Excel бағдарламасындағы пернелер тіркесімі

Excel бағдарламасындағы пернелер тіркесімі

Келесі тізімдерде CTRL пернесімен басталатын пернелер тіркесімі, функциялық пернелер және басқа жалпы пернелер тіркесімі және олардың қызметтерінің анықтамасы берілген.

Кеңес : Жұмыс істеу кезінде сілтемені қол астында сақтау үшін, осы бөлімді басып шығарғыңыз келуі мүмкін. Бөлімді басып шығару үшін, CTRL+P пернелер тіркесімін басыңыз.

Ескерту : Жиі қолданатын әрекетіңізге қолданатын пернелер тіркесімі болмаса, оны жасау үшін макросты жазу әрекетін орындауыңызға болады.

Бұл мақалада

CTRL пернесімен пернелер тіркесімі

Функциялық пернелер

Басқа пайдалы пернелер тіркесімі

CTRL пернесімен пернелер тіркесімі

Перне

Сипаттама

CTRL+SHIFT+(

Бөлектелген элемент ішінде жасырылған кез келген жолдарды көрсетеді.

CTRL+SHIFT+)

Бөлектелген элемент ішінде жасырылған кез келген бағандарды көрсетеді.

CTRL+SHIFT+&

Таңдалған ұяшықтарға құрылым жиегін қолданады.

CTRL+SHIFT_

Таңдалған ұяшықтардан құрылым жиегін жояды.

CTRL+SHIFT+~

Жалпы сан пішімін қолданады.

CTRL+SHIFT+$

Екі ондық санмен берілген валюта пішімін (теріс сандар жақшада) қолданады.

CTRL+SHIFT+%

Ондық саны жоқ пайыздық пішімді қолданады.

CTRL+SHIFT+^

Екі ондық санмен берілген экспоненциалды сан пішімін қолданады.

CTRL+SHIFT+#

Күн, ай және жылы көрсетілген күн пішімін қолданады.

CTRL+SHIFT+@

Сағат пен минут (ағылшын тілінде AM не PM көрсеткіштері) бейнеленген уақыт пішімін қолданады.

CTRL+SHIFT+!

Екі ондық санмен, мыңдық бөлгішімен және теріс сандарға алу таңбасымен (-) берілген сан пішімін қолданады.

CTRL+SHIFT+*

Белсенді ұяшық айналасында ағымдық аймақты (бос жолдар және бос бағандар арқылы қоршалған деректер аумағы) бөлектейді.

Жиынтық кестеде толық жиынтық кесте есебін бөлектейді.

CTRL+SHIFT+:

Ағымдық уақытты енгізеді.

CTRL+SHIFT+"

Мәнді белсенді ұяшық үстіндегі ұяшықтан ұяшыққа немесе өрнек жолына көшіреді.

CTRL+SHIFT+қосу белгісі(+)

Бос ұяшықтарды кірістіру үшін, бейнебетке Кірістіру тілқатысу терезесін шығарады.

CTRL+Алу (-)

Бөлектелген ұяшықтарды жою үшін, бейнебетке Жою тілқатысу терезесін шығарады.

CTRL+;

Ағымдық күнді енгізеді.

CTRL+`

Жұмыс парағында ұяшық мәндерін және өрнектерді көрсету арасында ауысады.

CTRL+'

Өрнекті белсенді ұяшық үстіндегі ұяшықтан ұяшыққа немесе өрнек жолына көшіреді.

CTRL+1

Бейнебетке Ұяшықтарды пішімдеу тілқатысу терезесін шығарады.

CTRL+2

Қалың пішімді қолданады немесе жояды.

CTRL+3

Көлбеу пішімді қолданады немесе жояды.

CTRL+4

Астын сызуды қолданады немесе жояды.

CTRL+5

Сызылғанды қолданады немесе жояды.

CTRL+6

Жасырылатын, көрсетілетін нысандар және нысандардың көрсетілетін толтырғыштары арасында ауысады.

CTRL+8

Құрылым жиегін көрсетеді немесе жасырады.

CTRL+9

Бөлектелген жолдарды жасырады.

CTRL+0

Бөлектелген бағандарды жасырады.

CTRL+A

Толық жұмыс парағын бөлектейді.

Егер жұмыс парағында деректер болса, CTRL+A пернелер тіркесімі ағымдық аймақты бөлектейді. CTRL+A пернелер тіркесімін екінші рет басу ағымдық аймақты және оның жиынтық жолын бөлектейді. CTRL+A пернелер тіркесімін үшінші рет басу толық жұмыс парағын бөлектейді.

