ACCDB және MDB файл пішімдері арасындағы айырмашылықтар

Бұл мақала Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында пайдаланылатын ACCDB файл пішімі мен бұрынғы нұсқаларда пайдаланылатын MDB файл пішімі арасындағы айырмашылықтарды сипаттайды. Office Access 2007 бағдарламасында Microsoft Jet дерекқор жүйесі 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламалары үшін теңшелген. Бұл Office бағдарламаларына тән болған Jet нұсқасы (ол Access дерекқор жүйесі деп аталады) Windows SharePoint Services 3.0 және Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламаларымен біріктіруге, бірнеше мән сақтайтын қондырмалы өрістерді жасауға және басқа жетілдірілген мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды :

Office Access 2007 файл пішімінің жаңа мүмкіндіктері

Файл кеңейтімдері

Жұмыс тобының ақпарат файлдары (MDW)

Құрсаулайтын файлдар

ACCDE файлдары

Байланыстырылған кестелер

Репликалау

Office Access 2007 файл пішімінің жаңа мүмкіндіктері

Бірнеше мән сақтайтын қондырмалы өрістер     Дерекқор бағдарламаларының басым көпшілігі (олардың ішінде Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларыда бар) әрбір өрісте тек қана бір мәнді сақтауға рұқсат береді. Ал Office Access 2007 бағдарламасында ендігі кезде әрбір өріс ішінде бірнеше мән сақтау мүмкіндігін беретін қондырмалы өріс жасауға болады. Іс жүзінде ол өріс ішінде "көп-көпке" қатынасын жасайды және бұны орындау механизмінің егжей-тегжейін жүйелік кестелер арқылы жасырады.

Мәселен, Сізде "Тапсырма" деп аталатын кесте бар және оның ішінде қондырмалы өріс бар делік. Бұл қондырмалы өріс тапсырмаларды қызметкерлерге тапсыру үшін қолданылады. Бір тапсырманы бірнеше қызметкерлерге тапсыру қажет болса, не істейсіз? Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында әрбір қызметкер мен тапсырманы тіркестіретін айқас сілтеме кестесін жасап, жаңа деректер құрылымын пайдалану үшін пішіндеріңіз бен есептеріңізді өзгерту қажет болған. Office Access 2007 бағдарламасында бірнеше мән сақтайтын қондырмалы өріс жасау мүмкіндігі бұл жұмысты едәуір жеңілдеткен. Ашпалы шаршыдан тек қана бір элемент таңдау мүмкіндігіне иә болудың орнына ендігі кезде Сіз тізімдегі әрбір элементтің қасында тұрған құсбелгі көздерін пайдаланып, олардың қалаған санын таңдауыңыз болады. Өріс ішінде бірнеше таңдалған мәндер бір бірінен үтірлермен ажыратылған болып көрінеді.

Бірнеше мән сақтайтын қондырмалы өрістер туралы көбірек ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат бөліміне қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

Тіркеме деректер түрі     Жаңа Тіркеме деректер түрі дерекқор ауқымын қажетсіз ұлғайтпай, дерекқордағы құжаттардың және екілік файлдардың барлық түрлерін оңай сақтауға мүмкіндік береді. Сақтау орнын тиімді пайдалану үшін қажет болған жағдайда тіркемелер автоматты түрды қысылады. Жазбаға Microsoft Office Word 2007 құжатын тіркеуге болады немесе бір қатар сандык суреттерді сақтауға болады. Тіпті, бір жазбаға бірнеше файлдар тіркеуге болады.

Жазбаларға файлдар тіркеу туралы көбірек ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат бөліміне қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

Windows SharePoint Services 3.0 мен Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламаларымен біріктіру мүмкіндігі     Бұрын Access файлдары Windows SharePoint Services 3.0 және Office Outlook 2007 бағдарламаларында бұғатталатын еді, себебі Access дерекқорына қауіпті код қосу мүмкін еді. Office Access 2007 бағдарламасында тексеру арқылы кодты қауіпсіз деп белгілеуге немесе оны ажыратуға мүмкіндік беретін жаңа пішім қолданылады. Бұл Access дерекқорларын Windows SharePoint Services 3.0 мен Office Outlook 2007 бағдарламаларымен толығырақ біріктіруге мүмкіндік береді және вирусқа қарсы бағдарламалары үшін Access дерекқор файлдарын тексеру жұмысын едәуір жеңілдетеді.

