2007 Microsoft Office жүйесіндегі белгілі қателер/ReadMe файлы

Өнімдер

Тілдік ерекшелік бойынша мәселелер

Орнату (тұтынушы)

Барлық тұтынушылар

Access 2007

Microsoft Office Outlook 2007 Істес кісілерді реттеушімен бірге

Диаграмма

Суреттер жинағы

Excel 2007

Groove 2007 тұтынушысы

SmartArt

InfoPath 2007

OneNote 2007

Outlook 2007

PowerPoint 2007

Project 2007

Publisher 2007

SharePoint Designer 2007

Visio 2007

Word 2007

Басқа

Қотармалар

Төмендегі барлық белгілі мәселелер бағдарламалар бойынша топтастырылған.

Тілдік ерекшелік бойынша мәселелер

Сұрақ немесе қате

Жауап

Қазақ тіліндегі таңбалар дұрыс бейнеленбеуде ме?

Microsoft корпорациясы қазақша Office12 қаріптерінің толық қатарына қолдау болуы үшін біздің көптеген қаріптерімізді жақында ғана жаңартты.

Пайдаланушылық тілдесуінің дұрыс жұмыс істеуі үшін пайдаланушыларға European Union Expansion Font Update қондырмасын http://r.office.microsoft.com/r/rliddownload веб-торабынан орнату керек.

Microsoft ® Office Visio 2007; Microsoft ® Office Project 2007

Мен басқа тілдегі Office бағдарламасын менің Office (тілі) жүйеме орнатқанда анықтама іске қосылмайды. Мен «Сіздің сұрауыңызға сәйкес келетін қатынаулы анықтама бөлімдері жоқ» деген қате хабарын аламын.

Сценарий: Пайдаланушы басқа тілдегі оқшау бағдарламаны (мысалы, Visio, Word, Project, т.б.) негізгі Office жүйесінің тіл орнатуына орнатты және сол бағдарламаның ішіндегі анықтама мазмұнына қатынаса алмайды.

Қате кездестірген бағдарламаны жабыңыз. Одан кейін Бастау\Барлық бағдарламалар\Microsoft Office\Microsoft Office Tools\Microsoft Office 2007 тілдік параметрлерін таңдаңыз.

«Тілді бейнелеу» қойындысынан «Ішіндегі «Анықтама» бөлімін бейнелеу» деген екінші басқару элементін таңдап, көрсеткіні жойыңыз, одан кейін бағдарлама тілін таңдап, «OK» түймешігін басыңыз.

Бағдарламаны қайта ашып, анықтама мазмұнына қатынау үшін F1 пернесін басыңыз.

Chm анықтама файлдарының басты терезе тақырыбындағы мәтін.

CHM басты терезе тақырыбының мәтіні тек ANSI файлынан алынады. Осының салдарынан ол қазақ тіліндегі бірыңғай ЮНИКОД таңбаларын орналастыра алмайды.

Оның орнына CHM басты терезе тақырыбында орыс тіліндегі мәтін пайдаланылады

Outlook 2007 бағдарламасына арналған істес кісілерді реттеуші және анықтама бөлімдері.

Outlook 2007 бағдарламасына арналған істес кісілерді реттеушінің ешқандай ұсынысы қазақ тіліндегі Office 2007 жүйесіне аударылмайды

Дегенмен, істес кісілерді реттеушіге қатысты анықтама бөлімдері мен сілтемелер желіде немесе дербес анықтама көрінісінде, сондай-ақ Outlook бағдарламасының «Анықтама» бөлімінің мазмұнында пайда болады

Microsoft Clip Organiser – Office жиыны

«Microsoft Clip Organiser», Office жиынының санат атаулары, «Жиындар тізіміндегі» клиптер мен байланысты кілт сөздер ағылшын тілінде пайда болады. Осындай сілтемелері бар файл қазақ тіліндегі Office 2007 нұсқасына аударылмайды

Access дерекқорларында қайшылықтарды шешуге әрекет еткен кезде, керексіз таңбалар Microsoft Replication Conflict қарап шығу құралында пайда болады.

Microsoft Replication Conflict қарап шығу құралын пайдалану үшін басқару тақтасының «Тіл және жергілікті стандарттар» параметріндегі компьютердің жергілікті стандарттарын орыс тіліне (Ресей) өзгертіңіз.

Microsoft Office Outlook бағдарламасынан қадамды шегініспен бөлінген DOS файлдарына немесе үтірмен бөлінген DOS файлдарына экспорттау мүмкін емес.

Microsoft Office Outlook бағдарламасынан мәтіндік файлдарға экспорттау үшін үтірмен бөлінген мәндерді (Windows) немесе қадамды шегініспен бөлінген мәндерді (Windows) таңдаңыз. Үтірмен бөлінген мәндерді (DOS) немесе қадамды шегініспен бөлінген мәндер (DOS) файлдарына экспорттау қазақ тілінде қолдау көрсетілмейді.

Ұяшықты Microsoft Office Excel жұмыс парағынан Microsoft Office Access нысандық тақтасына апара алмайсыз.

Юникод таңбаларын пайдаланудың алдын алу үшін Microsoft Office Excel жұмыс парағын қайта атаңыз.

Microsoft Office Outlook бағдарламасынан істес кісілерді, пошталарды және т.б. Microsoft Office Access дерекқорына импортталмайды

Microsoft Office Outlook бағдарламасынан Microsoft Office Access бағдарламасына тікелей импорттауға қазақ тілінде қолдау жоқ. Outlook бағдарламасындағы істес кісілерді, пошталарды және т.б. Access дерекқорына импорттау үшін Excel немесе мәтіндік файлға экспорттап, деректерді осы файлдан Access бағдарламасына импорттаңыз.

