Өрістегі деректерді тексеру үшін тексеру ережесін жасау

Өрістегі деректерді тексеру үшін тексеру ережесін жасау

Бұл мақалада тексеру ережелерін дерекқорға қосу жолы түсіндіріледі. Тексеру ережелері пайдаланушылар берілген өріске не енгізетінін шектейді, сондай-ақ дерекқорды пайдаланушылар керекті деректер түрлерін немесе мөлшерін енгізуін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Не істегіңіз келеді?

Тексеру ережелерін түсіну

Кесте өрістеріне енгізу кезінде деректерді тексеру

Пішіндерге енгізу кезінде деректерді тексеру

Импорттау әрекеттері кезінде деректерді тексеру

Тексеру ережесінің сілтемесі

Тексеру ережелерін түсіну

Тексеру ережесі пайдаланушылар пішіндегі кесте өрісіне немесе (мәтін ұясы сияқты) басқару элементіне енгізетін деректерді шектейді немесе басқарады. Microsoft Office Access 2007 деректерді тексерудің бірнеше жолын ұсынады және тексеру ережелерін анықтау үшін сол жолдардың бірнешеуін жиі қолдана аласыз. Тексеру ережелерін деңгейлер жиыны деп қарастыруыңызға болады, яғни, пайдаланушылар деректерді дұрыс енгізуін қамтамасыз ету үшін қабаттардың бірнешеуін немесе барлығын қолдануыңызға болады.

  • Деректер түрлері    Деректер түрлері әдетте тексерудің бірінші деңгейі болып табылады. Дерекқор кестесін жасақтаған кезде, сіз кестедегі әрбір өріс үшін дерек түрі анықтайсыз және деректер түрі пайдаланушылар енгізе алатын деректерді шектейді. Мысалы, "Күн/Уақыт" өрісі тек күн мен уақытты қабылдайды, "Валюта" өрісі тек ақшалық деректерді қабылдайды т.т.

  • Өріс өлшемдері    Өріс өлшемдері екінші тексеру деңгейін ұсынады. Мысалы, егер есімдерді сақтайтын бір өріс жасасаңыз, оны ең көбі 20 таңба қабылдайтын етуіңізге болады. Бұл зиянкес пайдаланушының осы өріске көп мөлшердегі қисынсыз мәтінді қоюы немесе тәжірибесіз пайдаланушының тек есімді енгізуге арналған өріске жаңылысып есімі мен тегін енгізуін болдырмайды.

  • Кесте сипаттары    Кесте сипаттары тексерудің өте арнайы түрлерін береді. Мысалы, Міндетті сипатын Иә мәніне қойып, соның нәтижесінде пайдаланушыларды өріске бір мән енгізуге мәжбүрлеуіңізге болады.

    Сонымен қатар, Тексеру ережесі сипаты арқылы арнайы мәндерді талап етуіңізге және Тексеру мәтіні сипатын пайдаланушыларға қате туралы хабар беру үшін қолдануыңызға болады. Мысалы, >100 And <1000 сияқты бір ережені Тексеру ережесі сипатына енгізу пайдаланушыларды 100 бен 1000 аралығындағы мәндерді енгізуге мәжбүр етеді.[EndDate]>=[StartDate] сияқты ереже пайдаланушыларды бастау күнінде немесе одан соң болатын аяқтау күнін енгізуге мәжбүр етеді. «100 бен 1000 аралығындағы мәндерді енгізіңіз» немесе «Аяқтау күнін бастау күнінде немесе одан соң болған күнде енгізіңіз» сияқты мәтіндерді Тексеру мәтіні сипатына енгізу пайдаланушыларға қате туралы хабар беріп оны дұрыстау жолын көрсетеді.

    Кесте өрісіне тексеру ережесін қосу қадамдары туралы ақпаратты осы мақалада кейінірек жазылғанКесте өрістеріне енгізу кезінде деректерді тексеру бөлімінен қараңыз.

  • Енгізу бүркеніштері    Енгізу бүркенішін пайдаланушыларды мәндерді арнайы жолмен енгізуге мәжбүр ете отырып деректерді тексеру үшін пайдалануыңызға болады. Мысалы, енгізу бүркеніші пайдаланушыларды күндерді 2007.04.14. сияқты Еуропалық пішімде енгізуге мәжбүр етуі мүмкін.