SharePoint деректермен дербес күінде жұмыс істеу    Office Access 2007 бағдарламасын пайдаланған кезде SharePoint тізімдерін бір рет нұқып, дербес етуіңіз мүмкін. Access бағдарламасында деректермен жұмыс істеп болған соң, өзгертулеріңізді үндестіріңіз немесе SharePoint торапымен байланысты кейінірек қайта қосыңыз.

Memo өрісінің журналын пайдалану     Мемо өрістері үлкен көлемдегі ақпаратты сақтау үшін пайдалы. Office Access 2007 бағдарламасынан бастап, Access бағдарламасын Мемо өрісіне жасалған өзгерістердің бәрін жазып алуға мәжбур ететін сипат (ТекҚосу) теңшеуге болады. Одан соң жазып алынған өзгерістерді қарап шығу мүмкін. Сондай-ақ, бұл мүмкіндік Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасындағы нұсқалау мүмкіндігін қолдайды, сондықтан Access бағдарламасын пайдаланып, SharePoint тізімінде сақталынатын және бірнеше жолдардан құралған мәтінге енгізілген өзгерістерді қарап шығуға болады (бұны Бар мәтінге өзгертулер қосу параметрі Иә болып теңшелген жағдайда ғана істеуге болады).

Беттің жоғарғы жағы

Файл кеңейтімдері

Office Access 2007 бағдарламасы бірнеше жаңа файл кеңейтімдерді енгізеді:

  • ACCDB    Office Access 2007 бағдарламасының жаңа файл пішімі үшін белгіленген файл кеңейтімі. Ол MDB файл кеңейтімін ауыстырады.

  • ACCDE    «Тек орындау» күйінде болған Office Access 2007 файлдары үшін белгіленген файл кеңейтімі. ACCDE файлдарында бастапқы Бағдарламаларға арналған Visual Basic (VBA) коды жойылған болады. ACCDE файлымен жұмыс істеп тұрған пайдаланушы VBA кодын тек қана орындауы мүмкін, бірақ оны өзгерте алмайды. ACCDE кеңейтімі MDE файл кеңейтімін ауыстырады.

  • ACCDT    Access дерекқор үлгілері үшін белгіленген файл кеңейтімі.

  • ACCDR    ACCDR дерекқорды жегу үақыты күйінде ашуға мүмкіндік беретін жаңа файл кеңейтімі. Дерекқордың файл кеңейтімін әншейін .accdb сөзінен .accdr сөзіне ауыстырып, Office Access 2007 дерекқордың «құрсауланған» нұсқасын жасауға болады. Файл кеңейтімін қайта .accdb сөзіне өзгертіп, барлық функционалдық мүмкіндіктерді қалпына келтіруге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс тобының ақпарат файлдары (MDW)

Жұмыс тобының ақпарат файлдары (MDW) қауіпсіз дерекқорлар үшін ақпарат сақтайды. Office Access 2007 бағдарламасына арнап, .mdw файл пішіміне ешқандай өзгертулер жасалмаған. Office Access 2007 жұмыс тобы реттеушісі Access 2000 және Access 2003 бағдарламаларында жасалған файлдарға ұқсас .mdw файлдарын жасайды және осы бұрынғы нұсқаларда жасалған .mdw файлдарын Office Access 2007 дерекқорларында пайдалануға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Құрсаулайтын файлдар