Microsoft Office Access бағдарламасында есеп жасау мүмкін емес.

Юникод таңбаларын пайдаланудың алдын алу үшін әдепкі принтер атауын қайта атаңыз.

Microsoft Office Access бағдарламасында «Алдын ала қарау» параметрін таңдағанда, өзгертулер жасалмайды.

Юникод таңбаларын пайдаланудың алдын алу үшін әдепкі принтер атауын қайта атаңыз.

Microsoft Office Outlook бағдарламасындағы импорттау/экспорттау шебері арқылы қандай да бір файл түріне экспорттау мүмкін емес.

Файл атауында Юникод таңбаларын пайдаланудың аулақ болыңыз.

Керексіз таңбалар Microsoft Office Outlook бағдарламасындағы импорттау/алмастыру Outlook шеберінде пайда болады.

Басқару тақтасының «Тіл және жергілікті стандарттар» параметріндегі компьютердің жергілікті стандарттарын орыс тіліне (Ресей) өзгертіңіз.

Пошта мен каталогқа біріктіру мүмкіндігін және Outlook істес кісілерін Microsoft Office Publisher бағдарламасындағы деректер көзі ретінде пайдаланған кезде керексіз таңбалар Publisher құжаттарында пайда болады.

«Басып шығару тізімі» тілқатысу терезесіндегі «Жарияланымға экспорттау» параметрін таңдап, басып шығармас бұрын керексіз таңбаларды дұрыс қазақ тіліндегі таңбаларға өзгертіңіз.

Microsoft Office Outlook бағдарламасында профайл жасаған кезде қате хабар пайда болады.

Юникод таңбаларына Windows код бетінде қолдау болмағандықтан, оларды профайл атауында пайдаланудан аулақ болыңыз.

Күнтізбені Microsoft Office Outlook электрондық поштасы арқылы жібергенде керексіз таңбалар пайда болады.

Пайдаланылған әдепкі қаріп Юникод таңбаларын қолдайтын қаріпке өзгертуді қажет ететін пошталарды жасайды.

  1. Explorer бағдарламасында – «Құралдар» мәзірінің «Қалта параметрлері...» тілқатысу терезесіндегі «Көрініс» қойындысын ашу

  2. «Жасырын файлдар мен қалталарды көрсету» радио түймешігін қосу және «OK» түймешігін басу

  3. Word бағдарламасын іске қосу

  4. Бетті белгілеу | Тақырыптар | Тақырып қаріптері түймешігін басу және Office Classic (Arial; Times New Roman) тақырыптық қаріпін қолдану

  5. Office түймешігі | Басқаша сақтау | Word үлгісі түймешігін басу – «Word бағдарламасының макростар қолдайтын үлгісі ретінде сақтау» параметрін таңдау

  6. «Сақтау» түймешігін басу және Word бағдарламасын жабу

  7. Explorer бағдарламасын іске қосу және төмендегі орынды шолу

    • Windows XP жүйесінде C:\Documents and Settings\{пайдаланушы аты}\Application Data\Microsoft\Templates

    • Vista жүйесінде C:\Users\{пайдаланушы аты}\AppData\Roaming\Microsoft\Templates

  8. «NormalEmail.dotm» деген Word файлын қайта атау

  9. Жоғарыда жасалған үлгі сақталатын орынды шолу және файлды «NormalEmail.dotm» деп қайта атап, оны осы қалтаға орналастыру

Келесі жолы жаңа поштаны жасағаныңызда – жоғарыда алынған қаріп тақырыбы әдепкі тақырып болады.

Word стандартты блоктары қазақ тіліндегі таңбаларды дұрыс көрсетпеуде

Стандартты блоктарды Word бағдарламасында дұрыс бейнелеу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Explorer бағдарламасында – «Құралдар» мәзірінің «Қалта параметрлері...» тілқатысу терезесіндегі «Көрініс» қойындысын ашу

  2. «Жасырын файлдар мен қалталарды көрсету» радио түймешігін қосу және «OK» түймешігін басу

  3. Word бағдарламасын іске қосу

  4. Бетті белгілеу | Тақырыптар | Тақырып қаріптері түймешігін басу және Office Classic (Arial; Times New Roman) тақырыптық қаріпін қолдану

  5. Office түймешігі | Басқаша сақтау | Word үлгісі түймешігін басу – «Word бағдарламасының макростар қолдайтын үлгісі ретінде сақтау» параметрін таңдау

  6. «Сақтау» түймешігін басу және Word бағдарламасын жабу

  7. Explorer бағдарламасын іске қосу және төмендегі орынды шолу

    • Windows XP жүйесінде C:\Documents and Settings\{пайдаланушы аты}\Application Data\Microsoft\Templates

    • Vista жүйесінде C:\Users\{пайдаланушы аты}\AppData\Roaming\Microsoft\Templates

  8. «Normal.dotm» деген Word файлын қайта атау

  9. Жоғарыда жасалған үлгі сақталатын орынды шолу және файлды «Normal.dotm» деп қайта атап, оны осы қалтаға орналастыру

Келесі жолы Word бағдарламасын іске қосқаныңызда – жоғарыда алынған қаріп тақырыбы Word үшін әдепкі тақырып болып қалады

OneNote үлгілері қазақ тіліндегі таңбаларды дұрыс көрсетпеуде

OneNote үлгілерінде мәтінді дұрыс көрсету үшін мәтінді бөлектеп, қаріпті «Тahoma» немесе барлық қазақ тіліндегі таңбаларды дұрыс көрсететін басқа қаріпке өзгертіңіз.

