Өріс параметрлері

Жиынтық кесте есебіндегі бір өрістің әр түрлі пішім, басып шығару, аралық жиын және сүзгі параметрлерін басқару үшін Өріс параметрлері тілқатысу терезесін пайдаланыңыз.

Қайнар көз атауы    Деректер көзіндегі өрістің атауын көрсетеді.

Пайдаланушы аты    Жиынтық кесте есебіндегі ағымдағы өріс атауын, не болмаса, пайдаланушы аты болмаған жағдайда, қайнар көзі атын көрсетеді. Пайдаланушы аты параметрін өзгерту үшін, жолақтағы мәтінді нұқып, атты өзгертіңіз.

Орналасу және басып шығару

Орналасу бөлімі

Элемент белгілерін құрылым түрінде көрсету    Өріс элементтерін құрылым түрінде көрсету үшін нұқыңыз.

Бір бағанның (шағын пішіннің) келесі өрістегі тақырыптарын көрсету    Бір бағанның немесе шағын пішіннің келесі өрісіндегі тақырыптарды көрсету немесе жасыру үшін параметр жанына құсбелгі қойыңыз немесе алыңыз. Бұл таңдалған өрістің шағын пішінін қосып-ажыратады. Бұл құсбелгі тек Элементтерді құрылым пішінінде көрсету параметрі таңдалғаннан кейін қосылады.

Аралық жиындарды әр топтың үстіңгі жағынан көрсету    Аралық жиындарды әр топтың үстіңгі жағынан көрсету үшін параметр жанына құсбелгі қойыңыз немесе алыңыз. Бұл құсбелгі тек Элементтерді құрылым пішінінде көрсету параметрі таңдалғаннан кейін қосылады.

Элемент белгілерін кесте түрінде көрсету    Өріс элементтерін кесте түрінде көрсету үшін нұқыңыз. Бұл параметр тек жол тақырыптары ауқымындағы өрістерге ықпал етеді.

Әрбір элементтен кейін бос жол кірістіру    Әрбір элементтен кейін бос жол кірістіру арқылы аралық жиындар сияқты элементтердің арасына көбірек бос орын қосу үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Өріс элементтерін бос жолдарсыз көрсету үшін осы параметр жанынан құсбелгіні алыңыз.

Ескерту : Бос жолдарға таңба және ұя пішімдерін қолдануыңызға болады, бірақ оларға деректер енгізу мүмкін емес.

Деректері жоқ элементтерді көрсету    Деректері жоқ элементтерді көрсету немесе жасыру үшін белгілеңіз немесе белгіні алып тастаңыз.

Ескерту : Бұл параметр жанындағы құсбелгі OLAP деректер көзі үшін қолданылмайды.

Басып шығару бөлімі

Әрбір элементтен кейін бет үзілімін кірістіру    Жиынтық кесте есебін басып шығару кезінде әрбір элементтен кейін бет үзілімін кірістіру немесе кірістірмеу үшін белгілеңіз немесе белгіні алып тастаңыз.

Аралық жиындар мен Сүзгілер

Аралық жиындар бөлімі

Төмендегі әрекеттердің бірін таңдаңыз:

  • Автоматты Өріс үшін әдепкі функция пайдаланылады.

  • Ешбірі Өрісті аралық жиынсыз көрсетеді.

  • Теңшелетін Келесі функциялардың біреуін аралық жиын ретінде таңдауға мүмкіндік береді.

Функция

Сипаттама

Sum

Мәндердің қосындысы. Бұл сандық мәндерге арналған әдепкі функция болып табылады.

Count

Мәндердің саны. Санау қорытынды функциясы дәл COUNTА жұмыс парағы функциясы сияқты жұмыс істейді. Санау сандардан басқа мәндердің әдепкі функциясы болып табылады.

Average

Орташа мәндер.

Max

Ең үлкен мән.

Min

Ең кіші мән.

Product

Мәндердің көбейтіндісі.

Count Nums

Сандар болып табылатын мәндердің саны. Сандарды санау функциясы дәл COUNT жұмыс парағы функциясы сияқты жұмыс істейді.

StDev

Жиынтықтың стандартты ауытқуының жорамалы, мұндағы үлгі - бүкіл жиынтықтың іш жиыны.

StDevp

Жиынтықтың стандартты ауытқуы, мұндағы жиынтық - барлық жалпы саны шығарылатын мәндер.

Var

Жиынтықтың майдалығының жорамалы, мұндағы үлгі - бүкіл жиынтықтың іш жиыны.

Varp

Жиынтықтың майдалығы, мұндағы жиынтық - барлық жалпы саны шығарылатын мәндер.

  • Ескерту : Өзгертпелі функцияны OLAP деректер көзімен бірге пайдалана алмайсыз.

Сүзгі бөлімі

Қол сүзгісіне жаңа элементтер қосу    Сүзгі қолданылған жиынтық кесте есебіне қандай да бір жаңа элементтер қосу немесе шығарып тастау үшін белгілеңіз немесе белгіні алып тастаңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×