұраулар және есеп беруге оңтайлы етілген дерекқорлық технология. OLAP деректері иерархиялық ретте ұйымдастырылады және кестелердің орнына текшелерде сақталады.

OLAP провайдері

OLAP дерекқорының белгілі бір түріне қатынасуға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама жиынтығы. Бұл бағдарламалық жасақтама дерекқормен байланыс орнату үшін қажетті деректер көздерінің драйверін және басқа да клиенттік бағдарламалық жасақтаманы қамти алады.

OwnerLink

OLE деректер пішімі ендірілген нысанның класын, құжат атын және нысан атын анықтау арқылы сипаттайды. Осы деректер элементтерінің әрқайсысы шеті анықталмаған жолға жатады.

амалдағыш

Өрнекте орындалатын есептеудің түрін белгілейтін белгі немесе таңба. Амалдағыштардың математикалық, салыстырма, логикалық және сілтемелік түрлері бар.

деректер текше файл

Қатты дискте немесе желілік ортақ орында жиынтық кесте немесе жиынтық диаграмма есебіне арналған OLAP қайнаркөздік деректерін сақтау үшін жасалған файл. Дербес текше файлдар OLAP серверіне қосылмаған кезде де жұмыс жасай беруге мүмкіндік береді.

құрылым

Жиынтық есептерді жасауыңыз үшін толық деректердің жолдары немесе бағандары топтастырылатын жұмыс парағының деректері. Құрылым жұмыс парағын түгелдей немесе таңдалған бөлігін қорытындылай алады.

құрылым деректері

Жұмыс парағы құрылымында қамтылған деректер. Құрылым деректері құрылымның жиынтық және толық жолдары немесе бағандарын қамтиды.

құрылымын таңбалары

Құрылымданған жұмыс парағының көрінісін өзгерту үшін қолданылатын таңбалар. Толық деректерді қосу таңбасын, алу таңбасын және құрылым деңгейін білдіретін 1, 2, 3 немесе 4 сандарын басу арқылы көрсетуіңізге немесе жасыруыңызға болады.

операнд

Өрнектегі амалдағыштың екі жағындағы элементтер. Excel қолданбасында, операндтар мәндер, ұяшық сілтемелері, аттар, шендер және функциялар бола алады.

сыртқы біріктіру

Query қолданбасында, басқа кестеде сәйкес келетін мәндер болмаса да бір кестедегі барлық жазбаларды таңдайтын біріктіру. Сәйкес келетін жазбалар біріктіріледі және бірге көрсетіледі. Басқа кестеде сәйкестіктері жоқ жазбалар бос ретінде көрсетіледі.

сыртқы біріктіру

Басқа кестеде сәйкес келетін мәндер болмаса да бір кестедегі барлық жазбаларды таңдайтын біріктіру. Сәйкес келетін жазбалар біріктіріледі және бірге көрсетіледі. Басқа кестеде сәйкестіктері жоқ жазбалар бос ретінде көрсетіледі.


P

бастапқы кілт

Кестедегі әр жазбаны ерекше түрде айқындайтын бір немесе бірнеше өрістер. Нөмірлік белгінің автомобильді айқындайтынындай, бастапқы кілт жазбаны ерекше түрде айқындайды.

басып шығару аумағы

Жұмыс парағын түгелдей басып шығарғыңыз келмегенде басып шығару үшін белгілейтін бір немесе бірнеше ұяшықтар ауқымдар. Егер жұмыс парағы басып шығару аумағын қамтыса, онда тек басып шығару аймағы шығады.

басып шығару тақырыптары

Басып шығарылған жұмыс парағының әр бетінің жоғарысында немесе сол жағында басылған жол немесе баған шендері.

бет үзілімі

Жұмыс парағын басып шығаруға арналған бөлек беттерге бөлетін бөлгіш. Excel автоматты бет үзілімдерін бет өлшемі, жақтау жолақ параметрлері, кеңейту параметрлері және өзіңіз қолмен кірістіретін бет үзілімдерінің орны негізінде кірістіреді.

