Apple iPhone, iPad немесе iPod Touch құрылғыларына электрондық пошта орнату

Apple iPad, iPhone немесе iPod Touch құрылғысындағы электрондық поштаны, күнтізбені және контактілерді реттеңіз және оларға қатынасыңыз.

Электрондық поштаңыздың тіркелгісін орнату мақсатында пайдалану қажет бағдарламаны таңдаңыз: Outlook бағдарламасы | Бекітілген iOS пошта бағдарламасы

Қосымша ресурстар: ДК немесе Мас құрылғысында Outlook бағдарламасы арқылы электрондық поштаны теңшеу | IPhone немесе iPad құрылғысында Office бағдарламасын теңшеу | iPhone немесе iPad құрылғыларына арналған қосымша Office 365 бағдарламалары | Office 365 қызметін мобильді құрылғыларда орнату - Анықтама

iOS жүйесіне арналған Outlook бағдарламасы арқылы электрондық поштаны теңшеу

Ескерту : iOS жүйесіне арналған Outlook бағдарламасы iOS 8.0 немесе одан кейінгі нұсқасын талап етеді. Бағдарламаның қолжетімділігі де әр елде әртүрлі. Сіздің елде қайсысы қолжетімді екенін табыңыз. Егер бағдарлама құрылғыңызбен үйлесімді болмаса, пошта тіркелгісін құрылғыңызбен бірге берілетін электрондық пошта бағдарламасы арқылы қоса аласыз. IOS пошта бағдарламасын пайдаланып электрондық поштаны реттеу бөлімін қараңыз.

  1. Құрылығыңызда iOS жүйесіне арналған Outlook орнатылған ба?

    • Егер ол құрылғыңызда орнатылмаған болса, iOS жүйесіне арналған Outlook бағдарламасын Apple Store дүкенінен жүктеп алып, ашыңыз да, кіріспелери арасында сүйреп, Жұмысты бастау түймешігін түртіңіз.

    • Егер ол құрылғыңызда орнатылса, бағдарламаны ашып, Параметрлер > Тіркелгі қосу тармағын түртіңіз.

  2. Тіркелгі қосу бетінде қосқыңыз келетін пошта тіркелгісінің түрін таңдаңыз:

    Outlook.com тіркелгілері
    1. Егер сізде @outlook.com, @hotmail.com, @msn.com немесе @live.com деп аяқталатын Outlook электрондық поштасының тіркелгісі болса, Outlook.com түймешігін түртіңіз. Оған @outlook.co.uk сияқты халықаралық домендер немесе Outlook.com сайтында орналасқан кез келген реттелетін домендер кіреді.

    2. Толық электрондық поштаңыздың мекенжайын енгізіңіз, мысалы, <someone>@outlook.com, құпия сөзіңізді теріңіз, содан кейін Кіру түймешігін түртіңіз.

      Тіркелгі қосылады және iOS жүйесіне арналған Outlook бағдарламасы синхрондауды бастайды.

    Бизнеске арналған Office 365 қызметінің жұмыс немесе мектеп тіркелгісі
    1. Бизнеске арналған Office 365 қызметінде жұмыс немесе мектеп тіркелгісі болса, Office 365 түймешігін түртіңіз.

    2. Толық электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз, мысалы, tony@contoso.com, құпия сөзіңізді теріп, Кіру түймешігін түртіңіз.

      Ескерту : Тіркелгіңізді теңшеу үшін осыған дейін Exchange бағдарламасын таңдасаңыз, қауіпсіздік жаңартулары туралы хабар алып, жүйеге қайта кіру қажет болуы мүмкін. Нұсқауларды орындаңыз және толық электрондық пошта мекенжайы және құпия сөз арқылы кіріңіз.

      Тіркелгі қосылған кезде, iOS жүйесіне арналған Outlook бағдарламасы синхрондауды бастайды.

    Exchange бағдарламасына негізделген тіркелгілер
    1. Exchange бағдарламасына негізделген пошта тіркелгісі пайдаланып жатсаңыз, Exchange түймешігін түртіңіз.

    2. Толық электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз, мысалы, tony@contoso.com, құпия сөзіңізді теріп, Кіру түймешігін түртіңіз.

      Тіркелгі қосылады және iOS жүйесіне арналған Outlook бағдарламасы электрондық пошта тіркелгісіне синхрондауды бастайды.

    Басқа пошта тіркелгіңіз болса, басқа параметрлердің бірін түртіңіз. Мысалы, Gmail тіркелгісін қосқыңыз келсе, Gmail түймешігін түртіңіз.

Ескерту : Егер күту уақытының аяқталғандығы туралы хабар алсаңыз, құпия сөзіңіз немесе басқа да ақпаратыңыз қате болуы мүмкін. Ақпаратты қайта теріп, әрекетті қайталаңыз.

iOS жүйесіне арналған Outlook пайдалану туралы қосымша мәлімет алу үшін iOS және Android жүйесіне арналған Outlook бағдарламасы туралы жиі қойылатын сұрақтар бөлімін қраңыз.

IOS электрондық пошта бағдарламасын пайдаланып электрондық поштаны реттеу

Реттеу қажет тіркелгі түрін таңдаңыз.

@outlook.com, @hotmail.com, @msn.com немесе @live.com түрінде аяқталатын электрондық пошта тіркелгісін реттеу
  1. Параметрлер > Пошта, контактілер, күнтізбелер > Тіркелгі қосу тармағын түртіңіз.

