Access 2007 бағдарламасын бастау

Microsoft Office Access 2007 бастаудың бірнеше жолдары бар, Access бағдараламасын алғаш рет қолданғаныңызға, деректерді басқа дерекқорға немесе парақ бағдарламасын Access бағдарламасына жылжытуыңызға немесе Access бағдарламасын алдыңғы нұсқасын жаңартқаныңызға байланысты. Бұл бөлім осы жағдайлардың әрқайсысында пайда болуы мүмкін сұрақтарға жауап береді.

Не істегіңіз келеді?

Access бағдарламасын алғаш рет қолдануды бастау

Деректерді парақтан немесе басқа бағдарламадан импорттау

Басқа бағдарламалардағы деректермен жұмыс жасау

Access бағдарламасының бірнеше нұсқаларында бұрынғы-нұсқа деректер қорын қолдану

Access бағдарламасын алғаш рет қолдануды бастау

Office Access 2007 бағдарламасы дерекқорысын жасау үдірісін бұрынғыдан да жеңілдететін бірнеше жақсартуларды қамтиды. Access бағдарламасында бұрын жасап көрген қолданушылар осы жаңа және жақсартылған мүмкіндіктер дерекқоры жасау үдірісін жеңілдетіп беретінін байқап, рақмет айтатыны сөзсіз.

Office Access 2007 бағдарламасын бастаған кезде, бейнебетте ең алғаш пайда болатын Microsoft Office Access бағдарламасын бастау беті (егер Access бағдарламасын белгілі бір Access дерекқор файлын екі рет нұқу арқылы бастайтын болсаңыз, оның орнына сол дерекқор ашылады). Microsoft Office Access бағдарламасын бастау беті жаңа дерекқорды жасауыңызға, қолда бар дерекқорды ашуыңызға немесе Microsoft Office Online бағдарламасынан алынған таңдамалы мазмұнды қарауға болатын бастау нүктесі болып есептеледі.

Дерекқорды үлгіні пайдаланып жасау

Дерекқорды жаңадан жасау

Басқа көздің деректерін Access кестесіне импорттау

Деректерді басқа көзден импорттау

Қолда бар Access дерекқорын ашу

Дерекқорды үлгіні пайдаланып жасау

Дерекқор жасау үдірісін жылдамдату үшін, Access бағдарламасы қолдануыңызға болатын үлгілердің кең ауқымын ұсынады. Үлгі дегеніміз белгілі бір тапсырманы орындауға қажетті барлық кестелерді, сұрау, пішіндерді және есептерді қамтитын сақадай сай дерекқор. Мысалы, мәселелерді бақылауға, істес кісілерді басқаруға немесе шығындар жазбасын жүргізу үшін қолдануға болатын үлгілер болады. Кейбір үлгілер олардың пайдалылығын айғақтауға көмектесетін бірнеше үлгі жазбаларын қамтиды. Үлгі дерекқорларды өз қалпында қолдануға немесе өз қажеттіліктеріңізге қарап оны баптап алуыңызға болады.

  1. Егер әлдеқашан қосылған болмаса, Access бағдарламасын бастаңыз.

    Егер дерекқоры ашық болса, Microsoft Office Access бағдарламасын бастау бетін бейнелеу үшін келесіні орындаңыз:

    • Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Дерекқорды жабу түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

      Microsoft Office Access бағдарламасын бастау беті

  2. Microsoft Office Access бағдарламасын бастау бетінде яғни Интернетдегі таңдамалы үлгілер астында бірнеше үлгілер бейнеленеді және де егер Access терезесінің сол жағындағы Үлгі Санаттары астындағы санаттардың біреуін таңдасаңыз, қосымша үлгілер пайда болады. Сондай-ақ, Microsoft Office Web сайтынан да (мәліметтер үшін, Microsoft Office Online бағдарламасынан үлгіні қотарып алу, келесі бөлімді қараңыз) қосымша үлгілер қотаруыңызға болады.

  3. Қолданғыңыз келетін үлгіні нұқыңыз.

  4. Access терезесінің оң жағындағы аймақта, Access бағдарламасы Файл Атауы жолағында дерекқорыңызға файл атауын ұсынады. Файл атауын өңдеуіңізге және басқа қалтаны көрсетуіңізге болады. Қаласаңыз, дерекқор жасауыңызға және оны Windows SharePoint Services 3.0 сайтына сілтеме қоюыңызға да болады.

  5. Жасау нұқыңыз (Office Online Үлгісі үшін Қотару нұқыңыз).

    Access бағдарламасы дерекқорды жасайды, содан кейін оны ашады. Деректер енгізуді бастауға болатын пішін бейнеленеді.

    Ескерту : Егер үлгі нұсқалық деректерді қамтыса, әр жазбаны төмендегідей жоюға болады:

    • Жойғыңыз келетін жазбаға арналған жолдың үстіңгі дерегін нұқыңыз. (Жолдың үстіңгі дерегі жазбаның сол жағында орналасқан қоршау немесе жолақ болып табылады.)

    • Өзіндік қойындысының Жазбалар тобында Жою түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

  6. Деректер енгізуді бастау үшін, пішіндегі бірінші бас ұяшықты нұқыңыз, сосын теруді бастаңыз. Бірнеше жазбаларды енгізіп болған соң, Шарлау аумағын қолданғыңыз келуі мүмкін басқа пішіндер немесе есепхаттардың бар-жоғын қарау үшін қолдануға болады.

Үлгіні Microsoft Office Online торабынан қотару

Егер Microsoft Office Access бағдарламасын бастау бетінен қажеттіліктеріңізге сай келетін үлгіні таба алмасаңыз, кеңірек таңдау үшін Office Online Web торабын зерттеуіңізге болады.

  1. Егер әлдеқашан қосылған болмаса, онда Access бағдарламасын бастаңыз.

    Егер дерекқор әлдеқашан ашық болса, Microsoft Office Access бағдарламасын бастау бетін бейнелеу үшін келесіні орындаңыз:

    • Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Дерекқорды жабу түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

  2. Microsoft Office Access бағдарламасын бастау бетінің төменгі жағына жақын жерде, Office Online туралы қосымша астында, Үлгілер нұқыңыз.

    Office Online Веб сайты жаңа шолушы терезесінде пайда болады.

  3. Қалаған үлгіні табу және қотару үшін Office Online торабындағы іздеу құралдарын қолданыңыз.