бет үзілімін алдын-ала қарау

Басып шығарылуға жататын аумақтарды және бет үзілімдерінің орындарын бейнелейтін жұмыс парағының көрінісі. Басып шығарылуға жататын аумақ ақ түсті болып, автоматты бет үзілімдері тире сызықтары және қолмен жасалған бет үзілімдер тұтас сызықтар ретінде бейнеленеді.

есеп сүзгісі

Жиынтық кесте немесе жиынтық диаграмма есебіндегі деректердің ішкі жиынын одан әрі жайма және сараптама үшін бір бетке сүзгілеу үшін қолданылатын өріс. Басқа да элементтердің деректердің сүзгілейтін есеп сүзгісінде барлық элементтердің жиынтығын немесе бір мезетте бір элементті бейнелеуіңізге болады.

әсер етуші ұяшықтар

Басқа ұяшықтағы өрнек арқылы сілтенетін ұяшықтар. Мысалы, егер D10 ұяшығы =B5 өрнегін қамтыса, B5 ұяшығы D10 ұяшығына әсер етуші ұяшық болады.

жиынтық аумақ

Есептің жаймасын өзгерту үшін жиынтық кесте немесе жиынтық диаграмма өрістерін сүйрейтін жұмыс парағының аумағы. Жаңа есепте, тиреленген көк құрылымдар жұмыс парағының жиынтық аумағын көрсетеді.

жиынтық диаграмма есебі

Жиынтық кесте есебі сияқты деректердің көзбе-көз белсенді сараптамасын қамтамасыз ететін диаграмма. Өрістерді сүйреу және өрістердегі элементтерді көрсету немесе жасыру арқылы деректер көріністерін өзгертуіңізге, толық деректердің басқа деңгейлерін қарауыңызға немесе диаграмма жаймасын қайта ұйымдастыруыңызға болады.

жиынтық диаграмма қатарының өрісі

Жиынтық диаграмма есебінде тағайындалған қатар бағдары бар өріс. Диаграммада, қатарлар шартты белгілерде берілген.

жиынтық диаграмма санатының өрісі

Жиынтық диаграмма есебінде тағайындалған санат бағдары бар өріс. Диаграммада, санаттар әдетте диаграмманың x-білігінде немесе көлденең білігінде пайда болады.

жиынтық кесте деректері

Жиынтық кесте есебінде, қайнаркөздік тізім немесе кестенің деректер өрістерінен алынып есептелген жиынтық деректер.

жиынтық кесте есебі

Дерекқор жазбалары сияқты Excel қолданбасына жатпайтын әртүрлі көздерден алынған деректерді қорытындылайтын және сараптайтын көзбе-көз белсенді, құрылымды-кестесі бар Excel есебі.

жиынтық кесте есебі

Дерекқор жазбалары сияқты Excel қолданбасына жатпайтын әртүрлі көздерден алынған деректерді қорытындылайтын және сараптайтын көзбе-көз белсенді, құрылымды-кестесі бар Excel есебі.

жиынтық кесте тізімі

Excel жиынтық кесте есебіне ұқсас құрылымды жасауға мүмкіндік беретін Microsoft Office Web Component. Қолданушылар жиынтық кесте тізімін веб шолушыда қарай және оның жаймасын Excel жиынтық кесте есебіндегідей ретте өзгерте алады.

жиынтық кестенің аралық қорытындысы

Жиынтық кесте өрісіндегі толық элементтердің қорытындысын бейнелеу үшін жиынтық функциясын қолданатын жол немесе баған.

жиынтық кестенің жалпы қорытындылары

Жиынтық кесте есебінің жолындағы барлық ұяшықтар немесе бағанындағы барлық ұяшықтарға арналған қорытынды мәндер. Жиынтық кесте есебінің деректер аумағында қолданылатын функцияны қолдану арқылы жалпы қорытындылар жолында немесе бағанында есептелетін мәндер.

қорғау

Белгіленген жұмыс парағы немесе жұмыс кітапшасы элементтерін қолданушылардың қарауын немесе қатынасуын болдырмайтын жұмыс парағы немесе жұмыс кітапшасына арналған параметрлерді жасауға арналған.

қою аумағы

Office аралық сақтағышын қолдану арқылы қиып алынған немесе көшірілген деректердің мақсатты межесі.

