"Торабым" қызметіне кіріспе

"Торабым" дегеніміз - құжаттарды, мазмұнды, сілтемелерді және істес кісілерді басқару және сақтау үшін бір орталық орын ұсынатын жеке торап. "Торабым" қызметі ұйымыңыздағы басқа пайдаланушылардың сіз және қабілеттеріңіз бен қызығушылықтарыңыз туралы ақпарат табуына арналған байланыс нүктесі қызметін атқарады. Мазмұн жеткізушілері "Торабым" қызметін өздері пайдаланушыларға ұсынатын ақпаратты теңшеу әдісі ретінде пайдалана алады.

Бұл мақалада

Жалпы шолу

Торап

"Торабым" қызметімен жұмыс істеу жолдары

Жалпы шолу

"Торабым" қызметі мыналарды ұсынады:

  • Барлық құжаттарды, тапсырмаларды, сілтемелерді, күнтізбені, әріптестерді және басқа да жеке ақпаратты көруіңіз бен басқаруыңызға арналған орталық орын.

  • Басқа пайдаланушылар үшін сіз және тәжірибеңіздің саласы, ағымдағы жобаларыңыз және әріптестеріңізбен қарым-қатынастарыңыз туралы мәліметтер алу жолы.

  • Мазмұн жеткізушілері үшін сіз бен ұйымыңыз профайлыңызда көрсеткен қызметіңіз, бөліміңіз бен қызығушылықтарыңыз сияқты ақпаратқа сүйене отырып ақпаратты сізге бағыттайтын орын.

  • Әкімшілер үшін бейімделген веб-тораптарды ұсынатын жер.

Арнаулы жеке торап ретінде, "Торабым" қызметі сізді ұйымыңыздағы кез келген торапта бар құжаттардың, мазмұнның және тапсырмалардың барлығын басқаратын бір орынмен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мазмұн мен құжаттарды басқа кісілерге ұсынуыңызға, өз жұмыс кеңістіктеріңізді жасауыңызға, басқа кісілерге өзіңіз туралы ақпарат беруіңізге және әріптестеріңіздің күйі туралы білуіңізге болады.

"Торабым" қызметі тарату тізімдері сияқты мүшелік тізімдерін ұсынады және сізге ол тізімдерді басқа кісілермен қалай бөлісуге болатынын көрсетеді. "Торабым" қызметі әріптестеріңіздің тізімін көрсетеді және ұйымдық иерархия диаграммасы арқылы сіздің тікелей тобыңыздағы алатын орныңызды көрсетеді. Басқа кісілер сіздің "Торабым" қызметіңізге кірген кезде, олар сізбен ортақтас нәрселерді, яғни, екеуіңіз де танитын әріптестерді, сіздер бөлісетін мүшеліктерді және екеуіңіз де бірдей бағынатын бірінші басшыны жылдам көре алады.

Құпиялық топтары ортақ бетіңіздегі әріптестеріңіздің тізімі, тарату тізіміне мүшеліктер, қабілеттеріңіз бен қызығушылықтарыңыз және тек жұмыс тобыңызға немесе бастығыңызға көрсеткіңіз келуі мүмкін басқа да ақпарат сияқты кейбір ақпаратты кім көре алатындығы туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Құпиялық топтары туралы қосымша ақпаратқа сілтемелерді Қосымша ақпарат бөлімінен табасыз.

Беттің жоғарғы жағы

Торап

Әдепкіде, "Торабым" екі бөліктен тұрады: Үйім деп аталатын жеке торап және Профайлымдеп аталатын ортақ профайл беті.