Groove бағдарламасы теріс валюта мөлшерлерін бере алмайды

Groove бағдарламасы валюта өрістерінде теріс мәндерді пайдаланудан аулақ болыңыз.

Керексіз таңбалар файлды кірістіргенде OneNote бағдарламасында пайда болады

Файл атауында Юникод таңбаларын пайдаланудан аулақ болыңыз

Қазақ әліпбиіндегі Юникод таңбалары

Қазақ әліпбиінде осындай README файлында көрсетілгендей қиындық туғызуы мүмкін 8 Юникод таңбалары бар. Бұл таңбалар белгілі бір сценарийлерде қолданылмайды. Бұл 8 таңба: ә ң ғ ү ұ қ ө һ.

Қайта ашылғанда орнатылған Word үлгілерінде дұрыс көрсетілмейтін қазақ тіліндегі таңбалар

Үлгілерді дұрыс бейнелеу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Орнатылған үлгіге негізделген құжатты жасау

  2. Құжаттағы барлық мәтінді бөлектеу

  3. Қаріп ашылмалы тізімінен «Arial» түрін таңдау

  4. Құжатты толтыру

  5. Құжатты сақтау

Қайта ашылған кезде Юникод таңбалары құжатта дұрыс көрсетіледі

Беттің жоғарғы жағы

Орнату (тұтынушы)

Сұрақ немесе қате

Жауап

Group Policy Software Installation бағдарламасын пайдаланып 2007 Microsoft Office өнімдерін әрбір пайдаланушы бойынша (жарияланған немесе тағайындалған) орнату.

Group Policy Software Distribution бағдарламасы арқылы 2007 Microsoft Office өнімдері үшін әр пайдаланушы бойынша орнату әрекеті қолданылмайды. Пайдаланушыларға 2007 Microsoft Office өнімін Group Policy бағдарламасымен бірге орнату барысында әр компьютерге негізделген түрде орнату кеңес беріледі.

  1. Office веб-құрамдастарының 2-бета нұсқасын орнатыңыз.

  2. 2007 жылы шыққан Office 2007 нұсқасын орнатыңыз.

Пайдаланушы келесі қатені қабылдайды:

Орнату келесі қате(лер)ге байланысты жалғаса алмайды:

2007 Microsoft Office жүйесі 2007 Microsoft Office жүйесінің алғашқы нұсқаларынан жаңартуды қамтамасыз етпейді. Біріншіден, 2007 Microsoft Office жүйесі өнімінің барлық алғашқы нұсқаларын және оған қатысты технологияларды жоюыңыз керек.

Жоғарыда берілген қате(лер)ді жөндеп, орнатуды қайта бастаңыз.

Microsoft Office 2003 веб-құрамдастарының ерекшелігі – 2007 Microsoft Office жүйесі 2-бета нұсқасымен орнатылған жағдайда, Microsoft Office 2007 өнімінің орнытылуына кедергі жасайды. Пайдаланушылар Microsoft Office 2003 веб-құрамдастарын жою үшін, Windows басқару тақтасындағы Бағдарламаларды үстеу/жою пәрменін қолданып, одан кейін Office 2007 соңғы өнімін орнатулары керек.

OneNote 2003 бағдарламасы бар компьютерде кез келген Office 2007 өнімін жаңарту.

Жасақтау қатесіне байланысты барлық Office 2007 өнімдері OneNote 2003 бағдарламасын жаңылыс іздеп, бар болған жағдайда оны жоюды ұсынады. Бұл тек тілдесу қатесі; Егер Office 2007 өнімі OneNote бағдарламасын қамтымаса, OneNote 2003 жойылмайды.

Бұл пайдаланушыларға әсер етеді, егер олар:

  1. OneNote 2003 бағдарламасын орнатқан болса, ЖӘНЕ

  2. OneNote бағдарламасын қамтымайтын Office 2007 өнімін орнатқан болса.

OneNote 2003 бағдарламасы орнатылмаған. Пайдаланушы Office 2007 өнімін әдеттегідей орнатқаны жөн.

Беттің жоғарғы жағы

Барлық тұтынушылар

Сұрақ немесе қате

Жауап

Office 2007 бағдарламасын орнату кезінде Office веб-құрамдастары жүйеден неліктен өшіріледі?

Жоба серверіндегіден басқа Microsoft Office веб-құрамдастары Microsoft Office жүйесінде ұзақ тұрақтамайды. Осы өзгеріс салдарында Microsoft Office бұрынғы нұсқасымен орнатылған құрамдастар орнату барысында жүйеңізден жойылады. Office веб-құрамдастарын қажет ететін пайдаланушылар Microsoft қотару орталығынан қотарып орната алады.

Office 2003 веб-құрамдастарын қотару:

http://www.microsoft.com/downloads/details.aspx?FamilyID=7287252c-402e-4f72-97a5-e0fd290d4b76&DisplayLang=en (Ағылшын тілінде)

Office XP веб-құрамдастарын қотару:

http://www.microsoft.com/downloads/details.aspx?FamilyID=982b0359-0a86-4fb2-7ee-5f3a499515dd&DisplayLang=en (Ағылшын тілінде)

Office 2007 жүйесінің 2-бета TR нұсқасын RTM нұсқасына жаңарту төмендегі қатемен аяқталды: Орнату төмендегі қате(лер)ге байланысты жалғаса алмайды:

2007 Microsoft Office жүйесі 2007 Microsoft Office жүйесінің алғашқы нұсқасынан жаңартуды қамтамасыз етпейді. Біріншіден, 2007 Microsoft Office жүйесі өнімдерінің барлық алғашқы нұсқаларын және оған қатысты технологияларды жоюыңыз керек.

