Access 2007 бағдарламасындағы қауіпсіздік жүйесіне кіріспе

Microsoft Office Access 2007 бағдарламасы деректер бен компьютер қауіпсіздігін арттыруға көмектесе алатын бірқатар жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Оған қоса, бұл мүмкіндіктерді пайдалану бұрынғы Access нұсқаларындағы қауіпсіздік жүйесінің құралдарына қарағанда оңайырақ болуы мүмкін. Бұл бөлімде Office Access 2007 бағдарламасындағы кеңінен қолданылатын қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану жолдары түсіндіріледі. Осы бөлімдегі ақпарат келесі тапсырмаларды орындағысы келетін жаңа пайдаланушыларға арналған:

  • Дерекқордағы ажыратылған мазмұнға сену (қосу)

  • Дерекқорды шифрлау немесе шифрді шешу үшін құпиясөз пайдалану

  • Office Access 2007 дерекқорын буу, қол қою және орналастыру

Сонымен қатар, осы бөлімде Access 2007 бағдарламасындағы жаңа қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктері мен құрылысы туралы негізгі ақпараттар беріледі.

Access 2007 бағдарламасындағы қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу үшін осы мақаланың Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

Бұл бөлімде

Access 2007 және бұрынғы Access нұсқаларының арасындағы қауіпсіздік жүйесіндегі айырмашылықтар

Дерекқор құпиясөзін пайдаланып, Office Access 2007 дерекқорын шифрлау

Access 2007 дерекқорын буу, қол қою және тарату

Басқа қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану

Office Access 2007 қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктері мен құрылысын түсіну

Access 2007 және бұрынғы Access нұсқаларының арасындағы қауіпсіздік жүйесіндегі айырмашылықтар

Егер бұрынғы Access нұсқаларында қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланған болсаңыз, бірқатар таңдаулар жасауға мәжбүр болатынсыз. Мысалы, қауіпсіздік деңгейлерін (төмен, орташа немесе жоғары) және қауіпті болуы ықтимал кодты іске қосқыңыз келетін-келмейтінін таңдауыңыз қажет болатын. Енді дерекқорды Access 2007 нұсқасы арқылы ашқан кезде, ондай шешімдерді қабылдаудың қажеті жоқ. Әдепкіде, Access 2007 бағдарламасы дерекқор жасалған Access нұсқасына қарамастан барлық қауіпті болуы ықтимал код пен басқа құрамдастарды ажыратады.

Ол дерекқорды ішінара немесе толық ажыратқан кезде, Access бағдарламасы мұны «Хабар тақтасы» арқалы хабарлайды.

Хабар тақтасы

Егер Хабар тақтасын көрсеңіз, дерекқордағы ажыратылған мазмұнға сену немесе сенбеу керектігін таңдауыңызға болады. Егер ажыратылған мазмұнға сенуді таңдасаңыз, оны екі жолмен орындауға болады:

  • Дерекқорға тек ағымдағы сеанс кезінде сену (дерекқор ашық тұрған кезде)    Хабар тақтасындағы Параметрлер пәрменін таңдаңыз. Дерекқорға сену мүмкіндігін таңдауға болатын тілқатысу терезесі пайда болады. Бұл параметрді таңдаған кезде, дерекқорды әр ашқан сайын осы іс рәсімін қайталауыңыз керек.

  • Дерекқорға тұрақты түрде сену    Дерекқорды бір сенімді орынға, яғни, өзіңіз сенімді деп белгілеген бір дискідегі немесе желідегі бір қалтаға орналастырыңыз. Бұл параметрді таңдаған кезде, Хабар тақтасы қайтып көрінбейді, ал дерекқор сенімді қалтада тұрған кезде сену туралы шешім қабылдау қажет болмайды.

Дерекқорға сенгіңіз келмесе    Хабар тақтасын елемеңіз. Хабар тақтасы еленбеген кезде, Access бағдарламасында ажыратылған дерекқордағы деректерді көріп, дерекқордағы кез келген құрамдастарды пайдалана беруіңізге болады.

Келесі іс рәсімдерінде ағымдық сеанс кезінде дерекқорға сену және сенімді орын жасау жолдары түсіндіріледі.

Ағымдық сеанс кезінде дерекқорға сену

Ескерту : Егер дерекқор ашық болып, Хабар тақтасы көрінсе, тікелей 3-қадамға өтуіңізге болады.

  1. Office Access 2007 бағдарламасын іске қосып, Microsoft Office Access бағдарламасымен жұмысқа кірісу бетіндегі Интернеттегі үлгілер астынан активтер үлгісін ашу үшін Активтер тармағын таңдаңыз.

  2. Файл атауы жолағына дерекқордың жаңа атауын енгізіп, одан кейін Қотару түймешігін басыңыз.