  4. Үлгіні қотарғаннан соң, жаңа дерекқор келесі қалталардың бірінде сақталады:

    • Microsoft Windows Vista    c:\Users\қолданушы аты\Құжаттар

    • Microsoft Windows Server 2003 немесе Microsoft Windows XP    c:\Құжаттар мен Параметрлер\қолданушы аты\Менің Құжаттарым

      Дерекқормен келесіде жұмыс жасағыңыз келгенде, оны сол орыннан ашу үшін Access немесе Windows Explorer қолданыңыз.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Дерекқорды жаңадан жасау

Егер үлгілердің ешқайсысы қажеттіліктеріңізді қанағаттандырмаса немесе Access бағдарламасына импорттағыңыз келетін басқа бағдарламадағы деректеріңіз болса, дерекқорды жаңадан жасау тиімді деген шешімге келуіңіз мүмкін. Көптеген қолданбалар үшін, бұл әншейінде төмендегінің біреуін немесе екеуін қамтиды:

  • Жаңа кестелер жасау, сосын сол кестелерге деректер енгізу, қою немесе импорттау.

  • Басқа көздердегі деректерді импорттау, бұл іс реті барысында жаңа кестелер жасалады.

Дерекқорды жоспарлау мен жасақтау жөнінде немесе байланыстар, пішіндер, есептер немесе сұраулар жасау туралы толығырақ білу үшін, осы тақырыптың Т.б. қараңыз бөліміндегі сілтемелерді қараңыз.

Таза деректер қорын жасау

  1. Access бағдарламасын бастаңыз.

  2. Microsoft Office Access бағдарламасын бастау бетінде, Таза Деректер қоры нұқыңыз.

    Таза Деректер қоры батырмасы

  3. Таза Деректер қоры терезесінде, файл атауын Файл Атауы жолағында теріңіз. Егер файл атауы кеңейтімін қамтамасыз етпесеңіз, Access оны өзі қосады. Әдепкі файл орналасуы келесілердің біреуі болуы мүмкін:

    • Microsoft Windows Vista    c:\Қолданушылар\қолданушы аты\Құжаттар

    • Microsoft Windows Server 2003 or Microsoft Windows XP    c:\Құжаттар мен Параметрлер\қолданушы аты\Менің Құжаттарым

      Файл орнын өзгерту үшін, Файл Атауы жолағы жанындағы Шолу Түймешік суреті нұқыңыз, шолыңыз және жаңа орналасуды таңдаңыз, содан соң Жарайды нұқыңыз.

  4. Жасау нұқыңыз.

    Access дерекқорды жасайды, сосын бос кестені (Кесте1 деп аталған) деректер кестесінің көрінісі ашады.

  5. Access меңзерді Жаңа Өріс Қосу бағанының бірінші бос ұяшығына орналастырады.

    Дерекқордағы жаңа, бос кесте

    Деректерді қосу үшін, теруді бастаңыз —немесе осы тақырыптың соңғы жағындағы Деректерді Access кестесіне басқа көзден қою бөлімінде сипатталғандай басқа көздегі деректерді қоюыңызға болады.

    Ескертулер : 

    • Деректер парағы көрінісінде деректер енгізу Excel жұмыс парағында деректер енгізуге ұқсас болатындай етіліп жасақталған. Басты шектеуі бұл деректердің қабысқан жолдар мен бағандарға, деректер парағының жоғарғы сол жақ бұрышынан бастап, енгізілу керектігі болып табылады. Excel жұмыс парағы сияқты деректерді таза жолдар немесе бағандар қою арқылы пішімдеудің қажеті жоқ, себебі бұлай жасауйтын болсаңыз, кестедегі орынды зая кетіресіз. Кесте тек деректерді қамтиды. Деректердің барлық визуалды берілуі кейінірек жасақтайтын пішіндер мен есептерде жасалады.

    • Кесте құрылымы деректерді енгізу барысында жасалады. Жаңа бағанды кестеге қосқан уақытыңызда, жаңа өріс анықталады. Access бағдарламасы өрістің деректер түрі енгізілген деректер түріне байланысты орнатады. Мысалы, егер тек күн мәндерін енгізген бағаныңыз болса, Access сол өрістің деректер түрін Күн/Уақытқа сәйкес орнатады. Егер сол өріске кейінірек күнге жатпайтын мәнді енгізуге тырысатын болсаңыз (атау немесе телефон нөмірі сияқты), Access бағдарламасы мәннің бағандағы деректер түріне сәйкес келмейтіні туралы айтатын хабарды бейнелейді. Мүмкін болса, әр бағанның бірдей деректер түрін, мейлі олар мәтін, күндер, сандар немесе тағы басқа түр болсын, қамтуын кестеде жоспарлауыңыз қажет. Бұл қалаған деректерді таңдайтын сұраулар, пішіндер және есептерді құруды жеңілдетеді.

    • Деректер парақтарымен жұмыс жасауға қатысты қосымша мәлімет үшін, Таза деректер парағын ашу бөлімін қараңыз.

Егер деректерді осы жолы енгізгіңіз келмесе, Жабу Түймешік суреті нұқыңыз.

Кестені қосу

Жаңа кестені Жасау қойындысының Кестелер тобындағы құралдарды қолдану арқылы ағымдық дерекқорға қосуыңызға болады.

Access таспа суреті

Деректер парағы көрінісіндегі таза кесте жасау үшін, Кесте нұқыңыз. Деректер парағы көрінісін деректерді лезде енгізу үшін, және алға жылжыған сайын кесте құрылымын Access бағдарламасына жасаттыруыңызға немесе кесте құрылымын бірінші кезекте жасау үшін Құрастырушы көрінісі қолдануыңызға болады, содан соң деректерді енгізу үшін Деректер парағы көрінісіне кері көшуге болады. Қай көріністен бастайтыныңызға қарамастан, Access терезесінің күй жолағындағы көрініс батырмаларын қолдану арқылы бір көріністен екіншісіне қалаған уақытта ауысуыңызға болады.

Кестені кірістіру, Деректер парағы көрінісінде бастау    Деректер парағы көрінісінде, деректерді лезде енгізіп Access бағдарламасына кесте құрылымын құрастыруына мүмкіндік береді. Өріс атаулары сандар бойынша тағайындалады (Өріс1, Өріс2 және тағы басқа) және Access өріс деректері түрін енгізгіңіз келетін деректер түріне байланысты орнатады.

