Excel кестелеріне жалпы шолу

Қатысты деректерді басқару мен талдау әрекетін оңайырақ ету үшін ұяшықтардың ауқымын Microsoft Office Excel кестесіне (бұрынғы Excel тізімі) айналдыруыңызға болады. Кесте, әдетте, кесте ретінде пішімделетін жұмыс парағы жолдары мен бағандары қатарындағы қатысты деректерді қамтиды. Кесте мүмкіндіктерін пайдалану арқылы кесте жолдары мен бағандарындағы деректерді жұмыс парағының басқа жолдары мен бағандарындағы деректерден тәуелсіз басқара алатын боласыз.

Excel кестесіндегі деректер

Ескерту : Excel кестелерін мүмкін болатын нұсқаларды талдау пәрмендері жиынтығының бөлігі болып табылатын деректер кестелерімен шатастырып алмау қажет. Деректер кестелері туралы қосымша ақпарат алу үшін, Деректер кестелерімен бірнеше нәтижелерді есептеу бөлімін қараңыз.

Бұл мақалада:

Excel кестесінің элементтері туралы қосымша мәлімет

Excel кестесіндегі деректерді басқару

Excel кестесінің элементтері туралы қосымша мәлімет

Кестеде келесі элементтер қамтылуы мүмкін:

  • Тақырып жолы    Әдепкіде, кестеде тақырып жолы болады. Әрбір кесте бағанындағы тақырып жолында қосылған сүзгі болады, ол кесте деректерін жылдам сүзгіден өткізуге не сұрыптауға мүмкіндік береді.

    Excel кестесіндегі тақырып жолы

  • Кезектес жолдар    Әдепкіде, деректерді жақсырақ анықтау үшін балама көлеңкелеу мен жолақтар қосу кестедегі жолдарға қолданылды.

    Excel кестесіндегі кезектес жолдар

  • Есептелген бағандар    Кесте бағанындағы бір ұяшыққа формуланы енгізу арқылы сол формуланың лезде берілген кесте бағанындағы барлық басқа ұяшықтарға қолданылатын есептелген баған жасауыңызға болады.

    Excel кестесіндегі есептелген баған

  • Жалпы жол    Жиынтық функцияларына (мысалы, AVERAGE, COUNT, немесе SUM функциясы) қатынасу мүмкіндігін ұсынатын кестеге жалпы жолды қосуға болады. Қажетті қорытындыларды жылдам есептей алу үшін әрбір жалпы жол ұяшығында ашылмалы тізім пайда болады.

    Excel кестесіндегі жиын жолы

  • Өлшемдеу реттеуші таңбалауыш    Кестенің төменгі оң жақ бұрышындағы өлшемді реттеуші таңбалауыш кестені қажетті өлшемге апаруға мүмкіндік береді.

    Excel кестесінің соңғы ұяшығының төменгі оң жақ бұрышындағы өлшем өзгертуші таңбалауыш

Беттің жоғары бөлігі

Excel кестесіндегі деректерді басқару

Деректеріңізді басқару үшін бір кестені пайдалануға болады, бірақ бірнеше деректер тобын басқару қажет болса, сол жұмыс парағына бірнеше кесте кірістіре аласыз.

Microsoft Windows SharePoint Services сайтына кіру және бірлескен авторлық құқығы болса, оны кестені басқалармен ортақ пайдалану үшін қолдана аласыз. Кесте деректерін SharePoint тізіміне экспорттау арқылы басқа адамдар SharePoint тізіміндегі кесте деректерін қарап, өңдеп, жаңарта алады. SharePoint тізіміндегі деректерге енгізілген өзгерістерді біріктіру мақсатынды жұмыс парағындағы кесте деректерін жаңарта алу үшін SharePoint тізіміне бір бағыттағы байланыс жасауыңызға болады. SharePoint тізімін Excel бағдарламасындағы кесте деректеріне енгізілетін өзгертулермен жаңарта алмайсыз. Кесте деректерін SharePoint тізіміне экспорттағаннан кейін SharePoint тізімін Excel бағдарламасында тек оқу режимінде ашуға болады  — енгізгіңіз келетін кез келген өзгеріс SharePoint сайтындағы деректерге ғана енгізіледі.

Ескерту : Кесте функциясына ортақ жұмыс кітаптарында қолдау көрсетілмейтіндіктен, кестені ортақ жұмыс кітабында жасау мүмкін емес.

