2007 күнтізбе құралы

2007 күнтізбе құралы маңызды күндерді белгілеуге және жұмыс кеңістігінің басқа мүшелерімен бірлесіп жұмыс істеу кестелерін құруға мүмкіндік береді.

Не істеу керек?

Кездесулерді қосу немесе жою

Кездесулерді қарау

Күнтізбеде шарлау

Белгілі бір кездесулерге сілтеме жасау

Күнтізбенің көрсетілуін өзгерту

Кездесулерді экспорттау және импорттау

Кездесулерді басып шығару

Күнтізбе рұқсаттарын өзгерту

Кездесулерді қосу немесе жою

Кездесу қосу үшін:

  1. Басты қойындысында Жаңа кездесу түймешігін басыңыз.

  2. Кездесу тақырыбын енгізіңіз.

  3. Кездесудің басталу және аяқталу күндері мен уақыттарын енгізіңіз. Кездесу күні бойы жалғасатын болса, Күні бойы параметрін таңдаңыз.

    Мәліметтер

    DD.MM.YY пішімінде бір күнді енгізіңіз немесе күнтізбе белгішесіне нұқып, бір күнді таңдаңыз.

    Басталу және аяқталу уақытын енгізіңіз немесе басталу және аяқталу уақыттарын таңдау үшін көрсеткілерді басыңыз.

    Күнтізбе уақыт белдеуін автоматты түрде мына жолмен реттейді: күнтізбе кездесу қазіргі уақытта компьютеріңізде орнатылған күн мен уақыт сипаттарына сәйкес уақыт белдеуінде өтеді деп болжайды. Компьютерлері басқа уақыт белдеулеріне орнатылған мүшелер үшін кездесу уақыты олардың уақыт белдеуіне сәйкес реттеледі.

    Мысалы, сіз Алматыда болсаңыз және кездесуді 8:00-ге жоспарласаңыз, Атыраудағы мүше кездесу 9:00-ге жоспарланғанын көреді (аймақтық уақыт белдеуінің параметрлеріне қарай).

  4. Қосымша түрде, кездесу туралы мәліметтерді енгізіңіз.

  5. Жарайды түймешігін басыңыз.

Кеңес : Күндері мен уақыттары алдын ала таңдалған кездесулер жасауға болады. Күндер немесе уақыттар ауқымы бойынша сүйреп, содан кейін Жаңа кездесу түймешігін басыңыз.

Таңдалған күнтізбе кездесуін жою үшін DELETE пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Кездесулерді қарау

Күнтізбе күн ұяшығына әр кездесу туралы қанша мәлімет сыйса, сонша көрсетеді. Әр кездесу туралы көрінетін мәлімет мөлшері пайдаланылатын көрініске байланысты болады. Мысалы, "Күн" көрінісі әдетте кездесу туралы барлық ақпаратты көруге мүмкіндік береді, ал "Ай" көрінісі тек бірнеше сөзді ғана көрсетеді.

Кез келген көріністе, кездесуге тінтуірмен көрсетсеңіз, оның толық күні мен мәліметтерін көрсететін мәтін терезесі көрсетіледі.

Кездесу туралы ақпаратты қамтитын қалқымалы терезе

Беттің жоғарғы жағы

Күнтізбеде шарлау

Күнтізбеде келесі түрде шарлауға болады:

  • "Күн", "Апта" немесе "Ай" көріністерінде алдыңғы немесе келесі күнге, аптаға немесе айға өту үшін күнтізбенің терезе тақырыбындағы алдыңғы/келесі түймешіктерін басыңыз.

  • Кез келген күнтізбе көрінісінде алдыңғы немесе келесі кездесуге өту үшін Басты қойындысын таңдап, Шарлау аумағында Алдыңғы немесе Келесі пәрменін таңдаңыз.

  • Кез келген күнтізбе көрінісінде алдыңғы немесе келесі оқылмаған кездесуге өту үшін Басты қойындысын таңдап, Бақылау аумағында Алдыңғы оқылмаған немесе Келесі оқылмаған пәрменін таңдаңыз.

  • Компьютеріңіздің жүйелік сағатына сәйкес ағымдағы күнге өту үшін Басты қойындысын таңдап, Шарлау аумағында Бүгін пәрменін таңдаңыз.

  • Таңдалған көріністе белгілі бір күнге өту үшін Басты қойындысын таңдап, Шарлау аумағында Күнді таңдау пәрменін таңдаңыз, содан кейін Күнге өту тілқатысу терезесінде күн мен көрініс параметрлерін енгізіңіз де, Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Белгілі бір кездесулерге сілтеме жасау

  1. Сілтеме жасалатын кездесуге нұқыңыз.

  2. Басты қойындысынан Сілтеме ретінде көшіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Мақсат құралын таңдаңыз.

  4. Сілтеме орналастырылатын орналасуға нұқыңыз.

    Сілтемені талқылау жазбасы, сөйлесу жазбасы немесе қойын дәптер жазбасы сияқты пішімделген мәтін орналасуына қою керек.

