Access 2007 дерекқорын қауіпсіз ету

Бұл мақала Microsoft Office Access 2007 дерекқорларын одан да қауіпсіз етіп ұстау жолын түсіндіреді. Ол Office Access 2007 қауіпсіздік мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану үшін қажетті ұғымдарды және дерекқорды қауіпсіз ету мақсатында Access бағдарламасында ұсынылатын құралдарды пайдалану жолын түсіндіреді.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды:

Office Access 2007 қауіпсіздік жүйесінде қандай жаңалықтар бар

Сенімді мекенжайда орналасқан Office Access 2007 дерекқорын пайдалану

Office Access 2007 дерекқорын орау, оған қол қою және оны тарату

Дерекқорда ашқан кезде ажыратылған мазмұнды қосу

Office Access 2007 дерекқорын шифрлау үшін дерекқор құпия сөзін пайдалану

Ассess бағдарламасының бұрынғы нұсқалары арқылы жасалған дерекқорларды Office Access 2007 бағдарламасында ашқан кезде қауіпсіздік жүйесі қалай жұмыс істейді

Қауіпті өрнектерді жегу (құмсалғыш күйін ажырату)

Office Access 2007 қауіпсіздік жүйесінде қандай жаңалықтар бар

Office Access 2007 бағдарламасы дерекқорға қауіпсіздік шараларды қолдану әрі қауіпсіздік жүйесі қосылған дерекқорды ашу үрдісін жеңілдетуге жәрдемдесетін жетілдірілген қауіпсіздік үлгісін қамтамасыз етеді.

Ескерту : Бұл мақалада талқыланған үлгі мен әдістер қауіпсіздікті арттырғанмен, деректерді қорғаудың ең қауіпсіз жолы кестелерді Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасын жегетін компьютер сияқты серверде сақтау, ал пішіндер мен есептерді жергілікті компьютерлерде немесе желідегі ортақ көздерде сақтау. Access дерекқорларын Windows SharePoint Services 3.0 арқылы пайдалану туралы ақпарат алу үшін Кестені немесе сұрауды SharePoint торабына экспорттау және SharePoint тізімінен импорттау немесе оған байланыстыру.

Төмендегі тізімде Office Access 2007 бағдарламасының қауіпсіздік жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктері берілген:

  • Дерекқор ішіндегі кез келген ажыратылған Microsoft Visual Basic for Applications (VBA) кодын немесе құрамдастарын қосқыңыз келмеген жағдайда да деректерді көру мүмкіндігі. Microsoft Office Access 2003 бағдарламасында қауіпсіздік деңгейін "Жоғары" деп теңшеген жағдайларда дерекқордың деректерін көру үшін оған код арқылы қол қойып, оны сенімді етуіңіз қажет еді. Office Access 2007 бағдарламасында дерекқорды қосу туралы шешім қабылдау қажетіне ұшырамай, дерекқорларды ашып, деректерді көруге болады.

  • Бағдарламаны пайдалану тағы да жеңілдетілген. Егер дерекқор файлдарын (олар жаңа Office Access 2007 файл пішімінде болса да, бұрынғы файл пішімдерінде болса да) сенімді мекенжайда орналасқан болса (мәселен, қауіпсіз деп тағайындалған файл қалтасында неме желідегі ортақ көзде), осы файлдар ескерту хабарларын немесе кез келген ажыратылған мазмұнды қосыңыз деп сұрайтын хабарларды көрсетпей ашылып орындалады. Сондай-ақ, Office Access 2007 бағдарламасында Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жасалған файларды (мәселен, .mdb немесе .mde файлдарын) ашсаңыз және Сіз оларға сандық түрде қол қойған немесе олардың жариялаушысын сенімді етіп тағайындаған болсаңыз, осы дерекқорлар сенім туралы шешім қабылдау қажетін туғызбай жегіледі. Дегенмен, мынаны есте сақтаңыз: қол қойылған дерекқорындағы VBA коды жариялаушы сенімді етіп тағайындалмағанға дейін жегілмейді және ол сандық қолтаңба жарамсыз болып қалған жағдайда жегілмейді. Қолтанба дерекқорға қол қойған кісі болмаған басқа біреу оның мазмұнын өзгерткен жағдайда жарамсыз болып қалады. Дерекқорларға қол қою туралы көбірек ақпарат алу үшін Ассess бағдарламасының бұрынғы нұсқалары арқылы жасалған дерекқорларды Office Access 2007 бағдарламасында ашқан кезде қауіпсіздік жүйесі қалай жұмыс істейді бөліміне қараңыз.

    Егер куәлікке сенейін бе, сенбейін бе деп күмәнданып тұрсаңыз, Сандық қолтаңбаның сенімділік-сенімсіздігін анықтау жолы мақаласы куәліктегі күндерді және басқа элементтерін тексеріп, оның жарамдылығына көз жеткізу жолы туралы жалпы ақпарат ұсынады.

  • Сенім орталығы. Сенім орталығы Access бағдарламасының қауіпсіздік параметрлерін бір жерден теңшеуге және өзгертуге мүмкіндік беретін тілқатысу терезесі болып табылады. Сенім орталығы сенімді орналасу мекенжайларын жасау мен өзгерту және Office Access 2007 бағдарламасының қауіпсіздік параметрлерін теңшеу үшін пайдаланылады. Жаңа және бар дерекқорлар Access бағдарламасының осы нұсқасында ашылған кезде осы параметрлер олардың жұмыс істеу тәртібіне әсер етеді. Сондай-ақ, Сенім орталығында дерекқордағы құрамдастарды бағалау әрі осы дерекқорды ашу үшін оның сенімділігін анықтау немесе Сенім орталығына дерекқорды ажыратуға немесе Сізге оны қосуға рұқсат беруді анықтайтын логикалық элементтері бар. Access бағдарламасында Сенім орталығын пайдалану туралы көбірек ақпарат алу үшін төмендегі Сенімді мекенжайда орналасқан Office Access 2007 дерекқорын пайдалану бөліміне қараңыз.