Сіз жеке өзіндік беттен басталатын жеке тораптың әкімшісі болып табыласыз. "Торабым" қызметі жекеменшік Windows SharePoint Services 3.0 торабына ұқсас — құжат кітапханалары мен сурет кітапханаларын, күнтізбелерді, зерттеулерді, тапсырмаларды және басқа да SharePoint тізімдерін анықтауыңызға болады. Жеке торабыңызда басқа беттер жасауыңызға және ортақ өзіндік бетіңіз арқылы сол беттерге сілтемелер беруіңізге болады. Жеке торабыңызда жасалатын кез келген құжаттар мен тізімдерді басқа кісілермен ортақтастыруға немесе тек өзіңіз көруіңізге болады.

Әкімшіңіз профайл бетінің көрінісін анықтайды, бірақ қосымша мәліметтер қосу керектігін сіз анықтайсыз. Сонымен қатар, ортақ профайл бетіндегі кейбір мазмұнның әр түрлі кісілердың топтарымен қалай бөлісілетінін, яғни, сүзгі сияқты басқаруыңызға болады. Мазмұн құпиялығы туралы қосымша ақпаратты Торабымдағы ақпарат құпиялығы бөлімінен қараңыз.

Ұйымыңыздағы басқа топтар ішінде сізге бейімделген мазмұн бар тораптар жасай алады. Бұл тораптар бейімдеу тораптары деп аталады және олар сіздің ақпаратқа оңай қатынауыңыз үшін "Торабым" ішіндегі бөлек қойынды түрінде көрсетіледі. Мысалы, кадрлар бөлімі ішінде сіздің төлемдеріңіздің тізімі, демалысыңыз туралы мәліметтер және жеңілдіктер туралы ақпаратқа сілтемелер бар торап жасауы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

"Торабым" қызметімен жұмыс істеу жолдары

Төменде "Торабым" қызметін пайдалануға болатын кейбір жолдар берілген:

Сілтемелерді пайдалану және қадағалау

Әріптестерді қадағалау

Құжаттармен жұмыс істеу үрдісін орнату

Құжаттарды ортақтастыру және SharePoint тораптарына сақтау

Жиналыс жұмыс кеңістігі мен құжат жұмыс кеңістігі тораптарын жасау

"Торабым" ортақ бетіндегі ақпаратты ортақтастыру

Ақпаратты ортақтастыру кезінде нәтижелерді жақсарту

Құжаттардың алдыңғы нұсқаларына қатынау

Сілтемелерді пайдалану және қадағалау

Сілтемелерім беті сізге таңдаулы веб-тораптарыңызды қадағалауыңызға және оларға желідегі кез келген компьютерден қатынауыңызға мүмкіндік береді. Жүйеге кірген кезде, Сілтемелерім әрбір тораптың үстіңгі оң жақ бұрышында пайда болады. Сілтемелерім мәзірі арқылы оңай жаңа сілтемелер қосуыңызға, сілтемелерді қайта реттеуіңізге, өзіңіз мүше болып табылатын тораптарға қатынауыңызға және сілтемелерді басып оларды Сілтемелерім тізіміне сақтауыңызға болады.

Әкімшілер мен мазмұн жеткізушілері ұсынатын бейімдеу тораптарын "Торабым" қызметіне бекітіп қоюыңызға болады. Бұл - өзіндік бетіңіздің және ортақ бетіңіздің жанында торап қосымша қойынды ретінде пайда болады деген сөз. Кейде, бейімдеу тораптарын қойындыдағы мәзір арқылы бекітіп және ажыратып қоюыңызға болады. Бұл қойындыны "Торабым" қызметіне қосып, шығаруды жеңілдетеді.

Әріптестерді қадағалау

Әріптестер веб-бөлігі әріптестердің жұмыс орнында, жиналыстарда немесе телефонда болуы сияқты оқиғаларды қадағалауға көмектеседі. Сонымен қатар, әріптестер бөлімдерін немесе міндеттерін ауыстырған, SharePoint кітапханасына құжаттар қосқан немесе жылдық оқиға немесе туған күні болған кезде ескерту хабарламасын алуыңызға болады. Оған қоса, әріптестер тізімінде көрінетін кісілерді таңдап, әріптестер тізімін топтар бойынша реттеуіңізге болады.