Бұл қате Office веб-құрамдастарынан кетті. Пайдаланушы OW компоненттерін жойып, Office 2007 жүйесін орнатуды қайта бастау керек.

Беттің жоғарғы жағы

Access 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

Әзірге ешқандай мәселе жоқ

Беттің жоғарғы жағы

Microsoft Office Outlook 2007 Істес кісілерді реттеушімен бірге

Сұрақ немесе қате

Жауап

Windows Vista жегілген компьютерде Істес кісілерді реттеуші дерекқорын қалпына келтіру мүмкін емес.

Windows Vista жегілген компьютерде дерекқорды қалпына келтіру үшін, әкімшілер тобының мүшесі болып, Outlook бағдарламасын әкімші ретінде жегуіңіз керек. Outlook бағдарламасын әкімші ретінде жегу үшін, төмендегілерді орындаңыз:

  1. Outlook бағдарламасын жабыңыз.

  2. Бастау түймешігін, одан кейін Компьютер түймешігін басыңыз.

  3. Жетектеушіде 2007 Office орнатылған дискенгізгіні нұқыңыз.

  4. Бағдарлама файлдары , кейін Microsoft Office түймешігін басыңыз.

  5. Microsoft Office терезесінде 2007 Office түймешігін басыңыз.

  6. Outlook белгішесін тінтуірдің оң батырмасын нұқып, кейін Әкімші ретінде жегу түймешігін басыңыз.

Маркетингтік науқан алушы тізімі Word бағдарламасында біріктіру арқылы тізім жасағаннан кейін жоғалды.

Алушылар тізімі маркетингтік науқан сақталмай тұрып, науқан түрі өзгертілген кезде жоғалады.

Алушылар тізімін сақтап қалу үшін, науқан түрін өзгертпестен бұрын маркетингтік науқанды сақтаңыз.

Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші дерекқор мен Outlook бағдарламасынан басқа тілде мәтінді ашатын параметр ұсынады.

Outlook және Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші әр түрлі тілдерді қолданады, себебі Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші Тіл бумасы жойылған.

Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші және оның дерекқоры бірдей тілді қолдану керек.

Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші дерекқор жасай алмайды.

Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші қысылған дискіге орнатылмағандығын анықтаңыз. Солай болса, Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеушіні қысылмаған дискіге орнатыңыз.

Істес кісілерді реттеушіні қысылған дискіден жою үшін, біріншіден, қысылған дискіні босатыңыз, кейін Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеушіні жойыңыз.

2-бета TR нұсқасынан RTM нұсқасына жаңартылған Істес кісілерді реттеуші дерекқорын қолдану барысында қаржылық жұрнал мен қаржылық жиынтық деректері көрсетілмейді.

Сіздің Істес кісілерді реттеуші дерекқорыңыздың 2-бета TR нұсқасы Office Accounting 2007 бағдарламасымен біріктірілген. Істес кісілерді реттеуші дерекқорыңыз RTM нұсқасына жаңартылған, алайда Accounting 2007 дерекқорыңыз немесе Office Accounting 2007 бағдарламасының кейбір құрамдастары жаңартылмаған.

Outlook бағдарламасын жабыңыз.

Төмендегіні орындап көріңіз:

Accounting 2007 бағдарламасының RTM нұсқасын орнатыңыз.

Немесе

Accounting 2007 бағдарламасындағы Rebuild Company Data Utility қызметтік бағдарламасын істес кісілерді реттеуші дерекқорымен біріктірілген дерекқордың .SBC файлын ашу және жаңарту мақсатында қолданыңыз.

Outlook бағдарламасын қайта ашып, одан кейін қаржылық деректерге қайта кіруге тырысыңыз.

Істес кісілерді реттеуші ACT! 8. дестесінің түрлендірілген деректерін импорттамайды.

ACT! 8 дестесінің деректерін түрлендіру қамтамасыз етілмеген.

Outlook және Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші әр түрлі тілдерді қолдануда және Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші жегілмейді.

Outlook және Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші бірге жұмыс істеу үшін бірдей тілді қолданулары керек. Сәйкестендіру үшін Office тілін немесе Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші тілін қосыңыз.

2007 Office жүйесі, Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші, және Office Accounting 2007 бірге әрекет етпеуде.

Сіздің 2007 Office жүйеңіз, Outlook бағдарламасына арналған Істес кісілерді реттеуші және Office Accounting 2007 бірге әрекет етулері үшін, әрқайсысы RTM нұсқасына жаңартылулары тиіс.

Word құжаты істес кісілерді (алушыларды) таңдау барысында біріктіру үшін жабылады.

ACT! 7 құрамдасы біріктіру қызметімен қайшылыққа келеді. Төмендегіні орындап көріңіз:

Word бағдарламасынан ACT! Com қондырмасын жойыңыз.

  1. Word бағдарламасында Microsoft Office түймешігін, кейін Word параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Қондырмалар түймешігін басыңыз.

  3. Тізімді басқаруда COM қондырмалары түймешігін, кейін Өту түймешігін басыңыз.

  4. ACT! 7 түймешігін басып, одан кейін Жою түймешігін басыңыз.

  5. Құжатты қайта ашып, біріктіру мүмкіндігін қайта қолдануға әрекет етіңіз.

