AVERAGE функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен AVERAGE функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттама

Аргументтердің орташа (арифметикалық) мәнін қайтарады. Мысалы, A1:A20 ауқым сандарды қамтыса, =AVERAGE(A1:A20) формуласы сол сандардың орташа мәнін қайтарады.

Синтаксис

AVERAGE(1-сан, [2-сан], ...)

AVERAGE функциясының синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • 1-сан    Міндетті. Орташасы қажет бірінші сан, ұяшыққа сілтеме немесе ауқым.

  • 2-сан, ...:    Міндетті емес. Орташасы қажет ең көбі 225-ке дейінгі сандар, ұяшық сілтемелері немесе ауқымдар.

Ескертпелер

  • Аргументтер сандар немесе атаулар, ауқымдар немесе сандарды қамтитын ұяшық сілтемелері болуы мүмкін.

  • Логикалық мәндер және аргументтер тізіміне тікелей терілетін сандардың мәтіндік презентациясы есепке алынады.

  • Егер ауқым немесе ұяшық сілтемесінің аргументі құрамында мәтін, логикалық мәндер немесе бос ұяшықтар болса, ол мәндер еленбейді. Дегенмен, нөл мәні бар ұяшықтар қамтылады.

  • Қате мәндер болып табылатын аргументтер немесе санға аударылмайтын мәтін қате туғызады.

  • Егер логикалық мәндерді және сілтемедегі сандардың мәтіндік презентацияларын есептеудің бір бөлігі ретінде қосқыңыз келсе, AVERAGEA функциясын қолданыңыз.

  • Егер белгілі бір шартқа сәйкес келетін мәндердің ғана орташасын есептегіңіз келсе, AVERAGEIF функциясын немесе AVERAGEIFS функциясын пайдаланыңыз.

Ескерту : AVERAGE функциясы статистикалық үлестірімнің ішінде сандар тобының ортасындағы орны болып табылатын орталық үрдісті өлшейді. Орталық үрдістің негізгі үш өлшем бірлігі:

  • Орташа, арифметикалық орташа мән, сандар тобын қосып, оны сол сандардың санына бөлу арқылы есептелінеді. Мысалы, 2, 3, 3, 5, 7 және 10 сандарының қосындысы — 30, оны 6-ға бөлсек, орташа мәні 5-ке тең болады.

  • Медиана, сандар тобының ортасындағы сан; ол сандардың жартысы медианадан төмен мәнге, ал жартысы медианадан жоғары мәнге ие екендігін білдіреді. Мысалы, 2, 3, 3, 5, 7 және 10 сандарының медианасы 4 санына тең.

  • Модус, сандар тобындағы ең жиі кездесетін сан. Мысалы, 2, 3, 3, 5, 7 және 10 сандарының модусы 3.

Сандар тобын симметриялық үлестіруі үшін орталық үрдістің үш өлшемі де бірдей болып табылады. Сан топтарының асимметриялық үлестіруі үшін олар әр түрлі болуы мүмкін.

Кеңес : Ұяшықтардың орташасын шығарған кезде, бос ұяшықтар мен ішінде нөлдік мәні бар ұяшықтардың арасындағы айырмашылықты есте сақтаңыз, әсіресе Excel жұмыс үстелі бағдарламасында Excel параметрлері диалогтық терезесінің Нөлдік мәні бар ұяшықтарда нөлді көрсету құсбелгісін алып тастаған болсаңыз. Осы параметр таңдалғанда бос ұяшықтар саналмағанымен, нөлдік мәндер есепке алынады.

Бос мәні бар ұяшықтарда нөлді көрсету құсбелгісін табу үшін:

  • Файл қойындысында Параметрлер тармағын, содан кейін Қосымша санатында Осы жұмыс парағы үшін параметрлерді көрсету астын қараңыз.

Мысал

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Деректер

10

15

32

7

9

27

2

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=AVERAGE(A2:A6)

A2 ұяшығынан A6 дейінгі ұяшықтардағы сандардың орташасы.

11

=AVERAGE(A2:A6, 5)

A2 ұяшығынан A6 дейінгі ұяшықтардағы сандардың орташасы және 5 саны.

10

=AVERAGE(A2:C2)

A2 ұяшығынан С2 дейінгі ұяшықтардағы сандардың орташасы.

19

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×