CUMIPMT функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен CUMIPMT функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

«Бастапқы_кезең» мен «соңғы_кезең» аргументтерінің арасында несие бойынша төленетін интегралдық пайызды береді.

Синтаксис

CUMIPMT(мөлшерлеме, кезеңдер_саны, ағымдық_құн, бастапқы_кезең, соңғы_кезең, түрі)

CUMIPMT функциясының синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • Мөлшерлеме    Міндетті. Пайыз мөлшері.

  • Кезеңдер_саны    Міндетті. Төлем кезеңдерінің жалпы саны.

  • Ағымдағы_құн    Міндетті. Ағымдағы құн.

  • Бастапқы_кезең    Міндетті. Есептеудегі бірінші кезең. Төлем кезеңдері 1 санынан бастап нөмірленеді.

  • Соңғы_кезең    Міндетті. Есептеудегі соңғы кезең.

  • Түрі    Міндетті. Төлем уақыты.

Түрі

Уақыт

0 (нөл)

Кезеңнің соңындағы төлем

1

Кезеңнің басындағы төлем

Ескертпелер

  • «Мөлшерлеме» дәлелі мен «кезеңдер_саны» аргументтерінің мәнін белгілеуге пайдаланылатын бірліктердің үйлесімділігін тексеріңіз. Егер жылына 10 пайыздық мөлшерлемемен төрт жылдық несиені ай сайын төлеп тұрса, «мөлшерлеме» аргументіне 10%/12, ал «кезеңдер_саны» аргументі үшін 4*12 мәні пайдаланылады. Егер сондай несиені жыл сайын төлеп тұрса, «мөлшерлеме» аргументіне 10%, ал «ксан» аргументі үшін 4 мәні қолданылады.

  • Егер мөлшерлеме ≤ 0, кезеңдер_саны ≤ 0 немесе ағымдағы_құн ≤ 0 болса, CUMIPMT функциясы #NUM! қате мәнін қайтарады.

  • Егер бастапқы_кезең < 1, соңғы_кезең < 1 немесе бастапқы_кезең > соңғы_кезең болса, CUMIPMT функциясы #NUM! қате мәнін қайтарады.

  • Егер «түрі» аргументінің мәні 0 немесе 1 емес кез келген басқа бір сан болса, CUMIPMT функциясы #NUM! қате мәнін қайтарады.

Мысал

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Дерек

Сипаттама

0,09

Жылдық пайыздық мөлшерлеме

30

Несие мерзімі

125000

Ағымдағы құн

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=CUMIPMT(A2/12,A3*12,A4,13,24,0)

13 кезеңнен 24 кезеңге дейінгі аралықтағы төлем мерзімінің екінші жылында төленетін жалпы пайыз

-11135,23213

=CUMIPMT(A2/12,A3*12,A4,1,1,0)

Алғашқы айда төленетін пайыз

-937,5

Ескертулер : 

  • Айлық мөлшерді анықтау үшін пайыздық мөлшерлемені 12-ге бөліңіз. Төлемдер санын анықтау үшін ақша төленетін жылдар санын 12-ге көбейтіңіз.

  • Excel Online бағдарламасында нәтижені тиісті пішімінде қарау үшін ұяшықты бөлектеңіз, содан соң «Сан» тобының «Басты» қойындысындағы «Сан» пішімі жанындағы көрсеткіні басыңыз, сөйтіп «Жалпы» пәрменін таңдаңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×