  1. жасау қойындысының Кестелер тобында Кесте түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

  2. Access кестені жасайды, сосын меңзерді Жаңа Өріс Қосу бағанындағы алғашқы бос ұяшықтың үстіне орнатады.

    Ескерту : Егер Жаңа өріс қосу деп аталған бағанды көрмесеңіз, онда Деректер кестесі көрінісінің орнына Құрастырушы көрінісінде болуыңыз мүмкін. Деректер парағы көрінісіне көшу үшін, Шарлау аумағындағы кестені екі рет нұқыңыз. Access жаңа кесте үшін атау сұрайды, содан соң Деректер парағы көрінісіне көшеді.

  3. Кесте қойындысының Жолақтар & Бағандар тобында Жаңа жолақ түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

    Access бағдарламасы жиі қолданылатын өріс түрлерін қамтитын Өріс Үлгілері терезесін бейнелейді. Егер осы өрістердің біреуін деректер парағына сүйресеңіз, Access өрісті сол атау бойынша қосады және оның сипаттарын өрістің сол түрінің сәйкес мәніне орнатады. Сипаттарды кейінірек өзгертуіңізге болады. Өрісті деректерді қамтитын деректер парағы аймағына сүйреуіңіз қажет. Өрістің қай жерде орналасатынын көрсететін вертикалды кірістіру жолағы пайда болады.

  4. Деректерді қосу үшін, теруді бірінші бос ұяшықтан бастаңыз — немесе осы тақырыпта кейінірек сипатталғандай деректерді басқа көзден алып, қоюыңызға болады.

    • Бағанды (өрісті) қайта атау үшін, баған тақырыбын екі рет нұқыңыз, сосын жаңа атау теріңіз. Өрісті Өріс Тізімі аймағында көрген кезде оның нені қамтитынын айта білу үшін әр өріске мәнді атау берген жөн.

    • Бағанды жылжыту үшін, бағанның үстіңгі дерегін нұқыңыз, сосын қалаған жерге сүйреңіз. Бірнеше үздіксіз бағандарды таңдауыңызға және оларды жаңа орынға бірден сүйреуіңізге болады.

Кесте кірістіру, Құрастыру көрінісінде бастау    Құрастыру көрінісінде, бірінші кезекті жаңа кесте құрылымын жасайсыз. Сосын деректерді енгізу үшін Деректер парағы көрінісіне ауысасыз немесе деректерді қою немесе қосу сияқты басқа әдістерді қолдану арқылы енгізесіз.

  1. жасау қойындысының Кестелер тобында Кесте жасақтамасы түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

  2. Кестедегі әр өріс үшін, Өріс Атауы бағанында атау теріңіз, сосын деректер түрін Деректер Түрі тізімінен таңдаңыз.

    Ескерту : Егер Өріс Атауы және Деректер Түрі бағандарын көрмесеңіз, Жасақтама көрінісінің орнына Деректер кестесі көрінісінде тұруыңыз мүмкін. Құрастырушы көрінісіне ауысу үшін, Access терезесінің күй жолағындағы Құрастырушы көрінісі батырмасын нұқыңыз. Access жаңа кестенің атауын енгізуді сұрайды, сосын Құрастырушы көрінісіне көшеді.

  3. Қаласаңыз, әр өріске Сипаттама бағанында сипаттама енгізуіңізге болады. Кірістіру нүктесінің сол өрісті болған кезінде енгізген сипаттама күй жолағында бейнеленеді және өрісті Өріс Тізімі аймағынан пішін немесе есепке сүйреу арқылы жасайтын басқару элементтерінде және сол өріс үшін Пішін Шебері немесе Есеп Шебері көмегімен жасалатын басқару элементтерінде күй жолағы мәтіні ретінде қолданылады.

  4. Барлық өрістерді қосып болғаннан соң, кестені сақтаңыз:

    • Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз, одан кейін Сақтау түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+S тіркесімін басыңыз.

  5. Деректерді кестеге енгізуді кез келген уақытта бастауыңызға болады ол үшін Деректер кестесі көрінісіне өтіңіз, бірінші бос ұяшықты нұқуыңыз да, мәтінді теруді бастаңыз. Деректерді, сондай-ақ, келесі бөлімде сипатталғандай басқа көзден қоюыңызға болады.

Егер, кейбір деректерді енгізіп болғаннан соң, кестеге бір немесе бірнеше өрістерді қосқыңыз келсе, Деректер кестесі көрінісіндегі Жаңа өріс қосу бағанында тере бастау арқылы немесе Деректер парағы қойындысының Өрістер & Бағандар тобындағы пәрмендерді қолдану арқылы жаңа өрістерді қосуыңызға болады.

Кестелерді жасауға, кесте үлгілерін қолдануды қоса, қатысты қосымша мәлімет үшін, Дерекқорда кестелер жасау бөлімін қараңыз.

Бөлімнің жоғарысы

Деректерді басқа көзден Access кестесіне қою

Егер деректеріңіз ағымдағы уақытта Office Excel 2007 сияқты басқа бағдарламада сақталған болса, оны Access кестесіне көшіруіңізге және қоюыңызға болады. Жалпы, бұл амал деректеріңіз Excel жұмыс парағы сияқты әлдеқашан бағандарға бөлінген болса жақсы жұмыс істейді. Егер деректеріңіз сөз өңдейтін бағдарламасында болса, қойындыларды пайдаланып оны бағандарға бөліп алғаны дұрыс болар немесе деректерді көшірместен бұрын деректерді сөз өңдеу бағдарламасындағы кестеге түрлерндіру керек. Егер деректер өңдеуді немесе басқаруды (мысалы, аты-жөніңізді атыңыз бен тегіңізге бөлу) қажет етсе, мұны деректерді көшіруден бұрын жасағыңыз келуі мүмкін, әсіресе Access бағдарламасымен таныстығыңыз аз болса.

Деректерді бос кестеге қойғаныңызда, Access әр өрістің деректер түрін қандай дерек тапқанына байланысты орнатады. Мысалы, егер қойылған өріс тек күн мәндерін қамтыса, Access сол өріске Күн/Уақыт деректер түрін қолданады. Егер қойылған өріс тек "иә" және "жоқ" сөздерін қамтыса, Access өріске Иә/Жоқ деректер түрін қолданады.