Кесте деректерін басқару үшін пайдаланылатын кесте мүмкіндіктері

  • Сұрыптау және сүзгіден өткізу    Сүзгінің ашылмалы тізімдері кестенің тақырып жолына автоматты түрде қосылады. Кестелерді өсу не кему ретімен не түсі бойынша сұрыптауға болады немесе реттелетін сұрыптау ретін жасауға болады. Кестелерді өзіңіз көрсеткен шарттарды қанағаттандыратын деректерді ғана көрсететін етіп сүзгіден өткізуге болады немесе түсі бойынша сүзгіден өткізе аласыз. Деректерді сүзгіден өткізу не сұрыптау туралы қосымша ақпарат алу үшін Деректерді сүзгіден өткізу немесе Деректерді сұрыптау бөлімін қараңыз.

  • Кесте деректерін пішімдеу    Алдын ала анықталған немесе реттелетін кесте мәнерін қолдану арқылы кесте деректерін жылдам пішімдеуге болады. Сонымен бірге, кестені тақырып немесе жалпы жолдарды қамту не қамтымай көрсету үшін, кестені оқуды оңайырақ ету мақсатында жол не бағанға жолақтар қосуды қолдану үшін немесе кестедегі бірінші немесе соңғы бағандар мен басқа да бағандарды бір бірінен ажырату үшін «Кесте мәнерлері» параметрлерін таңдай аласыз. Кесте деректерін пішімдеу туралы қосымша ақпарат алу үшін, Excel кестесін пішімдеу бөлімін қараңыз.

  • Кесте жолдары мен бағандарын кірістіру және жою    Жолдар мен бағандарды кестеге қосудың бірнеше жолының бірін таңдай аласыз. Бос жолды кесте соңына жылдам қосуға, кестеге көршілес жұмыс парағы жолдарын не жұмыс парағы бағандарын қосуға немесе кесте жолдары мен кесте бағандарын қалаған жеріңізге кірістіруге болады. Қажетінше, жолдар мен бағандарды жоюға болады. Сонымен бірге, кесте ішінде көшірме деректерді қамтитын жолдарды жылдам жоя аласыз. Кесте жолдары мен бағандарын қосу туралы қосымша ақпарат алу үшін, Excel кесте жолдары мен бағандарын қосу немесе жою бөлімін қараңыз.

  • Есептелген бағанды пайдалану    Кестедегі әрбір жолға көршілес бір ғана формуланы пайдалану үшін, есептелген бағанды жасауыңызға болады. Есептелген баған қосымша жолдар қосу үшін автоматты түрде жайылады, осылайша, формула лезде сол жолдарға кеңейтіледі. Есептелген бағанды жасау жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін, Excel кестесінде есептелген баған жасау, өңдеу немесе жою бөлімін қараңыз.

  • Кесте деректері қорытындыларын көрсету немесе есептеу    Кесте соңындағы жол қорытындыларын көрсету арқылы, содан соң ашылмалы тізімдеруде берілген функцияларды әр жол қорытындылары ұяшығына пайдалану арқылы кестедегі деректерді жылдам қорытындылауға болады. Кесте деректерінің қорытындыларын көрсету және есептеу жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін, Excel кестесіндегі деректерді қорытындылау бөлімін қараңыз.

  • Құрылымдық сілтемелерді пайдалану    A1 және R1C1 сияқты ұяшық сілтемелерін пайдаланудың орнына формуладағы кесте атауларын көрсететін құрылымдық сілтемелерді пайдалана аласыз.

  • Деректер тұтастығын қамтамасыз ету     SharePoint тізімдеріне байланыстырылмаған кестелер үшін Excel бағдарламасындағы бекітілген деректерді тексеру мүмкіндіктерін пайдалана аласыз. Мысалы, кесте бағанында тек сандар не күндерге рұқсат ету параметрін таңдай аласыз. Деректер тұтастығын қамтамасыз ету жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін, Жұмыс парағына жарамсыз деректердің енгізілуінің алдын алу бөлімін қараңыз.

  • SharePoint тізіміне экспорттау    Басқа адамдар кесте деректерін қарап, өңдеп және жаңарта алуы үшін SharePoint тізіміне кестені экспорттауға болады.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×