Өрнекте функция атауының оң жағында кірістіру орны орналасқан кезде, бейнебетке Функция дәлелдері тілқатысу терезесі шығады.

CTRL+SHIFT+A пернелер тіркесімі өрнекте функция атауының оң жағында кірістіру орны орналасқан кезде, дәлелдер атауын және жақшаны енгізеді.

CTRL+B

Қалың пішімді қолданады немесе жояды.

CTRL+C

Бөлектелген ұяшықтарды көшіреді.

CTRL+C пернелер тіркесімінен кейін басылған CTRL+C пернелер тіркесімі аралық сақтағышты көрсетеді.

CTRL+D

Бөлектелген ауқымның үстіңгі ұяшығын және мазмұнын төменде орналасқан ұяшықтарға көшіру үшін, Төмен толтыру пәрменін қолданады.

CTRL+F

Бейнебетке Табу қойындысын қамтитын Табу және ауыстыру тілқатысу терезесі шығады.

SHIFT+F5 пернелер тіркесімі осы қойындыны бейнебетке шығарады, ал SHIFT+F4 пернелер тіркесімі соңғы Табу әрекетін қайталайды.

CTRL+SHIFT+F пернелер тіркесімі бейнебетке Қаріп қойындысын қамтитын Ұяшықтарды пішімдеу тілқатысу терезесін шығарады.

CTRL+G

Бейнебетке Өту тілқатысу терезесін шығарады.

F5 пернесі де осы тілқатысу терезесін бейнебетке шығарады.

CTRL+H

Бейнебетке Ауыстыру қойындысын қамтитын Табу және ауыстыру тілқатысу терезесі шығады.

CTRL+I

Көлбеу пішімді қолданады немесе жояды.

CTRL+K

Жаңа еренсілтемеге арналған Еренсілтемені кірістіру тілқатысу терезесін немесе бөлектелген бар еренсілтемелерге арналған Еренсілтемені өңдеу тілқатысу терезесін бейнебетке шығарады.

CTRL+N

Жаңа бос жұмыс кітабын жасайды

CTRL+O

Файлды ашу немесе табу үшін, Ашу тілқатысу терезесін бейнебетке шығарады.

CTRL+SHIFT+O пернелер тіркесімі аңғартпасы бар барлық ұяшықты бөлектейді.

CTRL+P

Бейнебетке Басып шығару тілқатысу терезесін шығарады.

CTRL+SHIFT+Р пернелер тіркесімі бейнебетке Қаріп қойындысын қамтитын Ұяшықтарды пішімдеу тілқатысу терезесін шығарады.

CTRL+R

Бөлектелген ауқымның сол жақ шеткі ұяшығын және мазмұнын оң жақта орналасқан ұяшықтарға көшіру үшін, Оң жаққа толтыру пәрменін қолданады.

CTRL+S

Белсенді файлды оның ағымдық файл атауымен, орналасуымен және файл пішімімен бірге сақтайды.

CTRL+T

Бейнебетке Кестені жасау тілқатысу терезесін шығарады.

CTRL+U

Астын сызуды қолданады немесе жояды.

CTRL+SHIFT+U пернелер тіркесімі өрнек жолын шығарып алуды және тасалауды қосады.

CTRL+V

Аралық сақтағыштың мазмұнын кірістіру орнында кірістіреді және кез келген бөлектелген элементті ауыстырады. Нысанды, мәтінді немесе ұяшық мазмұнын қиып алғаннан немесе көшіргеннен кейін қатынаулы болады.

CTRL+ALT+V пернелер тіркесімі Арнайы қою тілқатысу терезесін көрсетеді. Жұмыс парағында немесе басқа бағдарламада нысанды, мәтінді немесе ұяшық мазмұнын қиып алғаннан кейін немесе көшіргеннен кейін ғана қолдануға болады.

CTRL+W

Таңдалған жұмыс кітабын жабады.

CTRL+X

Бөлектелген ұяшықтарды қиып алады.

CTRL+Y

Мүмкін болған жағдайда, соңғы пәрменді не әрекетті қайталайды.

CTRL+Z

Соңғы пәрменді қайталау үшін немесе терілген соңғы енгізуді жою үшін, Болдырмау пәрменін қолданады.

CTRL+SHIFT+Z пернелер тіркесімі Автотүзету смарт-тегтері бейнеленген кезде, соңғы автоматты түрде түзетуді кері қайтару немесе қалпына келтіру үшін, Болдырмау немесе Қайтару пәрменін қолданады.