    Сенім орталығын пайдалану туралы жалпы ақпаратты көру үшін Сенім орталығында менің қауіпсіздік және құпиялылық параметрлерімді көру мақаласына қараңыз.

  • Ескерту хабарларының саны кемітелген. Access бағдарламасының бұрынғы нұсқалары Сізді түрлі ескерту хабарларын шешуге мәжбур еткен: макростардың қауіпсіздігі және құмсалғыш күйі туралы хабарлар олардың тек екі мысалы болып табылады.  Әдепкіде, Office Access 2007 дерекқорын сенімді мекенжайдан тыс жерде ашқан кезде Сіз тек қана бір, "Хабарлар тақтасы" деп аталатын құралды көресіз.

    Хабар тақтасы

    Егер дерекқордың сенімді болғaнын білсеңіз, Хабарлар тақтасын пайдаланып, бір немесе бірнеше құрамдастарды ұстайтын дерекқорды ашқан кезде кез келген ажыратылған құрамдастарын қосуыңыз мүмкін: мәселен, әрекет сұрауларын (деректерді қосатын, жоятын немесе өзгертетін сұраулар), макростарын, ActiveX басқару элементтерін, өрнектерін (бір-aқ мәнге дейін бағалайтын функциялар) және VBA кодын.  .

  • Office Access 2007 файл пішіміндегі жасалған файлдарға қол қою мен оларды таратудың жаңа жолдары. Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында қауіпсіздік куәлігін кейбір дерекқор құрамдастарына қолдану үшін Visual Basic Editor пайдаланылған. Office Access 2007 бағдарламасында, дерекқорды орауға, кейін оған қол қойып таратуға болады. Егер дерекқор қол қойылған бумадан сенімді мекенжайға шығарылатын болса, дерекқор Хабарлар тақтасын көрсетпей жегіледі. Егер дерекқор қол қойылған бумадан сенімсіз мекенжайға шығарылатын болса, бірақ бума куәлігіне сенімділік танытқан болсаңыз және қол таңбасы жарамды болса, сенім туралы шешім қабылдау қажет емес. Сенімсіз немесе жарамсыз сандық қолтаңба ұстайтын дерекқорды ораған және оған қол қойған жағдайда, дерекқорды сенімді мекенжайда орналастырғанға дейін оны әр жолы ашқан кезде Хабарлар тақтасын пайдалануыңыз тиіс.

  • Дерекқор құпия сөзі мүмкіндігін пайдаланатын Office Access 2007 файл пішімінде дерекқорларды шифрлау үшін күштірек алгоритм қолданылады. Дерекқорды шифрлау үрдісі кестелердегі деректерді араластырып тастайды, жәнә бөгде пайдаланушыларға деректеріңізді көруге жол бермеуге жәрдемдеседі.

  • Дерекқор ажыратылған жағдайда макро әрекеттерінің жаңа ішкі сыныбы орындалады. Бұл қауіпсіздірек макростарда да қателерді шешу мүмкіндіктері бар. Сондай-aқ, кез келген пішіннің, есептің немесе басқару элементінің VBA кодының модулімен немесе Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларынан алынған макростармен логикалық түрде жұмыс істейтін сипаттарына макростарды (олардың ішінде Access тарапынан ажыратылатын әрекеттер болса да) ендіруге болады.

    Ескерту : Макростар туралы көбірек ақпарат алу үшін Access 2007 макростарының негіздері мақаласына қараңыз.

Ең соңында, келешек үшін осы ережелерді есте сақтаңыз:

  • Егер сенімді мекенжайда орналасқан дерекқорды ашсаңыз, барлық құрамдастары сенім туралы шешімдерді қабылдау қажетін туғызбай жегіледі.

  • Егер Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жасалған дерекқорды (.mdb немесе .mde файлы) орап, оған қол қойып және орналастыратын болсаңыз, дерекқорда жариялаушының жарамды сандық қолтаңбасы және Сіз куәлікке сенім танытқак болған жағдайда оның барлық құрамдастары сенім туралы шешім қабылдау қажетін туғызбай жегіледі.

  • Егер сенімсіз дерекқорға қол қойып, оны сенімсіз мекенжайға орналастырсаңыз, Сенім орталығы әдепкіде дерекқорды ажыратады және дерекқорды әр жолы ашқан кезіңізде оны қосуыңыз қажет. Көбірек ақпарат алу үшін Дерекқорды ашқан кезде ажыратылған мазмұнды қосу.

Office Access 2007 бағдарламасы және пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздік

Office Access 2007 жаңа файл пішіміндегі (.accdb мен .accde files) жасалған дерекқорлар үшін пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Алайда, егер Access бағдарламасының бұрынғы нұсқасында жасалған файлды Office Access 2007 бағдарламасында ашсаңыз және осы дерекқорға пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздік қолданылған болса, осы теңшелімдер әлі де жұмыс істейді.

Егер пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздікке ие болған әрі Access бағдарламасының бұрынғы нұсқасында жасалған файлды жаңа файл пішіміне түрлендірсеңіз, Access автоматты түрде файлдан барлық қауіпсіздік параметрлерін алып тастайды және .accdb немесе .accde файлын қауіпсіз ету ережелері қолданылатын болады.

Ең соңында, Office Access 2007 бағдарламасында жасалған дерекқорларды ашқан кезіңізде барлық пайдаланушылар барлық дерекқор нысандарын әрқашан көре алатындығын есте сақтаңыз.