    Access дерекқор үлгісін қотарып алып, жаңа дерекқор жасайды да, Хабар тақтасы пайда болады.

  3. Хабар тақтасындағы Параметрлер пәрменін таңдаңыз.

    Microsoft Office қауіпсіздік параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады.

  4. Осы мазмұнды қосу пәрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Сенімді орын жасау

  1. Office Access 2007 бағдарламасын іске қосыңыз (бұл қадамдарды орындау үшін дерекқорды ашу қажет емес).

  2. Microsoft Office түймешігі мәзірін Түймешік суреті таңдап, одан кейін Access параметрлері дегенді басыңыз.

    Access параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады.

  3. Тілқатысу терезесінің сол жақ аймағындағы Қауіпсіздікті басқару орталығы түймешігін басып, одан кейін оң жақ аймақтағы Қауіпсіздікті басқару орталығының параметрлері дегенді нұқыңыз.

    Қауіпсіздікті басқару орталығы тілқатысу терезесі пайда болады.

  4. Сол жақ аймақтағы Сенімді орындар тармағын таңдаңыз.

  5. Жаңа орын қосу түймешігін басыңыз.

    Microsoft Office жүйесінің сенімді орны тілқатысу терезесі пайда болады.

  6. Жол жолағына сенімді көз етіп белгіленетін орынға апаратын жол мен қалта атауын теріңіз немесе қалтаны табу үшін Шолу түймешігін басыңыз. Әдепкіде, қалта жергілікті дискіде орналасуы тиіс.

    Ескерту : Егер сенімді желідегі орындарға рұқсат бергіңіз келсе, Қауіпсіздікті басқару орталығы тілқатысу терезесіндегі Менің желімдегі сенімді орындарға рұқсат ету (ұсынылмайды) параметрін таңдаңыз.

  7. Барлық тілқатысу терезелерін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.

Ескерту : Үрдісті аяқтап, дерекқорға тұрақты түрде сену үшін дерекқорды сенімді орынға жылжытуыңыз керек. Келесі қадамдарда дерекқорды жылжытудың кейбір кеңінен қолданылатын жолдары түсіндіріледі.

Дерекқорды сенімді жерге жылжыту

  • Егер дерекқор ашық болса    

    1. Microsoft Office түймешігі мәзірін Түймешік суреті таңдаңыз.

    2. Басқаша сақтау пәрменін нұсқап, Дерекқорды басқа пішімде сақтау астынан бар параметрлердің біреуін таңдаңыз.

    3. Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде сенімі орынға барып, одан кейін Сақтау түймешігін басыңыз.

  • Егер дерекқор ашық болмаса    

    1. Windows Explorer шолғышын іске қосыңыз. Ол үшін Бастау түймешігін басып, Барлық бағдарламалар тармағын, Стандартты тармағын, одан кейін Windows Explorer тармағын таңдаңыз.

    2. Дерекқорды тауып, көшіріп алыңыз. Ол үшін файлды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Көшіру пәрменін таңдаңыз.

      -немесе-

      Пернетақта лақабы  Файлы таңдап (бөлектеп) алып, CTRL+C пернелер тіркесімін басыңыз.

    3. Сенімді қалтаны тауып алып, оны ашыңыз да, тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Қою пәрменін таңдаңыз.

      -немесе-

      Пернетақта лақабы  Дерекқорды жаңа орынға қою үшін CTRL+V пернелер тіркесімін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дерекқор құпиясөзін пайдаланып, Office Access 2007 дерекқорын шифрлау

Office Access 2007 бағдарламасындағы шифрлау құралында екі ескі құрал — дерекқор құпиясөздері мен шифрлауды біріктіреді және жақсартады. Дерекқорды шифрлау үшін дерекқор құпиясөзін қолданған кезде, деректерді басқа құралдар арқылы оқу мүмкіндігін жойып, дерекқорды пайдалану үшін пайдаланушыларды құпиясөз енгізуге мәжбүр етесіз. Access 2007 шифрлау құралында алдыңғы шифрлау құралдарына қарағанда күштірек алгоритм қолданылады.

Дерекқор құпиясөзі арқылы шифрлау

  1. Шифрланатын дерекқорды (жеке иелік күйінде) ашыңыз.

    Дерекқорды жеке иелік күйінде ашу әдісі

    1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

    2. Ашу тілқатысу терезесінде ашу қажет файл орналасқан жерді шолу арқылы тауып, файлды таңдаңыз.

    3. Ашу түймешігінің жанындағы көрсеткіні нұқып, Жеке иелік қатынас параметрін таңдаңыз.

      Файлды монополиялық режимде ашу

  2. Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор құралдары тобында Кілт сөзбен шифрлау түймешігін нұқыңыз.

    Дерекқордың құпиясөзін орнату тілқатысу терезесі пайда болады.