Беттің жоғарғы жағы

Функциялық пернелер

Перне

Сипаттама

F1

Бейнебетке Microsoft Office Excel анықтамасы тапсырмалар аймағын шығарады.

CTRL+F1 пернелер тіркесімі Microsoft Office Fluent пайдаланушы интерфейсі пайдаланушылық тілдесуінің бір бөлігі болып табылатын таспаны көрсетеді немесе жасырады.

ALT+F1 пернелер тіркесімі ағымдық ауқымда деректердің диаграммасын жасайды.

ALT+SHIFT+F1 пернелер тіркесімі жаңа жұмыс парағын кірістіреді.

F2

Белсенді ұяшық мазмұнын өңдеп, оның соңына кірістіру орнын қояды. Сондай-ақ, ұяшықта өңдеу ажыратылған кезде, кірістіру орнын өрнек жолына жылжытады.

SHIFT+F2 пернелер тіркесімі ұяшыққа аңғартпаны қосады және өңдейді.

CTRL+F2 пернелер тіркесімі «Алдын ала қарау» терезесін бейнебетке шығарады.

F3

Бейнебетке Атауды қою тілқатысу терезесін шығарады.

SHIFT+F3 пернелер тіркесімі Функцияны кірістіру тілқатысу терезесін бейнебетке шығарады.

F4

Мүмкін болған жағдайда, соңғы пәрменді не әрекетті қайталайды.

CTRL+F4 пернелер тіркесімі таңдалған жұмыс кітабы терезесін жабады.

F5

Бейнебетке Өту тілқатысу терезесін шығарады.

CTRL+F5 пернелер тіркесімі таңдалған жұмыс кітабы терезесінің көлемін қалпына келтіреді.

F6

Жұмыс парағы арасында Таспа, тапсырмалар және үлкейтудің басқару элементтерін қосады. Бөлінген жұмыс парағында (Көрініс мәзірі, Осы терезені басқару, Бөліктерді қатыру, Терезені бөлу пәрмені), F6 пернесі тақталар мен Таспа аумағы арасында ауысып қосылу кезінде бөлінген тақталарды қамтиды.

SHIFT+F6 пернелер тіркесімі жұмыс парағы, көлемін басқару элементтері, тапсырма аумағы мен таспаны ауыстырып қосады.

CTRL+F6 пернелер тіркесімі бірнеше жұмыс кітаптары ашық болған кезде, келесі жұмыс кітабы терезесіне кірістіру орнын ауыстырады.

F7

Белсенді жұмыс кітабында немесе бөлектелген ауқымда емлені тексеру үшін, бейнебетке Емлені тексеру тілқатысу терезесін шығарады.

Жұмыс кітабы терезесі жазылмаған кезде, CTRL+F7 пернелер тіркесімі Жылжыту пәрменін орындайды. Терезені жылжыту үшін, жүгірткілерді қолданыңыз, аяқталған кезде ENTER пернесін, ал жою үшін, ESC пернесін басыңыз.

F8

Кеңейту күйін қосады немесе ажыратады. Кеңейту күйінде Кеңейтілген бөлектелген элемент күй жолында пайда болады, ал жүгірткілер бөлектелген элементті кеңейтеді.

SHIFT+F8 пернелер тіркесімі жүгірткілерді қолдану арқылы ұяшықтардың бөлектелген элементіне көршілес емес ұяшықтарды немесе ауқымдарды қосуға мүмкіндік береді.

CTRL+F8 пернелер тіркесімі жұмыс кітабы жазылмаған кезде, Өлшем пәрменін (жұмыс кітабы терезесі үшін Басқару элементі мәзірінде) орындайды.

ALT+F8 пернелер тіркесімі макросты жасау, іске қосу, өңдеу немесе жою үшін, Макрос тілқатысу терезесін бейнебетке шығарады.

F9

Барлық ашық жұмыс кітаптарында барлық жұмыс кітаптарын есептейді.

SHIFT+F9 пернелер тіркесімі белсенді жұмыс парағын есептейді.

CTRL+ALT+F9 пернелер тіркесімі соңғы өзгерту жасалғандығына қарамастан, барлық ашық жұмыс кітабындағы барлық жұмыс парақтарын есептейді.

CTRL+ALT+SHIFT+F9 пернелер тіркесімі тәуелді өрнектерді қайта тексеріп, есептеуге жатпайтын белгіленген ұяшықтармен бірге барлық ашық жұмыс кітаптарындағы барлық ұяшықты есептейді.

CTRL+F9 пернелер тіркесімі жұмыс кітабын белгішеге қайырады.

F10

Перне кеңестерін қосады немесе ажыратады.