Сол жолдардың бірнешеуін немесе барлығын деректерді тексеру үшін қолдануыңызға болады. Сол мүмкіндіктердің деректер түрлері сияқты кейбіреулері әдепкіде дерекқор бөлігіне айналады, бірақ өріс сипаттары, тексеру ережелері және енгізу бүркеніштері сияқты басқа жолдарды да өз ұйғаруыңыз бойынша қолдануыңызға болады.

Бұл мақалада кесте өрістеріндегі, сұраулардағы және пішін басқару элементтеріндегі Тексеру мәтіні мен Тексеру ережесі сипаттарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Дерек түрлері, өріс өлшемдері және енгізу бүркеніштері сияқты басқа тексеру құралдарын толық талқылау бұл мақалада қамтылмайды.

Дерек түрлері мен өріс өлшемдері туралы қосымша ақпаратты Өріс үшін орнатылған деректер түрін өзгерту мақаласынан қараңыз. Енгізу бүркеніштері туралы қосымша ақпаратты Өріс немесе басқару элементінің мәндерін белгілі бір пішімде енгізу үшін енгізу бүркенішін жасау мақаласынан қараңыз.

Тексеру ережелерінің түрлері

Тексеру ережелерінің екі негізгі түрін жасауыңызға болады:

  • Өрісті тексеру ережелері    Өрістен шығу кезінде өріске енгізілген мәнді тексеру үшін өріс тексеру ережесін қолданыңыз. Мысалы, Күн өрісі бар дейік, сонда >=#01/01/2007# мәнін сол өрістің Тексеру ережесі сипатына енгіздіңіз. Ереже пайдаланушылардан 2007 жылғы 1 қаңтарын немесе одан соңғы күнді енгізуді талап етеді. 2007 жылдан бұрынғы күндерді енгзіп, басқа өріске өтпекші болсаңыз, Access бағдарламасы ақаулықты жойғанша өрістен шығуға жол бермейді.

  • Жазбаны (немесе кестені) тексеру ережелері    Жазбаны (кестедегі жолды) сақтауға болатын уақытты басқару үшін жазбаны тексеру ережесін қолданыңыз. Өріс тексеру ережелеріне ұқсамайтын жазбаны тексеру ережелері бір кестедегі басқа өрістерде де істейді. Бір өрістің мәндерін басқа өрістің мәндері мен салыстыру үшін да жазбаны тексеру ережесін жасауға болады. Мысалы, бизнесіңізде өнімдерді 30 күнде жеткізуіңіз керек, егер сол уақытта жеткізбесеңіз, сатып алынған бағасының бір бөлігін алушыға қайтару керек болады. [RequiredDate]<=[OrderDate]+30 сияқты жазбаны тексеру ережесін анықтап кейбіреу жеткізу күнін (RequiredDate өрісіндегі мән) болашақта тым ұзақ етіп енгізбеуін қамтамасыз етуіңізге болады.

Егер тексеру ережелерінің синтаксисі түсінікті болмаса, Тексеру ережесіне не жазуға болады кестесі ретті түсіндіріп, бірнеше тексеру ережелерінің мысалдарын береді.

Ережелерді қолдануға болатын кездер

Тексеру ережелерін пішіндердегі кестелер мен басқару элементтері үшін анықтауыңызға болады. Кестелердің ережелерін анықтаған кезде, ол ережелер деректерді импорттау кезінде қолданылады. Кестеге тексеру ережелерін қосу үшін кестені Құрастырушы көрінісінде ашып, әрқилы кесте сипаттарын енгізіңіз. Пішінге тексеру ережелерін қосу үшін пішінді Құрастырушы көрінісінде ашып, ережелерді жекелеген басқару элементтерінің сипаттарына қосыңыз.

Кесте өрістеріне енгізу кезінде деректерді тексеру бөлімінде кесте өрістерінің сипаттарына тексеру ережелерін қосу жолы түсіндіріледі. Осы мақалада төменде келетін Пішіндерге енгізу кезінде деректерді тексерубөліміндегі қадамдар жекелеген басқару элементтерінің сипаттарына ережелерді қосу жолын түсіндіреді.