  2. Тіркелгі қосу бетінде Outlook.com тармағын түртіңіз.

    Ескерту : Бұл @outlook.co.uk сияқты халықаралық домендерді немесе Outlook.com сайтында орналасатын кез келген реттелетін домендерді қамтиды.

  3. Толық электрондық пошта мекенжайыңызды және құпия сөзді енгізіп, Келесі түймешігін басыңыз.

  4. Әдепкі бойынша, Пошта, Контактілер және Күнтізбе ақпараты синхрондалады. Сақтау түймешігін түртіңіз.

Бизнеске арналған Office 365 немесе Exchange бағдарламасына негізделген басқа электрондық пошта тіркелгісін реттеу
  1. Параметрлер > Пошта, Контактілер, Күнтізбелер > Тіркелгілер > Тіркелгі қосу > Электрондық пошта тармағын түртіңіз.

  2. Тіркелгі қосу бетінде Exchange тармағын түртіңіз.

  3. Толық электрондық пошта мекенжайыңызды, мысалы, tony@contoso.com және құпия сөзіңізді теріп, Келесі тармағын түртіңіз.

    Егер құрылғы параметрлерді таба алмаса, оларды қосуыңыз қажет. Серверде Office 365 алмастырылған электрондық пошта тіркелгісі болса, outlook.office365.com енгізіп, Пайдаланушы аты мен Құпия сөзін енгізіңіз. Бұл жұмыс не мектеп үшін пайдаланылатын бірдей пайдаланушы аты мен құпия сөз.

  4. Әдепкі бойынша, Пошта, Контактілер және Күнтізбе ақпараты синхрондалады. Сақтау түймешігін түртіңіз.

  5. Егер құпия кодты жасау сұралса Жалғастыру түймешігін түртіп, сандық құпия кодты енгізіңіз. Сұралғаннан кейін құпия код орнатылмаса, құрылғыңызда электрондық пошта тіркелгісін көре алмайсыз. Құпия кодты кейінірек параметрлер ішінен орната аласыз.

    Ескерту : Егер күту уақытының аяқталғандығы туралы хабар алсаңыз, құпия сөзіңіз немесе басқа да ақпаратыңыз қате болуы мүмкін. Ақпаратты қайта теріп, әрекетті қайталаңыз.

Ескерту :  Тіркелгіңізді орнатып болғаннан кейін электрондық поштаны жіберуден немесе алудан бұрын он-он бес минут күтуіңіз қажет болуы мүмкін.

iPhone немесе iPad құрылғысында POP немесе IMAP электрондық пошта тіркелгісін орнату
  1. Параметрлер > Пошта, Контактілер, Күнтізбелер > Тіркелгілер > Тіркелгі қосу > Электрондық пошта тармағын таңдаңыз.

    Ескерту : POP тіркелгісін теңшесеңіз, құрылғыңызбен тек электрондық поштасы синхрондалады. Барлық күнтізбе мен контактілер жергілікті компьютерде сақталып қалады.

  2. Басқа > Электрондық пошта тіркелгісін қосу тармағын таңдаңыз.

  3. Атыңыз, электрондық пошта мекенжайыңыз бен құпия сөзіңізді теріңіз.

    POP3 немесе IMAP тіркелгісін пайдалансаңыз, IMAP не POP, SMTP сервер атауларын, порттары мен орнатуды аяқтау үшін шифрлау әдістерін қосып, тексеру қажет болуы мүмкін. Қажетті параметрлерін табуда көмек қажет болса, электрондық пошта провайдерімен хабарласыңыз.

    Егер жұмыс немесе мектеп тіркелгісі және ұйымыңыз электрондық поштаңызды орналастыру үшін Бизнеске арналған Office 365 бағдарламасын пайдаланатын болса, параметрлер төмендегі кестеде беріледі.

    Сервер түрі

    Сервер атауы

    Порт

    Шифрлау әдісі

    POP3 (кіріс сервері)

    outlook.office365.com

    995

    SSL

    IMAP4 (кіріс сервері)

    outlook.office365.com

    993

    SSL

    SMTP (шығыс сервері)

    smtp.office365.com

    587

    TLS

  4. Сақтау түймешігін басыңыз.

Байланысты ақпарат

  • Сонымен бірге, @outlook.com, @hotmail.com, @msn.com немесе @live.com түрінде аяқталатын электрондық пошта тіркелгісін тексеру үшін құрылғыңыздағы браузерді пайдалануыңызға болады. http://m.mail.live.com веб-сайтына өтіп, электрондық пошта тіркелгіңізге кіріңіз.

  • @outlook.com, @hotmail.com, @msn.com немесе @live.com түрінде аяқталатын Outlook электрондық пошта тіркелгілеріне арналған сілтемелер @outlook.co.uk сияқты халықаралық домендерді немесе Outlook.com сайтында орналастырылатын кез келген реттелетін домендерді де қамтиды.

Қосымша ақпарат

Office 365 қызметін орнату және теңшеу - Анықтама

Mac жүйесіне арналған Outlook 2016 бағдарламасында электрондық поштаны теңшеу

Mac 2011 жүйесіне арналған Outlook бағдарламасына электрондық пошта тіркелгісін қосу

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×