Дерекқор ашылған кезде, файл құрсау үрдісі құрсаулайтын файл тарапынан бақыланады. Сіз .mdb файлын ашқан кезіңізде, Access .ldb құрсаулайтын файлын жасап ашады. Бұл Office Access 2007 бағдарлмасын пайдаланып, .mdb дерекқор файлын ашқан кезіңізде де шын болады. Мәселен, егер Сіз "Db1.mdb" деп аталған дерекқор ашсаңыз, Access "Db1.ldb" деп аталған файлды жасап ашады — бұл .ldb файлы құрсаулауды бақылайды. Егер файлдар Office Access 2007 файл пішімінде (.accdb файлдары) жасалған болса, Access құрсаулауды .laccdb файл кеңейтіміне ие болған файлды жасап ашу арқылы бақылайды. Мәселен, егер Сіз "Db1.accdb" деп аталған файлды ашсаңыз, Access бағдарламасы "Db1.laccdb" деп аталған файлды жасап ашады. Сол .ldb файлдары сияқты .laccdb файлдары пайдаланушылардың бәрі дерекқорды жапқан кезде автоматты түрде жойылады.

Office Access 2007 файлдары мен Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жасалған файлдар үшін екі бөлек құрсаулайтын файл ұстау арқылы Office Access 2007 бағдарламасында бір уақытта және құрсаулайтын файлда қайшылық туғызбай "Db1.mdb" мен "Db1.accdb" деп аталған файлдарды ашық түрде устауға болады, себебі екі бөлек құрсаулайтын файл жасалынады. Бір .mdb файлын Office Access 2007 бағдарламасында және Access бағдарламасының бұрынғы нұсқасында бір уақытта ашық түрде ұстауға болады, себебі бұл жағдайда бағдарламаның екі нұсқасы да бір-ақ .ldb құрсаулайтын файлды пайдаланады.

Беттің жоғарғы жағы

ACCDE файлдары

Office Access 2007 бағдарламасының .accde файлы Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларындағы .mde файлы сияқты пайдаланылады. Ол бастапқы .accdb файлының құрсауланған нұсқасы болып табылады. Егер .accdb файлының ішінде кез келген VBA коды бар болса, .accde файлына тек қана компилацияланған код қосылады — бұның нәтижесінде, пайдаланушы VBA кодын көре алмайды немесе өзгерте алмайды. Сондай-ақ, .accde файлдарын пайдаланатын пайдаланушыларда пішіндердің немесе есептердің жасақтамасына өзгертулер енгізуге рұқсат берілмейд. Келесі үрдіс .accdb файлдарынан .accde файлдарын жасау үшін пайдаланылады:

Office Access 2007 бағдарламасында ACCDE файлын жасау

  1. Office Access 2007 бағдарламасында .accde файлы ретінде сақтағыңыз келетін дерекқорды ашыңыз.

  2. Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор құралдары тобында ACCDE жасау түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

  3. Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде файлды сақтау үшін пайдаланғыңыз келетін қалтаны табыңыз, Файл атауы тілқатысу терезесінде файл үшін атау енгізіңіз де Сақтау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Байланыстырылған кестелер

Access бағдарламасының ертерек шығарылған нұсқасының пішімінде болған кестені бағдарламаның кейінірек шығарылған нұсқасында жасалған дерекқормен байланыстыруға болады, бирақ Access бағдарламасының кейінірек шығарылған нұсқасының пішімінде болған кестені бағдарламаның ертерек шығарылған нұсқасында жасалған дерекқормен байланыстыруға болмайды. Мәселен, .accdb дерекқорындағы кестелерді басқа .accdb дерекқорындағы кестелермен немесе .mdb дерекқорындағы кестелермен байланыстыруға болады, бірақ .mdb дерекқорындағы кестелерді .accdb дерекқорындағы кестелермен байланыстыру мүмкін емес.

Репликалау

Office Access 2007 файл пішімі репликалау әрекетіне қолдау көрсетпейді. Office Access 2007 бағдарламасын пайдаланып, ескірек файл пішімінде жасалған дерекқорды репликалауға болады, бірақ Office Access 2007 пішімінде жасалған дерекқорды репликалауға болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×