  3. Құпия сөзді Құпия сөз жолағына теріп, одан кейін оны Растау жолағына қайтадан теріңіз.

    Ескертулер : 

    • Бас және кіші әріптерден, сандардан және таңбалардан тұратын қиын кілт сөздерді пайдаланыңыз. Жеңіл кілт сөзде ондай қасиеттер жоқ. Қиын кілт сөз үлгісі: Y6dh!et5. Жеңіл кілтсөз: Үй27. кілт сөздердің ұзындығы 8 немесе одан да көп таңбадан тұруы тиіс. 14 немесе одан да көп таңбадан тұратын кілт сөйлемдер ең жақсы шешім болып табылады. Көбірек ақпарат алу үшін Жеке ақпаратыңызды қиын кілт сөзбен қорғауға көмектесу (Ағылшын тілінде) тармағын қараңыз.

    • Кілт сөзіңізді жатқа білген өте маңызды. Кілт сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, Microsoft корпорациясы оны қалпына келтіре алмайды. кілт сөзіңізді жазып қойып, өзі қорғауға арналған ақпараттан аулақ, қауіпсіз жерде сақтаңыз.

  4. OK түймешігін басыңыз.

Дерекқор шифрын шешіп, оны ашу

  1. Шифрланған дерекқорды кез келген басқа дерекқор сияқты ашыңыз.

    Құпия сөзді енгізу керек тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Құпия сөзді Дерекқордың құпиясөзін енгізу жолағына теріп, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Құпия сөзді жою

  1. Дерекқорды жеке иелік күйінде ашыңыз.

    Дерекқорды жеке иелік күйінде ашу әдісі

    1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

    2. Ашу тілқатысу терезесінде ашу қажет файл орналасқан жерді шолу арқылы тауып, файлды таңдаңыз.

    3. Ашу түймешігінің жанындағы көрсеткіні нұқып, Жеке иелік қатынас параметрін таңдаңыз.

      Файлды монополиялық режимде ашу

  2. Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор құралдары тобында Дерекқор шифрын шешу түймешігін нұқыңыз.

    Дерекқордың құпиясөзін жою тілқатысу терезесі пайда болады.

  3. Құпия сөзді Құпия сөз жолағына теріп, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Access 2007 дерекқорын буу, қол қою және тарату

Access 2007 бағдарламасында дерекқорға қол қойып, оны тарату жеңіл әрі жылдам орындалады. Сіз .accdb файлын немесе .accde файлын жасаған кезде, файлды буып, бумаға сандық қолтаңба қолданып, одан кейін қол қойылған буманы басқа пайдаланушыларға таратуыңызға болады. Буып, қол қою мүмкіндігі арқылы дерекқорды Access бағдарламасын жаю (.accdc) файлына орналастырып, бумаға қол қойып, одан кейін кодпен қол қойылған буманы анықтаған жерге орналастыруға болады.

Жұмыс барысында мына жайттарды есте ұстаңыз:

  • Дерекқорды буу мен бумаға қол қою сенім білдіру жолдары болып табылады. Сіз немесе пайдаланушылар буманы алған кезде, қолтаңба дерекқордың өзгертілмегенін құптайды. Егер авторға сенсеңіз, мазмұнды қосуыңызға болады.

  • Жаңа буу және қол қою мүмкіндігі тек Office Access 2007 файл пішіміндегі дерекқорларға қолданылады. Access 2007 бағдарламасы бұрынғы файл пішімінде жасалған дерекқорларға қол қою және оларды тарату үшін ескірек құралдар ұсынады. Сонымен қатар, жаңа файл пішімінде жасалған файлдарға қол қою және оларды жаю үшін ескі құралдарды пайдалануға болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, дерекқор буылмайынша, .accdb файлына сандық қолтаңба қолдануға болмайды.

  • Бір бумаға тек бір дерекқор қосуға болады.

  • Үрдіс макростар немесе код модульдері ғана емес, дерекқорлардағы нысандардың барлығына кодпен қол қояды. Сонымен қатар, үрдіс қотару уақыты аз болу үшін бума файлын қысады.

  • Дерекқорларды Windows SharePoint Services 3.0 серверлерінде орналасқан бума файлдарынан шығарып алуыңызға болады.

Келесі бөлімдерде қол қойылған бума файлын жасау және дерекқорды қол қойылған бума файлында пайдалану жолдары түсіндіріледі.

Бұл іс рәсімін пайдалану үшін сізде кемінде бір қауіпсіздік куәлігі болуы керек. Егер қауіпсіздік куәлігіңіз жоқ болса, SelfCert құралы арқылы біреуін жасай аласыз.

Жеке қолтаңба куәлігін жасау

  1. Бастау түймешігін басып, меңзерді Барлық бағдарламалар тармағына, Microsoft Office тармағына, одан кейін Microsoft Office құралдары тармағына апарып, VBA жобаларына арналған сандық куәлік параметрін таңдаңыз.