  5. Тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып Қою пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Күнтізбенің көрсетілуін өзгерту

Күнтізбенің көрсетілуін өзгерту үшін Көрініс қойындысын таңдап, содан кейін Күнтізбе көрінісі аумағында көрсету параметрін таңдаңыз.

Келесі кестеде әр көріністің сипаттамасы берілген.

Көрініс

Сипаттамасы

Күн

Таңдалған күндегі кездесулердің мәліметтерімен (бар болса) бірге берілген егжей-тегжейлі көрініс.

Күні бойы жалғасатын және бірнеше күнге созылған кездесулер жоғарғы жақта көрсетіледі.

Бір немесе бірнеше күнге созылған кездесулер

1. Бірнеше күнге созылған кездесу

2. Тек осы күнге жасалған кездесу

Таңдалған күндегі кездесулер төменде, тиісті уақыт ауқымында көрсетіледі.

Апта

Стандартты күнтізбе аптасындағы кездесулердің жиынтық көрінісі

"Ай" көрінісіне қарағанда көбірек орын болғандықтан, әдетте әр кездесудің толық тақырыбын көре аласыз. Сондай-ақ, кездесулердің басталу және аяқталу уақыттарын көре аласыз.

"Ай" көрінісіндегідей, бір күнде жолаққа сыятыннан көп кездесу болса, "Қосымша" түймешігі пайда болады.

Барлық кездесулерді көрсететін қалқымалы терезе.

Ай

Стандартты күнтізбе айындағы кездесулердің жиынтық көрінісі

Бұл көрініс бірнеше күнге созылатын кездесулерді көру керек болатын ұзақ мерзімге жоспарлау үшін қолайлы. Бірақ, кездесуді өңдеу үшін ашпастан, оның мәліметтерін көру қиын.

Бір күнде жолаққа сыятыннан көп кездесу болса, «Қосымша» түймешігі пайда болады.

Кездесулерді көрсететін терезені көрсету үшін түймешікке тінтуірмен көрсетіңіз.

Жұмыс аптасы

«Апта» көрінісіне ұқсас, бірақ мұнда жұмыс күндеріне көбірек орын беріледі.

Жұмыс айы

«Ай» көрінісіне ұқсас, бірақ мұнда әр аптада жұмыс күндеріне көбірек орын беріледі.

Беттің жоғарғы жағы

Кездесулерді экспорттау және импорттау

Күнтізбе кездесулерін басқа күнтізбе құралына импорттау үшін экспорттауға болады.

Күнтізбе кездесулерін экспорттау

Белгілі бір кездесуді немесе барлық кездесулерді экспорттауға болады. Экспортталған күнтізбе деректерінің барлығы .xml файлына сақталады (мысалы, күнтізбе.xml).

Белгілі бір кездесуді экспорттау үшін

  1. Кездесуді нұқыңыз.

  2. Жұмыс кеңістігі қойындысында Таңдалған кездесуді экспорттау пәрменін таңдаңыз.

  3. Жазбалардың файлға экспорты... тілқатысу терезесінде каталогтың орнын көрсетіп, Сақтау пәрменін таңдаңыз.

Барлық жазбаларды экспорттау үшін:

  1. Жұмыс кеңістігі қойындысындағы Деректер аумағында Барлық кездесулерді экспорттау пәрменін таңдаңыз.

  2. Жазбалардың файлға экспорты... тілқатысу терезесінде каталогтың орнын көрсетіп, Сақтау пәрменін таңдаңыз.

Күнтізбе кездесулерін импорттау

  1. Деректер импортталатын күнтізбе құралын таңдаңыз.

  2. Жұмыс кеңістігі қойындысынан Импорттау пәрменін таңдаңыз.

  3. Файлды импорттау тілқатысу терезесінде экспортталған күнтізбе .xml файлын таңдап, Ашу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Кездесулерді басып шығару

Күнтізбе кездесулерін немесе көріністерін басып шығаруға болады.

  1. Белгілі бір кездесуді басып шығару керек болса, кездесуді таңдаңыз.

  2. Күнтізбе көрінісін басып шығару керек болса, қажетті көріністі таңдаңыз.

  3. Файл қойындысынан Басып шығару қойындысын таңдап, содан кейін Басып шығару түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Күнтізбе рұқсаттарын өзгерту

Қазіргі уақытта мүше рөлдеріне тағайындалған рұқсаттарды көру үшін:

  1. Жұмыс кеңістігі қойындысында Сипаттар пәрменін, содан кейін Рұқсаттар қойындысын нұқыңыз.

  2. Тағайындалған рұқсаттарын көргіңіз келетін рөлді ашылмалы тізімнен таңдаңыз.

Қонақтардан басқа барлық мүшелердің жаңа кездесулерді қосуға, сондай-ақ, өз кездесулерін қосуға немесе жоюға рұқсаты бар. Басқарушылар барлық рұқсаттарға ие.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×