AND функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен AND функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Аргументтерінің барлығы TRUE деп есептелгенде, TRUE мәнін қайтарады; бір немесе бірнеше аргумент FALSE деп есептелгенде, FALSE мәнін қайтарады.

AND функциясы жиі қолданылатын мақсаттардың біреуі — логикалық тексерулерді орындайтын басқа функциялардың пайдалылығын кеңейту. Мысалы, IF функциясы логикалық тексеруді орындайды да, тексеру TRUE деп есептелсе, бір мәнді қайтарады және тексеру FALSE деп есептелсе, басқа мәнді қайтарады. AND функциясын IF функциясының логикалық_тексеру аргументі ретінде пайдалансаңыз, бір ғана шарттың орнына көптеген басқа шарттарды тексеруге болады.

Синтаксис

AND(логикалық1, [логикалық2], ...)

AND функциясы синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • логикалық1    Міндетті. Тексеру керек бірінші шарт TRUE немесе FALSE деп есептелуі мүмкін.

  • логикалық2, ...    Міндетті емес. Ең көбі 255-ке дейін тексеру керек қосымша шарттар. Олар TRUE немесе FALSE деп есептелуі мүмкін.

Ескертпелер

  • Аргументтер TRUE немесе FALSE сияқты логикалық мәндер түрінде есептеп шығарылуы керек, не болмаса аргументтер құрамында логикалық мәндері бар массивтер немесе сілтемелер болуы тиіс.

  • Егер массив немесе сілтеме аргументінде мәтін немесе бос ұяшықтар болса, сол мәндер еленбейді.

  • Егер көрсетілген ауқымда логикалық мәндер болмаса, AND функциясы #VALUE! қате мәнін қайтарады.

Мысалдар

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=AND(TRUE, TRUE)

Барлық аргументтердің мәні TRUE

TRUE

=AND(TRUE, FALSE)

Бір аргумент-FALSE мәні

FALSE

=AND(2+2=4, 2+3=5)

Барлық аргументтер нәтижесі-TRUE мәні

TRUE

2-мысал

Деректер

50

104

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=AND(1<A2, A2<100)

А2 ұяшығындағы сан 1 мен 100 арасында болса, TRUE шығады. Әйтпесе, FALSE бейнелейді.

TRUE

=IF(AND(1<A3, A3<100), A3, "Мән ауқымнана асады.")

A3 ұяшығында сан бейнеленеді, егер ол 1 мен 100 арасында болса. Әйтпесе, "Мән ауқымнан асады" хабар бейнеленеді.

Мән ауқымнана асады.

=IF(AND(1<A2, A2<100), A2, "Мән ауқымнан асады.")

Егер бұл 1 мен 100 арасында болса, A2 ұяшығында сан бейнеленеді. Әйтпесе, хабар бейнеленеді.

50

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×