2007 Microsoft Office жүйесіне арналған меншіктік анықтама

Соңғы жаңарту: 2006 жылдың қазан айы. Меншіктік анықтаманың бөлектеулерін қарап шығу

Нақты Office бағдарламасына немесе қызметіне қатысты деректер жиынын түсіну және тәжірибелерді қолдану үшін, мына 2007 Microsoft Office жүйесі жүйесіне арналған меншіктік анықтама мен оған қосымшаның екеуін де оқуыңыз керек.

Жалпы

Microsoft корпорациясы дербес компьютерге қажетті өнімділік қуат және жайлылық әкелетін өнімдермен қамтамасыз етумен бірге, құпиялықты қорғауға көп жұмыс жасайды. Бұл меншіктік анықтама көптеген деректер жиынын және 2007 Microsoft Office жүйесі жүйесіндегі алғашқы (бета-нұсқа) тәжірибелерді қолдануды түсіндіреді. Төмендегі мәліметті және оң жақта тізілген қосымша мәліметті 2007 Office жүйесіндегі бағдарламалары мен қызметтері туралы мәліметтерден оқыңыз. Бұл толық тізім болуға арналмаған. Бұл басқа қосылған немесе дербес Microsoft тораптары, өнімдері, не қызметтеріне сәйкес келмейді.

Барлық Microsoft Office жүйесінің өнімдеріндей, 2007 Office жүйесі тез жинақтау, бейнелеу және басқа адамдармен деректеріңізді ортақтасуға рұқсат етуге жасақталған. Microsoft корпорациясы деректеріңіздің құпиялығын қорғауға және қолданған, не үлестірген деректеріңізді толығымен басқаруға көмектеседі.

Бұл нұсқада сипатталғандардан басқа, Microsoft корпорациясына 2007 Office жүйесінде сақталған жеке мәліметтеріңіз жіберілмейді, Microsoft корпорациясына жіберілген мәліметтеріңіз сіздің рұқсатыңызсыз Microsoft корпорациясынан дербес және оның басқарып отырған өкілдіктері мен бөлімдерінде ортақтаспайды.

Қосымшалар

Байланысты сілтемелер

Жеке мәліметтерді жинау және қолдану

Жеке тұлға есебінде куәландыратын немесе сізбен байланысатын мәліметтер қажет болғанда, ол туралы толығымен сұралады. Жиналған жеке мәліметтерді Microsoft корпорациясына және оның өкілдері мен бөлімдері сұраған не рұқсат еткен бірізді амалдармен қамтамасыз етуге қолданылады. Және де бұл мәліметтер қолданып жатқан өнім, не қызмет туралы кері байланыста қосымша мәлімет алу үшін, берілген бағдарламалық жасақтаманы дағдарыстық жаңартулар мен құлақтандырумен қамтамасыз ету үшін, өнімді, не қызметті сауалдар сұрау арқылы жақсарту үшін немесе келесі оқиғалар не жаңа өнім шығарылымы туралы құлақтандыру үшін қолданылуы мүмкін.

Кейбір енгізілген жеке мәліметтер 2007 Office жүйесінің құжаттарына метадеректер түрінде қосылған болуы мүмкін. Метадеректер Office бағдарламаларында басқа адамдармен бір құжатта бірлесіп жұмыс жасауға көмектеседі. Метадеректерді сіздің құжаттарыңыздан жою туралы нұсқауларды белгілі бір Office бағдарламаларына арналған қосымша мәліметтің ішінен табасыз.

Осы нұсқада сипатталғаннан басқа жеке мәліметтеріңіз үшінші адамдарға жеткізілмейді. Бағдарламаның атынан шектелген қызметтерді орындауға басқа компаниялар шақырылады, мысалы үрдісті таңбалау және поштаны жеткізу, не пайдаланушыға қолдау көрсету. Бұл компаниялар тек қызметіне қатысты жеке мәліметтермен қамтамасыз етіледі. Олар мәліметтің құпиялығын сақтауға міндетті және оларға басқа мақсатта қолдануға тыйым салынған.

Microsoft корпорациясы осы мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге жинаған жеке мәліметтеріңізді АҚШ-та немесе өкілдіктері мен бөлімдері орналасқан басқа мемлекетте сақтап үрдістейді. Осы бағдарламаны қолдау арқылы осындай мәліметтерді басқа елге жеткізуге рұқсат бересіз. Microsoft Еуропалық Одақтан келген деректерді жинау, қолдану және сақтау АҚШ-тың Қаржы бөлімінде қабылданған қауіпсіз арқаулық жүйелерін сақтайды.