Office Access 2007 қауіпсіздік архитектурасы

Office Access 2007 қауіпсіздік архитектурасын түсіну үшін Access дерекқоры Microsoft Office Excel 2007 жұмыс кітабы немесе Microsoft Office Word 2007 құжаты сияқты бір файл еместігін есте сақтауыңыз қажет. Бұның орнына Access дерекқоры нысандар  — кестелер, пішіндер, сұраулар, макростар, есептер және т.т.  — жиынтығы болып табылады және олар жұмыс істеу үшін бір біріне жиі тәуелді болады. Мәселен, деректерді енгізу пішінін жасасаңыз, пішіндегі басқару элементтерін кестеге байланыстырғанға дейін бұл пішін арқылы деректерді енгізе немесе сақтай алмайсыз.

Қауіпсіздік тұрғысынан бірнеше Access құрамдастары қауіп туғызуы мүмкін. Олардың ішінде әрекет сұраулары (деректерді кірістіретін, жоятын немесе өзгертетін сұраулар), макростар, өрнектер (бір мән қайтаратын функциялар) және VBA коды бар. Деректердің қауіпсіздігін нығайту мақсатында дерекқорды қашан ашсаңыз да Office Access 2007 бағдарламасы мен Сенім орталығы бірнеше қауіпсіздік тексерулерін орындайды. Бұл үрдіс келесідей жұмыс істейді:

  • Office Access 2007 бағдарламасында .accdb немесе .accde файлын ашқан кезіңізде, Access дерекқордың орналасу мекенжайын Сенім орталығына жібереді. Егер орналасу мекенжайы сенімді болса, дерекқор барлық мүмкіндіктерімен жегіледі. Егер Office Access 2007 бағдарламасында Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жасалған дерекқорды ашсаңыз, Access дерекқордың орналасуы және оған қолданылған сандық қолтаңба туралы егжей-тегжейлі ақпарат (егер бар болса) жібереді.

    Сенім орталығы осы «дәлелдерді» тексеріп, дерекқордың сенімділігін бағалайды және Access бағдарламасына дерекқорды қалай ашу керектігі туралы ақпарат береді. Access дерекқорды не ажыратады не барлық функционалдық мүмкіндіктерімен бірге ашады.

    Ескерту : Сенім орталығында Сіз немесе жүйе әкімшіңіз таңдаған параметрлердің Access дерекқорды ашқан кезде орын алатын сенім туралы шешімдерді реттейтінін есте сақтаңыз.

    Сенім орталығы туралы көбірек ақпарат алу үшін Сенім орталығында менің қауіпсіздік және құпиялылық параметрлерімді көру мақаласына қараңыз.

  • Егер Сенім орталығы кез келген мазмұнды ажыратса, дерекқор ашылған кезде Хабарлар тақтасы пайда болады.

    Хабар тақтасы

    Кез келген ажыратылған мазмұнды қосу үшін Параметрлер түймешігін басыңыз да пайда болатын тілқатысу терезесінде параметрлер таңдаңыз. Access ажыратылған мазмұнды қосады және дерекқор барлық функционалдық мүмкіндіктерімен бірге қайта ашылады. Әйтпесе, ажыратылған құрамдастары жұмыс істемейді.

  • Егер бұрынғы файл пішімінде жасалған дерекқорды (.mdb немесе .mde файлдары) ашсаңыз және осы дерекқорға қол қойылмаған әрі ол сенімді болмаса, әдепкіде Access бағдарламасы кез келген орындалатын мазмұнды ажыратады.

Ажыратылған күйді түсіну

Сенім орталығы дерекқорды сенімсіз деп бағаласа Office Access 2007 бағдарламасы осы дерекқорды ажыратылған күйде ашады — бұл дегені ол барлық орындалатын мазмұнды өшіріп тастайды. Бұл жаңа Office Access 2007 файл пішімінде жасалған дерекқорлар үшін де Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жасалған файлдар үшін де шын болады.

Office Access 2007 келесі құрамдастарды ажыратады:

  • VBA кодын және VBA кодындағы кез келген сілтемені, және оған қоса кез келген қауіпті өрнектерді.

  • Барлық макростардағы қауіпті әрекеттерді. «Қауіпті» әрекеттер пайдаланушыға дерекқорды өзгертуге немесе дерекқордан тыс көздерге қатынас құқығын иемденуге мүмкіндік беретін әрекеттер болып табылады. Дегенмен, Access тарапынан ажыратылған әрекеттер кейде «қауіпсіз» болып есептелуі мүмкін. Мәселен, егер дерекқорды жасаған кісіге сенетін болсаңыз, кез келген қауіпсіз макро әрекеттерге сенуіңіз мүмкін.

  • Сұраулардың бірнеше түрлері:

    • Әрекет сұраулары    Бұлар деректерді қосады, жаңартады және жояды.

    • Деректерді анықтау тілі (DDL) сұраулары    Бұлар дерекқордағы нысандарды (мәселен, кестелер мен үрдістер) жасау немесе өзгерту үшін пайдаланылады.

    • SQL өткізу сұраулары    Бұлар пәрмендерді тікелей "Ашық дерекқор қосылым мүмкіндігі" (ODBC) стандартын қолдайтын дерекқор серверіне жібереді. Өту сұраулары сервердегі кестелермен Access дерекқор механизмін араластырмай жұмыс істейді.

  • ActiveX басқару элементтері.