құпиясөз

Жұмыс парағын немесе жұмыс кітапшасын қорғау жолы. Жұмыс парағы немесе жұмыс кітапшасы элементтерін құпиясөзбен қорғаған кезде, сол құпиясөзді есте сақтаған өте маңызды. Құпиясөзсіз, жұмыс кітапшасын немесе жұмыс парағын қорғаныстан шығарудың жолы жоқ. Әрдайым, жоғарғы және төменгі регистр әріптерінен, сандардан және таңбалардан тұратын күрделі құпиясөздерді қолданыңыз. Жеңіл құпиясөздер бұл элементтерді қамтымайды. Күрделі құпиясөз: Y6dh!et5. Жеңіл құпиясөз: House27. Жазып алуды қажет еттірмейтін, есте сақтауға болатын күрделі құпиясөзді қолданыңыз.

нүкте

Дюймнің 1/72 бөлігіне тең өлшем бірлігі.

параметр

Excel қолданбасында, Excel Services қарауға болатын жұмыс парағы деректерінде өңдеуге болатын ұяшықтарды белгілеу үшін параметрлерді қосуыңызға, өзгертуіңізге немесе алып тастауыңызға болады. Жұмыс кітапшасын сақтаған кезде, өзгерістер өзіндік түрде серверде көрсетіледі.

параметр сұрауы

Жеккен кезде, басқа нәтиже жиынтықтарын шығару үшін бірдей сұрауды қолдану мақсатында нәтиже жиынтығына жазбалар таңдау үшін қолдануға болатын мәндерді (шарттарды) сұрайтын сұрау түрі.

сипаттама өрістері

OLAP текшесіндегі элементтер немесе мүшелерге қатысы бар тәуелсіз төлбелгілер. Мысалы, егер қала элементтерінің сервер текшесінде сақталған өлшем және халық саны сипаттамасы болса, онда жиынтық кесте есебі әр қаланың өлшемін және халық санын бейнелей алады.

тұрғызу аумағы

2-D диаграммада, барлық деректер қатарымен қоса біліктермен жиектелген аумақ. 3-D диаграммада, барлық деректер қатарымен, санат аттарымен, бөлшектер шендер және білік тақырыптарымен қоса біліктермен жиектелген аумақ.


Q

сұрау

Query немесе Access қолданбаларында, дерекқорда сақталған деректер туралы сұрайтын белгілі бір сұрағыңызға жауап беретін жазбаларды табу жолы.

сұрау арнасы

Query қолданбасындағы межелі қолданба мен белгілі бір сұрау (мысалы, Query1) арасындағы DDE сұхбатында сұрау арнасын қолданасыз. Сұрау арнасын қолдану үшін жүйе арнасы арқылы сұрау терезесін алдын-ала ашып қойған болуыңыз қажет.

сұрау жасақтамасы

Кестелер, шарттар, өрістер реттелген рет және тағы басқа сияқты Query терезесіндегі барлық элементтер. Жасақтама автосұраудың қосылғанын немесе қосылмағанын және қайнаркөздік деректерді өңдей болатындығын немесе болмайтындығын белгілейді.


R

R-аппроксимация дәлдігінің мәні

Тренд сызығының есептелген мәндерінің нақты деректеріңізге қаншалықты сәйкес келетіндігін көрсететін 0 ден 1 дейінгі сан. Тренд сызығы R-аппроксимация дәлдігінің мәні 1 немесе оған жақын болғанда ең сенімді күйде болады. Белгілілік коэффициенті деп те аталады.

ауқым

Парақтағы екі немесе бірнеше ұяшықтар. Ауқымдағы ұяшықтар жанасқан немесе жанаспаған болуы мүмкін.

есеп үлгісі

Сыртқы деректерге негізделген бір немесе бірнеше сұрауларды немесе жиынтық кесте есептерін қамтитын Excel үлгісі (.xlt file). Есеп үлгісін сақтаған кезде, Excel қолданбасы сұрау анықтамасын сақтайды бірақ үлгідегі сұралған деректерді сақтамайды.

жазба

Белгілі бір адам, орын, оқиға немесе зат турады ақпарат жиынтығы. Query деректер аймағында нәтиже жиынтығын бейнелеген кезде, жазба жол ретінде беріледі.

