ATAN2 функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен ATAN2 функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Көрсетілген x және y координаталарының арктангенсін немесе кері тангенсін береді. Арктенгенс — x осі мен ішінде бастапқы нүктесі (0, 0) және координаталы нүктесі (x, y) болатын сызықтың арасындағы бұрыш. Бұрыш, -ПИ мәнін есептемегенде, -ПИ мен ПИ аралығындағы радиандармен беріледі.

Синтаксис

ATAN2(x_саны, y_саны)

ATAN2 функция синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • X_саны    Міндетті. Нүктенің x координатасы.

  • Y_саны    Міндетті. Нүктенің y координатасы.

Ескертпелер

  • Оң нәтиже x осінен сағат тіліне кері бағыттағы бұрышты көрсетеді, ал теріс нәтиже сағат тілінің бағытындағы бұрышты көрсетеді.

  • ATAN2(a,b) мәні ATAN(b/a) мәніне тең, бірақ a мәні ATAN2 функциясында 0 мәніне тең болуы мүмкін.

  • Егер «x_саны» мен «y_саны» аргументтерінің екеуі де 0 болса, ATAN2 функциясы #DIV/0! қате мәнін қайтарады.

  • Арктангенсті градустармен көрсету үшін нәтиже 180/ПИ( ) мәніне көбейтіледі немесе DEGREES функциясы қолданылады.

Мысал

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=ATAN2(1, 1)

1,1 нүктенің арктангенсі радианда, пи/4

0,785398163

=ATAN2(-1, -1)

-1,-1 нүктенің арктангенсі раидианда, -3*пи/4

-2,35619449

=ATAN2(-1, -1)*180/PI()

1,1 нүктенің арктангенсі градуста

-135

=DEGREES(ATAN2(-1, -1))

1,1 нүктенің арктангенсі градуста

-135

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×