Өрістер кірістіру

Өрістер кірістіру (Кірістіру > Жылдам бөліктер > Өріс) құжаттағы гипермәтінді бақылауға мүмкіндік береді. Өрістер Word бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, алайда көптеген өрістер бекітілген пәрмендер мен мүмкіндіктер арқылы кірістірілетдігіне назар аударған жөн. Мысалы, бет нөмірлері мен мазмұндар кестесін кіргізу кезінде өрістер жұмыста болады. Көптеген жағдайларда, өрістерді автоматты түрде қосуды Word бағдарламасына тапсырған жөн. Құжаттағы өзгертілуі мүмкін деректерге арналған толтырғыштар қажет болғанда және пошта-біріктіру құжаттарындағы форма хаттарын не жапсырмаларды құруда өрістердің пайдасы мол.

Бұл қадамдар Word бағдарламасындағы кез келген өріс кодын кірістіруге арналған. Нақты өріс коды туралы ақпаратты Word бағдарламасындағы өріс кодтары бөлімінен қараңыз.

  1. Өріс кірістірілетін жерді басыңыз.

  2. Кірістіру > Жылдам бөліктер > Өріс тармағын басыңыз.
    Жылдам бөліктер мәзіріндегі Өріс кірістіру параметрі

  3. Өріс атаулары тізімінде өріс атын таңдаңыз. Тізімді Caнаттар түймешігін басу арқылы сүзгіден өткізуге болады.
    Өріс диалогтық терезесі

  4. Қажетті кез келген сипаттарды немесе параметрлерді таңдаңыз.

Ескерту : 

  • Егер Өріс диалогтық терезесінде белгілі бір өрістің кодтарын көргіңіз келсе, Өріс кодтары параметрін таңдаңыз. Кейбір өрістер үшін бұл түймешік әдепкі бойынша басулы болады.

  • Өзге өріс ішінде өріс кірістіру үшін, ең алдымен, сыртын не контейнерді кірістіріп, содан соң өрісті кірістіріңіз (жоғарыда көрсетілген 1-4 қадамдар). Содан кейін ішкі өрісті кірістіргіңіз келетін жерге енгізу нүктесін қойып, аталған 2-4 қадамдарды қайталаңыз.

Кеңес : Кірістіру керек өрістің өріс кодын білсеңіз, сонымен бірге, оны құжатқа тікелей енгізуге болады. Алдымен CTRL+F9 пернелер тіркесімін басыңыз, одан кейін жақшалардың ішінде кодты енгізіңіз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×