SHIFT+F10 пернелер тіркесімі бөлектелген элемент үшін мәтінмәндік мәзірді бейнелейді.

ALT+SHIFT+F10 пернелер тіркесімі мәзірді немесе смарт-тегтерге арналған хабарды бейнелейді. Егер бірнеше смарт-тегтер көрсетілсе, келесі смарт -тегке ауысады және оның мәзірін немесе хабарын бейнелейді.

CTRL+F10 пернелер тіркесімі таңдалған жұмыс кітабы терезесін жазады немесе қайта қалпына келтіреді.

F11

Ағымдық ауқымда деректердің диаграммасын жасайды.

SHIFT+F11 пернелер тіркесімі жаңа жұмыс парағын кірістіреді.

ALT+F11 пернелер тіркесімі Бағдарламалар үшін Visual Basic (VBA) нұсқасын қолдану арқылы макрос жасауға болатын Microsoft Visual Basic өңдегішін ашады.

F12

Бейнебетке Басқаша сақтау тілқатысу терезесін шығарады.

Беттің жоғарғы жағы

Басқа пайдалы пернелер тіркесімі

Перне

Сипаттама

ЖҮГІРТКІЛЕР

Жұмыс парағында бір ұяшық жоғары, төмен, солға немесе оңға жылжытады.

CTRL+ЖҮГІРТКІЛЕР жұмыс парағында ағымдық деректер аймағы жиегіне жылжытады.

SHIFT+ЖҮГІРТКІЛЕР бөлектелген ұяшықтарды бір ұяшыққа кеңейтеді.

CTRL+SHIFT+ЖҮГІРТКІЛЕР бөлектелген ұяшықтарды белсенді ұяшық ретінде бір бағандағы немесе жолдағы соңғы бос емес ұяшыққа кеңейтеді, ал егер келесі ұяшық бос болса, бөлектеуді келесі бос емес ұяшыққа дейін кеңейтеді.

Таспа таңдалған кезде СОЛ ЖАҚ КӨРСЕТКІ немесе ОҢ ЖАҚ КӨРСЕТКІ қойындыны сол жақтан немесе оң жақтан таңдайды. Ішкі мәзір ашылғанда немесе таңдалғанда, бұл көрсеткі пернелер негізгі мәзір мен ішкі мәзірді қосады.Таспа қойындысы таңдалған кезде бұл пернелер қойынды түймешіктерін шарлайды.

Негізгі мәзір немесе ішкі мәзір ашылған кезде ТӨМЕН КӨРСЕТКІ немесе ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ келесі немесе алдыңғы пәрмендерді таңдайды. Таспа қойындысы таңдалған кезде бұл пернелер қойынды тобымен жоғары немесе төмен қарай шарлайды.

Тілқатысу терезесінде жүгірткілер ашық ашылмалы тізімдегі немесе параметрлер тобындағы параметрлер арасында жылжиды.

ТӨМЕН КӨРСЕТКІ немесе ALT+ТӨМЕН КӨРСЕТКІ таңдалған ашылмалы тізімді ашады.

BACKSPACE

Өрнек жолында бір таңбаны сол жаққа қарай жояды.

Сондай-ақ, белсенді ұяшықтың мазмұнын тазалайды.

Ұяшықты өңдеу күйінде кірістіру орнының сол жағындағы таңбаны жояды.

DELETE

Ұяшықтың пішіміне немесе аңғартпасына әсер етпестен, бөлектелген ұяшықтардан ұяшық мазмұнын (деректер және өрнектерді) жояды.

Ұяшықты өңдеу күйінде кірістіру орнының оң жағындағы таңбаны жояды.

END

SCROLL LOCK пернесі қосылып тұрғанда, терезенің төменгі оң бұрышындағы ұяшыққа жылжиды.

Негізгі мәзір немесе ішкі мәзір көрініп тұрғанда, мәзірден соңғы пәрменді таңдайды.

CTRL+END пернелер тіркесімі жұмыс парағында пайдаланып отырған оң бағанның ең төменгі жолындағы соңғы ұяшыққа жылжытады. Егер жүгіргі өрнек жолында болса, CTRL+END пернелері жүгіргіні мәтіннің соңына жылжытады.

CTRL+SHIFT+END пернелер тіркесімі бөлектелген ұяшықтарды жұмыс парағындағы соңғы қолданған ұяшыққа кеңейтеді (төменгі оң бұрыш). Егер жүгіргі өрнек жолында болса, CTRL+SHIFT+END пернелер тіркесімі өрнек жолындағы барлық мәтінді жүгіргі орнынан соңғы жолға дейін таңдайды. Бұл өрнек жолының биіктігіне әсер етпейді.