Access бағдарламасы қойылған деректердің бірінші жолында тапқанымен өрісті атайды. Егер қойылған деректердің бірінші жолы келесі жолдар түріне ұқсас болса, Access бірінші жолды деректер бөлігі ретінде анықтайды және өрістерге жалпы атауларды (F1, F2 және тағы басқалар) тағайындайды. Егер қойылған деректердегі бірінші жол келесі жолдардағы ұқсас болмаса, Access бірінші жолдың өріс атауларын қамтитынын анықтайды. Access өрістерді сәйкесінше атайды және деректердегі бірінші жолды қоспайды.

Егер Access жалпы өріс атауларын тағайындаса, абдырауды болдырмау үшін өрістерді мүмкіндігінше тез қайта атауыңыз қажет. Келесі іс ретін қолданыңыз:

  1. Кестені сақтаңыз.

    • Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз, одан кейін Сақтау түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+S тіркесімін басыңыз.

  2. Деректер кестесі көрінісінде, әр баған тақырыбын екі рет нұқыңыз, содан соң әр бағанға арналған қолданыстағы өріс атауын теріңіз. Деректердің үстіне қайта жазып жатқаныңыздай көрінуі мүмкін, бірақ баған тақырыбының жолы өріс атауларын емес, деректерді қамтиды.

  3. Кестені қайта сақтаңыз.

Ескерту : Өрістерді Құрастырушы көрінісіне көшу және өріс атауларын сол жерде өңдеу арқылы қайта атауыңызға болады. Құрастырушы көрінісіне көшу үшін, Шарлау аумағындағы кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз және Құрастырушы көрінісі нұқыңыз. Деректер парағы көрінісіне қайта көшу үшін, Шарлау аумағындағы кестені екі рет нұқыңыз.

Бөлімнің жоғарысы

Деректерді басқа көзден импорттау

Басқа бағдарламада жинап жүрген және Access импорттағыңыз келетін деректеріңіз болуы мүмкін. Немесе деректерін басқа бағдарламадағы адамдармен жұмыс жасап қалуыңыз және олардың Access бағдарламасындағы деректерімен жұмыс жасағыңыз келуі мүмкін. Қалай болса да, Access басқа бағдарламалардағы деректерді импорттауды жеңілдетеді. Деректерді Excel жұмыс парағынан, басқа Access дерекқорындағы кестеден, SharePoint тізімінен немесе басқа көздердегі түрлерден импорттауыңызға болады. Бұл үдіріс дерек көзіне байланысты сәл ерекше болып келеді, бірақ бұл нұсқаулар бастауға көмектеседі:

  1. Сыртқы Деректер қойындысында, Импорт тобында, импорттап отырған файл түріне арналған пәрменді нұқыңыз.

    Access таспа суреті

    Мысалы, егер деректерді Excel жұмыс парағынан импорттасаңыз, Excel нұқыңыз. Егер қажетті бағдарлама түрін көрмесеңіз, Қосымша нұқыңыз.

    Ескерту : Егер Импорт тобында қажетті пішім түрін таба алмасаңыз, деректерді бастапқыда жасаған бағдарламаңызды бастау қажет болуы мүмкін, сосын деректерді Access импорттауды бастаудан бұрын деректерді жалпы файл пішімінде (белгіленген мәтін файлы сияқты) сақтау үшін сол бағдарламаны қолдануыңызға болады.

  2. Сыртқы деректерді алу тілқатысу терезесінде, бастапқы деректер файлын шолу үшін Шолу нұқыңыз немесе Файл атауы терезесіндегі бастапқы деректер файлының толық жолын теріңіз.

  3. Деректерді ағымдағы дерекқорда қалай және қайда сақтау керектігін көрсету астындағы қалаған параметріңізді нұқыңыз. Импортталған деректерді қолдану арқылы жаңа кесте жасауыңызға, деректерді қолда бар кестеге қосуыңызға немесе деректер көзіне сілтемені қамтамасыз ету үшін сілтенген кесте жасауыңызға болады.

  4. ОК нұқыңыз.

    Access Импорттау шеберін жегеді.

  5. Импорттау Шеберінің нұсқауларын орындаңыз. Орындалуы тиіс іс реті сіз таңдайтын импорттау немесе сілтеу параметріне байланысты болады.

  6. Шебердің соңғы бетінде, Дайын нұқыңыз.

    Access жаңа ғана аяқтаған импорттау амалының мәліметтерін сақтағыңыз келетініңізді сұрайды.

    • Егер осы импорттау амалын қайта орындайтындай болсаңыз, Импорттау қадамдарын сақтау нұқыңыз, сосын мәліметтерді енгізіңіз.

      Импорт амалын Сыртқы Деректер қойындысының Импорт тобындағы Сақталған Импорттар нұқу, импорттау стандартын нұқу арқылы, сосын Жегу нұқу арқылы оңай жаңғыртуға болады.

    • Егер амалдың мәліметтерін сақтағыңыз келмесе, Жабу нұқыңыз.

Access деректерді жаңа кестеге импорттайды, сосын кестені Шарлау аумағындағы Кестелер астында бейнелейді.

Деректерді Access импорттау туралы тереңірек білу үшін, осы тақырыптың Т. б. қараңыз бөліміндегі сілтемелерді қараңыз.

Бөлімнің жоғарысы

Қолда бар Access дерекқорын ашу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесіндегі — немесе Іздеу терезесіндегі лақапты нұқыңыз, қалаған дерекқорды қамтитын дискіні немесе қалтаны нұқыңыз.

  3. Қалта тізімінде, дерекқорды қамтитын қалтаны ашқанға дейін қалталарды екі рет нұқыңыз.

  4. Дерекқорды тапқан кезде, келесілердің біреуін орындаңыз:

    • Дерекқорды әдепкі ашық күйде ашу үшін, оны екі рет нұқыңыз.

    • Дерекқорды көп пайдаланушы (ортақ) дерекқоры ортасындағы ортақ қатынаспен ашу үшін, сіздің және басқа қолданушылардың дерекқорда бір мезетте оқи және жаза алуы үшін, Ашу нұқыңыз.

    • Дерекқорды тек оқу үшін қатынасымен ашу үшін, оны көру бірақ өңдей алмау үшін, Ашу батырмасының жанындағы көрсеткіні нұқыңыз, содан соң Тек оқу үшін ашу нұқыңыз.

    • Дерекқорды жеке дара қатынасымен ашу үшін, яғни сіз ашқанда басқа ешкімнің аша алмауы үшін, Ашу батырмасының жанындағы көрсеткіні нұқыңыз, сосын Жеке иелік ашу нұқыңыз.

