2007 Microsoft Office жүйесіндегі деректерге қатынас құқықтарын басқару

Бұл мақала 2007 Microsoft Office жүйесі жүйесіндегі Ақпаратқа қатынасу құқықтарын басқару (IRM) қолдану арқылы құжаттар, жұмыс кітаптары және көрмелер мазмұнына рұқсаттарды шектеу әдісін баяндайды. Электрондық пошта хабарының мазмұнына рұқсатты шектеу туралы мәлімет алу үшін, Электрондық пошта хабарындағы құпия мәліметке рұқсатты шектеубөлімін қараңыз.

Файлды ашу немесе оған өзгерістер енгізу үшін құпия сөз орнату туралы мәлімет алғыңыз келсе, Құжат, жұмыс кітабы немесе көрмені ашу немесе оларға өзгерістер енгізу үшін құпия сөз орнатубөлімін қараңыз. Құжаттардағы пішіндеуді қорғау және жұмыс парағы немесе жұмыс кітабы элементтерін қорғауүшін құпия сөздер қолдануды сипаттайтын басқа мақалалар бар.

Бұл мақалада

IRM мақсаты және оның шектеулері

IRM арқылы құқықтары басқарыла алынатын файл түрлері

Компьютерді IRM қолдану үшін түрлендіру

Рұқсаттарды қотару

Файлдардағы мазмұнға рұқсатты шектеу

Құқықтарды басқару файлдары үшін басқа Windows пайдаланушы тіркелгісін қолдану

Рұқсаты шектеулі мазмұнды қарап шығу

IRM мақсаты және оның шектеулері

Ақпаратқа қатынасу құқықтарын басқару (IRM) жеке адамдар мен әкімшілерге құжаттар, жұмыс кітаптары және көрмелерге қатынасу рұқсатын белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл рұқсатсыз адамдардың құпия мәліметті басып шығаруының, қайта жіберуінің немесе көшіруінің алдын алады. Файлға рұқсат IRM қолдану арқылы шектелген соң, мәліметтің қай жерде болғанына қарамастан қатынасу мен қолдану күшіне енгізіледі, файлға рұқсат құжат файлының өзінде сақталады.

IRM жеке тұлғаларға өздерінің жеке және құпия мәліметтерін беру бойынша өз теңшелімдерін күшіне енгізуге көмек көрсетеді. IRM, сонымен қатар, ұйымдарға құпия және жеке меншіктік мәліметті бақылау және таратуды басқарудың корпоративтік саясатын күшіне енгізуге де көмектеседі.

IRM төмендегілерді орындауда көмектеседі:

  • Рұқсатты пайдаланушының рұқсаты шектелген мазмұнды рұқсатсыз пайдалану үшін оны қайта жіберу, көшіру, өзгерту, басып шығару, факспен жіберу немесе қою әрекеттерінің алдын алу

  • Рұқсаты шектеулі мазмұнның Microsoft Windows Print Screen мүмкіндігін қолдану арқылы көшірілуінің алдын алу

  • Мазмұнды қайда жіберілуінен тәуелсіз шектеу

  • Белгілі бір уақыттан кейін құжат мазмұны көрінбейтіндей етіп файлдың жарамдылық мерзімін қолдау

  • Ұйым ішінде мазмұнды қолдану мен таратуды басқару саясатын күшіне енгізу

IRM төмендегілердің алдын алады:

  • Троян аты, перне тіркеушісі және белгілі бір тыңшылық бағдарламалық жасақтамасы сияқты зиянкес бағдарламалар арқылы мазмұнның өшірілуі, ұрлануы немесе шығарып алып және берілуі

  • Компьютер вирустары әрекеттеріне байланысты мазмұнның жоғалуы немесе бүлінуі

  • Рұқсаты шектеулі мазмұнның қолмен көшірілуі немесе алушының бейнебетінен қайта терілуі

  • Алушының бейнебеттегі рұқсаты шектеулі мазмұнның сандық суретін алуы

  • Рұқсаты шектеулі мазмұнның үшінші жақ бейнебет жаулағыш бағдарламасы арқылы көшірілуі