Дерекқор ашылған кезде Access қондырмаларды қотарып алуға тырысуы мүмкін. Қондырмалар — не Access бағдарламасының не ашық дерекқордың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін бағдарламалар болып табылады. Сондай-ақ, ашық дерекқор ішінде нысандар жасайтын шеберлерді орындағыңыз келуі мүмкін. Қондырма қотарылып алынған соң немесе шебер басталған соң Access дәлелдерді Сенім орталығына жібереді, ал ол қосымша сенім шешімдерін қабылдайды және нысанды немесе әрекетті не қосады не ажыратады. Сенім орталығы дерекқорды ажыратқан кезде және Сіз осы шешімге риза болмасаңыз, хабарлар тақтасын пайдаланып, мазмұнды әрдайым дерлік қосуыңыз мүмкін. Қондырмалар бұл ережеден ерекше болады. Егер Сенім орталығында (Қондырмалар аймағында) Бағдарлама кеңейтімлерінде сенімді жариялаушының қолтаңбасы болғанын талап ету параметріне құсбелгі қойсаңыз, Access бағдарламасы осы қондырманы қосыңыз дейтін хабар шығарады, бірақ бұл үрдіске хабарлар тақтасы қатыспайды. Сенім орталығын пайдалану туралы ақпарат алу үшін төмендегі Сенімді мекенжайда орналасқан Office Access 2007 дерекқорын пайдалану бөліміне қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сенімді мекенжайда орналасқан Office Access 2007 дерекқорын пайдалану

Office Access 2007 дерекқоры сенімді мекенжайда орналастырылған болса, дерекқорды ашқан кезіңізде барлық VBA коды, макростар мен қауіпсіз өрнектер жегіледі. Дерекқор ашылған кезде сенім шешімдерін қабылдау қажет емес.

Сенімді мекенжайдағы Office Access 2007 дерекқорын пайдалану үрдісі осы жалпы қадамдар арқылы орындалады:

  1. Сенім орталығын пайдаланып, сенімді мекенжайды табу немесе жасау.

  2. Office Access 2007 дерекқорын сенімді мекенжайға сақтау, жылжыту немесе көшіру.

  3. Дерекқорды ашу мен пайдалану.

Төмендегі қадамдар жиынтығы сенімді мекенжай тауып немесе жасап, осы мекенжайға дерекқорды қосу жолын түсіндіреді.

Сенім орталығын бастау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Access параметрлері түймешігін нұқыңыз.

    Ескерту : Дерекқорды ашу шарт емес.

    Access параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Сенім орталығы дегенін таңдаңыз да Microsoft Office Сенім орталығы астында Сенім орталығы параметрлері түймешігін басыңыз.

  3. Сенімді мекенжайлар дегенін таңдаңыз да келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    • Бір немесе бірнеше сенімді мекенжайлардың жолын есте сақтаңыз.

    • Жаңа сенімді мекенжай жасаңыз. Бұны істеу үшін Жаңа мекенжай қосу түймешігін басыңыз да параметр таңдауды Microsoft Office сенімді мекенжайы тілқатысу терезесінде аяқтаңыз.

      Сенімді мекенжай жасау туралы көбірек ақпарат алу үшін Файлдарыңыз үшін сенімді мекенжай жасау, жою немесе өзгерту мақаласына қараңыз.

Дерекқорды сенімді мекенжайда орналастыру

  • Дерекқор файлын сенімді мекенжайға жылжыту немесе көшіру үшін Сізге ұнамды әдісті пайдаланыңыз. Мәселен, файлды жылжыту немесе көшіру үшін жетектеушіні пайдалануыңыз мүмкін немесе файлды Access бағдарламасында ашып, сенімді мекенжайға сақтауыңыз мүмкін.

Сенімді мекенжайда орналасқан дерекқорды ашу

  • Файлды ашу үшін Сізге ұнамды әдісті пайдаланыңыз. Мәселен, файлды жетектеуші ішінде тауып, оған екі нұқуыңыз мүмкін, немесе егер Access бағдарламасы ашық болып тұрса, Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, файлды тауып ашуыңыз мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Office Access 2007 дерекқорын орау, оған қол қою және оны тарату

Office Access 2007 дерекқорға қол қою және оны тарату жұмысын жеңілдетеді және жылдамдатады. Сіз .accdb файлын немесе .accde файлын жаратқан кезде, файлды орауыңыз мүмкін, оған сандық қолтаңба қолдануыңыз мүмкін және қол қойылған буманы басқа пайдаланушыларға таратуыңыз мүмкін. Орау және қол қою мүмкіндігі дерекқорды Access орналастыру (.accdc) файлына салады, бумаға қол қояды, ал одан кейін код арқылы қол қойылған буманы Сіз белгілейтін мекенжайда орналастырады. Одан кейін пайдаланушылар дерекқорды бумадан шығарып алып, орау файлында емес, дерекқорның ішінде тікелей жұмыс істеуі мүмкін.

Келешек үшін осы факттарды есте сақтаңыз:

  • Дерекқорды орау және оған қол қою дерекқорға сенім арттырудың жолдары болып табылады. Сіз немесе пайдаланушыларыңыз буманы алған кезде, қолтаңба дерекқорды ешкім ашып, бұзмағанын растайды. Егер авторға сенсеңіз, мазмұнды қосуыңыз мүмкін.

  • Жаңа Орау және қол қою мүмкіндігі Office Access 2007 файл пішіміндегі дерекқорларға қолданылады. Office Access 2007 бұрынғы файл пішімдерінде жасалған файлдарға қол қою және оларды тарату ескірек құралдарды да ұсынады. Сондай-aқ, ескірек құралдарды жаңа файл пішімінде жасалған файлдарға қол қою және оларды орналастыру үшін пайдалана алмайсыз.

  • Бумаға тек қана бір дерекқор қосуға болады.

  • Бұл үрдіс дерекқор ішіндегі барлық нысандарға қол қояды, тек қана макростарға немесе код модульдеріне емес. Сондай-ақ, қотару уақытын қысқарту үшін осы үрдіс бума файлын қысады.

  • Дерекқорларды Windows SharePoint Services 3.0 серверлерінде орналасқан бума файларындан шығарып алуға болады.

Келесі бөлімдердегі қадамдар қол қойылған бума файлын жасау және қол қойылған бума файлындағы дерекқорды пайдалану жолын түсіндіреді.