    • Дерекқорды тек оқу үшін қатынасымен ашу үшін, Ашу батырмасының жанындағы көрсеткіні нұқыңыз, содан соң Жеке иелік тек оқу үшін ашу нұқыңыз. Басқа қолданушылар дерекқорды әлі де аша алады, бірақ оларда тек оқу үшін қатынасы болады.

Егер ашқыңыз келетін дерекқорды таба алмасаңыз    

  1. Ашу тілқатысу терезесінде, Менің Компьютерім лақабын нұқыңыз — немесе, Қарау терезесінде, Менің Компьютерім нұқыңыз.

  2. Дисктер тізімінде, дерекқорды қамтуы мүмкін дискті тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, содан соң Іздеу нұқыңыз.

  3. Іздеу шарттарын енгізіңіз, содан соң дерекқорды іздеу үшін ENTER басыңыз.

  4. Егер дерекқор табылса, Нәтижелерді Іздеу тілқатысу терезесінде оны екі рет нұқу арқылы ашыңыз.

  5. Іздеудің Ашу тілқатысу терезесінен басталуына байланысты, дерекқор ашылмастан бұрын сол тілқатысу терезесінде Болдырмау нұқуыңыз қажет.

Ескерту : Деректер файлын тікелей сыртқы файл пішімінде (dBASE, Paradox, Microsoft Exchange немесе Excel сияқты) ашуыңызға болады. Сондай-ақ, Microsoft SQL Server немесе Microsoft FoxPro сияқты кез-келген ODBC деректер көзі тікелей ашуыңызға болады. Access жаңа Access дерекқорын сол қалтада деректер файлы ретінде өзіндік түрде жасайды және сыртқы дерекқордағы әр кестеге сілтеме қосады.

Ескертулер

  • Соңғы ашылған бірнеше дерекқорлардың бірін ашу үшін, Microsoft Office Access бағдарламасын бастау бетінің Соңғы Дерекқорды Ашу тізіміндегі файл атауын нұқыңыз. Access дерекқорды соңғы рет ашқанда дерекқорда болған параметрлерді қолдану арқылы ашады. Егер соңғы қолданған файлдар тізімі бейнеленбесе, Microsoft Office батырмасын Түймешік суреті нұқыңыз, сосын Access Параметрлері нұқыңыз. Access Параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады. Қосымша санатын нұқыңыз, сосын Бейнелеу бөлімі астында, Соңғы қолданылған файл тізімі құсбелгі көзін қойыңыз. (Соңдай-ақ, тізімде бейнеленуін қалайтын соңғы қолданылған файлдар санын көрсетуіңізге болады, ең көбі тоғызға дейін.)

  • Егер деректер қорын Microsoft Office Батырмасы Түймешік суреті нұқу және Ашу пәрменін қолдану арқылы ашып жатқан болсаңыз, Ашу тілқатысу терезесінде Менің Соңғы Құжаттарым нұқу арқылы алдында ашқан деректер қорлары лақаптар тізімін көруіңізге болады.

Бөлім жоғарысы

Беттің жоғарғы жағы

Деректерді парақтан немесе басқа бағдарламадан импорттау

Егер басқа дерекқор немесе парақ бағдарламарын білсеңіз, онда осы қолданбалардың қалай жұмыс жасайтыныны және қандай дерекқорлар қолданатыны туралы негіздерді білуіңіз мүмкін. Access басқа дерекқор қолданбаларынан қатысты дерекқор жасауға рұқсат беретіндігімен ерекшеленеді. Access сондай-ақ SQL Server сияқты басқа дерекқор бағдарламаларымен жұмыс жасауға қажет параметрлерді қамтамасыз етеді.

Бұл бөлімде

Excel жұмыс парағын Access бағдарламасына импорттау

Басқа бағдарламалардағы деректермен жұмыс жасау

Excel жұмыс парағын Access бағдарламасына импорттау

Көптеген адамдар әуелі Excel бағдарламасында тізім құрастырғаннан соң Access бағдарламасымен танысуды бастайды. Excel тізімді бастауға болатын бірден бір жер, бірақ тізімнің толығуы барысында, оны ұйымдастыру және жаңартып тұру қиындай түседі. Тізімді Access бағдарламасына жылжытуы келесі логикалық қадам болып табылады.

Дерекқор кестесі құрылымы жұмыс парағына ұқсайды яғни онда деректер жолдар мен бағандарда сақталады. Нәтижесінде, жұмыс парағын дерекқор кестесіне импорттау өте оңай. Деректерді жұмыс парағында сақтау мен дерекқорда сақтаудың басты ерекшелігі деректердің ұйымдастырылуында. Жұмыс парағын дерекқорға жаңа кесте ретінде импорттау деректерді ұйымдастыру және жаңартумен байланысты болған мәселелерді шешпейді, әсіресе жұмыс парағында артық деректер қамтылған болса. Бұл мәселелерді шешу үшін, электрондық кестені бөлек-бөлек кестелерге бөліп тастауыңыз қажет яғни әрбір кесте құрамында байланысты деректерлері болуы тиіс. Деректерді кестелеріңізде қалай реттеу керектігі туралы қосымша мәлімет үшін, Дерекқор жасақтаудың негіздері бөлімін қараңыз.

Access бағдарламасы осы үдірісті аяқтауға көмектесе алатын Кесте сараптағыш шеберін ұсынады. Деректерді кестеге импорттағаннан соң, шебер кестені әрбіреуі басқа кестелерде қайталанбайтын деректерді қамтитын бөлек кестелерге бөлуге көмектеседі. Шебер, сондай-ақ, кестелер арасындағы қажетті байланыстарды жасайды. Байланыстар туралы қосымша мәлімет алу үшін, осы тақырыптың Дерекқордағы байланыстар бөлімін қараңыз.

Excel жұмыс парағын кесте ретінде жаңа Office Access 2007 деректер қорына импорттау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Жаңа түймешігін нұқыңыз.

  2. Жаңа деректер қоры атауын Файл Атауы терезесінде теріңіз, содан соң Жасау нұқыңыз.

  3. Кесте1 жабыңыз.

    Кесте1 жасақтамасына енгізілген өзгерістерді сақтау сұралғанда, Жоқ нұқыңыз.