Беттің жоғарғы жағы

IRM арқылы құқықтары басқарыла алынатын файл түрлері

2007 Office бағдарламасында IRM пайдаланып, төмендегі файл түрлерін қоса XML Paper Specification (.xps) файлдары құқықтарын басқара аласыз:

Word файлдары

Файл түрі

Кеңейтім

Құжат

.doc

Құжат

.docx

Макростар қолдайтын құжат

.docm

Үлгі

.dot

Үлгі

.dotx

Макростар қолдайтын үлгі

.dotm

Excel файлдары

Файл түрі

Кеңейтім

Жұмыс кітабы

.xls

Жұмыс кітабы

.xlsx

Макростар қолдайтын жұмыс кітабы

.xlsm

Үлгі

.xlt

Үлгі

.xltx

Макростар қолдайтын үлгі

.xltm

XML қолдамайтын екілік жұмыс кітабы

.xlsb

Макростар қолдайтын қондырма

.xla

Макростар қолдайтын қондырма

.xlam

PowerPoint файлдары

Файл түрі

Кеңейтім

Көрме

.ppt

Көрме

.pptx

Макростар қолдайтын көрме

.pptm

Үлгі

.pot

Үлгі

.potx

Макростар қолдайтын үлгі

.potm

Көрсету

.pps

Көрсету

.ppsx

Макростар қолдайтын

.ppsm

Office тақырыбы

.thmx

Ескертулер : 

  • Бұл файл түрлері Office Outlook 2007 бағдарламасының құқықтары басқарылатын электрондық пошта хабарына тіркелген кезде, олардың да автоматты түрде құқықтары басқарылады.

  • Хабар (.msg) файлын құқықтары басқарылатын электрондық пошта хабарына тіркеген кезде, тіркелген хабардың құқықтары басқарылмайды. IRM .msg файл түрлерінің құқықтарын басқармайды.

Беттің жоғарғы жағы

Компьютерді IRM қолдану үшін түрлендіру

2007 Office бағдарламасында IRM пайдалану үшін, ең аз талап етілетін бағдарлама Windows құқықтарды басқару қызметі (RMS) тұтынғышының 1 жаңарту бумасы (SP1). Егер Windows Vista жүйесі қосылған компьютерді пайдалансаңыз, Windows құқықтарды басқару қызметі (RMS) тұтынғышы орнатылған болады. Егер Windows XP жүйесі қосылған компьютерді пайдалансаңыз, Windows құқықтарды басқару қызметі (RMS) тұтынғышының 1 жаңарту бумасын (SP1) сіз немесе RMS әкімшісі компьютерге орнатқан болуы тиіс. RMS әкімшісі мәліметтерге қатынай алатын пайдаланушыларды және рұқсат етілетін электрондық пошта хабарын өңдеу деңгейін анықтайтын ұйымға тән IRM саясаттарды теңшей алады. Мысалы, ұйым әкімшісі сол саясатты пайдаланатын электрондық пошта хабары тек ұйым егелігі ішіндегі пайдаланушылармен ашыла алынатынын көрсететін "Компания үшін құпиялы" деп аталатын құқықтар үлгісін анықтауы мүмкін.

Windows құқықтарды басқару қызметтері (RMS) тұтынғышын орнату

  1. Windows XP жүйесінде Бастау түймешігін басыңыз, одан кейін Басқару тақтасы параметрін таңдаңыз.

  2.   Бағдарламаларды қосу немесе жоюпәрменін, одан кейін Бағдарламаларды қосу немесе жою пәрменін таңдаңыз. Сол жақ тақтадан Жаңа бағдарламаларды қосу пәрменін таңдаңыз. Бағдарламалар тізімінен Windows құқықтарды басқару қызметтері тұтынғышы түймешігін басыңыз, одан кейін Қосу пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : «Классикалық» көрінісіндегі Бағдарламаларды қосу немесе жоютүймешігін екі рет нұқыңыз, одан кейін сол жақ тақтадағы Жаңа бағдарламаларды қосу түймешігін басыңыз. Бағдарламалар тізімінен Windows құқықтарды басқару қызметтері тұтынғышытүймешігін басыңыз, одан кейін Қосу пәрменін таңдаңыз.