Microsoft корпорациясы заң жүзінде немесе бұл мәліметтердің қажеттігін келесі жағдайларда түсінгенде жеке мәліметтерге рұқсат береді не ашады: (a) Microsoft корпорациясына немесе тораптарына қатысты заң немесе сот жүзін орындауға; (ә) Microsoft корпорациясы және оның веб-тораптарының құқығы мен меншігін қорғауға; немесе (б) Microsoft корпорациясының жұмысшыларының, Microsoft өнімдері мен қызметтерін пайдаланушылардың не қоғамдық мүшелердің қауіпті жағдайда жеке қауіпсіздігін қорғауға.

Компьютеріңіз туралы мәлімет жинау және сақтау

  2007 Office жүйесі қосымша мәліметпен қамтамасыз ету және басқа адамдармен деректеріңізді ортақтасу үшін Интернет жүйесіне қатынас беретін көптеген мүмкіндіктерді қамтиды. Интернетке белсенді қосылымыңыз бар болған уақыттың бәрінде бұл мүмкіндіктерді пайдалана аласыз. Бұл нұсқауда кейінірек әрбір мүмкіндік егжей тегжейлі түсіндіріледі.

Барлық уақытта 2007 Office жүйесі Microsoft серверімен байланысады, сұрауыңыз бойынша IP-мекенжайыңыз жіберіледі. Тіл, орындалушы жүйе нұсқасы, шолғыш мәліметі, Office тұтынушы нұсқасы, ел/аймақ теңшелімі де сұрауыңызға қосылуы мүмкін («қалыпты компьютер туралы мәлімет»). Сұрауыңыз бойынша қызметтермен қамтамасыз ету үшін осы мәліметтер жиналады.

 2007 Office жүйесі орнатылған соң, болашақта Интернет жүйесі арқылы компьютерден бағдарламалық жасақтама өнімінің атын және нұсқаның нөмірін сұрауы мүмкін. Мәліметті веб-тораптар 2007 Office жүйесіндегі алғашқы (бета-нұсқа) нұсқамен сыйысымды өнімдерді береді. Бұл мәлімет жеке танымды мәліметті құрамайды.

Microsoft веб-қызметтегі кейбір веб-мекенжайларды (URL) өзгерте алады. Қызметке үзгіш келтірмес үшін, Microsoft корпорациясы жаңа веб-мекенжайлары бар файлдарды жүйеңізге қотаруы мүмкін, олар 2007 Office жүйесі веб-қызметтерін қолдануға рұқсат қатынасын қажет етеді.

Бағдарламалық жасақтаманы веб-қызметке қосу мүмкіндігін алғашқы рет таңдаған кезде, бағдарлама XML файлды қотару туралы сұрау жібереді, сұрау бағдарламаның атын және нұсқасын, таңдаған орныңыз бен тілді сұрайды. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Microsoft тұтынғышыңызға XML файл жібереді, ол Microsoft Office веб-қызметіне арналған URL тізімінен тұрады.

«Cookie» файлы

Кейбір 2007 Office жүйесінің мүмкіндіктері «cookie» файлын қолданады. Кейінірек нұсқауда мүмкіндіктер егжей тегжейлі сипатталады.

«Сookie» файлы – веб-сервер арқылы қатты дискіге орналасқан кішкентай мәтін. Microsoft бағдарламаларды компьютеріңізге жегу үшін «cookie» файлын қажет етпейді. «Сookie» файлдары тек сізге тағайындалған және файл жегілген веб-серверде ғана бір мәнді және оқылады.

«Сookie» файлының негізгі міндеті уақытыңызды үнемдеу мүмкіндігін беру. Мысалы, «сookie» файлы 2007 Office жүйесінде қолданғанда, Office бағдарламасында соңғы қолданған Microsoft Windows SharePoint қызметтерінің торабын есте сақтауға көмектеседі. Бұл торапты қайта іздеу үрдісін және қажетті мазмұнды жеткізуді жеңілдетеді.