ENTER

Ұяшықтан немесе өрнек жолынан ұяшық енгізуді тоқтатып, астындағы ұяшықтарды таңдайды (әдепкі бойынша).

Деректер пішінінде бұл келесі жазбадағы бірінші өріске жылжиды.

Таңдалған мәзірді ашады (мәзір жолын қосу үшін, F10 пернесін басыңыз) немесе таңдалған пәрмендер бойынша әрекеттерді орындайды.

Тілқатысу терезесінде әдепкі пәрмен түймешігіне арналған әрекетті орындайды (қалың құрылымы бар түймешік, жиі OK түймешігі).

ALT+ENTER пернелер тіркесімі сол ұяшықта жаңа жолды бастайды.

CTRL+ENTER пернелер тіркесімі бөлектелген ұяшық ауқымын ағымдық енгізумен толтырады.

SHIFT+ENTER пернелер тіркесімі ұяшық енгізуді аяқтап, үстіндегі ұяшықтарды бөлектейді.

ESC

Ұяшықтағы немесе өрнек жолындағы енгізуді болдырмайды.

Ашық мәзірді немесе ішкі мәзірді, тілқатысу терезесін немесе хабар терезесін жабады.

Сондай-ақ, толық бейнебет күйі қолданылған кезде, осы күйді жабады. Таспа және күй жолағын бейнелеу үшін, қалыпты бейнебет күйіне оралады.

HOME

Жұмыс парағында жол басына жылжытады.

SCROLL LOCK пернесі қосылып тұрғанда, терезенің жоғарғы сол бұрышындағы ұяшыққа жылжиды.

Негізгі мәзір немесе ішкі мәзір көрініп тұрғанда, мәзірден бірінші пәрменді таңдайды.

CTRL+HOME пернелер тіркесімі жұмыс парағының басына жылжытады.

CTRL+SHIFT+HOME пернелер тіркесімі бөлектелген ұяшықтарды жұмыс парағының басына кеңейтеді.

PAGE DOWN

Жұмыс парағында бір бейнебет төмен жылжытады.

ALT+PAGE DOWN пернелер тіркесімі жұмыс парағында бір бейнебет оңға жылжытады.

CTRL+PAGE DOWN пернелер тіркесімі жұмыс парағында келесі параққа жылжытады.

CTRL+SHIFT+PAGE DOWN пернелер тіркесімі жұмыс парағында ағымдық және келесі парақты таңдайды.

PAGE UP

Жұмыс парағында бір бейнебет жоғары жылжытады.

ALT+PAGE UP пернелер тіркесімі жұмыс парағында бір бейнебет солға жылжытады.

CTRL+PAGE UP пернелер тіркесімі жұмыс парағында алдыңғы параққа жылжытады.

CTRL+SHIFT+PAGE UP пернелер тіркесімі жұмыс парағында ағымдық және алдыңғы парақты таңдайды.

БОС ОРЫН

Тілқатысу терезесінде таңдалған түймешік әрекетін орындайды немесе құсбелгіні қояды не алып тастайды.

CTRL+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі жұмыс парағында толық бағанды таңдайды.

SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі жұмыс парағында толық жолды таңдайды.

CTRL+SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі толық жұмыс парағын таңдайды.

  • Егер жұмыс парағында деректер болса, CTRL+SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі ағымдық аймақты бөлектейді. CTRL+SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімін екінші рет басу aғымдық аймақты және оның жиынтық жолын бөлектейді. CTRL+SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімін үшінші рет басу толық жұмыс парағын бөлектейді.

  • Нысан таңдалған кезде, CTRL+SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі жұмыс парағындағы барлық нысанды таңдайды.

ALT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі Microsoft Office Excel терезесінің Басқару элементі мәзірін бейнебетке шығарады.

TAB

Жұмыс парағында бір ұяшық оңға жылжытады.

Қорғалған жұмыс парағында бұғатталмаған ұяшықтар арасында жылжытады.

Тілқатысу терезесінде келесі параметрге немесе параметр тобына жылжытады.

SHIFT+TAB пернелер тіркесімі жұмыс парағында алдыңғы ұяшыққа және тілқатысу терезесінде алдыңғы параметрге жылжытады.

CTRL+TAB пернелер тіркесімі тілқатысу терезесіндегі келесі қойындыға ауыстырады.

CTRL+SHIFT+TAB пернелер тіркесімі тілқатысу терезесіндегі алдыңғы қойындыға ауыстырады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×