Тексеру ережесіне не жазуға болады

Тексеру ережелерінде бір мәнді беретін өрнектер , яғни, жалғыз мән беретін функциялар болуы мүмкін. Өрнектерді есептер шығару, таңбаларды басқару немесе деректерді тексеру үшін қолдануыңызға болады. Тексеру ережелерін жасағанда, өрнектерді негізінен деректерді сынау үшін қолданасыз. Мысалы, өрнек «Токио» немесе «Мәскеу» немесе «Париж« немесе «Хельсинки» сияқты мәндер қатарының біреуін тексеруі мүмкін. Сонымен қатар, өрнектер математикалық әрекеттерді де орындай алады. Мысалы, <100 өрнегі пайдаланушыларды 100-ден кіші мәндерді енгізуге мәжбүр етеді. ([OrderDate] - [ShipDate]) өрнегі тапсырыс берілген күн мен өнімдер тауарлар жөнелтілген уақыт аралығындағы күндердің санын есептейді.

Бұл мақалада өрнектер мен функциялар талқыланбайды. Өрнектер туралы қосымша ақпаратты Өрнек жасау мақаласынан қараңыз. Функциялар туралы қосымша ақпаратты Microsoft Office Online торабындағы мақалалардан қараңыз.

Өрнектерді деректерді тексеру үшін қолдану жолдарының мысалдарын Жазбадағы деректерді тексеру бөлімінен қараңыз.

Төмендегі бөлімдерде берілген қадамдар кестелер, пішіндер, сұрақтар және импорттау әрекеттерінде деректерді тексеру жолдарын түсіндіреді.

Беттің жоғарғы жағы

Кесте өрістеріне енгізу кезінде деректерді тексеру

Бұл бөлімдегі қадамдар өріс деңгейі мен жазба деңгейіндегі тексеру ережелерін жасау жолы мен бар деректерді жаңа тексеру ережелерімен тексеру жолын түсіндіреді.

Тексеру ережелерін AutoNumber, OLE нысаны және Тіркеме деректер түрі мен ReplicationID етіп қойылған Сан өрістерінен басқа барлық деректер түрлері үшін енгізуге болады.

Өрістегі деректерді тексеру

  1. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келген кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  2. Өріс атауы бағанынан өзгерткіңіз келген өрісті таңдаңыз.

  3. Кесте құрастырушысының төменгі бөлімінің Жалпы қойындысындағы Тексеру ережесі сипаттар жақтауын таңдап, тексеру ережесін енгізіңіз.

    -немесе-

    Сипаттар парағындағы Деректер қойындысын таңдаңыз да, Builder button түймешігін басу арқылы Өрнек құрастырушысын ашып, өрнек жасаңыз.

    Өрнек құрастырушысы туралы қосымша ақпаратты Өрнек жасау мақаласынан қараңыз.

    Тек осы өріске арналған ережені енгізіңіз. Мысалы, пайдаланушыларды оң мән енгізуге мәжбүр ету үшін >0 енгізіңіз. Өрістің тексеру ережесі кестенің басқа өрістеріне сілтеме жасамайтынын есте сақтаңыз. Егер ереже басқа өрістерге сілтеме жасамаса, сіз жазба деңгейіндегі тексеруді жасап жатырсыз.

  4. Тексеру мәтіні сипаттар жақтауын таңдап, тексеру хабарын енгізіңіз.

    Енгізілген хабар тексеру ережесіне байланысты. Хабарды қысқаша жазып пайдаланушы қатесін түсіндіріңіз. Алдыңғы қадамнан мысалды жалғастыру үшін Тек оң сандарды енгізу мәнін тексеру мәтіні ретінде қолдануыңызға болады.

  5. Жұмысыңызды сақтаңыз.

Ескерту : Өріс деңгейіндегі тексеру мысалдары үшін осы мақаладағы Тексеру сілтемесібөлімін көріңіз.

Жазбадағы деректерді тексеру

  1. Кестені Құрастырушы көрінісінде ашу үшін алдыңғы бөліміндегі 1-2 қадамдарды қайталаңыз.

  2. Жалпы қойындысында жазба деңгейіндегі ережені Тексеру ережесі сипаттар жақтауына енгізіңіз.