жаңарту (жиынтық кесте есебі)

Жиынтық кесте немесе жиынтық диаграмма есебінің мазмұнын негіз болған қайнаркөздік деректердегі өзгерістерге сәйкес жаңарту үшін. Егер есеп сыртқы деректерге негізделген болса, жаңа немесе өзгертілген деректерді алу мақсатында жаңарту сұрауды жегеді.

жаңарту (сыртқы деректер ауқымы)

Деректерді сыртқы деректер көзіне сәйкес жаңарту үшін арналған. Деректерді жаңартқан сайын, дерекқорда ақпараттың ең соңғы нұсқасын, деректерге жасалған өзгерістермен бірге көретін боласыз.

жол тақырыбы

Әр жолдың сол жағындағы нөмірленген сұр түсті аумақ. Жолды түгелдей таңдау үшін жол тақырыбын нұқыңыз. Жолдың биіктігін көбейту немесе азайту үшін жол тақырыбының астындағы сызықты сүйреңіз.

жол шені

Жиынтық кесте есебінде тағайындалған жол бағдары бар өріс.

қатысты сілтеме

Өрнекте, өрнекті және сілтенген ұяшықты қамтитын ұяшықтың қатысты орны негізіндегі ұяшық мекенжайы. Егер өрнекті көшірсеңіз, сілтеме өзіндік түрде тураланады. Қатысты сілтемі A1 пішінін алады.

қашықтағы сілтеме

Басқа бағдарламадағы құжатта сақталған деректер сілтемесі.

нәтиже жиынтығы

Сұрау жүргізген кезде қайтарылатын жазбалар жиынтығы. Сұраудың нәтиже жиынтығын Query қолданбасында қарауыңызға немесе одан әрі саралау үшін нәтиже жиынтығын Excel жұмыс парағына қайтаруыңызға болады.

регрессиялық сараптама

Болжам жасауда қолданылатын статистикалық сараптама түрі. Регрессиялық сараптама берілген айнымалы мәнді бір немесе бірнеше басқа айнымалы мәндер негізінде болжай алу үшін айнымалы мәндер арасындағы қатынасты бағалайды.

тек-оқу үшін

Файлды оқуға немесе көшіруге рұқсат беретін бірақ өзгертуге немесе сақтауға рұқсат бермейтін параметр.


S

SQL

Деректерді алу, жаңарту және басқару үшін қолданылатын тіл. Сұрауды жасаған кезде, Query қолданбасы сәйкес SQL SELECT нұсқауын құру үшін SQL қолданады. Егер SQL жұмыс жасауды білсеңіз, SQL SELECT нұсқауын қарауыңызға немесе өзгертуіңізге болады.

Барлығын таңдау түймешігі

Деректер парағының жоғарғы сол жақ бұрышында жол және баған тақырыптарының тоғысқан жеріндегі сұр түсті төртбұрыш. Деректер парағындағы барлық ұяшықтарды таңдау үшін осы түймешікті нұқыңыз.

бөлім

Есеп жасаған кезде таңдайтын жұмыс парағы, көрініс және сценарийдің кез-келген тіркесімі. Есеп бірнеше бөліктерді қамти алады.

жалғыз салыстырылған ұяшық

XML картасындағы қайталамайтын элементпен байланысқан ұяшық.

жиынтық деректер

Өзіндік аралық қорытындылар және жұмыс парағының құрылымдары үшін, толық деректерді қорытындылайтын барлық жолдар немесе бағандар. Жиынтық деректер әдетте толық деректерге жақын және астында орналасады.

жиынтық функциясы

Жиынтық кесте есебі немесе біріктіру кестесіндегі қайнаркөздік деректерді біріктіретін немесе тізім немесе дерекқорға автоматты аралық қорытындыларды кірістіру кезіндегі есептеу түрі. Жиынтық функциялардың мысалдарына Sum, Count және Average жатады.

жүйе арнасы

Ағымдық байланыстар, ашық сұраулар және межелі қолданбаның күйі сияқты жүйеге қатысты ақпаратты алу үшін қолданбалар арасындағы DDE сұхбатында қолданылады.