Ескерту : Бұл қадамдарды орындау үшін Сізде кемінде бір қауіпсіздік куәлігі болуы тиіс. Егер Сізде куәлік жоқ болса, SelfCert құралын пайдаланып, біреуін жасауыңыз мүмкін. Жеке қауіпсіздік куәлігін жасау туралы ақпарат алу үшін Ассess бағдарламасының бұрынғы нұсқалары арқылы жасалған дерекқорларды Office Access 2007 бағдарламасында ашқан кезде қауіпсіздік жүйесі қалай жұмыс істейді.

Қол қойылған буманы жасау

  1. Орағыңыз және қол қойғыңыз келетін дерекқорды ашыңыз.

  2. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз, Жариялау дегенін нұқыңыз да Орау және қол қою пәрменін таңдаңыз.

    Куәлік таңдау тілқатысу терезесі пайда болады.

  3. Сандық куәлік таңдаңыз да Жарайды түймешігін басыңыз.

    Microsoft Office Access қол қойылған бумасын жасау тілқатысу терезесі пайда болады.

  4. Осында сақтау тізімінен дерекқор бумасы үшін орналасу мекенжай таңдаңыз.

  5. Файл атауы жақтауында қой қойылған бума үшін атау енгізіңіз де Жасау түймешігін басыңыз.

    Access бағдарламасы .accdc файлын жасайды және оны Сіз таңдаған мекенжайға орналастырады.

Қол қойылған буманы шығарып алу және пайдалану

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

    Ашу тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Файлдар түрі тізімінде Microsoft Office Access қол қойылған бумалары (*.accdc) дегенін таңдаңыз.

  3. Осында іздеу тізімін пайдаланып, .accdc файлын ұстайтын қалтаны табыңыз, файлды таңдаңыз да Ашу түймешігін басыңыз.

  4. Келесілердің біреуін орындаңыз:

    • Егер орналастырылған бумаға қолданылған сандық куәлігіне сенім білдіруді ұйғарсаңыз Дерекқорды осыған шығару тілқатысу терезесі пайда болады. Келесі қадамға өтіңіз.

    • Егер сандық куәлікке сенім білдіруді әлі ұйғармасаңыз, кеңес беретін хабар пайда болады.

      Кеңес беретін хабар

      Егер дерекқорға сенсеңіз Ашу түймешігін басыңыз. Егер осы жеткізушіден келген кез келген куәлікке сенсеңіз Жариялаушыдан келгеннің барлығына сену. Дерекқорды осыған шығару тілқатысу терезесі пайда болады.

  5. Егер қаласаңыз, Осында сақтау тізімінде шығарылған дерекқор үшін орналасу мекенжайын таңдаңыз да Файл атау жақтауында шығарылған дерекқор үшін басқа атау енгізіңіз.

  6. Жарайды түймешігін басыңыз.

Егер куәлікке сенейін бе, сенбейін бе деп күмәнданып тұрсаңыз, Сандық қолтаңбаның сенімділік-сенімсіздігін анықтау жолы мақаласы куәліктегі күндерді және басқа элементтерін тексеріп, оның жарамдылығына көз жеткізу жолы туралы жалпы ақпарат ұсынады.

Беттің жоғарғы жағы

Дерекқорда ашқан кезде ажыратылған мазмұнды қосу

Дерекқорға сенім білдірмеген болсаңыз немесе оны сенімді мекенжайда орналастырмаған болсаңыз, әдепкіде, Access дерекқордағы барлық мазмұнды ажыратады . Дерекқорды ашқан кезде, Access мазмұнды ажыратады және Хабарлар тақтасын бейнелейді.

Хабар тақтасы

Office Access 2007 бағдарламасының Access 2003 бағдарламасынан ерекшелігі, ол дерекқор ашқан кезіңізде модальды тілқатысу терезелер (бірдеңе ету үшін шешім қабылдауды талап ететін тілқатысу терезелері) жиынтығын көрсетпейді. Алайда, егер Office Access 2007 бағдарламасын осы бұрынғы істеу тәртібіне қайтарғыңыз келсе, тізбе кілтін қосып, ескірек тілқатысу терезесін бейнелеуіңіз мүмкін. Осы бөлімдің соңындағы қадамдар тізбе кілтін өзгерту жолын түсіндіреді.

Дерекқор ашқан соң Access қандай істеу тәртібіне өтсе де, егер осы дерекқор сенімді жариялаушыдан келген жағдайда файлдағы орындалынатын құрамдастарды қосып алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Дерекқорға сенім білдіру

  1. Хабарлар тақтасында Параметрлер түймешігін басыңыз.

    Microsoft Office қауіпсіздік параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Осы мазмұнды қосу параметріне құсбелгі қойыңыз да Жарайды түймешігін басыңыз.

Егер хабарлар тақтасын көрмей тұрсаңыз

  • Дерекқор құралдары қойындысын ашыңыз, Көру/Жасыру тобында Хабарлар тақтасы параметріне құсбелгі қойыңыз.

Маңызды : Осы қадамдарды орындаған соң, Access барлық ажыратылған мазмұнды қосады және осы мазмұнның ішінде әлеуетті қаскүнемдік бағдарламалар болуы мүмкін. Бұл мазмұн дерекқор жабылғанға дейін қосылған болып тұрады. Егер қаскүнемдік бағдарламалар деректеріңізге немесе компьютеріңізге зиян келтірсе, Access осы зиянды болдырмай алмайды.

Дерекқорды жабу

  • Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Дерекқорды жабу түймешігін нұқыңыз.

Дерекқорды қайта ашқан кезіңізде Хабарлар тақтасы қайта пайда болады. Осы кезде ажыратылған мазмұнды ажыратылған күйінде қалдыру немесе тақтаны жасыру арқылы Хабарлар тақтасын жабуға болады. Осы әрекеттердің екеуі де бір-ақ әсер келтіреді — барлық ажыратылған мазмұн ажыратылған болып қала береді.

Мазмұнды ажырату

  1. Хабарлар тақтасында Параметрлер түймешігін басыңыз.