    -немесе-

    Шолғыш арқылы ішінде Office Professional 2007 (қазақша нұсқасы) бағдарлама файлдары бар қалтаға барыңыз. Әдепкі қалта — Диск:\Program Files\Microsoft Office\Office12. Сол қалтадан SelfCert.exe файлын тауып алып, екі рет нұқыңыз.

    Сандық куәлік жасау тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Куәліктің атауы жолағына жаңа куәліктің атауын теріңіз.

  3. OK түймешігін екі рет басыңыз.

Ескерту : Егер VBA жобаларына арналған сандық куәлік параметрі көрінбесе немесе SelfCert.exe файлын таба алмасаңыз, SelfCert файлын орнатуыңыз қажет болуы мүмкін.

SelfCert.exe файлын орнату

  1. Office Professional 2007 (қазақша нұсқасы) орнату ықшам-дискісін немесе басқа орнату дискісін жегіңіз.

  2. Орнату шеберіндегі Мүмкіндіктерді қосу немесе жою пәрменін таңдап, одан кейін Жалғастыру түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер Office Professional 2007 (қазақша нұсқасы) бағдарламасы жекелеген компьютерлерге ықшам дискіден емес, АТ әкімшілері тарапынан орнатылған ортада жұмыс істейтін болсаңыз, мына қадамдарды орындаңыз:

    1. Microsoft Windows жүйесінде Бастау түймешігін басып, одан кейін Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз.

    2. Бағдарламаларды қосу немесе жою параметрін екі рет нұқыңыз.

    3. 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламасын таңдап, одан кейін Өзгерту түймешігін басыңыз.

      Орнату шебері іске қосылады.

    4. Мүмкіндіктерді қосу немесе жою параметрін таңдап, одан кейін Жалғастыру түймешігін басыңыз.

    5. Келесі қадамдарды орындаңыз.

  3. Microsoft Office және Office ортақ мүмкіндіктері қалталарының жанындағы плюс (+) таңбасын нұқып жайыңыз.

  4. VBA жобаларына арналған сандық куәліктер параметрін таңдаңыз.

  5. Компьютерімнен іске қосу пәрменін таңдаңыз.

  6. Құрамдасты орнату үшін Жалғастыру түймешігін басыңыз.

  7. Орнату аяқталғаннан кейін Жабу түймешігін басып, одан кейін осы бөлімдегі бірінші қадамдар жиынына қайтып барыңыз.

Қол қойылған бума жасау

  1. Буылып, қол қойылатын дерекқорды ашыңыз.

  2. Microsoft Office түймешігі мәзірін Түймешік суреті таңдап, меңзерді Жариялау параметріне апарыңыз да, одан кейін Буу және қол қою пәрменін таңдаңыз.

  3. Бір сандық куәлікті таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

    Қол қойылған Microsoft Office Access бумасын жасау тілқатысу терезесі пайда болады.

  4. Қол қойылған дерекқор бумасы орналасатын бір жерді таңдаңыз.

  5. Қол қойылған буманың атауын Файл атауы жолағына теріп, одан кейін Жасау түймешігін басыңыз.

    Access бағдарламасы .accdc файлын жасап, оны таңдалған жерге орналастырады.

Қол қойылған буманы шығарып алу және пайдалану

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Осы түрдегі файлдар тізімінен Қол қойылған Microsoft Office Access бумалары (*.accdc) тармағын таңдаңыз.

  3. Ішінде .accdc файлы бар қалтаны тауып алып, файлды таңдаңыз да, одан кейін Ашу түймешігін басыңыз.

  4. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Егер жайылатын бумаға қолданылған сандық куәлікке сенуді таңдасаңыз, Дерекқорды осыған шығару тілқатысу терезесі пайда болады. Келесі қадамға өтіңіз.

    • Егер әлі де сандық куәлікке сенуді таңдамаған болсаңыз, кеңес беру хабары пайда болады.

      Кеңес беретін хабар

      Егер дерекқорға сенсеңіз, Ашу түймешігін таңдаңыз. Егер сол жеткізушіден алынған кез келген куәлікке сенсеңіз, Жариялаушыдан алынғанның барлығына сену түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

  5. Қалауыңыз бойынша, шығарып алынатын дерекқор орналасатын жерді таңдап, одан кейін Файл атауы жолағына шығарып алынатын дерекқор үшін басқа бір атауды теріңіз.

Егер куәлікке сену керектігіне сенімді болмасаңыз, Office Access 2007 бағдарламасындағы қауіпсіздік жүйесі туралы қосымша ақпарат алу үшін осы мақаланың Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқа қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану

Office Access 2007 бағдарламасы алдыңғы нұсқалардағы бірнеше басқа қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктерін, соның ішінде пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздік пен Бағдарламалар үшін Visual Basic (VBA) кодының қолтаңба модульдерін кодтау мүмкіндігін ұсынады. Әдетте, бұл құралдарды тәжірибелі пайдаланушылар мен жасақтаушылар пайдаланады.