жылжыту құрсауы

Жылжыту құрсауы қосылған кезде, көрсеткі пернелері басқа ұяшықты белсенді қылудан гөрі белсенді парақты жүгіртіп шығады. Жылжыту құрсауын ажырату немесе қосу үшін SCROLL LOCK пернесін басыңыз.

қайнаркөздік аумақтар

Белгілеген межелі аумақта біріктірілетін ұяшық ауқымдары. Қайнаркөздік аумақтар жұмыс кітапшасының кез-келген жұмыс парағында, басқа ашық немесе жабық жұмыс кітапшаларында немесе Lotus 1-2-3 жұмыс парақтарында бола алады.

қайнаркөздік деректер

Жиынтық кесте немесе жиынтық диаграмма есебін жасау үшін қолданылған тізім немесе кесте. Қайнаркөздік деректерді Excel кестесінен немесе ауқымынан, сыртқы дерекқордан немесе текшеден немесе басқа жиынтық кесте есебінен алуға болады.

қатар білігі

Дұрыс 3-D диаграммасында тереңдік өлшемін білдіретін диаграмма білігі. Ол қатар аттарын ерікті мәтін мәндері ретінде бейнелейді; ол кеңейтілген сандық мәндерді бейнелей алмайды.

қатар өрісі

Жиынтық диаграмма есебінің қатар аумағында бейнеленетін өріс. Қатар өрісіндегі элементтер шартты белгілерде берілген және жекелеген деректер қатарының аттарын қамтамасыз етеді.

қатар сызықтары

2-D топталған жолақ пен баған диаграммаларында, әр қатар арасындағы өлшем айырмашылығын ерекшелеу үшін қолданылатын әр деректер қатарындағы деректер байрақшаларын байланыстыратын сызықтар.

ортақ жұмыс кітапшасы

Желідегі бірнеше қолданушының бір мезетте қарауы және өзгерістер жасауы үшін орнатылған жұмыс кітапшасы. Жұмыс кітапшасын сақтайтын әр қолданушы басқа қолданушылар жасаған өзгерістерді көреді.

стандартты қаріп

Жұмыс парақтарының әдепкі мәтін қарпі. Стандартты қаріп қалыпты ұяшық мәнерінің әдепкі қаріпін анықтайды.

сұрыптау реті

Деректерді мән немесе деректер түрі негізінде реттеу жолы. Деректерді әліпбилік, сандық ретте немесе күні бойынша сұрыптауыңызға болады. Сұрыптау реттері жоғарылайтын (1 ден 9, A дан Z) немесе төмендейтін (9 дан 1, Z тен A) ретті қолданады.

сценарий

Жұмыс парағы үлгісінде алмастыруыңызға болатын енгізу мәндерінің аталған жиынтығы.

таңдау

Жұмыс парағындағы ұяшық немесе ұяшықтар ауқымын белгілеуге арналған. Таңдалған ұяшықтарға келесі пәрмен немесе әрекет әсер ететін болады.


T

бақылау көрсеткілері

Белсенді ұяшық пен оған қатысты ұяшықтар арасындағы қатынасты көрсететін көрсеткілер. Бақылау көрсеткілері басқа ұяшықты деректермен қамтамасыз ететін ұяшықтан нұқылған кезде көк және егер ұяшық #DIV/0! сияқты қате мәнді қамтыса қызыл болады.

бөлшектер және бөлшек шендері

Бөлшектер сызғыштағы бөлшектердей білікті қиып өтетін кішкентай өлшем сызықтары болып табылады. Бөлшек шендері диаграммадағы санаттар, мәндер немесе қатарларды айқындайды.

диаграммалардағы тақырыптар

Сипаттамалы мәтін өзіндік түрде білікке сәйкес тураланады немесе диаграмманың жоғарғы жағының ортасы бойынша орналасады.

кесте терезесі

Сұраудағы кестелерді бейнелейтін сұрау терезесінің аумағы. Әр кесте деректер алуға болатын өрістерді бейнелейді.

қорытындылар

Сұраудың сіз үшін анықтайтын бес есептеу түрінің бірі: Sum, Avg, Count, Min және Max.