Әріптестер веб-бөлігін пайдалану туралы қосымша ақпаратқа сілтемелерді Қосымша ақпарат бөлімінен табасыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжаттармен жұмыс істеу үрдісін орнату

Құжаттарды бекітуге жіберу үшін ортақ құжаттар кітапханасында бір жұмыс үрдісін жасауыңызға болады. Бұл мақұлдау сұрауға, кері байланыс пен қолтаңбалар жинауға, тапсырмалар жасауға және жұмыс үрдісінің жұрналын көруге мүмкіндік береді.

Жұмыс үрдістерін пайдалану туралы қосымша ақпаратқа сілтемелерді Қосымша ақпарат бөлімінен табасыз.

Құжаттарды ортақтастыру және SharePoint тораптарына сақтау

Өзіндік беттегі SharePoint тораптары веб-бөлігі ұйымдағы кез келген торапта жасалған, сақталған немесе өзгертілген құжаттардың барлығының тізім жасау үшін пайдаланылады. SharePoint тораптары веб-бөлігі сіз Торап атауы мүшелерінің SharePoint тобы тізімінде тұрған бес торап үшін құжаттарды автоматты түрде көрсетеді. Сонымен қатар, SharePoint тораптары веб-бөлігінде сізге кез келген торапта берілген кез келген тапсырмалардың тізімі беріледі. SharePoint тораптары веб-бөлігіне керегінше көп тораптар қосуыңызға болады.

Ортақ беттегі құжаттар веб-бөлігі құжаттарды басқа кісілермен ортақтастыруға мүмкіндік береді. Жеке құжаттар кітапханасын қоспағанда, ұйымдағы әрбір кітапханаға сақталған құжаттардың барлығы басқа кісілер қатынауы үшін тізімде автоматты түрде пайда болады. Тізім тармақтары мен кітапханалардағы рұқсаттарды олар құжаттар веб-бөлігінде пайда болмау үшін өзгертуіңізге болады.

Microsoft Office бағдарламаларындағы "Орындарым" сілтемесін "Торабым" қызметіне файлдар сақтау үшін пайдалануыңызға болады. "Орындарым" қалтасы құжат кітапханаларын, SharePoint тораптарын және "Торабым" ішінде жасалған құжат жұмыс кеңістігі тораптарын ашады. Әдепкіде, файлдар төрт құжат кітапханасына сақталады: "Беттерім", "Суреттерім", "Жеке құжаттар" және "Ортақ құжаттар".

SharePoint тораптары веб-бөлігі мен құжаттар веб-бөлігін пайдалану туралы қосымша ақпаратқа сілтемелерді Қосымша ақпарат бөлімінен табасыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс жұмыс кеңістігі мен құжат жұмыс кеңістігі тораптарын жасау

"Торабым" қызметін жобаларға арналған жұмыс кеңістігі торабын, команда торабын, wiki торабын, жаңа блог немесе жазбалар қоймасын жасау үшін пайдалануыңызға болады. "Торабым" қызметін пайдаланудың ең ортақ жолдарының екеуі - жиналыс жұмыс кеңістігі тораптары мен құжат жұмыс кеңістігі тораптары.

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабы     Бір немесе бірнеше жиналысқа арнап барлық ақпарат пен материалдарды жинау үшін осы веб-торапты пайдаланыңыз. Егер жиналыс материалдары, мысалы, күн тәртіптері, қатысты құжаттар, мақсаттар мен тапсырмалар, жиі шашыраңқы болып келсе, "Жиналыс жұмыс кеңістігі" торабы оларды бір орынға жинап сақтауға көмектеседі.

Жиналыс жұмыс кеңістігі торабы - жиналысқа қатысушылар жиналыс туралы, сіздің бір жылдан бері қайталанып келе жатқан жиналыстарды басқаратыныңыз немесе кішкене оқиға жоспарлап отырғаныңыз туралы ең жаңа ақпарат алу үшін баратын жер.

