Choose AutoCorrect options for capitalization, spelling, and symbols

Қате сөздерді түзету, сонымен қатар, таңбалар мен мәтіннің басқа бөліктерін кірістіру үшін автоауыстырғыш мүмкіндігін қолдана аласыз. Әдепкіде автоауыстырғыш қалыпты емле қателері және таңбалар тізімімен бірге орнатылады, бірақ автоауыстырғыш қолданатын тізімді өзгертуге болады.

Ескертулер : 

  • Сонымен қатар, автоауыстырғыш қате сөзді негізгі емлені тексеру құралының сөздігіндегі сөзге ұқсас болған жағдайда түзете алады. Бұл мүмкіндік туралы қосымша ақпарат сілтемелерін, Қосымша қараңыз бөлімінен табыңыз.

  • Еренсілтемелерге қосылған мәтін автоматты түрде түзетілмейді.

Не істегіңіз келеді?

Автоауыстырғыш тізіміне мәтінді қосу

Автоауыстырғыш тізіміндегі мәтін мазмұндарын өзгерту

Автоауыстырғыш тізіміндегі мәтін атын өзгерту

Автоауыстырғыш тізімін түсіну

Автоауыстырғыш тізіміне мәтінді қосу

  1. Файл қойындысын басыңыз.

  2. Параметрлер тармағын таңдаңыз.

  3. Емлені тексеру пәрменін таңдаңыз.
    Outlook бағдарламасын пайдалансаңыз, Пошта түймешігін басып, Емле және Автоауыстырғыш пәрменін таңдаңыз.

  4. Автоауыстырғыш параметрлері түймешігін басыңыз.

  5. Автоауыстырғыш қойындысында Енгізу кезінде ауыстыру параметріне құсбелгісінің қойылғанын тексеріңіз.

  6. Ауыстыру жолағына жиі қате енгізілетін сөзді не сөз тіркесін теріңіз , мысалы, әдетте деп теріңіз.

  7. Ауыстыратын сөз жолағына дұрыс сөзді теріңіз , мысалы, әдетте деп теріңіз.

  8. Қосу түймешігін басыңыз.

  9. ОК түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Автоауыстырғыш тізіміндегі мәтін мазмұндарын өзгерту

  1. Файл қойындысын басыңыз.

  2. Параметрлер тармағын таңдаңыз.

  3. Емлені тексеру пәрменін таңдаңыз.
    Outlook бағдарламасын пайдалансаңыз, Пошта түймешігін басып, Емле және Автоауыстырғыш пәрменін таңдаңыз.

  4. Автоауыстырғыш параметрлері түймешігін басыңыз.

  5. Автоауыстырғыш қойындысында Енгізу кезінде ауыстыру параметріне құсбелгісінің қойылғанын тексеріңіз.

  6. Тізімнен сөзді таңдаңыз. Ол Ауыстыру жолағынан көрсетіледі.

  7. Ауыстыратын сөз жолағына жаңа сөзді теріңіз.

  8. Ауыстыру түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Автоауыстырғыш тізіміндегі мәтін атын өзгерту

  1. Файл қойындысын басыңыз.

  2. Параметрлер тармағын таңдаңыз.

  3. Емлені тексеру пәрменін таңдаңыз.
    Outlook бағдарламасын пайдалансаңыз, Пошта түймешігін басып, Емле және Автоауыстырғыш пәрменін таңдаңыз.

  4. Автоауыстырғыш параметрлері түймешігін басыңыз.

  5. Автоауыстырғыш қойындысында Енгізу кезінде ауыстыру параметріне құсбелгісінің қойылғанын тексеріңіз.

  6. Тізімнен сөзді таңдаңыз. Ол Ауыстыру жолағынан көрсетіледі.

  7. Жою пәрменін таңдаңыз.

  8. Ауыстыру жолағына жаңа атты теріңіз.

  9. Қосу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Автоауыстырғыш тізімін түсіну

Төмендегі әрекеттерді орындау үшін, автоауыстырғыш мүмкіндігін қолдануға болады:

  • Қате сөздерді автоматты түрде анықтау және түзету.     Мысалы, ахт сөзін бос орын қалдырып терсеңіз, автоауыстырғыш терілген сөзді хат сөзімен ауыстырады. Немесе Бұлме кеме сөйлемін бос орын қалдырып терсеңіз, автоауыстырғыш терілген сөйлемді Бұл мекеме сөйлемімен ауыстырады.

  • Таңбаларды жылдам кірістіру.     Мысалы, © таңбасын кірістіру үшін, (c) деп теріңіз. Егер бекітілген автоауыстырғыш таңбалар тізімінде қажетті таңбалар жоқ болса, оларды қосуға болады.

  • Мәтіннің үлкен бөлігін жылдам кірістіру.     Мысалы, инвестициядан түскен табыс секілді тіркесті қайталап енгізу үшін, бағдарламаны итт қысқармасын тергенде бұл тіркесті автоматты түрде енгізетіндей орнатуға болады.

Автоауыстырғыш мүмкіндігін қолданудың осы түрлердің барлығына сөздердің екі қатарлас тізімдері қолдау көрсетіледі. Бірінші сөз — терілетін сөз, ал екінші сөз немесе сөз тіркесі сол сөзді ауыстыратын бағдарламаның енгізетін сөзі болып табылады.

Автоауыстырғыш тізімі — осы мүмкіндікке қолдау көрсететін барлық Microsoft Office бағдарламаларына ортақ, яғни бір Microsoft Office бағдарламасындағы тізімге сөз қосқанда немесе жойғанда, бұл өзгеріс басқа Office бағдарламаларына да әсер етеді.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×