Сонымен қатар, IRM пайдаланып қатынас құқығы басқарылған файлдарды ашуға алғаш әрекет еткен кезде, 2007 Office бағдарламасы компьютеріңізде жоқ болса Windows құқықтарды басқару қызметінің тұтынғышын қотаруыңызға шақырады. Windows құқықтарды басқару қызметінің тұтынғышы туралы қосымша ақпарат алу үшін, Windows құқықтарды басқару қызметі (Ағылшын тілінде) Веб-торабына кіріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Рұқсаттарды қотару

Рұқсат шектеулі құжат, жұмыс кітабы немесе көрмені алғаш рет ашу кезінде тіркеме деректерін тексеру үшін және лицензияны қотару үшін, лицензиялау серверіне қосылуыңыз қажет. Қолданыс лицензиясы файлға қатынасуыңыздың деңгейін анықтайды. Бұл іс рәсімі рұқсаты шектеулі әрбір файл үшін сұралады. Басқаша айтқанда, рұқсаты шектеулі мазмұнның қолданыс лицензиясынсыз ашылуы мүмкін емес. Рұқсаттарды қотару үшін Microsoft Office тіркелгі деректеріңізді (электрондық пошта мекенжайын қамтитын) және лицензиялау серверіне рұқсат алу құқықтарыңыз туралы мәлімет жіберуі тиіс. Құжатта қамтылған мәлімет лицензиялау серверіне жіберілмейді. Қосымша мәлімет алу үшін, меншіктік анықтаматармағын оқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Файлдардағы мазмұнға рұқсатты шектеу

Авторлар құжаттарға, жұмыс кітаптарына және көрмелерге ір пайдаланушы, әр құжат немесе әр топ негіз үшін рұқсатты шектей алады (топқа негізделген рұқсаттар Microsoft Active Directory каталогы қызметін топ кеңейтуі үшін талап етеді). Авторлар Рұқсат тілқатысу терезесін пайдаланушыларға оқу және өзгерту қатынасуларын беру үшін және сол сияқты мазмұнға жарамдылық мерзімін орнату үшін де пайдаланады. Мысалы, автор Асылбек құжатты Айсұлуға оқуға, бірақ оған өзгерістер енгізбеуге рұқсат бере алады. Асылбек Арманға құжатқа өзгерістер енгізуге, сондай-ақ, оны сақтауға рұқсат бере алады. Сонымен қатар, Асылбек Айсұлудың да, Арманның да құжатқа қатынасуын құжатқа рұқсат аяқталғанға дейін бес күнге шектеуіне болады. Құжатқа жарамдылық мерзімін орнату туралы мәлімет алу үшін, Файлдың жарамдылық мерзімін белгілеутармағын қараңыз.

Word бағдарламасындағы «Рұқсат» тілқатысу терезесі

  1. Құжат, жұмыс кітабы немесе көрмені сақтау.

  2. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, Дайындаупәрменін көрсетіңіз, Рұқсатты шектеупәрменін көрсетіңіз, одан кейін Таратпау пәрменін таңдаңыз.

  3. Осы құжатқа рұқсатты шектеу құсбелгісін қойып, одан кейін әр пайдаланушы үшін қалаған қатынасу деңгейін тағайындаңыз.

    Егер әкімші жеке адамдар өзгеріс енгізе алмайтындай етіп таңдамалы рұқсаттар саясатын орнатқан болса, сіздің таңдауыңыз шектеулі болуы мүмкін.

    Рұқсат деңгейлері

    • Оқу     Оқу рұқсаты бар пайдаланушылар құжатты, жұмыс кітабын немесе көрмені оқи алады, бірақ оны өңдеуге, басып шығаруға немесе көшіруге рұқсаттары жоқ.

    • Өзгерту     Өзгерту рұқсаты бар пайдаланушылар құжатты, жұмыс кітабын немесе көрмені оқи, өңдей және енгізілген өзгерістерді сақтай алады, бірақ оны басып шығаруға немесе көшіруге рұқсаттары болмайды.