    Microsoft Office қауіпсіздік параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Белгісіз мазмұннан қорғауды орнату (ұсынылады) параметріне құсбелгі қойыңыз да Жарайды түймешігін басыңыз.

    Access әлеуетті қауіпті құрамдастардың бәрін ажыратады.

Хабарлар тақтасын жасыру

  • Сенім туралы шешім қабылдамай, Хабарлар тақтасының жоғарғы бұрышында Жабу түймешігін (X) басыңыз.

    Хабарлар тақтасы жабылады.

Хабарлар тақтасын көрсету

  • Дерекқор құралдары қойындысын ашыңыз, Көру/Жасыру тобында Хабарлар тақтасы параметріне құсбелгі қойыңыз. Сондай-ақ, Хабарлар тақтасын көрсету үшін дерекқорды жауып, оны қайтадан ашуға болады.

Модальды тілқатысу терезелерін көрсету үшін тізбе кілтін қосу

Абайлаңыз      Тізбені қате өңдеу жүйеңізді қайта орнатуды қажет етітіндей елеулі түрде зақымдауы мүмкін. Microsoft корпорациясы тізбені қате өңдеу салдарынан болған ақаулықтардың түзетілу мүмкіндігін кепілдендірмейді. Тізбені қате өңдемес бұрын, қандай да бір маңызды деректеріңіз болса, сақтық көшірмесін жасаңыз. Компьютеріңіздің тізбесін пайдалану және сақтау жөніндегі ең жаңа ақпаратты Microsoft Windows Анықтамалығынан қараңыз.

  1. Бастау түймешігін басыңыз да Жегу пәрменін таңдаңыз.

  2. Ашу жақтауында regedit пәрменін енгізіңіз де ENTER пернесін басыңыз.

    Тізбе өңдегіші басталады

  3. HKEY_CURRENT_USER қалтасын шығарып алыңыз да келесі тізбе кілтіне өтіңіз:

    Software\Microsoft\Office\12.0\Access\Security

  4. Тізбе өңдегішінің бос аймағына тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, көрсеткіні Жаңа пәрменінің үстіне қойыңыз да DWORD мәні пәрменін таңдаңыз. Жаңа бос DWORD мәні пайда болады.

  5. Мән үшін келесі атауды енгізіңіз: ModalTrustDecisionOnly.

  6. Жаңа мәнді екі рет нұқыңыз.

    DWORD мәнін өңдеу тілқатысу терезесі пайда болады.

  7. Мәндер өрісінде 0 мәнін 1 мәніне өзгертіңіз де Жарайды түймешігін басыңыз.

  8. Тізбе өңдегішін жабыңыз.

Ендігі кезде қауіпті мазмұн ұстайтын дерекқорды ашқан кезіңізде Хабарлар тақтасының орнына бірнеше тілқатысу терезелерін көресіз. Бастапқы істеу тәртібіне қайту үшін осы қадамдарды қайта орындап, 1 мәнін 0 мәніне өзгертіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Office Access 2007 дерекқорын шифрлау үшін дерекқор құпия сөзін пайдалану

Office Access 2007 бағдарламасының шифрлау құралы екі бұрынғы құралдарды (шифрлау және дерекқор құпия сөздерін) тіркестірген әрі жетілдірілген.  Дерекқор құпия сөзін пайдаланып, дерекқорды шифрлаған кезіңізде барлық деректерді басқа құралдар үшін оқи алынбайтын етіп қоясыз және пайдаланушыларға дерекқорды пайдалану мүмкіндігін беру үшін оларды құпия сөзін енгізуге мәжбүр етесіз. Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларына қарағанда, Office Access 2007 бағдарламасында қолданылатын шифрлау үрдісі күштірек алгоритмді пайдаланады.

Дерекқор құпия сөзі арқылы шифрлау

  1. Шифрлағыңыз келетін дерекқорды жеке иелік күйінде ашыңыз.

    Дерекқорды жеке иелік күйінде ашу

    1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

    2. Ашу тілқатысу терезесінде ашқыңыз келетін файлды тауып, оны таңдаңыз.

    3. Ашу түймешігінің қасында тұрған көрсеткіні нұқыңыз да Жеке ашу пәрменін таңдаңыз.

      Файлды монополиялық режимде ашу

  2. Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор құралдары тобында Кілт сөзбен шифрлау түймешігін нұқыңыз.

    Дерекқордың құпия сөзін теңшеу тілқатысу терезесі пайда болады.

  3. Құпия сөз жақтауында құпия сөзіңізді енгізіңіз де Тексеру өрісінде оны қайтадан енгізіңіз.

    Ескертулер : 

    • Бас және кіші әріптерден, сандардан және таңбалардан тұратын қиын кілт сөздерді пайдаланыңыз. Жеңіл кілт сөзде ондай қасиеттер жоқ. Қиын кілт сөз үлгісі: Y6dh!et5. Жеңіл кілтсөз: Үй27. кілт сөздердің ұзындығы 8 немесе одан да көп таңбадан тұруы тиіс. 14 немесе одан да көп таңбадан тұратын кілт сөйлемдер ең жақсы шешім болып табылады. Көбірек ақпарат алу үшін Жеке ақпаратыңызды қиын кілт сөзбен қорғауға көмектесу (Ағылшын тілінде) тармағын қараңыз.

    • Кілт сөзіңізді жатқа білген өте маңызды. Кілт сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, Microsoft корпорациясы оны қалпына келтіре алмайды. кілт сөзіңізді жазып қойып, өзі қорғауға арналған ақпараттан аулақ, қауіпсіз жерде сақтаңыз.

  4. Жарайды түймешігін басыңыз.

Шифрді шешіп, дерекқорды ашу

  1. Шифрланған дерекқорды кез келген басқа дерекқорды әдетте ашқандай ашыңыз.