Access 2007 бағдарламасындағы кейбір басқа қауіпсіздік жүйесінің құралдары туралы қосымша ақпарат алу үшін осы мақаланың Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Office Access 2007 қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктері мен құрылысын түсіну

Келесі бөлімдердегі ақпаратта Access 2007 бағдарламасындағы жаңа қауіпсіздік жүйесі мүмкіндіктерінің сипаттамасы беріліп, осы мүмкіндіктер негізінде жатқан құрылыс түсіндіріледі.

Жаңа Access 2007 қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктері

Access 2007 бағдарламасы дерекқорға қауіпсіздік жүйесін қолдану мен қауіпсіздік жүйесі қосылған дерекқорды ашу үрдісін жеңілдетуге көмектесетін жетілдірілген қауіпсіздік жүйесінің үлгісін ұсынады.

Ескерту : Осы бөлімде талқыланған үлгі мен тәсілдер қауіпсіздік жүйесін жетілдірілгенімен, деректерді қорғаудың ең сенімді жолы кестелерді серверде, мысалы Windows SharePoint Services 3.0 серверімен жұмыс істейтін компьютерде және пішіндер мен есептерді жергілікті компьютерлерге немесе желідегі ортақ орындарға сақтау болып табылады.

Access 2007 деректерін Windows SharePoint Services 3.0 серверімен пайдалану туралы ақпарат алу үшін осы мақаладағы Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

Төменде Access 2007 қауіпсіздік жүйесіндегі жаңалықтар тізімі берілген:

  • Дерекқордағы кез келген ажыратылған VBA кодын немесе құрамдастарын қосқыңыз келмеген жағдайда да деректерді көру мүмкіндігі. Егер Office Access 2003 нұсқасында қауіпсіздік жүйесін "Жоғары" деңгейіне қойсаңыз, деректерді көрместен бұрын дерекқорға кодпен қол қойып, сенуіңіз қажет болатын. Office Access 2007 бағдарламасында дерекқордың мазмұнын қосу керектігіне таңдамастан дерекқорларды ашып, деректерді көре аласыз.

  • Оңайырақ пайдалану мүмкіндігі. Егер дерекқор файлдарын (не жаңа Office Access 2007 файл пішіміндегі, не ескі файл пішімдеріндегі) сенімді деп тағайындалған файлдар қалтасы немесе желідегі ортақ орын сияқты сенімді бір жерге орналастырсаңыз, ол файлдар ескерту хабарламаларын бейнебетке шығармастан немесе қандай да бір ажыратылған мазмұнды қосуды сұрамастан ашылып, іске қосылатын болады. Сонымен қатар, егер дерекқорларды бұрынғы Access нұсқаларында, мысалы, .mdb немесе .mde файлдарында, Access 2007 бағдарламасында ашып, ол дерекқорларға сандық қолтаңба қойып, жариялаушыға сенуді таңдасаңыз, ол файлдар сенім туралы шешім қабылдау қажетінсіз ашылады. Дегенмен, жариялаушыға сенбейінше және сандық қолтаңба жарамсыз болған жағдайда, қол қойылған дерекқордағы VBA коды іске қосылмайтынын есте сақтаңыз. Қолтаңба қойған адамнан басқа бір пайдаланушы дерекқордың мазмұнына өзгеріс енгізген кезде, ол жарамсыз болып қалады.

    Дерекқорларға қол қою туралы қосымша ақпарат пен куәлікке сену туралы шешім қабылдауға көмектесетін нұсқауларды көру үшін осы мақаланың Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

  • Қауіпсіздікті басқару орталығы. Қауіпсіздікті басқару орталығы — Access бағдарламасының қауіпсіздік параметрлерін бір жерден теңшеп, өзгерту мүмкіндігін ұсынатын тілқатысу терезесі. Қауіпсіздікті басқару орталығы сенімді орындар жасау немесе өзгерту үшін, Office Access 2007 бағдарламасының қауіпсіздік параметрлерін теңшеу үшін пайдаланылады. Ол параметрлер жаңа және бұрыннан бар дерекқорлардың сол Access ішінде ашылған кездегі әрекеттеріне ықпал етеді. Сонымен қатар, Қауіпсіздікті басқару орталығының ішінде құрамдастарды бағалауға және дерекқордың қауіпсіз ашылатынын немесе Қауіпсіздікті басқару орталығының дерекқорды ажыратып, оны қосу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беруі керектігін анықтауға арналған логика болады. Қауіпсіздікті басқару орталығын Access бағдарламасында пайдалану туралы ақпаратты осы мақалада аталып өткен Сенімді орын жасау бөлімінен қараңыз.