    -немесе-

    Өрнек құрастырушысын бастау үшін Builder button түймешігін басып өрнегіңізді жасаңыз.

    Өрнек құрастырушы туралы қосымша ақпарат алу үшін мына мақаланы көріңіз: Өрнекті жасау.

    Жазба деңгейіндегі тексеру ережесі бір кесте өрісінен көбіне әсер етеді. Мысалы, [RequiredDate]<=[OrderDate]+30 сияқты ереже екі кесте өрісіне әсер етеді, RequiredDate және OrderDate, ол және пайдаланушылар жеткізу күнін тапсырма беру күнінен соң 30 күннен ұзақ болмайтын күн етіп енгізуін қамтамасыз етеді. Жазба деңгейіндегі тексеру мысалдары үшін Тексеру сілтемесі бөлімін көріңіз.

  3. Өзгертулерді сақтаңыз.

Тексеру ережелерін тексеріңіз

  1. Тексеру ережесін құрайтын кестені Құрастырушы көрінісінде ашыңыз.

  2. Жасақтама қойындысының Құралдар тобында Шектілік тексерім ережелері түймешігін нұқыңыз.

  3. Иә жауабын таңдап, ескертуді жабыңыз да, тексеруді бастаңыз.

  4. Кестені сақтауға шақырылсаңыз, Иә жауабын таңдаңыз.

  5. Жалғастырған кезде алуан түрлі басқа ескерту хабарларын көруіңізге болады. Әрбір хабардағы нұсқауларды оқып, содан кейін тиісінше Иә немесе Жоқпәрменін таңдап тексеруді жалғастырыңыз немесе тоқтатыңыз.

Сұрауды қолданып тексеру ережелерін тексеріңіз

Ескерту : Тексеру ережеңізге сәйкес келмейтін жазбаларды тексеру үшін сұрауды жазып тексеру ережеңізді тексеруіңізге болады. Сондай сұраудың нәтижесі қайсы жазбалар тексеру талаптарына сәйкес болмағанын дәл көрсетеді. Мысалы, егер Міндетті сипатын Иә немесе Нөл емес мәніне қойсаңыз, нөлге тең өрістерді тексересіз..

  1. жасау қойындысының Басқа тобында Сұрау жасақтамасы түймешігін нұқыңыз.

    Access таспасының суреті

    Access бағдарламасы Құрастырушы көрінісінде жаңа сұрауды ашып, Кестені көрсету тілқатысу терезесін бейнелейді.

  2. Кестені көрсету тілқатысу терезесінде сұрауда қолданатын кестені немесе кестелерді таңдап оларды сұрауға қосу үшін Қосу пәрменін таңдаңыз да Жабу пәрменіне басыңыз.

    Таңдалған кестелер сұрау құрастырушысының жоғары бөлімінде терезе ретінде пайда болады.

  3. Әрбір кестеде сұрауға қосқыңыз келген өрістерді екі рет басыңыз.

    -немесе-

    Кестеден өрістерді сүйреп құрастыру торындағы төменгі бөлімде Өріс жолындағы бос ұяшыққа тастаңыз.

    Тексеру ережеңізді құрайтын өрісті қосқаныңызды қамтамасыз етіңіз.

  4. Тексеру ережесін құрайтын өрістің Шарттар ұяшығында сол ереженің қайшылығын енгізіңіз.

    Мысалы, 100 БЕН 1000 АРАЛЫҒЫНДАшартын қолдансаңыз, <100 НЕМЕСЕ >1000 шартын енгізіңіз.

  5. Жасақтама қойындысының Нәтижелер тобында Жегу түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішіндерге енгізу кезінде деректерді тексеру

Пішінге тексеру ережесін қолданудың ең жай және жылдам жолы бұл ережені негізгі кесте өрісіне қосып Access бағдарламасы пішінді жасау үшін беретін автоматтандырылған пішін жасау құралдарын қолдану. Мысалы, Жасау қойындысында Пішіндер тобында Access бағдарламасы жай пішінді, бөлінген пішінді, көп элементтік пішінді жасауын немесе басқаларды таңдауға болады. Сол құралдардың бірін қолданатын болсаңыз, пішін басқару элементтері негізгі кесте сипаттарын мұраланады, соның ішінде кез келген тексеру ережелері мен тексеру мәтінін да.

