Consolidate data in multiple worksheets

Бөлек жұмыс парақтарындағы нәтижелерді қорытындылап, олар бойынша есеп беру үшін, әрбір бөлек жұмыс парағындағы деректерді бір басты жұмыс парағы етіп біріктіруге болады. Жұмыс парақтары басты жұмыс парағымен бір жұмыс кітабында немесе басқа жұмыс кітаптарында болуы мүмкін. Деректер біріктірілгенде, деректер тұрақты немесе арнайы негізде оңай жаңартылу және жинақталу үшін бір жерге жиналады.

Мысалы, егер әрбір аймақтық кеңсеңіздің шығын сандарының жұмыс парағы болса, ол сандарды корпоративтік шығындар жұмыс парағына жинақтау үшін біріктіру функциясын қолдануға болады. Бұл басты жұмыс парағында жалпы сауда көлемі мен орташалары, ағымдағы қорлар деңгейі мен бүкіл кәсіпорынның ең көп сатылатын тауарлары болуы мүмкін.

Деректерді біріктіру үшін, Деректер қойындысындағы Деректер құралдары тобынан Біріктіру пәрменін қолданыңыз.


Не істегіңіз келеді?

Орындалатын әрекет...

Онда…

Барлық жұмыс парақтарындағы деректерді бірыңғай тәртіппен және орынға реттеу

Орналасуына қарай біріктіру

Деректерді бөлек жұмыс парақтарына әр түрлі етіп реттеу, бірақ басты жұмыс парағы деректерге сәйкесу үшін бірдей жол және баған тақырыптарын пайдалану

Санатына қарай біріктіру

Біріктірілетін басқа жұмыс парақтарына ұяшық сілтемелері бар өрнектерді немесе Үш өлшемдік сілтеме пайдаланыңыз, себебі сүйенетін біркелкі орын немесе санат жоқ

Өрнегіне қарай біріктіру

Біріктірудің орнына жиынтық кесте есебін пайдалану

Деректерді біріктіру үшін жиынтық кесте есебін пайдалану

Орналасуына қарай біріктіру

  1. Біріктірілетін деректерді әрбір жеке жұмыс парағына жинақтаңыз.

    Деректерді жинақтау әдісі

    • Әрбір деректер ауқымының тізімпішімінде болуын, яғни әр бағанның бірінші жолында тақырып болып, оның ішінде ұқсас фактілер болуын және тізімнің ішінде бос жолдар немесе бағандар болмауын тексеріңіз.

    • Әрбір ауқымды жеке жұмыс парағына қойыңыз. Біріктіру қойылады деп жоспарланған жұмыс парағына ешқандай ауқымдарды қоймаңыз.

    • Әрбір ауқымның орналасуы бірдей болуын тексеріңіз.

    • Әрбір ауқымға ат беріңіз: Бүкіл ауқымды таңдап, Өрнектер қойындысындағы Атаулы ұяшықтар тобынан Ауқымға ат беру параметрі жанындағы көрсеткіні нұқып, Аты жолағына бір атты теріңіз.

  2. Жұмыс парағы үлгісінің біріктірілген деректер көрсетілетін аумағының үстіңгі сол жақ ұяшығын нұқыңыз.

    Ескерту :  Осы біріктірілген деректерге ұяшықтың оң жағы мен астында жеткілікті орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Біріктіру пәрмені аумақты қажетінше толтырады.

  3. Дерек қойындысының Дерек Құралдары тобында Біріктіру түймешігін нұқыңыз.

  4. Функция жолағынан Microsoft Office Excel бағдарламасында деректерді біріктіру үшін пайдаланылатын жиынтық функция таңдаңыз.

  5. Егер жұмыс парағы басқа жұмыс кітабында орналасатын болса, файлды табу үшін, Шолу түймешігін басып, одан кейін Шолу тілқатысу терезесін жабу үшін, ОК түймешігін басыңыз.