Егер алдыңғы қадамдар нәтиже бермесе, Басқару тақтасындағы «Бағдарламаларды үстеу немесе жою» белгішесін қолдана отырып ACT! 7 бағдарламасын компьютеріңізден жойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Диаграмма

Беттің жоғарғы жағы

Сұрақ немесе қате

Жауап

Әзірге ешқандай қате жоқ

Суреттер жинағы

Сұрақ немесе қате

Жауап

Әзірге ешқандай қате жоқ

Беттің жоғарғы жағы

Excel 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

Microsoft Script Editor бағдарламасы бұдан былай қатынаусыз.

Excel 2007 бағдарламасында Microsoft Script Editor бұдан былай қамтамасыз етілмейді.

Алғашқы 2-бета файлдары Excel 2007 бағдарламасының соңғы нұсқасында ашылады ма?

Файл пішіміндегі өзгерістеге байланысты барлық алғашқы 2-бета файлдары Excel 2007 бағдарламасының соңғы нұсқасында ашылмастан бұрын 2-бета немесе 2-бета TR пішімінде сақталуы тиіс.

Қандай файл пішімдері Excel 2007 бағдарламасында бұдан әрі қамтамасыз етілмейді?

Негізінен, Excel әр түрлі дерек пішімдерін қамтамасыз етіп келеді. Біз ескі пішімдер қолданылған болса да, олардың саны сирек екенін анықтадық. Қолданыстағы файл пішімдеріне күш-жігерімізді көбірек жұмсау мақсатында кейбір файл түрлерін қамтамасыз етуді тоқтаттық. Бұл пішімдерге екі жолмен қарсылық көрсетіледі. Сирек қолданыстағы файл пішімдер қатары үшін ашуды және сақтауды қамтамасыз етуді тоқтатамыз. Орташа қолданыстағы екінші қатар үшін файлдарды Сізге жаңарақ пішімде сақтауға мүмкіндік беретін Excel 2007 бағдарламасында қотаруды қамтамасыз етеміз.

Төмендегі пішімдер Excel 2007 бағдарламасында ашылмайды немесе сақталмайды:
WK1 (1-2-3)
WK4 (1-2-3)
WJ3 (1-2-3 жапон) (.wj3)
WKS (1-2-3)
WK3,(1-2-3)
WK1,FMT(1-2-3)
WJ2 (1-2-3 жапон) (.wj2)
WJ3, FJ3 (1-2-3 жапон) (.wj3)
DBF 2 (dBASE II)
WQ1 (Quattro Pro/DOS)
WK3,FM3(1-2-3)
Microsoft Excel диаграммасы (.xlc)
WK1,ALL(1-2-3)
WJ1 (1-2-3 жапон) (.wj1)
WKS (жапон тілінде жұмыс істейді) (.wks)

Төмендегі пішімдер Excel 2007 бағдарламасында ашылады бірақ сақталмайды:
Microsoft Excel 2.1 жұмыс парағы
Microsoft Excel 2.1 макросы
Microsoft Excel 3.0 жұмыс парағы
Microsoft Excel 3.0 макросы
Microsoft Excel 4.0 жұмыс парағы
Microsoft Excel 4.0 макросы
Microsoft Excel 97- Excel 2003 & 5.0/95 жұмыс кітабы
Microsoft Excel 4.0 жұмыс кітабы
DBF 3 (dBASE III)
DBF 4 (dBASE IV)

HTML пішімі бұдан былай Excel дұрыс файл пішімі болып табылмайды.

Excel 2007 бағдарламасы «Тек Excel» мүмкіндік ақпараты біздің HTML файл пішімінде бұдан былай сақтамайды. Басты файл пішімі үшін өте сирек қолданысқа негізделіп, қайта ашылған кезде Excel әрекеттілігін сақтайтын белгілі Excel тегтерін біз бұдан былай сақтамаймыз.

Біз Excel бағдарламасының «HTML ретінде сақта» мүмкіндігі баспа пішімі ретінде қолданылатындығын анықтадық және оны веб-шолғышта көру үшін құжат жасау жолы ретінде қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Excel әлі де HTML файлдарын ашады және алдыңғы нұсқада жасалған файлдағы кез келген Excel белгілі мүмкіндіктері сақталып қалады. Мұндай файлдар құжаттың басты нұсқасы ретінде жаңа файл пішімдерінің бірінде сақталынып, қалаған кезде HTML пішіміне ауыстырылуы керек.

Сонымен қатар, Excel бағдарламасының алдыңғы нұсқаларына Microsoft Office веб-құрамдастарын белсенді қолдану арқылы Excel файлдарын HTML пішімінде басуға үшін рұқсат етіледі. Excel қызметтеріне кіріспе жасай отырып, веб-шолғышта белсенді электрондық кестелер жасауға үздіксіз салынатын инвестицияларымыз Excel қызметтеріне бағытталады. Осыған байланысты Office веб-құрамдастарын белсенді түрде қолдана отырып, HTML файлдарын сақтауды қамтамасыз етуді тоқтатамыз.

Office 2007 жүйесін орнату SQL Server 2005 Іскери сараптама әзірлеу орталығы және Басқару орталығының дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.