  4. Сыртқы деректер қойындысының Импорттау тобында Excel түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

  5. Сыртқы деректерді алу тілқатысу терезесінде, Шолу нұқыңыз.

  6. Файлды орналастыру үшін Файл Ашық тілқатысу терезесін қолданыңыз.

  7. Файлды таңдаңыз, сосын Ашу нұқыңыз.

  8. Сыртқы деректерді алу тілқатысу терезесінде, Бастапқы деректерді ағымдағы дерекқордағы жаңа кестеге импорттау параметрінің таңдалуын қадағалаңыз.

  9. ОК нұқыңыз.

    Электрондық кесте импорттау шебері басталады және деректер туралы бірқатар сұрақтар қояды.

  10. Нұсқауларды орындаңыз, беттерді шарлау үшін Келесі немесе Артқа деген көрсеткілерді нұқыңыз. Шебердің соңғы бетінде, Дайын тұймешігін нұқыңыз.

    Ескерту : Access жаңа ғана аяқтаған импорттау амалының мәліметтерін сақтағыңыз келетіні туралы сұрайды. Егер дәл сол импорттау амалын қайтадан орындайтындай болсаңыз, Иә нұқыңыз, сосын мәліметтерді енгізіңіз. Сол амалды болашақта Сыртқы Деректер қойындысының Импорт тобындағы Сақталған импорттар нұқу арқылы жеңілдікпен қайта орындай аласыз. Егер амалдың мәліметтерін сақтағыңыз келмесе, Жабу нұқыңыз.

Access деректерді жаңа кестеге импорттайды, содан соң оны Шарлау Аумағындағы Барлық Кестелер астында бейнелейді.

Деректерді ұйымдастыру үшін Кесте сарапшысы шеберін қолдану

Деректеріңіз Access кестесіне импорттап болған соң, қайталанатын деректерді жылдам анықтау үшін Кесте сарапшысы шеберін қолдануыңызға болады. Шебер, сосын, қайталанатын деректерді, оларды ең тиімді жолда сақтау үшін, бөлек кестелерге ұйымдастырудың қарапайым жолын қамтамасыз етеді. Access бастапқы кестені сақтық көшірме ретінде сақтайды, сосын дерекқор қолданбасының негізі ретінде қолдануыңызға болатын жаңа кестелерді жасайды.

  1. Сараптағыңыз келетін кестесі бар Access дерекқорын ашыңыз.

  2. Дерекқор құралдары қойындысының Талдау тобында Талдау кестесі түймешігін нұқыңыз.

    Кесте сарапшысы шебері басталады.

    Стандарттау түсінігі жайлы біліміңіз жеткіліксіз болса, шебердегі екі кіріспе беттерінде кысқыша нұсқаулықтар бар — мысалдарды көру үшін түймешіктерді басыңыз. Егер кіріспе беттерін көрмей, орнына Кіріспе беттерін көрсету қажет пе? деген жазбасы бар құсбелгіні көрсеңіз, құсбелгі белгілеңіз, сосын кіріспені көру үшін Артқа екі рет нұқыңыз. Егер кіріспені оқып болғаннан соң кіріспе беттерін қайта көргіңіз келмесе, құсбелгіні алып тастауыңызға болады.

  3. Көптеген жазбаларда қайталанатын мәндері бар өрістерді қай кесте қамтиды? сөйлемімен басталатын бетте, сараптағыңыз келетін кестені таңдаңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  4. Қай өрістердің қай кестелермен кірігуі керектігі туралы шешімді қабылдауды шеберге қалдыруыңызға болады немесе сол шешімді өзіңізге орындауыңызға болады. Егер шебердің ұсыныстарын орындасаңыз, шебердің келесі бетінде кесте орналасуына өзгерістерді әлі де енгізуіңізге болады.

    Ескерту : Егер қай өрістердің қай кестелермен кірігуі керектігі туралы шешім қабылдауды шеберге қалдыратын болсаңыз, оның таңдаулары деректеріңізге әрдайым сәйкес келе бермейді, әсіресе жұмыс жасайтын деректер мөлшері көп емес жағдайларды. Шебердің нәтижелерін мұқияттылықпен тексеруіңіз қажет. Бір жағынан, шебер сіз ойлағаныңыздан анағұрлым тиімдірек ұйымдастыруды ұсынуы мүмкін, сондықтан шебердің шешімдерін еш болмаса бір рет көргеніңіз дұрыс болар. Егер ұсыныстарды ұнатпасаңыз, өрістерді қолмен қайта реттеуіңізге және кез келген уақытта Артқа түймешігін басып барлық өрістерді өзіңіз реттеуіңізге болады.

  5. Келесі батырмасын басыңыз. Осы бетте, қай кестелер қай өрістерді қамтитынын көрсетесіз. Егер шешім жасауды шеберге қалдырсаңыз, байланыс сызығы арқылы байланған бірнеше кестелерді көруіңіз қажет. Әйтпесе, Access барлық өрістерді қамтитын бір кестені жасайды. Қай жағдай болса да, осы бетте өзгерістер енгізуіңізге болады.

    • Өрістерді қамтитын жаңа кесте жасау үшін, кесте өрістерін беттің бос аймағына сүйреуіңізге болады. Access сізден кесте атауын сұрайды.

    • Егер өрістер сол жерде тиімдірек сақталады деп ойласаңыз, оларды бір кестеден басқа кестеге сүйреуіңізге болады.

    • Көптеген кестелерге Код немесе Жасалатын бірегей код тағайындалады. Код өрістері туралы өосымша ақпарат алу үшін, шебердің жоғарғы-оң жақ бұрышындағы Қенестер параметрін таңдаңыз.

    • Өзгерісті болдырмау үшін, Болдырмау батырмасын басыңыз.

    • Кесте атауын өзгерту үшін, оның тақырып жолағын екі рет нұқыңыз, жаңа атауды теріңіз де, содан соң ОК түймешігін басыңыз.

  6. Өрістерді қалағаныңызша реттеп болған соң, Келесі түймешігін басыңыз.

  7. Егер шебер ұқсас мәндері бар жазбаларды тапса, ол сол мәндерді типографиялық қателер ретінде анықтайды және оларды не істеу керек деп сізден сұрайды. Түзету бағанында мәндері бар біреуін табу үшін тізім мазмұнын жүгірте тексеріңіз, содан соң ашылмалы тізімде сәйкес элементті таңдаңыз. Шебердің мәнге қандай да бір өзгерістер жасауын болдырмау үшін, (Сол күйінде қалдыру) таңдаңыз. Аяқтағаннан соң, Келесі батырмасын басыңыз.

