DAYS360 функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен DAYS360 функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттама

DAYS360 функциясы бухгалтерлік есептерде қолданылатын 360 күндік жылға (30 күндік он екі ай) негізделген екі мерзімнің арасындағы күндер санын береді. Есеп жүргізу жүйесінің 30 күндік он екі айға негізделген жағдайда төлемдерді есептеп шығару үшін осы функция пайдаланылады.

Синтаксис

DAYS360(басталу_күні,аяқталу_күні,[әдіс])

DAYS360 функциясының синтаксисінде төмендегі аргументтер болады:

  • Басталу_күні, аяқталу_күні    Міндетті. Күндер саны анықталатын екі күн арасы. Егер басталу_күні мәні аяқталу_күні мәнінен кейін келсе, DAYS360 функциясы теріс сан береді. Күндер DATE функциясы арқылы немесе басқа формулалардың немесе функциялардың нәтижелері ретінде енгізілуі керек. Мысалы, 2008 жылғы 23 мамыр үшін DATE(2008,5,23) функциясы пайдаланылады. Егер күндер мәтін түрінде енгізілсе қиындықтар туындауы мүмкін.

  • Әдіс    Міндетті емес. Есептеуде АҚШ немесе еуропалық әдісті пайдалану керектігін көрсететін логикалық мән.

Әдісі

Анықталған

FALSE немесе есепке алынбаған

Американдық (NASD) әдісі. Егер басталу күні айдың соңғы күні болса, ол сол айдың 30-күніне тең болады. Егер аяқталу күні айдың соңғы күні және басталу күні айдың 30-күнінен ерте болса, аяқталу күні келесі айдың 1-күніне тең болады, әйтпесе, аяқталу күні сол айдың 30-күніне тең болады.

TRUE

Еуропалық әдіс. Айдың 31-күніне түсетін басталу күндері мен аяқталу күндері сол айдың 30-күніне тең болады.

Ескерту : Есептелуде пайдаланылуы үшін Excel бағдарламасы күндерді жүйелі сериялық нөмірлер ретінде сақтайды. Әдепкіде 1900 жылғы 1 қаңтардың сериялық нөмірі 1, ал 2008 жылғы 1 қаңтардың сериялық нөмірі 39448 болып табылады, себебі ол 1900 жылғы 1 қаңтарынан бастағанда 39447 күннен кейін келеді.

Мысалы

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Күндер

1-Қаң-11

30-Қаң-11

1-Ақп-11

31-Жел-11

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=DAYS360(A3,A4)

360 күндік жыл негізіндегі 1/30/2011 және 2/1/2011 арасындағы күндер саны.

1

=DAYS360(A2,A5)

360 күндік жыл негізіндегі 1/1/2011 және 12/31/2011 арасындағы күндер саны.

360

=DAYS360(A2,A4)

360 күндік жыл негізіндегі 1/1/2011 және 2/1/2011 арасындағы күндер саны.

30

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×