BITAND функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен BITAND функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттама

Екі санның биттік "ЖӘНЕ" мәнін қайтарады.

Синтаксис

BITAND(1-сан, 2-сан)

BITAND функциясы синтаксисінде келесі аргументтер бар.

  • 1-сан:    Міндетті. Ондық формада және 0 мәнінен үлкен немесе тең болуға тиісті.

  • 2-сан    Міндетті. Ондық формада және 0 мәнінен үлкен немесе тең болуға тиісті.

Ескертпелер

  • BITAND функциясы ондық санды қайтарады.

  • Нәтиже өз параметрлерінің биттік "ЖӘНЕ" мәні болып табылады.

  • Әрбір бит орнының мәні тек орындағы параметрлер биттері 1 болған жағдайда есептеледі.

  • Бит орындарынан алынатын мәндер 2 дәрежесімен оңнан солға жүреді. Оң жақтағы ең шеткі бит 1 (2^0) қайтарады, оның сол жағындағы бит 2 (2^1) қайтарады, осылай жалғасады.

  • Егер аргументтің бірі 0 мәнінен кем болса, BITAND функциясы #NUM! қате мәнін қайтарады.

  • Егер аргумент бүтін сан болмаса немесе (2^48)-1 мәнінен үлкен болса, BITAND функциясы #NUM! қате мәнін қайтарады.

  • Егер аргументердің бірі сандық емес мән болса, BITAND функциясы #VALUE! қате мәнін қайтарады.

Мысал

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Формула

Сипаттама

Нәтиже

Жұмыс істеу жолы

=BITAND(1,5)

1 және 5 сандарының екілік презентациясын салыстырады.

1

1 санының екілік презентациясы 1, ал 5 санының екілік презентациясы 101. Олардың биттері тек ең жақ жиегінде сәйкес келеді. Бұл 2^0 немесе 1 ретінде қайтарылады.

=BITAND(13,25)

13 және 25 сандарының екілік презентациясын салыстырады.

9

13 санының екілік презентациясы 1101, ал 25 санының екілік презентациясы 11001. Олардың биттері тек ең жақ жиегінде сәйкес келеді. Бұл (2^0)+ (2^3) немесе 9 ретінде қайтарылады.

Ондық сан

Екілік презентация

13

1101

25

11001

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×