Төменде жиналыс жұмыс кеңістігі торабын пайдаланудың кейбір жолдары берілген:

  • Жиналыс алдында күн тәртібін, қатысушылар тізімін және талқыланады деп жоспарланып отырған құжаттарды жариялаңыз.

  • Жиналыс кезінде, тапсырмаларды қосыңыз, шешімдерді жазып алыңыз және қатысты құжаттарды тексеріңіз.

  • Жиналыстан кейін, хаттаманы жариялаңыз, басқа орындау ақпаратын қосыңыз және тапсырмалардың күйін қадағалаңыз.

Құжаттар жұмыс кеңістігі торабы     Веб-тораптың бұл түрі бір немесе бірнеше қатысты құжаттың әзірленуін басқа кісілермен үйлестіруге көмектеседі. Торап файлдарды ортақтастыру мен жаңарту және кісілерді сол файлдардың күйі туралы хабардар етіп отыру құралдарын ұсынады.

Сіз бен әріптестеріңіз бір құжатты әзірлеу үшін құжаттар жұмыс кеңістігі торабында келесі жолдармен бірлесіп жұмыс істеулеріңізге болады:

  • Құжаттар жұмыс кеңістігі торабында орналасқан көшірмемен тікелей жұмыс істеу.

  • Жергілікті көшірмемен жұмыс істеу және құжаттар жұмыс кеңістігі торабындағы көшірмені тұрақты түрде жаңартып тұру.

Сонымен қатар, сіз бен басқа жұмыс кеңістігінің мүшелері құжаттар жұмыс кеңістігі торабын хабарландырулар жариялау, тапсырмалар тағайындау, қатысты сілтемелерді ортақтастыру және торап мазмұнына енген өзгерістер туралы ескерту хабарламаларын алу үшін пайдалануыңызға болады. Құжаттар жұмыс кеңістігі торабын бір қысқа мерзімді жоба үшін жасап, жоба аяқталғанда торапты жоюыңызға немесе торапты тұрақты түрде ұстауыңызға болады.

Жиналыс жұмыс кеңістігі тораптары мен құжаттар жұмыс кеңістігі торабын жасау және басқару туралы қосымша ақпаратқа сілтемелерді Қосымша ақпарат бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

"Торабым" ортақ бетіндегі ақпаратты ортақтастыру

"Торабым" ортақ беті өзіңіз туралы мәліметтерді "Торабым" бетіне кіретін кісілерге көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл ақпарат пайдаланушылық афйлыңыздың бір бөлігіне айналады және оның ішіне суретіңіз, сізді сипаттайтын мәтін, жобаларыңыз бен қызығушылықтарыңыз кіруі мүмкін. Әкімшіңіз ортақ бетіңізде көрсетілетін, сондай-ақ пайдаланушылық профайлыңызға қосылатын қосымша мәліметтер беруі мүмкін.

Сіз беретін ақпараттың біразы сүзгіден өтуі мүмкін, сондықтан оны тек белгілі бір кісілер көре алады. Мұны құпиялық топтары арқылы істейсіз. Мысалы, ұялы телефоныңыздың нөмірін тек жұмыс тобына көрсетілетін етіп қоюыңызға болады.

Профайл мәліметтері арқылы іздеу     Бір пайдаланушы профайлындағы кез келген бір мәліметті ұйымдағы бір кісіні, тіпті оның аты-жөнін білмесеңіз де іздеу үшін пайдалануыңызға болады. Мысалы, негізгі нөімділік көрсеткіштері (KPI) немесе Microsoft Office Excel жайында хабары бар кісіні тапқыңыз келсе, ол шарттарды іздеп, сол сөздерді өздерінің пайдаланушы профайлындағы Мәліметтер бетіндегі Қызығушылықтар немесе Қабілеттер жолақтарында берген кісілерді табуыңызға болады.