    • Толық басқару     Толық басқару рұқсаты бар пайдаланушылар толық авторлық рұқсатына ие болады және құжатпен, жұмыс кітабымен немесе көрмемен қалауынша автормен бірдей жұмыс істей алады, мысалы, мазмұн үшін жарамдылық мерзімін белгілеуіне, басып шығаруды болдырмауына және пайдаланушыларға рұқсаттар беруіне болады. Рұқсаты бар пайдаланушылар үшін құжаттың жарамдылық мерзімі біткен соң, құжат тек құжат авторы немесе құжатқа толық басқару рұқсаты бар пайдаланушылар арқылы ғана ашылады. Авторлар әрқашан толық басқару рұқсатына ие болады.

  4. Басқа біреуге толық басқару рұқсатын беру үшін, Қосымша параметрлер түймешігін басып, одан кейін Қатынас деңгейі бағанынан көрсеткіні нұқыңыз, одан кейін Толық басқару түймешігін Өзгерту тізімінен басыңыз.

    Рұқсат тілқатысу терезесіндегі қосымша параметрлер

  5. Рұқсат деңгейін тағайындаған соң, ОК түймешігін басыңыз.

    Құжаттың құқықтық басқарылатынын білдіретін «Хабар» тақтасы шығады. Егер құжатқа қатынасу рұқсаты өзгерістерін енгізу қажет болса, Рұқсаттарды өзгертупәрменін таңдаңыз.

    Хабар тақтасы

    Егер рұқсаты шектеулі құжат рұқсатсыз адамға қайта жіберілсе, жеке адам құжатқа рұқсат сұрай алуы үшін хабар автордың электрондық пошта мекенжайы немесе веб-торап мекенжайымен шығады.

    Тілқатысу терезесінің суреті

    Егер автор электрондық пошта мекенжайын қамтымауды таңдайтын болса, рұқсатсыз адам қате туралы хабарды алады.

Файлдың жарамдылық мерзімін белгілеу

  1. Файлды ашыңыз.

  2. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз, Дайындаупәрменін, Рұқсатты шектеупәрменін көрсетіңіз, одан кейін Таратпау пәрменін таңдаңыз.

  3. Осы құжатқа рұқсатты шектеу құсбелгісін қойып, одан кейін Қосымша параметрлертүймешігін басыңыз.

  4. Пайдаланушыларға арналған қосымша рұқсаттарастынан Құжаттың жарамдылық мерзімі бітеді құсбелгісін қойыңыз, одан кейін деректі енгізіңіз.

  5. ОК түймешігін екі рет нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құқықтарды басқару файлдары үшін басқа Windows пайдаланушы тіркелгісін қолдану

  1. Құжат, жұмыс парағы немесе көрмені ашыңыз.

  2. Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті басыңыз, Дайындаупәрменін, Рұқсатты шектеупәрменін көрсетіңіз, одан кейін Тіркелгі деректерін басқару пәрменін таңдаңыз.

  3. Төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Пайдаланушыны таңдау тілқатысу терезесінен қолдану қажет тіркелгінің электрондық пошта мекенжайын таңдаңыз, одан кейін ОКтүймешігін басыңыз.

    • Пайдаланушыны таңдау тілқатысу терезесінен Қосу параметрін таңдаңыз, жаңа тіркелгіңіздің деректерін теріңіз, одан кейін ОК түймешігін екі рет нұқыңыз.

      Пайдаланушыны таңдау тілқатысу терезесі

Беттің жоғарғы жағы

Рұқсаты шектеулі мазмұнды қарап шығу

Рұқсатыңыз бар құқықтар басқару мазмұнын 2007 Officeжүйесі арқылы қарап шығу үшін жай ғана құжатты, жұмыс кітабын немесе көрмені ашыңыз.

Егер өз рұқсатыңызды қарап шыққыңыз келсе, «Хабар» тақтасындағы Рұқсатты қарап шығу түймешігін немесе бейнебеттің төменгі бөлігінде орналасқан күй жолағындағы түймешікті басыңыз.

Күй жолағы

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×