    Файл жолы леп белгісінен кейін келетін Сілтеме жолағына енгізіледі.

  6. Ауқымға берілетін атауды теріп, одан кейін Қосу пәрменін таңдаңыз. Әрбір ауқым үшін осы қадамды қайталаңыз.

  7. Біріктірімді жаңарту жолын таңдап алыңыз. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Бастапқы деректер өзгерген кезде біріктірім өздігінен жаңарып отыру үшін, Бастапқы деректермен байланыстарды жасау параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

      Маңызды : Егер жұмыс парағы басқа жұмыс кітабында орналасатын болса, осы параметр жанына ғана құсбелгі қоя аласыз. Осы құсбелгіні қойғандықтан, топтасуда ұяшықтар мен ауқымдардың қайсысының қамтылатынын өзгерте алмайсыз.

    • Біріктірімдерді олардың ішіндегі ұяшықтар мен ауқымдарды өзгерту арқылы қолмен жаңартуға болатын ету үшін, Бастапқы деректермен байланыстарды жасау параметрі жанынан құсбелгіні алыңыз.

  8. Аттар ретінде пайдалану жолақтарын бос қалдырыңыз. Excel бағдарламасы бастапқы ауқымдардағы жол немесе баған тақырыптарын біріктірімге көшірмейді. Біріктірілген деректерге тақырыптар керек болса, оларды бастапқы ауқымдардың біреуінен көшіріп алыңыз немесе қолмен енгізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Санатына қарай біріктіру

  1. Біріктірілетін деректерді әрбір жеке жұмыс парағына жинақтаңыз.

    Деректерді жинақтау әдісі

    • Әрбір деректер ауқымының тізімпішімінде болуын, яғни әр бағанның бірінші жолында тақырып болып, оның ішінде ұқсас фактілер болуын және тізімнің ішінде бос жолдар немесе бағандар болмауын қамтамасыз етіңіз.

    • Әрбір ауқымды жеке жұмыс парағына қойыңыз. Біріктірілім қойылады деп жоспарланған жұмыс парағына ешбір ауқымдарды қоймаңыз.

    • Біріктірілетін бағандар мен жолдардың тақырыптарының емлесі мен бас-кіші әріппен жазылуы бірдей болуын қамтамасыз етіңіз, мысалы, "Жылдық орт." және "Жылдық орташа" тақырыптары әр түрлі және біріктірілмейді.

    • Әрбір ауқымға ат беріңіз: Бүкіл ауқымды таңдап, Өрнектер қойындысындағы Атаулы ұяшықтар тобынан Ауқымға ат беру параметрі жанындағы көрсеткіні нұқып, Аты жолағына бір атты теріңіз.

  2. Жұмыс парағы үлгісінің біріктірілген деректер көрсетілетін аумағының үстіңгі сол жақ ұяшығын нұқыңыз.

    Ескерту :  Осы біріктірілген деректерге ұяшықтың оң жағы мен астында жеткілікті орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Біріктіру пәрмені аумақты қажетінше толтырады.

  3. Дерек қойындысының Дерек Құралдары тобында Біріктіру түймешігін нұқыңыз.

  4. Функция жолағынан Excel бағдарламасында деректерді біріктіру үшін пайдаланылатын жиынтық функция таңдаңыз.

  5. Егер жұмыс парағы басқа жұмыс кітабында орналасатын болса, файлды табу үшін, Шолу түймешігін басып, одан кейін Шолу тілқатысу терезесін жабу үшін, ОК түймешігін басыңыз.

    Файл жолы леп белгісінен кейін келетін Сілтеме жолағына енгізіледі.

  6. Ауқымға берілетін атауды теріп, одан кейін Қосу пәрменін таңдаңыз. Әрбір ауқым үшін осы қадамды қайталаңыз.

