2007 жылғы шығарылымда жұмыс істеген кезде Интернеттен ең жаңа мазмұнды алу

Office Online құралын тікелей 2007 Microsoft Office жүйесінің шеңберінде іздеуге болатынын білесіз бе? Сіз Office Online құралына 2007 Microsoft Office бағдарламаларынан қосылғанда, ең жаңа желілік мазмұнды бағдарламаның Spotlight құралынан немесе Анықтама қарап шығу құралынан таба аласыз.

Spotlight құралындағы мазмұнды автоматты түрде жаңарту

Spotlight мүмкіндігі Microsoft Office Word 2007, Microsoft Office Excel 2007, Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламаларының File New тілқатысу терезесінің және Microsoft Office Visio 2007 және Microsoft Office Access 2007 бағдарламаларына арналған Жұмысты бастау тілқатысу терезесінің бір бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде Office Online үлгілеріне, жаттығуларына, қотарып алынатын ақпаратқа қатысты хабарламалар, кеңестер және көптеген басқа нәрселер бар.

Office 2007 бағдарлама Spotlight

Мазмұнды өздігінен жаңарту жетесін Office Online құралынан Spotlight құралының астыңғы жағындағы жалқын түсті жолақтағы сілтемені басу арқылы іске қосуға болады. Жаңартулар: Spotlight құралының астыңғы жағында сіздің Office Online құралына жалғанғаныңызды көрсететін сілтеме пайда болады.

Office Online құралына Анықтама қарап шығу құралынан қосылу

Анықтама қарап шығу құралы - Microsoft Office Анықтама терезесінің жаңа нұсқасы. Сіздің жұмысыңызды барынша оңтайландыру үшін біз Microsoft Office бағдарламасының тапсырма жолақтарының, соның ішінде Анықтама жолағының, Іздеу жолағының, Мазмұн кестесінің және Жұмысты бастау жолағының барлық ескі нұсқаларын тікелей Office Online құралына тікелей қосылған Бір ғана Анықтама қарап шығу құралына біріктірдік.

Анықтама қарап шығу құралынан қосылу арқылы Microsoft Office бағдарламаларының түрлі нұсқаларымен жақсырақ жұмыс істеу үшін хабарламаларға, кеңестерге, сызбалық суреттерге, үлгілерге, желілік жаттығуларға, қотарылатын ақпаратқа және қызметтерге қатынауға болады. Сіз 2007 Microsoft Office бумалараның жаңа мүмкіндіктері мен құраластарын түсінуге көмектесетін ақпаратты Анықтама қарап шығу құралынан шықпастан таба аласыз.

Office 2007 анықтамасы

Office Online құралына қосылу үшін Анықтама қарап шығу құралының астыңғы жағындағы Қосылым күйі белгішесін нұқыңыз, содан соң Интернеттен мазмұнды көрсету нұсқасын таңдаңыз.

Анықтамадан Office Online веб-торабына қосылыңыз.

Сіз сөйлейсіз: Біз тыңдаймыз да, жауап қатамыз

2003 жүйесімен бірге басталған ең үлкен жаңартпалардың бірі, бұл біздің Анықтамадан жауап хабар алу мүмкіндігі болды. Интернетке қосылған тұтынушылар өздері Анықтамадан көріп отырған мазмұн бойынша аңғартпа жіберіп, оған жауап ала алады. Біз бұл жауаптарды жаңа мазмұнды дамыту үшін және анықтаманың ағымдық бөлімдерін қажетінше жаңарту үшін пайдаланамыз. Желіге қосылған тұтынушылар жаңартылған жаңа бөлімдерге қатынай алады.

Кері байланыстың күшті жағы сол, біз жақсырақ әрекет ететін кері байланыс ала аламыз. Тұтынушыларға көбірек көмек көрсету қажет екенін айту бір бөлек; ал өзінің не іздейтінін, нені таба алмай жүргенін, немесе тапқанымен де пайдалана алмайтынын айтатын тұтынушыдан мол кері байланыс алу бір бөлек. Біз сондай-ақ кері байланыс хабарларын жаңа мүмкіндіктер бойынша жақсырақ Анықтама жасауға көмектесудің жаңа жолдарын анықтау үшін пайдаланамыз. 2007 Office жүйесінің Анықтамасы мыңдаған Office тұтынушыларынан келген кері байланыс хабарларының көмегімен жасалды.

БізOffice Online құралын өзіңіз сияқты тұтынушылардан алынған ақпаратты негізге ала отырып үнемі жақсартып отырамыз. Office Online құралын жақсарту туралы не ойлайтыныңызды және ол үшін біздің не істей алатынымызды айтыңыз. Біз тыңдаймыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×