    Қауіпсіздікті басқару орталығын пайдалану туралы жалпы ақпарат алу үшін осы мақаланың Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

  • Ескерту хабарламалары аз. Бұрынғы Access нұсқалары алуан түрлі ескерту хабарламаларымен, бір-екеуін атап айтар болсақ, мысалы, макрос қауіпсіздігі мен «құм жәшік» күйі туралы хабарламалармен жұмыс істеуге мәжбүрлейтін. Әдепкіде, сенімді орыннан тыс жердегі бір Office Access 2007 дерекқорын ашсаңыз, тек Хабар тақтасын көресіз.

    Хабар тақтасы

    Егер дерекқордың мазмұнына сенуге болатынын білсеңіз, барлық ажыратылған құрамдастарды, яғни әрекетті сұраулар (деректерді қосатын, жоятын немесе өзгертетін сұраулар), макростар, ActiveX басқару элементтері, өрнектер және VBA кодын, ішінде сол құрамдастардың біреуі немесе бірнешеуі бар дерекқорды ашқан кезде қосу үшін Хабар тақтасын пайдалансаңыз болады.

  • Office Access 2007 файл пішімінде жасалған файлдарға қол қою мен таратудың жаңа жолдары. Бұрынғы Access нұсқаларында жекелеген дерекқор құрамдастарына қауіпсіздік куәлігін қолдану үшін Visual Basic Editor өңдегіші қолданылатын. Access 2007 бағдарламасында дерекқорды буып, бумаға қол қойып, оны таратасыз. Егер дерекқорды қол қойылған бумадан сенімді бір орынға шығарып алсаңыз, дерекқор Хабар тақтасын көрсетпестен іске қосылады. Егер дерекқорды қол қойылған бумадан сенімсіз бір орынға шығарып алсаңыз, бірақ бума куәлігіне сеніп, қолтаңба жарамды болса, сенім туралы шешім қабылдауыңыз қажет болмайды. Сенімсіз немесе ішінде жарамсыз сандық қолтаңба бар бір дерекқорды буып, қол қойған кезде, дерекқор сенімді бір жерге орналастырылмайынша, оны әрбір ашқан кезде оған сену үшін Хабар тақтасын пайдалануыңыз керек.

  • Дерекқор құпиясөзі мүмкіндігін пайдаланатын Office Access 2007 файл пішіміндегі дерекқорларды шифрлаудың күшейтілген алгоритмі. Дерекқорды шифрлаған кезде, деректер кестелерге шифрланып, қалаусыз пайдаланушылардың деректерді оқуының алдын алады.

  • Дерекқор ажыратылған кезде іске қосылатын макрос әрекеттерінің жаңа қосалқы (ішкі) сыныбы. Бұл қауіпсіз макростардың ішінде де қателерді түзету мүмкіндіктері болады. Сонымен қатар, макростарды (тіпті ішінде Access ажырататын әрекеттер барларын да) тікелей кез келген логикалық тұрғыдан VBA кодының модулімен немесе бұрынғы Access нұсқасынан алынған макроспен жұмыс істейтін пішінге, есепке немесе басқару элементінің сипатын ендіре аласыз.

    Ескерту : Макростар туралы қосымша ақпарат алу үшін осы мақаланың Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

Ең соңында айтарымыз, жұмыс жалғастырған кезде мына ережелерді есте ұстаңыз:

  • Егер бір сенімді орындағы дерекқорды ашсаңыз, құрамдастардың барлығы сенім туралы шешімдер қабылдау қажетінсіз іске қосылады.

  • Егер бұрынғы Access нұсқасында жасалған дерекқорды (.mdb немесе .mde файлы) буып, қол қойсаңыз және орналастырсаңыз, дерекқорда сенімді жариялаушыдан алынған жарамды сандық қолтаңба болып, сол куәлікке сенген жағдайда құрамдастардың барлығы сенім туралы шешімдер қабылдау қажетінсіз іске қосылады.

  • Егер сенімсіз дерекқорға қол қойып, сенімсіз бір орынға орналастырсаңыз, Қауіпсіздікті басқару орталығы әдепкіде дерекқорды ажыратады да, оны әрбір ашқан сайын дерекқорды қосуды таңдауыңыз керек болады. Қосымша ақпаратты осы мақаладағы Ағымдық сеанс кезінде дерекқорға сену бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Office Access 2007 қауіпсіздік құрылысы

Access 2007 қауіпсіздік құрылысын түсіну үшін, Access дерекқоры Microsoft Office Excel 2007 жұмыс кітабы немесе Microsoft Office Word 2007 құжаты сияқты түсінікті беретін файл емес екендігін есте сақтауыңыз қажет. Керісінше, Access дерекқоры — жұмыс істеуі үшін жиі бір-біріне тәуелді болатын кестелер, пішіндер, сұраулар, макростар, есептер мен модульдер  сияқты нысандардың жиыны. Мысалы, деректер жазбасының пішінін жасасаңыз, пішіндегі басқару элементтерін бір кестемен байланыстырмайынша (оған сілтеме жасамайынша), ол пішінмен деректер енгізу немесе сақтау мүмкін болмайды.