Қашан да 2007 Office жүйесі Microsoft серверімен қатынасқанда, «сookie» файлын сақтай немесе қатынаса алады. Бағдарламада таңдалған тіл немесе жергілікті орыннан өзгеше болуы мүмкін, Microsoft Office жүйесі өнімі жүйеңізге орнатылғандығын және Интернет теңшелімінен таңдалған тіл немесе жергілікті орынды көрсету үшін, «сookie» файлдарында жалауша болады. Пайдаланушының Microsoft Office Online торабына қай бетті пайдаланғаны туралы мәлімет жинау үшін де, «сookie» файлы пайдаланылады. Бұл торапқа кірушінің деректері тек ұқсатқыш коды арқылы көрсетіледі және меншіктік анықтамадан басқа жерде сипатталуға рұқсат бермесеңіз, ешқашан жеке анықтамаңызбен бірге байланыс жасалынбайды.

Windows Internet Explorer шолғышында Интернет параметрлерін өзгерту арқылы «cookie» файлын қабылдау не қабылдамау мүмкіндігі бар. (Internet Explorer шолғышындағы Құралдар мәзірінде Интернет параметрлері пәрменін таңдап, одан кейін Құпиялық қойындысын нұқыңыз.) Microsoft Office жүйесі Internet Explorer шолғышында таңдаған меншіктік анықтамаңызды сақтайды және егер «cookie» файлын қотаруға рұқсат бермеу параметрін таңдаған болсаңыз, «cookie» файлы қотарылмайды. Егер орнатулар осылай жасалынған болса, кейінірек сипатталатын нұсқауларда «cookie» файлын қолдану дұрыс жұмыс жасамайды. Internet Explorer шолғышының Интернет параметрлерінде бұрынырақ сақталған «cookie» файлдарын жою параметрін таңдамасаңыз, 2007 Office жүйесінде қатты дискіңізде бұрынырақ орнатылған «cookie» файлдарын оқуға болады.

Microsoft Office жүйесін белсендіру

Белсендірудің мақсаты бағдарламалық жасақтаманың қарақшылық көшірмесін азайту және Microsoft корпорациясы пайдаланушыларды сапалы бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз ету. Белсендіру орнатылған жабдықпен байланысты белгілі бір өнім кілті байланысқанын білдіреді. Microsoft корпорациясының бағдарламалық жасақтамасы үшін лицензиялық келісімнің шарттары 2007 Office жүйесінің құрамына кіретіндіктен өнім кілтінің белсендіру үшін қанша рет қолданылатынын көрсетеді. Өнім кілтін осы компьютерде немесе басқа компьютерде белгіленген мөлшерде қолданған болсаңыз, онда басқа компьютерлерде белсендіру үшін өнім кілтін басқа компьютерлерде белсендіру үшін қолдану мүмкін емес. Белсендіру жеке мәліметтерді қажет етпейді.

Белсендіру міндетті болып табылады. Берілген мерзім аяқталғаннан кейін, бағдарламалық жасақтаманы әрі қарай қолдану үшін белсендіру қажет.

Белсендіру кезінде, өнім коды және бірегей емес жабдық ұқсатқышы Microsoft корпорациясына жіберіледі. Өнім кілтінен әзірленген өнім коды бағдарламалық жасақтаманы орнату үшін қолданылады және белсендіріліп жатқан Office нұсқасы мен тілінің жалпы кодын көрсетеді. Бірегей емес жабдық ұқсатқышы белсендіру кезінде компьютеріңіздің теңшелімін көрсетеді. Жабдық ұқсатқышы компьютеріңізде болуы мүмкін жеке мәліметтерді немесе бағдарламалық жасақтаманың түрлі мәліметтері мен деректерін іске қоспайды. Компьютеріңіздің ерекше жасалымы немесе үлгісін анықтау үшін де қолданылмайды. Жабдық ұқсатқышы тек қана белсендіру мақсатында қолданылады. Office көшірмесі компьютеріңіздің теңшеліміндегі өзгертулерді анықтайды және қабылдайды. Аралық жаңартулар қайта белсендіруді талап етпейді. Егер сіз 2007 Office жүйесін орнатпасаңыз, өніміңізді қайта белсендіру қажет болуы мүмкін.

Жиналған мәліметтердің ешқайсысы сізді әшкерелеу үшін қолданылмайды және бұл мәліметтердің ешқайсысы Microsoft корпорациясының сыртында жарияланбайды. Бұл мәліметтер сізде бағдарламалық жасақтаманың лицензиялық көшірмесі бар екенін құптау үшін қажет.