Басқа кісілермен ортақ неңіз бар?     Біреу сіздің ортақ бетіңізге немесе сіз басқа біреудің бетіне кірген кезде, "Сізбен ортақтас" веб-бөлігінде екеуіңіз де танитын әріптестер, екеуіңіз де жататын тарату тізімдері мен SharePoint тораптары және екеуіңізге де ортақ бірінші басшы көрсетіледі.

Байланысты тұлғаларыңызды көрсету     Мүшеліктер веб-бөлігі автоматты түрде Active Directory каталог қызметінің тарату тізімдері мен сіз мүшесі болып табылатын SharePoint тораптарын көрсетеді. Беттегі басқа ақпарат түрлері сияқты, мүшеліктердің кім көре алатынын немесе мүшеліктер барлығына көрсетілетінін таңдауыңызға болады.

Сізбен жұмыстас кісілерді көрсету     Сізбен жұмыс істейтін кісілер тобының тізімін көрсетіп оларды жоба, өздері есеп беретін кісі бойынша немесе сіз үшін маңызы бар кез келген топтау түрі бойынша топтастыруыңызға болады. Microsoft Office Outlook бағдарламасындағы бос болу/болмау туралы ақпарат кісілердің жүрген жерлері туралы ең жаңа ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Беттің жоғарғы жағы

Ақпаратты ортақтастыру кезінде нәтижелерді жақсарту

Ортақ беттегі ақпараттың біразын автоматты түрде Active Directory немесе басқа LDAP функциясымен сыйысымды бағдарламалар сияқты көздерді пайдалана алатын әкімшіңіз көрсетуі мүмкін. Бұл ақпарат кадрлар бөлімі пайдалануы мүмкін сияқты дерекқорлардан алынуы және қызметіңіз, бөліміңіздің атауы және бастықпен қатынасыңыз сияқты мәліметтер беруі ықтимал.

Ортақ беттегі ақпараттың көпшілігі міндетті емес. Дегенмен, жобаларыңыз, міндеттеріңіз, тәжірибеңіздің саласы, қабілеттеріңіз және қызығушылықтарыңыз туралы көбірек ортақ ақпарат болған сайын, ұйымыңыздағы ынтымақтастық та арта түседі. Сіз ортақ ақпаратты кім көре алатынын шектеуіңізге болады, бірақ оны барлығымен ортақтастырған кезде, сіз кісілердің сізді, тәжірибеңізді және әріптестеріңіз бен жобаларыңызға сілтемелерді табуына мүмкіндік бересіз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжаттардың алдыңғы нұсқаларына қатынау

"Торабым" тізімдері мен кітапханаларын тізім тармақтарын немесе файлдарды қадағалау үшін жасасаңыз, нұсқа жұрналын көруіңізге болады. Нұсқа жұрналының ішінде элемент немесе файл жасалған уақыты және оны өзгерткен кісі туралы ақпарат болады. Сонымен қатар, кітапханаларда кісілер өздері енгізген өзгерістері туралы жазған аңғартпалары болуы мүмкін.

Сонымен қатар, нұсқа жұрналының ішінде кейде метадеректер деп аталатын сипаттарға енгізілген өзгерістер болады. Олардың мысалы бір кісі тізім тармағы тағайындалған бір кісінің аты-жөнін өзгертуі немесе файлдың аяқталуы тиіс болған уақыт болып табылады. Кітапханалар бір құжатқа жаңа бөлім қосылғаны сияқты үлкен нұсқаларды және бір емле қатесі түзетілген кіші нұсқаларды қадағалай алады. Тізімдер тек үлкен нұсқаларды қадағалай алады. Нұсқа жұрналын көру үшін тізімдегі немесе кітапханадағы элементтерді оқуға рұқсатыңыз болуы керек.

Элементтердің немесе файлдардың нұсқа жұрналы туралы қосымша ақпаратқа сілтемелерді Қосымша ақпарат бөлімінен табасыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×