Бірнеше Access құрамдасы қауіпсіздікке қатерлер, соның ішінде сұраулар (деректерді кірістіретін, жоятын немесе өзгертетін сұраулар), макростар, өрнектер (бір мән беретін функциялар) және VBA коды сияқты қауіп төндіруі мүмкін. Деректердің қауіпсіздігін арттыруға көмектесу үшін Office Access 2007 бағдарламасы мен Қауіпсіздікті басқару орталығы дерекқор әрбір ашылған сайын қауіпсіздікті тексеру жиынын орындайды. Үрдіс төмендегідей жолмен орындалады:

  • Сіз .accdb немесе .accde файлын Office Access 2007 арқылы ашқан кезде, Access бағдарламасы дерекқордың орналасқан жері туралы мәліметті Қауіпсіздікті басқару орталығына береді. Егер орын сенімді болса, дерекқор толық функциялармен іске қосылады. Егер бұрынғы Access нұсқасы арқылы жасалған дерекқорды Access 2007 арқылы ашсаңыз, Access бағдарламасы дерекқордың орналасқан жері мен сол дерекқорға қолданылған қандай да бір сандық қолтаңба туралы мәліметтерді береді.

    Қауіпсіздікті басқару орталығы дерекқорға сену деңгейін бағалау үшін сол айғақты тексеріп, одан кейін Access бағдарламасына дерекқорды қалай ашу керектігі туралы хабар келіп түседі. Access бағдарламасы не дерекқорды ажыратады, не оны толық функциялық мүмкіндіктерімен ашады. Қауіпсіздікті басқару орталығы дерекқорды сенімсіз деп бағалаған жағдайда, Office Access 2007 бағдарламасы дерекқорды Ажыратылған күйде ашады, яғни, ол орындалатын мазмұнның барлығын ажыратып тастайды. Бұл жаңа Access 2007 файл пішімінде және бұрынғы Access нұсқаларында жасалған файлдарға қолданылады.

    Access 2007 бағдарламасында келесі құрамдастар ажыратылады:

    • VBA коды мен VBA кодындағы кез келген сілтемелер, сондай-ақ кез келген қауіпті өрнектер.

    • Барлық макростардағы қауіпті әрекеттер. Қауіпті әрекеттер — пайдаланушының функцияларды өзгертуіне рұқсат етуге немесе дерекқордан тыс қор көздеріне қатынауға мүмкіндік беретін кез келген әрекеттер. Дегенмен, Access бағдарламасында ажыратылатын әрекеттер кейде қауіпсіз деп есептелуі мүмкін. Мысалы, егер дерекқорды жасаған кісіге сенсеңіз, дерекқордағы кез келген қауіпті макрос әрекеттеріне сенуіңізге болады.

    • Сұраулардың бірнеше түрлері:

      • Әрекетті сұраулар    Олар деректерді қосады, жаңартады және жояды.

      • Деректерді сипаттау тілі (DDL) сұраулары    Бұлар дерекқордағы кестелер мен іс реттері сияқты нысандарды жасау немесе өзгерту үшін пайдаланылады.

      • SQL тіліне берілген сұраулар    Бұлар пәрмендерді ODBC (Ашық дерекқорды байланыстыру) стандартын қолдайтын желілерге тікелей жібереді. Бұл сұраулар сервердегі кестелермен Access ДҚБЖ механизмін араластырмастан жұмыс істейді.

    • ActiveX басқару элементтері

      Ескерту : Қауіпсіздікті басқару орталығынан немесе жүйелік әкімші таңдаған параметрлер Access бағдарламасында дерекқорды ашқан кезде қабылданатын сенім туралы шешімдерді басқаратынын есте сақтаңыз.

      Қауіпсіздікті басқару орталығын пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін осы мақаланың Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

  • Егер Қауіпсіздікті басқару орталығы қандай да бір мазмұнды ажыратса, дерекқор ашылғанда Хабар тақтасы пайда болады.

    Хабар тақтасы

    Ажыратылған мазмұнды қосу үшін Параметрлер дегенді нұқып, одан кейін Microsoft Office қауіпсіздік параметрлері тілқатысу терезесіндегі Осы мазмұнды қосу пәрменін таңдаңыз. Access ажыратылған мазмұнды қосып, дерекқор толық функциялармен қайтадан ашылады. Олай болмаған жағдайда, ажыратылған құрамдастар жұмыс істемейді. Сенім параметрін таңдау туралы қосымша ақпарат алу үшін осы мақаладағы Ағымдық сеанс кезінде дерекқорға сену бөлімінен қараңыз.