Белсендіру туралы қосымша мәлімет алу үшін, Microsoft Office бағдарламаларын белсендіру бөлімін қараңыз.

Microsoft Office белсендіру көмекшісі

Microsoft Office белсендіру көмекшісі таныстыру кілтін 2007 Office жүйесінің бағдарламаларын 60 күнге жарамды ету үшін шығарып алуға көмектеседі. 60 күннен кейін Office бағдарламасын сатып алынған өнім кодымен белсендіруді таңдауыңыз мүмкін немесе басқа сатып алу параметрлері туралы қосымша мәліметті Белсендіру немесе Microsoft Office бағдарламасын сатып алу қойындысын Office белсендіру көмекшісін нұқу арқылы ала аласыз. Таныстыру кілтін шығарып алу үшін, Интернетке қосылуыңыз қажет. Office белсендіру көмекшісінде, Таныстыру белсендіру кілтін қосуды желіде сұрау үшін мына жерді нұқыңыз сілтемесін таңдаған кезде, ұқсатқыш бірізді амалдары, IP-мекенжайы және шолғышыңыздың аймақтық және тілдік орнатулары үшінші адамға жіберіледі. Бұл жүйе таныстыру кілтін Office белсендіру көмекшісінде автоматты түрде көрсетеді. Таныстыру кілтін алғаннан кейін, Кеңес беріледі түймешігін Office белсендіру көмекшісінен басыңыз, бұл таныстыру кілтінің көшірмесін жазу, Microsoft Office кеңестері мен жүрістерін тегін алу және тегін қосылған оқытулар мен көмекке қатынас алу үшін, оны электрондық поштамен жібереді. Таныстыру кілтін алғаннан кейін, Қазір Microsoft Office бағдарламасын іске қосу және таныстыру кілтін кіргізу үшін мына жерге нұқыңыз сілтемесін таңдаңыз, сонда Microsoft Office бағдарламасын орнату және белсендіру үрдісін аяқтап, Microsoft Office бағдарламасының таныстыру нұсқасымен жұмыс жасауды бастауға болады. Қосымша мәлімет алу үшін, 2007 Microsoft Office жүйесі PC trial торабына кіріңіз.

Анықтама алу

Интернетке қосылған кезде, белгілі бір сөз немесе сөз тіркесін таңдап анықтама, үлгілер, клип, мультимедиа алғыңыз келсе, 2007 Office жүйесінде де сол сөзді немесе сөз тіркесін Microsoft Office Online торабында да қолдана аласыз. Бұл ең соңғы нұсқаларды қамтитын мазмұнның үлкен және динамикалық жиынына қатынас алуына рұқсат береді. Егер Microsoft Office Online анықтамасы қосылса, осы мүмкіндікке қатысты үлгі сияқты кейбір мүмкіндіктер автоматы түрде қотарылады.

Егер сөз тіркесін іздеу параметрін таңдасаңыз, 2007 Office жүйесі бұл сөз тіркесін басқа мәліметтер, мысалы қазір пайдаланылып жатқан бағдарлама, сұрақ қойылғанда бағдарламалық жасақтаманың қай бөлігін қолданып жатқаныңыз, сұралған іздеудің көлемімен бірге Microsoft Office Online торабына жібереді. Егер құжатты үлгі түрінде қолданып жатсаңыз, 2007 Office жүйесі осы үлгіге де жеке құжаттарыңызды емес, үлгіні күәландыратын ұқсатқыш кодын жібереді. Microsoft корпорациясы сұралған жазбаны қайтару үшін осы мәліметті пайдаланады. Сонымен бірге өнімдерді жақсартуға да пайдаланады.

Егер анықтаманы қосқыңыз не ажыратқыңыз келсе, төмендегі Анықтама терезесінде анықтама, үлгі және қосымша қосылған мазмұн алу бөлімін қараңыз.