Егер компьютеріңізге SQL 2005 сервері орнатылған болса және Сіз SQL серверлік сараптама қызметтерімен (SSAS) немесе SQL серверлік есеп қызметтерімен (SSRS) жұмыс істеу үшін Іскери сараптама әзірлеу орталығын (BIDS) немесе SQL серверлік басқару орталығын (SSMS) пайдалансаңыз, онда 2007 Microsoft Office бағдарламасы орнатылғаннан кейін кейбір BIDS пен SSMS функциялары жұмыс істемейтінін тұспалдағаныңыз жөн. Әсіресе, төмендегі функцияларға әсер етеді:

  • BIDS «Текше құрастырушы есептеулері» қойындысы

    • «Әрекеттер» және «KPI» қойындылары (MDX синтаксис тексерісі орындалғанда)

    • «Перспективалар» және «Аудармалар» қойындылары (текшеде есептеулер бар болғанда)

  • BIDS есеп қызметтері жобасының шебері (талдау қызметтерінің деректер көзін қолданғанда)

    • Есептелетін мүше құрастырғыш Сұрау құрастырғыш

  • BIDS есеп құрастырғышы (талдау қызметтерінің деректер көзін қолданғанда)

    • Есептелетін мүше құрастырғыш Сұрау құрастырғыш

  • SSMS сараптама қызметтерінің роль өңдегіші (MDX синтаксис тексерісі жасалғанда)

Бұл қате жайында қосымша мәлімет және қателерді түзету жайындағы нұсқауларды алу үшін, http://support.microsoft.com/kb/926421 (Ағылшын тілінде) веб-торабына кіріңіз.

Office Excel 2007 бағдарламасындағы диаграммалар және Excel 4 макростарын қолдау

Microsoft Office Excel 2007 жаңартылған, жоғары деңгейде жетілдірілген диаграмма өңдеушісімен таныстырады. Диаграмма жасауды жеңілдетумен және оларды көрмеге қоюға дайын ету үшін жарқын графикалық әсерлер қосумен қатар, жаңа өңдеуші басқа да Microsoft Office бағдарламаларында қолданылады. Егер Office Word немесе Office PowerPoint құжаттарының біріндегі электрондық кестеде жұмыс істеп жатқан болсаңыз, Сіздің диаграммаңыз бен диаграмма құралдарыңыз бірдей әрекет етеді.

Диаграмма жаңартылуының бөлігі ретінде Excel тобы макрос тілдерін қайта орындауға және макрос тілдеріне арналған қамтамасыздандыру стратегиясын сараптауға мәжбүр болды. Көптеген макрос қолдаулары орындалған кезде, кейбір Excel 4 (XLM) макрос тілдерінің диаграммалауға арналған қызметі атқарылған жоқ. Office Excel 2007 бағдарламасындағы диаграммаларды басқаратын кейбір Excel 4 (XLM) макростары қате қызмет атқарулары мүмкін. Бұл тек диаграмма кызметін қамтитын ескі (Excel 5.0 немесе одан бұрынғы нұсқада құрылған) макростарға тән.

Excel 4 макростарын диаграммаларға қолдану арқылы шешім қабылдаған тұтынушылар өз шешімдерінің Excel 2007 бағдарламасында дұрыс жұмыс атқаратып тұрғандығына көз жеткізулері керек. Дұрыс қызмет атқармайтын диаграмма шешімдері Excel 5. нұсқасынан бері сценарий тілі ретінде XLM-ді қолданып келген Visual Basic бағдарламаларының көмегімен қызмет атқаруы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Groove 2007 тұтынушысы

Сұрақ немесе қате

Жауап

Microsoft Office Groove 2007 бағдарламасын орнату және жегу үшін төмендегі жүйе талаптарын ескеріңіз.

  • XP 1-қызметтік дестесі немесе 2-қызметтік дестесі орнатылуы керек.

  • Сіздің жүйеңізде дискідегі бос орын ең кемі 800 Мбайт болуы керек.

  • Groove бағдарламасын жеккен бірнеше амалдық жүйе пайдаланушылары болмауы тиіс.

Microsoft Office Groove 2007 SDK дестесі басқа Microsoft Office 2007 құрамдастырының барлығынан кейін орнатылуы керек. Сонымен қатар, Groove 2007 SDK дестесі басқа Office 2007 жүйесінің құрамдастарын жаңартудан бұрын жойылуы керек.

Microsoft Office Groove 2007 SDK дестесі Microsoft Office Groove 2007 және барлық Microsoft Office 2007 құрамдастары орнатылғаннан КЕЙІН орнатылуы тиіс. Сондай-ақ, Groove 2007 SDK дестесін орнатқаннан кейін, оны Office 2007 жүйесінің басқа құрамдастарын жаңартудан бұрын жоюыңыз керек. Соңында Groove 2007 SDK дестесін орнатудан бұрын Groove 2007 SDK немесе Groove Virtual Office 3.1 GDKs дестелерінің қолда бар кез келген бета-нұсқаларын жоюыңыз керек.

TeamDirection жобаларын Microsoft Office Groove 2007 бағдарламасында пайдалану үшін көшіру.

Егер Microsoft Office Groove 2007 бағдарламасында Groove 3.x TeamDirection жобасын қолдана бергіңіз келсе, Office Groove 2007 бағдарламасын жаңартпастан БҰРЫН төмендегілерді орындаңыз:

  1. Groove 3.x бағдарламасында жобаларыңызды TeamDirection жобасынан экспорттаңыз.

  2. Groove 2007 бағдарламасына жаңартыңыз.

  3. Groove 2007 бағдарламасына арналған TeamDirection жобасын орнатыңыз.

  4. Groove 2007 бағдарламасына арналған TeamDirection жобасынан жобаларыңызды импорттаңыз.

Қосымша мәлімет алу үшін, төмендегі веб-торапқа кіріңіз: http://www.teamdirection.com/tdweb/support/groove2007-migration.php (Ағылшын тілінде)

Егер пайдаланушы күнтізбе құралы жегілмеген кезде компьютер жүйесінің уақыт белдеуін өзгертсе, Groove күнтізбе құралы күнді қате көрсетеді.