қорытындылар жолы

Сандық деректермен жұмыс жасағанда пайдалы жалпы функциялардың жиынтығын қамтамасыз ететін Excel кестесіндегі арнайы жол.

мәтін жолағы

Жұмыс парағы немесе диаграммадағы ішіне мәтін теруге болатын төртбұрышты нысан.

тренд сызығы

Бірнеше ай бойы жалғасқан жоғары сату көлемін білдіретін жоғары созылған сызық сияқты деректер қатарындағы трендтердің сызбалық кескіні. Тренд сызықтар регрессиялық сараптама деп те аталатын болжау мәселелерін зерттеуде қолданылады.

тренд сызығының шені

Регрессиялық теңдеу немесе R-аппроксимация дәлдігінің мәнін немесе екеуін де қоса, тренд сызығына арналған қосымша мәтін. Тренд сызығының шенін пішімдеу және жылжытуға болады; өлшемін өзгертуге болмайды.

үлгі

Басқа да жұмыс кітапшалары үшін жасайтын және негіз ретінде қолданатын жұмыс кітапшасы. Жұмыс кітапшалары мен жұмыс парақтары үшін үлгілерді жасауыңызға болады. Жұмыс кітапшаларының әдепкі үлгісі Book.xlt деп аталады. Жұмыс парақтарының әдепкі үлгісі Sheet.xlt деп аталады.


U

жоғары-төмен жолақтар

Бірнеше деректер қатары бар сызбаларда, бірінші және соңғы қатардағы деректер нүктелері арасындағы айырмашылықтарды көрсететін жолақтар.


V

көрініс

Атауыңызға және жұмыс кітапшасына қолдануыңызға болатын бейнелеу және басып шығару параметрлерінің жиынтығы. Жұмыс кітапшасының бөлек көшірмелерін сақтамастан дәл сол жұмыс кітапшасының бірнеше көрінісін жасауыңызға болады.

мән білігі

Кеңейтілген сандық мәндерді бейнелейтін диаграмма білігі.

ұштар

Нүктелерді автокескінде өңдеген кезде, еркін пішіндер, шимайлар және қисық сызықтар сияқты кейбір автокескіндердегі сызық немесе қисық сызықтар ұштарында және қиылыстарында пайда болатын қара, төртбұрышты, сүйреуге болатын нүктелер.

ұштар

Еркін пішіндер, шимайлар және қисық сызықтар сияқты кейбір автокескіндердегі сызық немесе қисық сызықтар ұштарында және қиылыстарында пайда болатын қара, төртбұрышты, сүйреуге болатын нүктелер.


W

Бүкіләлемдік веб

Интернетті немесе жұмыс кітапшаларының жиынтығын және еренсілтемелер арқылы жалғанған және ортақ желіде, компания интражелісінде немесе интернетте орналасқан басқа Office құжаттарын шарлауға арналған жүйе. Веб шолушыны қолданған кезде, веб мәтіннің, суреттердің, дыбыстардың және сандық фильмдердің жиынтығы ретінде пайда болады.

веб сұрау

Интра желі немесе интернетте сақталған деректерді шығаратын сұрау.

егер де сараптамасы

Жұмыс парағындағы өрнектердің нәтижесіне өзгерістердің қалай әсер ететіндігін көруге арналған ұяшықтардағы мәндерді өзгерту үдірісі. Мысалы, төлемдер көлемін анықтау үшін амортизациялық кестеде қолданылған пайыздық өлшемді өзгерту.

жұмыс кеңістігінің файлы

Ашық жұмыс кітапшалары туралы бейне ақпаратты, кейінірек дәл сол терезе өлшемдері, басып шығару аумақтары, бейнебет үлкейтілуі және бейне параметрлерді қолданып жұмыс жасауыңыз үшін сақтайтын файл. Жұмыс кеңістігінің файлы жұмыс кітапшаларын қамтымайды.

жұмыс парағы

Excel қолданбасында деректерді сақтау және олармен жұмыс жасау үшін қолданылатын негізгі құжат. Электронды кесте деп те аталады. Жұмыс парағы бағандар мен жолдарға реттелген ұяшықтардан тұрады; жұмыс парағы әрдайым жұмыс кітапшасында сақталады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×