Windows Live ID түпнұсқалығын растау

  2007 Office жүйесінің кейбір мүмкіндіктері Windows Live ID ұқсатқыш кодын қолтаңбамен не қызметтерді тіркеліммен қамтамасыз етуді сұрауы мүмкін. Windows Live ID ұқсатқыш кодын қолдану арқылы тіркелгенде электрондық мекенжайыңыз бен құпия сөзіңізді теру сұралады. Паспортқа тіркелгенде басқа да паспорт қатынасушыларының тораптары мен жүйелеріне қатынас аласыз. Егер осы торапта паспорт қызметін ашсаңыз, бір мезгілде 2007 Office жүйесіне тіркелесіз және Windows Live ID ұқсатқыш коды тіркелгісін ашасыз. Берілген барлық тіркелім мәліметтері Microsoft Office online қызметінде сақталады, ал кейбірі немесе барлық мәліметтер де Windows Live ID ұқсатқыш коды арқылы Windows Live ID ұқсатқыш коды профайлыңызда сақталады. Windows Live ID ұқсатқыш коды туралы қосымша мәліметі, Windows Live ID ұқсатқыш кодында сақталған мәліметті, Windows Live ID ұқсатқыш кодын қалай пайдалану және жеке мәліметтеріңізді қорғау туралы үйрену үшін, Windows Live ID қауіпсіздік анықтамасы туралы меншіктік анықтама бөлімін оқыңыз.

Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы

Microsoft корпорациясы бағдарламалық жасақтама мен қызметтерінің сапасын, сенімділігін және өнімділігін арттыру үшін, Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасына қосылу параметрлеріңіз бар.

Егер қосылсаңыз, Microsoft корпорациясы жабдық теңшелімі туралы және тренді мен қолдану әшекейлерін куәландыратын қызметтер мен бағдарламалық жасақтаманы қалай қолдану туралы анонимді мәлімет жинайды. Мүмкіндік атыңыз, мекенжайыңыз немесе басқа қатынас мәліметтерін жинамайды.

Қосымша мәлімет және Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасына арналған толық меншіктік анықтама алу үшін, Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы веб-торабына кіріңіз. Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасына қатынасу үшін, төмендегі бөлімді қараңыз: Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасына қатынасу.

Емлені тексеру құралдарын жақсартуға көмектесу

Емлені тексеру құралдарын жақсартуға көмектесу мүмкіндігі емлені тексеру құралдарын пайдалану туралы деректерді жинап, оларды Microsoft корпорациясына жібереді. Егер Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасыарқылы қатынасуды қаласаңыз, қолданбалы сөздік қосымшаларыңыз сияқты тексеру әрекеттері компьютеріңізде сақталады және Microsoft корпорациясына 2007 Office жүйесін орнатқаннан кейінгі алты айдың ішінде үш рет жіберіледі. Алты айдан кейін мүмкіндік деректерді Мicrosoft корпорациясына жібергенді тоқтатып, тексеру әрекеттері бар деректер жинағы файлын компьютеріңізден өшіреді.

Дегенмен, бұл мүмкіндік жеке деректерді әдейі жинамайды, жіберілген мазмұндардың кейбірі дыбысталу не грамматикалық қателерін белгілеген элементтерден тұруы мүмкін, мысалы, адам аттары және тіркелгі нөмірі. Барлық нөмірлер, тіркелгі нөмірі, көше мекенжайлары және телефон нөмірлері деректер жиналғанда нөлге айналады. Microsoft корпорациясы бұл мәліметтерді пайдаланушыларды куәландыру үшін емес, тек өнімдерін жақсарту үшін пайдаланады. Егер есепте жеке және құпия мәліметтеріңіз бар деп ойласаңыз, оны жібермеңіз.

Microsoft корпорациясына деректер жіберместен бұрын, жіберуге рұқсат сұрайтын тілқатысу терезесі шығады. Сол уақытта мәліметтерді жіберместен бұрын, енгізбелердің кейбірін не барлығын жоя аласыз.

Office диагностикалау орталығы

Егер кейде өте көп қате хабарларын алған жағдайыңызда көмектесу үшін, Microsoft корпорациясы компьютеріңізге кішкене файлдарды жиі қотаруға мүмкіндік береді. Мүмкін болған жағдайда қате хабарламасы туралы жаңа анықтама мәліметі де автоматты түрде қотарылады. Мүмкіндік сізге файлды жіберуге IP-мекенжайынан басқа, атыңызды, мекенжайыңызды және қатынас мекенжайыңызды жинамайды. Office диагностикалау орталығын қосу не ажырату үшін, төмендегі бөлімді қараңыз: Office диагностикалауы орталығын қолданып, жаңылысқан Office бағдарламаларын диагностикалау және түзету.