Дерекқор ашылғанда, Access бағдарламасы қандай да бір орнатылған қондырмаларды, яғни не Access бағдарламасының функциялық мүмкіндіктерін кеңейтетін, не дерекқорды ашатын бағдарламаларды қотаруға әрекеттенеді. Сонымен қатар, ашылған дерекқорда нысандар жасайтын шеберлерді іске қосуыңызға болады. Қондырма қотарылғанда немесе шебер іске қосылғанда, Access бағдарламасы айғақты сенім туралы қосымша шешімдер қабылдайтын Қауіпсіздікті басқару орталығына жібереді, бұл нысанды немесе әрекетті не қосады, не ажыратады. Қауіпсіздікті басқару орталығы дерекқорды ажыратып, ол шешімге келіспеген жағдайда, мазмұнды қосу үшін әрдайым Хабар тақтасын пайдалана аласыз. Бұл ережелер қондырмаларға қатысты емес. Егер Қауіпсіздікті басқару орталығы тілқатысу терезесінде (Қондырмалар аймағында) Бағдарлама қондырмаларына сенімді жариялаушының қол қоюын талап ету параметрі жанына құсбелгісін қойсаңыз, Access бағдарламасы қондырманы қосу туралы нұсқау береді, бұл жағдайда Хабар тақтасы қолданылмайды.

Қауіпсіздікті басқару орталығын пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үші осы мақаладағы Сенімді орын жасау бөлімін қарап, Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Office Access 2007 бағдарламасында ашылып, бұрынғы Access нұсқалары арқылы жасалған дерекқорлармен қауіпсіздік жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы мәлімет

Бұрынғы Access нұсқасы арқылы жасалған бір дерекқорды ашқан кезде, сол дерекқорға қолданылған кез келген қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктері жұмыс істей береді. Мысалы, дерекқорға пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздікті қолданған болсаңыз, мүмкіндік Access 2007 бағдарламасында жұмыс істейді.

Әдепкіде, Access бағдарламасы барлық ескі, сенімсіз дерекқорларды ажыратылған күйде ашады да, оларды сол күйінде сақтайды. Ескі дерекқорды әрбір ашқан кезде қандай да бір ажыратылған мазмұнды қосуды таңдауыңызға, сенімді жариялаушыдан алынған куәлік арқылы сандық қолтаңба қолдануыңызға немесе дерекқорды сенімді жерге орналастыруыңызға болады.

Office Access 2007 бағдарламасынан бұрынғы Access нұсқаларында сақталған дерекқорлар үшін кодпен қол қою дерекқордағы құрамдастарға сандық қолтаңба қолдану үрдісі болып табылады. Сандық қолтаңба — шифрланған электрондық түпнұсқалықты растайтын мөр. Ол дерекқордағы макростар, код модульдері мен басқа да орындалатын құрамдастардың қол қоюшыдан шыққандығын және дерекқорға қол қойылғаннан бері оларды ешкім өзгертпегенін растайды.

Дерекқорға қолтаңба қолдану үшін алдымен сандық куәлік қажет. Егер дерекқорларды кәсіби мақсатта тарату үшін жасасаңыз, VeriSign, Inc. немесе GTE сияқты кәсіби куәлік беруші (КБ) мекемеден куәлік алуыңыз керек. Куәлік беруші мекемелер дерекқорларды шығаратын кісілер (жариялаушылар деп аталады) беделді екенін тексереді.

Егер дерекқор жеке немесе шектеулі жұмыс тобы сценарийлері үшін пайдаланылса, Microsoft Office Professional 2007 (қазақша нұсқасы) бағдарламасы жеке қол қойылған куәлік жасау құралын ұсынады.

Беттің жоғарғы жағы

Office Access 2007 және пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздік

Access 2007 бағдарламасы жаңа файл пішімінде (.accdb және .accde файлдарын) жасалған дерекқорларды пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздікпен қамтамасыз етпейді. Дегенмен, бұрынғы Access нұсқасы арқылы жасалған дерекқорды Access 2007 арқылы ашсаңыз, ол дерекқорға пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздік жүйесін қолданылған болса, ол параметрлер әлі де жұмыс істей береді.

Егер бұрынғы Access нұсқасындағы пайдаланушы деңгейіндегі қауіпсіздік жүйесі қосылған дерекқорды жаңа файл пішіміне түрлендірсеңіз, Access бағдарламасында автоматты түрде барлық қауіпсіздік параметрлерін алып тасталынады да, .accdb немесе .accde файлын қауіпсіз ететін ережелер қолданылады.

Сөз соңында айтарымыз, Office Access 2007 бағдарламасы арқылы жасалған дерекқорларды ашқан кезде, басқа пайдаланушылардың барлығы дерекқор нысандарын көре алатындығын есте сақтаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×