Компьютер жүйесінің уақыт белдеуін өзгерткеннен кейін, Groove бағдарламасынан шығып қайта бастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

SmartArt

Сұрақ немесе қате

Жауап

Әзірге ешқандай қате жоқ

Беттің жоғарғы жағы

InfoPath 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

Әзірге ешқандай қате жоқ

Беттің жоғарғы жағы

OneNote 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

Кейбір OneNote мүмкіндіктері 64 биттік амалдық жүйеде қатынаусыз болады.

64 биттік Интернет шолғышына арналған OneNote 2007 бағдарламасына жіберу басып шығару драйвері және OneNote бағдарламасына жіберу қондырмасы 64 биттік амалдық жүйелер жегілген Windows компьютерінде қатынаусыз болады.

Барлық дербес компьютерлеріңізді соңғы RTM нұсқасына жаңартпастан бұрын қадамдастырыңыз.

OneNote 2007 бағдарламасына арналған соңғы файл пішімі OneNote 2007 бағдарламасының алдыңғы бета-шығарылымдарынан өзгеше болып келеді. Бұл, сондай-ақ, жақында өзгертілген дербес кэшке де әсерін тигізеді. OneNote 2007 бағдарламасы алғаш жегілгенде, дербес кэш жойылады. OneNote 2007 бағдарламасының соңғы нұсқасын жаңартпастан бұрын дербес компьютеріңізді қадамдастыруға тиіссіз.

Windows Desktop Search 3.0. құралының шыққан нұсқасына жаңартыңыз.

Егер бұған дейін Windows Desktop Search 3.0 құралының алғашқы нұсқасын қолданып келсеңіз, онда сатуға шығарылған нұсқасына жаңартыңыз. Windows Desktop Search 3.0 құралының сатуға шығарылған нұсқасын мына жерден таба аласыз:

Windows XP:

http://r.office.microsoft.com/r/rlidOfficeSearchInstallRTM?p1=32&p2=5&p3=1 (Ағылшын тілінде)

Windows Server 2003:

http://r.office.microsoft.com/r/rlidOfficeSearchInstallRTM?p1=32&p2=5&p3=2 (Ағылшын тілінде)

64 биттік Windows Server 2003 немесе 64 биттік Windows XP:

http://r.office.microsoft.com/r/rlidOfficeSearchInstallRTM?p1=64&p2=5&p3=2 (Ағылшын тілінде)

Windows Vista: Windows Desktop Search құралы Windows Vista жүйесінің бөлігі болып табылады. Vista жүйесінің сатуға шығарылған нұсқасында OneNote 2007 бағдарламасын пайдалану ұсынылады.

Ескерту : Тіл таңдау үшін, Қотару орталығының бетінде «Тілді ауыстыру» өрісін қолданыңыз.

Ортақтастырылған компьютерлердегі барлық пайдаланушылар OneNote бағдарламасының бірдей нұсқасын жегулері керек; 2007 жылы шығарылған нұсқаны алғашқы нұсқалармен араластыра алмайсыз.

Ортақтастырылған компьютерлердегі барлық пайдаланушылар компьютердің қадамдастыруы дұрыс жұмыс істеуі үшін, OneNote 2007 бағдарламасының сатуға шығарылған нұсқасына бір уақытта жаңартулары керек. Бұл – блокнотты пайдаланып отырған компьютерлердегі барлық тұтынушыларға қатысты. Егер кейбір пайдаланушылар алғашқы нұсқаны қолданып отырса, қадамдастыру үрдісі дұрыс жұмыс істемейді және жады мен орталық процессордың шамадан тыс қолданылуына әкеп соғады.

Беттің жоғарғы жағы

Outlook 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

Іскерлесу деректерінің нысандары 1.21 (CDO) Office орнату арқылы қатынаусыз болады..

Веб-қотарма ретінде CDO келесі веб-торапта қатынаулы: http://www.microsoft.com/downloads/details.aspx?familyid=2714320d-c997-4de1-986f-24f081725d36 (Ағылшын тілінде)

Outlook бағдарламасы неліктен Windows Desktop Search құралын талап етеді?

Windows Desktop Search (WDS) 3.0 құралы Vista жүйесінің өз құрамдасы, және Windows XP және Windows Server 2003 пайдаланушылары үшін жүйе құрамдасы ретінде жеке орнатылады. WDS – мазмұн мен сипаттар бойынша жылдам іздеуді қамтамасыз етуге бағытталған, файл, электрондық пошта және т.б. мазмұндарды индекстейтін жүйелік қызмет. Бұл – қолданып жүрген барлық Windows Desktop Search алдыңғы 2.x нұсқаларын жаңарту. Outlook 2007 бағдарламасында WDS үстіңгі жағына бекітілген және оның жұмыс істеуде оған тәуелді жылдам іздеу технологиясының жаңа нұсқасы болады.

Егер WindowsXP жүйесі жегулі болса, Сізге Outlook бағдарламасы Windows Desktop Search 3.0 құралын қотарып және орнатуды ескертеді. Бұл – Outlook бағдарламасындағы жаңа жылдам іздеу мүмкіндіктерімізді қолдау мақсатында талап етіледі.

Орнату үрдісі Windows Desktop Search құралының 2.5 және одан жоғары нұсқаларын өздіктік түрде жаңартады. Windows Desktop Search алдыңғы нұсқалары бұл нұсқа орнатылмастан бұрын «Бағдарламаларды үстеу/жою» белгішесінен жойылуы керек.