    Құпия сөзді енгізу керек тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Дерекқордың құпия сөзін енгізу жақтауында құпия сөзіңізді енгізіңіз де Жарайды түймешігін басыңыз.

Құпия сөзді алып тастау

  1. Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор құралдары тобында Дерекқор шифрын шешу түймешігін нұқыңыз.

    Дерекқордың құпия сөзін жою тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Құпия сөз тілқатысу терезесінде құпия сөзіңізді енгізіңіз де Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ассess бағдарламасының бұрынғы нұсқалары арқылы жасалған дерекқорларды Office Access 2007 бағдарламасында ашқан кезде қауіпсіздік жүйесі қалай жұмыс істейді

Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жасалған дерекқорды ашқан кезде осы дерекқорға қолданылған қауіпсіздік мүкіндіктері әлі де жұмыс істейді. Мәселен, дерекқорға пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздік қолданған болсаңыз, бұл мүмкіндік Office Access 2007 жұмыс істейді.

Әдепкіде, Access ескірек сенімсіз дерекқорлардың бәрін ажыратылған күйінде ашады және оларды осы күйде ұстайды. Ескірек дерекқорды әр жолы ашқан кезде барлық ажыратылған мазмұнын қосуыңыз мүмкін, немесе сенімді жариялаушыдан келген куәлікті пайдаланып, сандық қолтаңба қолдануыңыз мүмкін, немесе дерекқорды сенімді мекенжайға орналастыруыңыз мүмкін.

Office Access 2007 бағдарламасынан бұрын шыққан нұсқаларда жасалған дерекқорлар үшін код арқылы қол қою үрдісі дерекқордағы құрамдастарға сандық қолтаңба қолдану үрдісі болып табылады. Сандық қолтаңба шифрланған, электрондық түрде түпнұсқалығын растайтын мөр болып табылады. Ол макростар, код модульдері және дерекқордағы басқа орындалатын құрамдастар дерекқорға қол қойған кісінен келгенін және дерекқорға қол қойылған соң оны ешкім өзгертпегенін растайды.

Дерекқорыңызға қолтаңба қолдану үшін Сізге ең әуелі сандық куәлікке керек. Егер дерекқорларды пайдаланушыларға сату мақсатында жасасаңыз, куәлікті VeriSign, Inc. немесе GTE сияқты коммерциялық ұйымдарға куәліктер беретін мекемеден алуыңыз тиіс. Куәландыру мекемелері дерекқорларды жасайтын кісілер (олар жариялаушылар ретінде белгілі) туралы мәліметтерді тексеріп, олар жақсы атаққа ие болғанын анықтайды.

Егер дерекқорды өзіңіз пайдаланғыңыз келсе немесе оны шектелген жұмыс тобы ішінде пайдаланғанын қаласаңыз, Microsoft Office Professional 2007 (қазақша нұсқасы) куәлікке өзіңіз қол қою мүмкіндігін беретін құралды ұсынады. Келесі бөлімдер өзіңіз қол қоятын куәлікті жасау үшін SelfCert.exe деп аталатын құралды орнату және пайдалану жолын түсіндіреді. Куәлікті сенімді көздер тізіміңізге қосып, дерекқорға қол қоясыз.

Өзіңіз қол қоятын куәлікті жасау

  1. Бастау түймешігін басыңыз, Барлық бағдарламалар, Microsoft Office, Microsoft Office құралдары пәрменлерін тізбек-тізбектен таңдаңыз да VBA жобаларына арналған сандық куәлік пәрменін таңдаңыз.

    -немесе-

    Office Professional 2007 (қазақша нұсқасы) бағдарлама файлдарын ұстайтын қалтаны ашыңыз. Әдепкі қалта Дискі:\Program Files\Microsoft Office\Office12 болып табылады. Осы қалтада SelfCert.exe бағдарламасын тауып, оны екі рет нұқыңыз.

    Сандық куәлік жасау тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Куәлігіңіздің атауы жақтауында сынау үшін жасалынатын жаңа куәлік үшін атау енгізіңіз.

  3. Жарайды түймешігін екі рет нұқыңыз.

Ескерту : Егер VBA жобаларына арналған сандық куәлік пәрмені көрінбесе, немесе оны таба алмай тұрсаңыз, SelfCert құралын орнатуыңыз қажет болуы мүмкін. SelfCert бағдарламасын орнату үшін осы бөлімдің соңында берілген қадамдарды орындаңыз.

Дерекқорға код арқылы қол қою

  1. Қол қойғыңыз келетін дерекқорды ашыңыз.

  2. Visual Basic өңдеушісін жегу үшін Дерекқор құралдары қойындысының Құрамды пәрмен тобында Visual Basic түймешігін нұқыңыз.

    Пернетақта лақабы  ALT және F11 пернелерін бір уақытта басыңыз.

  3. Жоба жетектеушісі терезесінде қол қойғыңыз келетін дерекқорды, макросты немесе код модулін таңдаңыз.

  4. Құралдар мәзірінен Сандық қолтаңба пәрменін таңдаңыз.

    Сандық қолтаңба тілқатысу терезесі пайда болады.

  5. Сынау мақсатында қолданылатын куәлікті таңдау үшін Таңдау түймешігін басыңыз.

    Куәлік таңдау тілқатысу терезесі пайда болады.

  6. Қолданғыңыз келетін куәлікті таңдаңыз.

    Егер алдыңғы бөлімдегі қадамдарды орындаған болсаңыз, бұл SelfCert құралы арқылы жасалған куәлік болады.

  7. Жарайды түймешігін басып, Куәлік таңдау тілқатысу терезесін жабыңыз да Жарайды түймешігін қайта басып, Сандық қолтаңба тілқатысу терезесін жабыңыз.

Ескерту : Мынаны есте сақтаңыз: осы қадамдарды Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жасалған дерекқорларды Office Access 2007 бағдарламасында пайдаланып тұрған жағдайда ғана қолдануға болады. Жаңарақ дерекқорларға қол қою үшін Office Access 2007 дерекқорын орау, оған қол қою және оны тарату бөліміне қараңыз.

