DECIMAL функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен DECIMAL функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Белгілі бір қордағы мәтін түрінде берілген сандарды ондық санау жүйесіндегі сандарға түрлендіреді.

Синтаксис

DECIMAL(мәтін, түбір)

DECIMAL функция синтаксисінің келесідей қажеттіліктері бар.

  • Мәтін    қажет.

  • Түбір    қажет. Санау жүйесінің негізі бүтін сан болуы қажет.

Ескертпелер

  • Мәтіннің жол ұзындығы 255 таңбадан аспауы не оған тең болуы тиіс.

  • Мәтін дәлелі санау жүйксінің негізі бола алатын және пернетақта регистрінің есебін ескермейтін әріптік және сандық таңбалардың тіркесімінен тұруы қажет.

  • Excel бағдарламасы 0 санынан үлкен не оған тең және 2^53 санынан кіші тәиін дәлелін қолдайды. 2^53 санынан үлкен санға тең мәтін дәлелі дәлдіктің жойылуына әкелуі мүмкін.

  • Санау жүйесінің негізі 2 (екілік немесе екілік санау жүйесі) санынан үлкен не оған тең және 36 (36 санау жүйесі) санынан кіші не оған тең болуы тиіс.
    10-нан үлкен санау жүйесінің негізі қажетінше 0-9 сандық таңбаларын және A-Z әріптерін қолданады. Мысалы, он алтылық санау жүйесі 0-9 сандарын және A-F әріптерін пайдаланса, отыз алтылық санау жүйесі 0-9 сандарын және A-Z әріптерін қолданады.

  • Егер дәлел талаптарға сай болмаса, DECIMAL функциясы #САН! немесе #МӘН! қате мәндерін қайтаруы мүмкін.

Мысал

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Формула

Сипаттама

Нәтиже

Бұл қалай жұмыс істейді

'=DECIMAL("FF",16)

Он алтылық (негізі 16) мәнді FF оның баламасы ондық (негізі 10) мәніне (255) түрлендіреді.

=DECIMAL("FF",16)

"F" мәні негізі 16 сан жүйесіндегі 15 орында орналасқан. Барлық сандар жүйелері 0-ден басталатындықтан, он алтылықтағы 16-шы таңба 15-ші орында болады. Төменде формула ондыққа қалай түрлендіргенін көрсетеді:

С3 ұяшығындағы ОЛАЛТ2ОНД функциясы осы нәтижені тексереді.

=ОНАЛТ2ОНД("ff")

Формула

=(15*(16^1))+(15*(16^0))

'=DECIMAL(111,2)

(Негізі 2) екілік мәнді 111 оның эквивалентті (негізі 10) ондық мәніне (7) түрлендіреді.

=DECIMAL(111,2)

"1" негізі 2 сан жүйесіндегі 1-ші орында. Төменде формула ондыққа қалай түрлендіргенін көрсетеді:

С6 ұяшығындағы БИН2ОНД функциясы осы нәтижені тексереді.

=БИН2ОНД(111)

Формула

=(1*(2^2))+(1*(2^1))+(1*(2^0))

'=DECIMAL("zap",36)

36 негізінде "zap" мәнін оның балама ондық мәніне (45745) түрлендіреді.

=DECIMAL("zap",36)

"z" 35-шы орында, "a" 10-шы орында және "p" 25-ші орында. Төменде формула ондыққа қалай түрлендіргенін көрсетеді.

Формула

=(35*(36^2))+(10*(36^1))+(25*(36^0))

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×