Егер Vista жүйесінің RC1 немесе одан кейінгі нұсқасы жегілсе, бөлек орнатудың қажетінсіз жұмысыңызды жалғастыра аласыз.

Кейде басып шығарғанымда Outlook бос болады.

Vista жүйесіндегі Outlook 2007 бағдарламасында басып шығару алдында қарау барысында бет параметрлерінің тілқатысу терезесінде жасалған кез келген өзгеріс Outlook басып шығарылғаннан кейін (немесе жабылғаннан кейін), оның ақ (бос) болуына әкеліп соғады.

Мәселені шешу үшін, Outlook бағдарламасын кішірейтіңіз және қайта жайыңыз. Ешбір дерек жоғалмаған.

Кейбір RSS арналары қадамдастыруды сәтсіз аяқтайды және «Орындалу барысын жіберу/алу» терезесіндегі OLE нысанасы тіркелмеген қатесін баяндамайды.

Бұл – компьютеріңізге Интернет шолғышының 6-нұсқасын орнатқандағы RSS арналарының өте шағын жиыны бар белгілі шектеу. Бұл арналарды қадамдастыруды жалғастыру үшін Интернет шолғышының 7-нұсқасына жаңартыңыз.

Outlook бағдарламасын «Жіберу/Алу» әрекеттерін теру мақсатында теңшеу кей жағдайда сәтсіз аяқталады.

Алдымен Windows жүйесіндегі немесе шолғыштағы қашықтан қатынасу қосылымын пайдалана отырып, қашықтан қатынасу қосылымын Outlook бағдарламасынан тыс орнатыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

PowerPoint 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

PowerPoint 2007 бағдарламасында жұмыс істеу үшін, PowerPoint 2003 қондырмасына арналған Microsoft Office Producer бағдарламасын алу мүмкін емес.

Бұл қондырма Power Point 2007 бағдарламасында жұмыс істемейді. Осы қондырманы қолдана отырып мазмұн құрғысы келетін тұтынушылар PowerPoint 2003 бағдарламасының лицензиялы орнатылымын қолданулары керек болады.

Менің PowerPoint 97 бағдарламасының бұрынғы нұсқасында жасаған файлым неге ашылмайды?

PowerPoint 2007 бағдарламасы PowerPoint 97 нұсқасынан бұрынғы нұсқада жасалған файлдарды ашуды бұдан кейін қолдамайды.

Беттің жоғарғы жағы

Project 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

Әзірге ешқандай қате жоқ

Беттің жоғарғы жағы

Publisher 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

Әзірге ешқандай қате жоқ

Беттің жоғарғы жағы

SharePoint Designer 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

Веб-бөліктер тапсырма аумағына кезелімді қолданған соң немесе орналастырған соң, бетті өңдеу кезінде жүгірткілерді, пернелер тіркесімдерін (мысалы: Ctrl+S сақтау үшін, Ctrl+Z болдырмау үшін) немесе backspace пернесін қолдану мүмкін емес.

Бұл – веб-бөліктердің тапсырма аумағындағы белгілі қате. Қатені жөндеу үшін, кезелімді SharePoint Designer бағдарламасынан алып тастап, кейін оны бағдарламаға қайтадан қосыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Visio 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

Visio 2007 бағдарламасын іске қосқанда жоғары өнімділік үшін файл қотару туралды ескертіледі. Бұл қандай файл және ол не үшін керек?

Бұл файл Visio XML файлдарының сақталу және қотару өнімділігін жақсартады. Аталмыш файл Windows Vista жүйелерінен және Windows Desktop Search немесе Windows Internet Explorer 7 орнатылған болса табылады.

Беттің жоғарғы жағы

Word 2007

Сұрақ немесе қате

Жауап

.dotx және .dotm файлдарын Word XML пішім түрлендіргіші арқылы қалай ашуға немесе сақтауға болады?

Word XML пішім түрлендіргіші .docx және .docm файлдарын Microsoft Office Word 2003 бағдарламасында тек ашуды және сақтауды қамтамасыз етеді.

Мәтінді дыбыстау бағдарламасын Word немесе Outlook пошталарымен бірге қалай жұмыс істету керек?

Төмендегі тізбе кілттерін орнатыңыз:

[HKEY_CURRENT_USER\Software\Microsoft\Office\12.0\Word\Options] "WordAlternateDisplayMethodForScreenReaders"=dword:00000001

[HKEY_CURRENT_USER\Software\Microsoft\Office\12.0\Common] "ScreenReaderPresent"=dword:00000001

Беттің жоғарғы жағы

Басқа

Сұрақ немесе қате

Жауап

Құралдар тақтасынан «артқа» және «алға» түймешіктерін жою дербес күйдегі өзіндік беттің бос қалуына себеп болады.

ҚАЙТА ЖӨНДЕУ:

  1. Кез келген бағдарламаны ашыңыз.

  2. Қарап шығу құралын ашу үшін, F1 пернесін басыңыз.

  3. Күйді дербес ретінде орнатыңыз.

  4. Құралдар тақтасы параметрлері ашылмалы-өзгертпелі шаршысын нұқып, құралдар тақтасынан жою үшін артқа және алға түймешіктерін таңдаңыз.

  5. Тұтынғыштың қарап шығу құралын жабыңыз.

  6. Анықтаманы ашу үшін, F1 пернесін басыңыз.

Құралдар тақтасы параметрлері дегенге барып, Құралдар тақтасын ысыру түймешігін басыңыз немесе құралдар тақтасына «алға» және «артқа» түймешіктерін қайта үстеңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Қотармалар

Сұрақ немесе қате

Жауап

Әзірге қате жоқ

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×