SelfCert.exe бағдарламасын орнату

  1. Office Professional 2007 (қазақша нұсқасы) Орнату CD дискін немесе басқа орнату арқауын бастаңыз.

  2. Орнату бағдарламасында Құрамдастарды қосу немесе жою дегенін таңдаңыз да Жалғастыру түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер Сіз Office Professional 2007 (қазақша нұсқасы) компьютерлерге CD дискі арқылы емес, IT әкімшілері тарапынан орнатылатын жерде жұмыс істесеңіз, келесі қадамдарды орындаңыз:

    1. Microsoft Windows амалдық жүйесінде Бастау түймешігін басыңыз да Басқару тақтасы пәрменін таңдаңыз.

    2. Бағдарламалар қосу немесе жою белгішесін екі рет нұқыңыз.

    3. 2007 Microsoft Office жүйесі дегенін таңдаңыз да Өзгерту түймешігін басыңыз.

      Орнату бағдарламасы басталады.

    4. Құрамдастарды қосу немесе жою дегенін таңдаңыз да Жалғастыру түймешігін басыңыз.

    5. Келесі қадамдарға өтіңіз.

  3. Microsoft Office және Office ортақ құралдары түйіндерінің қасында тұрған қосу белгілерін (+) нұқып, оларды шығарып алыңыз.

  4. VBA жобаларына арналған сандық куәлік дегенін нұқыңыз.

  5. Менің компьютерімнен іске қосу дегенін нұқыңыз.

  6. Жалғастыру түймешігін басып, құрамдасты орнатыңыз.

  7. Орнату үрдісі аяқталған соң Жабу түймешігін басыңыз да бұл бөлімдегі бірінші қадамдар жиынтығына қайтыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қауіпті өрнектерді жегу (құмсалғыш күйін ажырату)

Дерекқорға өрнек қосып, кейін оған сенім білдірсеңіз немесе оны сенімді мекенжайда орналастырсаңыз, Access осы өрнекті құмсалғыш күйі деп аталатын амалдық ортада орындайды. Бұл әрекетті Access не Office Access 2007 файл пішіміндегі не бұрынғы Access файл пішімдеріндегі дерекқорлар үшін істейді. Құмсалғыш күйін Access бағдарламасы әдепкі ретінде қосады және бұл күй әрдайым қауіпті өрнектерді ажыратып тастайды, Сіз оларға сенім білдірген жағдайда да. Құмсалғыш күйі тарапынан ажыратылатын өрнектер туралы көбірек ақпарат алу үшін Microsoft Office Online торабындағы Microsoft Jet Expression Service құмсалғыш күйі туралы мақаласына қараңыз.

Егер дерекқорға сенсеңіз және құмсалғыш күйі тарапынан ажыратылатын өрнекті орындағыңыз келсе, осы өрнекті тізбе кілтін өзгерту және құмсалғыш күйін ажырату арқылы орындауыңыз мүмкін. Мынаны есте сақтаңыз: бұл қадамдарды орындау үшін әуелі дерекқорға сенім білдіруіңіз қажет.

Төмендегі диаграммада қауіпті өрнектерді орындау туралы шешім қабылдау үшін қолданылатын үрдіс көрсетілген.

Құмжәшік режимі үшін шешім процесі

Абайлаңыз      Тізбені қате өңдеу жүйеңізді қайта орнатуды қажет етітіндей елеулі түрде зақымдауы мүмкін. Microsoft корпорациясы тізбені қате өңдеу салдарынан болған ақаулықтардың түзетілу мүмкіндігін кепілдендірмейді. Тізбені қате өңдемес бұрын, қандай да бір маңызды деректеріңіз болса, сақтық көшірмесін жасаңыз. Компьютеріңіздің тізбесін пайдалану және сақтау жөніндегі ең жаңа ақпаратты Microsoft Windows Анықтамалығынан қараңыз.

Егер тізбемен таныс болмасаңыз немесе тізбе кілттерін өзгерту жолын жақсы білмесеңіз, оны жақсы білетін кісімен хабарласыңыз немесе дерекқорды Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында пайдаланылған файл пішімінен Office Access 2007 файл пішіміне түрлендіру туралы ойлап көріңіз. Сондай-ақ, компьютердегі тізбе кілттерін өзгерту үшін әкімші рұқсаттарына ие болуыңыз тиіс.

Тізбе кілтін өзгерту

Маңызды : Осы қадамдарды орындау компьютермен жұмыс істейтін барлық пайдаланушылар тарапынан қолданылатын Access нұсқаларының бәрінде қауіпті өрнектерді орындауға рұқсат береді.

  1. Бастау түймешігін басыңыз да Жегу пәрменін таңдаңыз.

  2. Ашу жақтауында regedit пәрменін енгізіңіз де ENTER пернесін басыңыз.

    Тізбе өңдегіші басталады

  3. HKEY_LOCAL_MACHINE қалтасын шығарып алыңыз да келесі тізбе кілтіне өтіңіз:

    \Software\Microsoft\Office\12.0\Access Connectivity Engine\Engines

  4. Тізбе өңдегішінің оң жақ бөлігінде ҚұмсалғышКүйі мәніне екі рет нұқыңыз.

    DWORD мәнін өңдеу тілқатысу терезесі пайда болады.

  5. Мәндер өрісіндегі мәнді 3-ден 2-ге өзгертіңіз, ал одан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

  6. Тізбе өңдегішін жабыңыз.

Маңызды    Егер әуелі дерекқорға сенім білдірмесеңіз, Access бағдарламасы Сіздің осы тізбе теңшелімін өзгерткен-өзгертпегеніңізге қарамай барлық қауіпті өрнектерді ажырататынын есте сақтаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×