ASINH функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен ASINH функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Санның кері гиперболалық синусын қайтарады. Кері гиперболалық синус гиперболалық синусы сан болып табылатын мән, сондықтан ASINH(SINH(сан)) функциясы санға тең болады.

Синтаксис

ASINH(сан)

ASINH функция синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • Сан    Міндетті. Кез келген заттық сан.

Мысал

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=ASINH(-2,5)

-2,5 санының кері гиперболалаық синусы

-1,647231146

=ASINH(10)

10 санының кері гиперболалық синусы

2,99822295

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×