  7. Біріктірімді жаңарту жолын таңдап алыңыз. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Бастапқы деректер өзгерген кезде біріктірім өздігінен жаңарып отыру үшін, Бастапқы деректермен байланыстарды жасау параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

      Маңызды : Егер жұмыс парағы басқа жұмыс кітабында орналасатын болса, осы параметр жанына ғана құсбелгі қоя аласыз. Осы құсбелгіні қойғандықтан, топтасуда ұяшықтар мен ауқымдардың қайсысының қамтылатынын өзгерте алмайсыз.

    • Біріктірімдерді олардың ішіндегі ұяшықтар мен ауқымдарды өзгерту арқылы қолмен жаңартуға болатын ету үшін, Бастапқы деректермен байланыстарды жасау параметрі жанынан құсбелгіні алыңыз.

  8. Аттар ретінде пайдалану астындағы бастапқы ауқымдардағы тақырыптардың орналасқан жерін көрсететін құсбелгілерді қойыңыз: не Жоғарғы жолда, не Сол жақ бағанда, не болмаса екеуін де.

    Ескертулер : 

    • Басқа бастапқы аумақтардағы тақырыптарына сәйкес емес тақырыптар біріктіру кезінде бөлек жолдардың немесе бағандардың жасалауына әкеледі.

    • Біріктірілмейтін қандай да бір санаттарда тек бір бастапқы ауқымда кездесетін бірегей тақырыптардың бар екеніне көз жеткізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Өрнегіне қарай біріктіру

  1. Басты жұмыс парағында біріктірілетін деректерге керекті баған немесе жол тақырыптарын көшіріп алыңыз немесе енгізіңіз.

  2. Біріктірілетін деректерге қосылатын ұяшықты таңдаңыз.

  3. Әрбір жұмыс парағындағы бастапқы ұяшықтардың ұяшық сілтемелері бар өрнекті немесе ішінде біріктірілетін деректер бар үш өлшемдік сілтемені теріңіз. Ұяшық сілтемелері үшін келесі әрекеттердің бірін орындауға болады:

    Егер топтасатын деректер әр түрлі жұмыс парақтарындағы әр түрлі ұяшықтарда болса    

    • Басқа жұмыс парақтарына берілген ұяшық сілтемелері бар өрнекті әрбір жеке жұмыс парағы үшін бір-бірден енгізіңіз. Мысалы, "Сату" (B4 ұяшығында), "Еңбек ресурстары" (F5 ұяшығында) және "Маркетинг" (B9 ұяшығында) деп аталатын жұмыс парақтарындағы деректерді басты жұмыс парағының A2 ұяшығына біріктіру үшін келесілерді енгізу керек:

      Кеңес    Сату!B4 сияқты бір сілтемені өрнекке терместен енгізу үшін, өрнекті сілтеме қажет етілетін жерге дейін теріп, жұмыс парағының қойындысын басып, ұяшықты таңдаңыз.

      Егер топтастыратын деректер әр түрлі жұмыс парақтарындағы бірдей ұяшықтарда болса    

    • Жұмыс парақтарының атауларына сілтемені пайдаланатын үш өлшемдік сілтемесі бар бір өрнекті енгізіңіз. Мысалы, «Сату» мен «Маркетинг» жұмыс парақтарының A2 ұяшықтарындағы деректерді басты жұмыс парағының A2 ұяшығына біріктіру үшін мынаны енгізу керек:

Ескерту : Егер жұмыс кітабы өрнектерді өзі есептейтін етіп қойылса, бөлек жұмыс парақтарындағы деректер өзгерген кезде өрнекке қарай біріктіру әрдайым жаңарады.

Беттің жоғарғы жағы

Деректі біріктіру үшін Жиынтық кесте есепхатын пайдалану

Көптеген біріктіру ауқымдарынан жиынтық кесте есебі жасауға болады. Бұл әдіс санаты бойынша біріктіруге ұқсас, бірақ санаттарды қайта реттеуге басқа икемділіктерді ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін Көптеген жұмыс парақтарын бір жиынтық кесте есебіне біріктіру (Ағылшын тілінде) бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×