Microsoft бағдарламасында қате туралы есеп беру

Microsoft бағдарламасында қате туралы есеп беру құралдары Интернет арқылы Microsoft корпорациясына пайдаланушының қате хабарларын жіберуге мүмкіндік береді. Қате туралы хабарлар пайда болғанда, пайдаланушылар Интернет арқылы дәл уақытында Microsoft корпорациясына хабарды жібереді. Егер қате есебі үшінші жақтың өнімдерінде ақаулық туғызғанын көрсетсе, Microsoft корпорациясы оларға есепті жіберуі мүмкін. Microsoft корпорациясының немесе оның серіктестерінің бағдарламалық не жабдықтық жасақтаманы жасаушы жұмысшылары қате деректерді сараптап, қатесін тауып, оны дұрыстайды. Дегенмен, құралдар жеке куәландыратын мәліметтерді жинамағанымен, ашық файлдардан мұндай деректер жадыда не жиналған деректерде сақталуы мүмкін Microsoft корпорациясы пайдаланушыларды куәландыру үшін мұндай мәліметтерді пайдаланбайды, Microsoft бағдарламасында қате туралы есеп беру құралдары және меншіктік мәлімет туралы қосымша мәлімет алу үшін, Microsoft бағдарламасында қате туралы есеп беру меншіктік анықтамасы бөлімін қараңыз.

Microsoft жаңарту орталығы

Қауіпсіз және маңызды жаңартуларды Microsoft жаңарту орталығы Microsoft Windows және басқа Microsoft өнімдері, 2007 Office жүйесі үшін алуға рұқсат береді. Microsoft жаңартуларынан жаңартулар алуға қалай тіркелуді үйрену үшін, Microsoft жаңарту орталығы арқылы компьютеріңізді жаңартып отырыңыз бөлімін қараңыз.

Microsoft жаңарту орталығының веб-торабына кірген не жаңартуларды автоматты алған кезде, компьютеріңізде өте жақсы жұмыс жасайтын мәліметтерді алуыңыз үшін, Microsoft корпорациясы әрбір кіруіңізбен бірге компьютеріңіз туралы қалыпты мәліметтерді жинайды. Мәліметтер де Microsoft корпорациясының веб-торабын қалай пайдалану және қай жүйелерге қолдау қажеттігі туралы жиынтық статистикасын алу үшін пайдаланылады. Microsoft жаңартуларымен бірге толық меншіктік анықтама туралы қосымша мәлімет алу үшін, Microsoft жаңарту орталығынан Microsoft жаңарту орталығында жиі қолданылатын сұрақтар бөлімін қараңыз.

Қауіпсіздік

Microsoft корпорациясы жеке мәлiметтеріңіздің қауіпсіздігін қорғауға көмектесуге міндетті. Шегі айқындалмаған қатынас, пайдалану және ашудан қорғауға көмектесу үшін әр түрлі технологиялар мен іс рәсімдері қолданылуда.

Меншіктік анықтамалардағы өзгертулер

Microsoft корпорациясы меншіктік анықтамаларды кейде жаңарта алады. Меншіктік анықтаманың ең жоғарғы жағында орналасқан соңғы жаңартулар енгізілген күн әрбір жаңа нұсқамен жаңартылып тұрады. Меншіктік анықтама туралы жаңарту 2007 Office жүйесіндегі болашақ жаңарту бумасына қосылады. Microsoft корпорациясы мәліметтеріңізді қалай қорғап жатқандығы туралы мәлімет алу үшін, меншіктік анықтаманы қолдауды жиі сараптап тұру ұсынылады.

Байланысу мәліметтері

Microsoft корпорациясы меншіктік анықтамаға қатысты ескертулеріңізді қабылдайды. Егер анықтама туралы сұрақтарыңыз болса не оны ұстанатынымызға сенімсіз болсаңыз, Бізбен байланысыңыз: құпиялық кері байланысы бөліміндегі веб-пішінді толтыру арқылы қатынасыңыз.

Microsoft Office Privacy, Microsoft Corporation, One Microsoft Way, Redmond, WA 98052 USA

Еліңіз, аймағыңыздағы Microsoft корпорациясының бөлімі немесе филиалы туралы байланысу мәліметтерін алу үшін, Microsoft Worldwide бөлімін қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×