  8. Шебер бастапқы кестеңізге ұқсайтын сұрауды жасау керек пе немесе керек емес пе деп сұрайды. Егер бастапқы кестеге негізделген пішіндер мен есептхаттарды әлдеқашан құрастырып болған болсаңыз, осындай сұрауды жасау өте жақсы ой болып табылады. Егер Иә, сұрауды жасаңыз таңдасаңыз, шебер бастапқы кестені кесте атауына "_OLD" қосу арқылы қайта атайды, сосын бастапқы кесте атауын қолдану арқылы жаңа сұрауды атайды. Кестеге негізделген пішіндер мен есептер енді деректері үшін сұрауды қолданады және бұрынғысынша жұмыс жасауды жалғастырады.

  9. Дайын батырмасын басыңыз.

    Шебер жаңа кестелерді орнатылған бойынша жасайды, содан соң оларды ашады. Нәтижелерді тексеруді аяқтағаннан соң оларды жабыңыз.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Басқа бағдарламалардағы деректермен жұмыс жасау

Office Access 2007 басқа бағдарламаларда сақталған деректермен жұмыс жасауға қажет мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

  • Басқа файл пішімімен байланысты жаңа Access дерекқорын жасау    Мәтін, dBASE немесе парақ сияқты басқа файл пішіміндегі файлды ашу үшін Access бағдарламасын қолдануыңызға болады. Access бағдарламасы Access дерекқорын автоматты түрде жасап оны байланыстырады.

    1. Access бағдарламасын бастаңыз.

    2. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

    3. Ашу тілқатысу терезесінде, Файлдар түрі ашылмалы тізімінде ашқыңыз келетін файл түрін таңдаңыз. Егер файл түріне қатысты толық сеніміңіз болмаса, Барлық файлдар (*.*) параметрін таңдаңыз.

    4. Қажет болса, ашқыңыз келетін файл бар қалтаға өтіңіз. Файлды тапқан кезде, оны ашу үшін екі рет нұқыңыз.

    5. Шебер нұсқауларын орындаңыз. Шебердің соңғы бетінде, Дайын батырмасын басыңыз.

  • Деректерді қолда бар Access деректер қорына импорттау немесе оған сілтеме беру    Деректердің Access файлы ішінде қамтылуы үшін деректерді басқа дерек көздері және бағдарламаларынан Access кестелеріне импорттауыңызға немесе деректердің бастапқы файлда (Access файлының сыртында) қалуы үшін Access деректеріне сілтеме жасауыңызға болады.

    Деректерді импорттау немесе байланыстыру

    1. Сыртқы деректер қойындысында, Импорттау тобында, деректер сақталған пішімді таңдаңыз.

      Деректерді төмендегі пішімдерден импорттауыңызға немесе байланыстыруыңызға болады:

      • Microsoft Office Access

      • Microsoft Office Excel

      • Microsoft Windows SharePoint Services

      • Мәтіндік файлдар

      • XML файлдары

      • ODBC дерекқорлары

      • HTML құжаттары

      • Microsoft Office Outlook

      • dBase

      • Paradox

      • Lotus 1-2-3

        Сыртқы деректерді алу тілқатысу терезесі пайда болады.

    2. Тілқатысу терезесіндегі нұсқауларды жасаңыз.

      Access деректерді дерекқорыңызға импорттайды немесе байланыстырады. Көптеген пішімдер үшін, деректердің орнын көрсетуіңіз қажет, содан кейін деректердің дерекқорыңызда қалай сақталуы керектігін таңдауыңыз керек.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Беттің жоғарғы жағы

Access бағдарламасының бірнеше нұсқаларында бұрынғы-нұсқа деректер қорын қолдану

Егер Access дерекқоры немесе Access жобасы Access 2000 бағдарламасында немесе кейінгі нұсқаларында жасалған болса, әуеліде жасалған Access нұсқасындағы немесе бағдарламаның кез-келген кейінгі нұсқасындағы дерекқор немесе жобаны қолдануыңызға болады — файлдың қауіпсіздік параметрі қосылған болса да. Мысалы, Access 2000 файлдарын Access 2000 бастап Office Access 2007 қолдануға болады, ал Access 2002-2003 файлдарын Access 2002-2003 бастап Office Access 2007 қолдануға болады.

Деректерді Access бағдарламасының бұрынғы нұсқасында сақтағыңыз келетін, бірақ қолданушылардың сол деректерге сілтеме арқылы өткісі келетін дегенмен Access бағдарламасының соңғы нұсқасындағы кейбір мүмкіндіктерден әлі де айырылғысы келмейтін жағдай болуы мүмкін. Бұл жағдайдың шешімі соңғы нұсқада (пішіндер, есептер, сұраулар, құрамды әмірлерді қамтитын, бірақ кестелерді қамтымайтын) жаңа "алдын-ала өңдеу" атты дерекқорды жасау және оны бұрынғы нұсқа файлындағы кестелерге сілтеу болып табылады. Дерекқордың бір файлда қамтылуы немесе әлдеқашан мәліметтер жинау/серверлік бағдарлама бөлінуі мүмкіндігіне байланысты, келесі іс реттерінің біреуін қолданыңыз.

Бір-файлды Access дерекқорын Access бағдарламасының бірнеше нұсқаларында қолдану

Access бағдарламасының бірнеше нұсқаларында алдын-ала өңдеу/ішкі қолданбасын қолдану

Бір-файлды Access дерекқорын Access бағдарламасының бірнеше нұсқаларында қолдану

Егер дерекқорындағы барлық кестелер, пішіндер және басқа да нысандар бір .mdb файлында қамтылса және дерекқорды Access бағдарламасының бірнеше нұсқаларында қолданғыңыз келсе, жаңа сыртқы дерекқорын соңғы нұсқада жасауыңызға және оны бастапқы файлға байланыстыруыңызға болады. Access бағдарламасының бұрынғы нұсқасы бар қолданушылардың бастапқы дерекқорды қолдану мүмкіндігі әлі де сақталады. Соңғы нұсқасы бар қолданушылар сол деректерге сілтеме орнату үшін жаңа сыртқы дерекқорын қолдана алады.

  1. Дерекқорды ең соңғы үш пішімдер болып табылатын Access 2000, Access 2002-2003 немесе Access 2007 түрлендіру үшін, келесі іс ретін қолданыңыз. Бұл пәрмен бастапқы дерекқорды бастапқы пішімде сақтайды және көшірмесін көрсеткен пішіміңізде сақтайды.

    • Access файлын жабыңыз. Егер файл серверде немесе ортақ қалтада орналасқан көп қолданушысы бар Access дерекқоры болып есептелетін болса, оны басқа біреу пайдаланып тұрмағанына көз жеткізіңіз.

    • Access 2007 бағдарламасын бастаңыз.

    • Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

    • Түрлендіретін файлдың орналасуына өтіңіз, содан соң оны ашу үшін екі рет нұқыңыз.

      Ескерту : Егер дерекқорды жетілдіпу керек - керек еместігін сұрайтын Дерекқорды жетілдіру тілқатысу терезесі пайда болса, Жоқ түймешігін басыңыз.

    • Егер пішін дерекқорыны қосқан кезде ашылатын болса, пішінді жабыңыз.

    • Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Басқаша сақтау түймешігіне келтіріп, Дерекқорды басқа пішімде сақтау тармағының астында өзіне түрлендіргіңіз келетін файл пішімін нұқыңыз.

    • Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде, жаңа деректер қорының атауын теріңіз.

      Ескерту : Жаңа дерекқорды басқа жерде сақтағыңыз келгенге дейін, оның атауы бастапқы дерекқордан өзгеше болу керек. Қалай болғанда да, алдын-ала өңдеу дерекқоры мен ішкі дерекқоры екеуін оңай айыра білу үшін өзге атауды қолданған тиімді. Алайда, егер Access 2007 пішіміне ауысып жатқан болсаңыз, файл атауы кеңейтімін .mdb пішімінен .accdb пішіміне өзгереді, осыған байланысты бірдей атауды қолдануыңызға болады.

    • Сақтау параметрін таңдаңыз.

  2. Ауыстырылған дерекқорды алдын-ала өңдеу/back-end қолданбасына келесі іс ретін қолдану арқылы бөліңіз:

    • Дерекқор құралдары қойындысының Деректерді жылжыту тобында Дерекқорға ену түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

    • Дерекқор бөлгіші тілқатысу терезесінде, Дерекқорды бөлу параметрін таңдаңыз.

    • Ішкі дерекқор атауын теріңіз, содан соің Бөлу параметрін таңдаңыз.

  3. Дерекқор Бөлгіш құралы жасаған ішкі дерекқорды жойыңыз — бастапқы дерекқорды абайсызда жойып жібермеу үшін мұқият болыңыз.

  4. Жаңа сыртқы дерекқорын бастапқы дерекқор кестелеріне байланыстырыңыз: Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор құралдары тобында Байланған кесте реттегіші түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

  5. Бәрін бөлектеу параметрін таңдаңыз, содан соң Жаңа орын туралы әрдайым сұрау құсбелгі қойыңыз.

  6. ОК батырмасын басыңыз, бұрынғы нұсқада жасалған дерекқорға өтіңіз, содан соң оны екі рет нұқыңыз.

    Егер барлығы да жақсы болса, Access барлық таңдалған сілтемелері бар кестелердің ойдағыдай жаңартылғаны туралы хабарды бейнелейді.

    Access 2000, Access 2002-2003 немесе Access 2007 нұсқаларына көшкен қолданушыларға арналған жаңа мүмкіндіктерді қолдау үшін жаңа алдын-ала өңдеу дерекқорын жетілдіруіңізге болады. Бұрынғы нұсқалары бар қолданушылар бұрынғы нұсқа дерекқорын қолдануды жалғыстыра алады.

    Егер қаласаңыз, жаңа сыртқы дерекқорды басқа нұсқаға түрлендіруіңізге болады. Мысалы, егер бастапқы дерекқор Access 2000 пішімінде болса, сол нұсқасы бар қолданушылар үшін Access 2002-2003 сыртқы дерекқоры сол нұсқасы бар қолданушылар үшін және Access 2007 сыртқы дерекқоры жасауыңызға болады. Сыртқы екі нұсқауы да Access 2000 файлындағы деректерге байланыстырылған болады.

Бөлімнің жоғары жағы

Сыртқы/ішкі қолданбасын Access бағдарламасының бірнеше нұсқаларында қолдану

Егер Access дерекқоры әлдеқашан мәліметтер жинау/серверлік бағдарлама болып табылса, алдын-ала өңдеуді Access 2000, Access 2002-2003 немесе Access 2007 файл пішіміне түрлендіру ғана қажет. Ішкі дерекқор үшін ешқандай өзгерістің қажеті жоқ.

Келесі іс реті сыртқы дерекқорын ең соңғы пішімдер болып табылатын Access 2000, Access 2002-2003 немесе Access 2007 пішімдерінің біреуіне түрлендіру үшін Дерекқорды Басқаша Сақтау пәрменін қалай қолдануыңызға болатынын көрсетеді. Бұл пәрмен бастапқы дерекқорды бастапқы пішімде сақтайды және көшірмесін көрсеткен пішіміңізде жасайды.

  1. Сыртқы дерекқорын жабыңыз. Егер файл серверде немесе ортақ қалтада орналасқан көп қолданушысы бар Access дерекқоры болып есептелетін болса, оны басқа біреу ашып қоймағанына көз жеткізіңіз.

  2. Access 2007 бағдарламасын бастаңыз.

  3. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  4. Сыртқы дерекқор орнына өтіңіз, содан соң оны ашу үшін екі рет нұқыңыз.

    Ескерту : Егер дерекқорды күшейткіңіз келетініңізді сұрайтын Дерекқорды жетілдіру тілқатысу терезесі пайда болса, Жоқ түймешікті басыіыз.

  5. Егер дерекқорын ашқанда пішін пайда болса, пішінді жабыңыз.

  6. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Басқаша сақтау түймешігіне келтіріп, Дерекқорды басқа пішімде сақтау тармағының астында өзіне түрлендіргіңіз келетін файл пішімін нұқыңыз.

  7. Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде, жаңа дерекқордың атауын теріңіз.

  8. Сақтау түймешігін басыңыз.

Access 2000, Access 2002-2003 немесе Access 2007 нұсқаларын пайдаланатын қолданушыларға арналған жаңа мүмкіндіктерді қолдау үшін, жаңа сыртқы дерекқорын жетілдіруіңізге болады.

Бөлімнің жоғарғы жағы

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×