Және пішінді Құрастырушы көрінісінде ашып Тексеру ережесі сипатына ереже қосып басқарудың Тексеру мәтіні сипатына хабарды енгізіп тексеру ережесін пішін басқаруына да қолдануға болады. Тексеру ережелерін бірнеше пішін басқаруларына қосуыңызға болады, бірақ барлығына емес. Басқару элементіне тексеру ережесін қосу мүмкіндігін анықтаудың ең оңай - жолы бұл пішінді Құрастырушы көрінісінде ашып осы бөлімдегі қадамдарды орындау.

Басқару элементі оған байланысты кесте өрісінен бөлек тексеру ережесін құрауы мүмкіндігін ұмытпаңыз. Тексеру ережелерінің арасында қайшылық болса, кесте өрісіндегі ереженің күші артық болады. Және, басқару элементтері мен кесте өрістерінің ережелері бір бірін болдырмай ешқандай деректерді енгізуге жол бермеуі мүмкіндігін ұмытпаңыз. Мысалы, кестедегі деректер өрісіне төмендегі ережені қолдандыңыз делік:

<#01/01/2007#

Бірақ сосын сол ережені кесте өрісіне байланысты пішін басқару элементі үшін қолдандыңыз:

>=#01/01/2007#

Енді кесте өрісі 2007 жылдан бұрын келетін мәндерді талап етеді, бірақ пішін басқару элементі сол жылдан соңғы күндерді енгізуге мәжбүр етеді, сонымен ешқандай деректер енгізіле алмайды. Солай шарттарда деректерді енгізуге әрекет жасасаңыз, Access бағдарламасы сол қайшылы тексеру ережелерінде жазылған күндерден алдыңғы және кейінгі күндерді енгізуді ұсынады, сонымен шешімсіз оқиғада боласыз.

Төмендегі қадамдар басқару элементтеріне тексеру ережелерін қосу жолын және басқару элементтерін бұғаттау, сонымен пайдаланушыларға деректерді өзгертуге жол бермеу жолдарын түсіндіреді.

Тексеру ережесін жасау

  1. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келген пішінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  2. Өзгерткіңіз келген басқару элементін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Сипаттар пәрменін таңдап басқару элементінің сипаттар парағын ашыңыз.

  3. Барлығы қойындысын ашып, тексеру ережеңізді Тексеру ережесі сипаттар жақтауында енгізіңіз.

    -немесе-

    Өрнек құрастырушысын бастау үшін Builder button түймешігін басып өрнегіңізді жасаңыз.

    Өрнек құрастырушысы туралы қосымша ақпарат алу үшін Өрнекті жасау мақаласын қараңыз.

  4. Тексеру мәтіні сипаттар жақтауына хабарды енгізіңіз.

  5. Өзгертулерді сақтаңыз.

Басқару элементін бұғаттаңыз

  1. Бұғаттайтын басқару элементінің сипаттар парағын ашып алдыңғы бөлімнің 1-2 қадамдарды орындаңыз.

  2. Барлығы қойындысын нұқып, Қосулы және Құрсауланған сипаттар жақтауларын анықтаңыз да, төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Басқару элементін сөндіру үшін (оны қол жетпейтін және көрінбейтін ету) Қосулы сипатын Жоқ.

    • Басқару элементіндегі деректерді оқи алатын, бірақ пайдаланушыларды деректерді өзгерте алмайтын ету үшін Құрсауланған сипатын Иә мәніне қойыңыз. Егер Қосулы сипатын Жоқ мәніне және Құрсаулау сипатын Иә мәніне қойсаңыз, басқару элементі күңгірттеніп көрінбейді, бірақ оған фокус бармайды.

Беттің жоғарғы жағы

Импорттау әрекеттері кезінде деректерді тексеру

Егер кестеге тексеру ережелерін енгізіп оған деректерді импорттасаңыз, Access бағдарламасы тексеру ережелерін импортталған деректерге қолданады. Бірдей ереже деректерге сілтеме жасау кезінде да әсер етеді.

Импорттау немесе деректерге сілтеме жасау туралы ақпарат алу үшін келесі мақалаларды көріңіз:

Беттің жоғарғы жағы

Тексеру ережесінің сілтемесі

Төмендегі кестелерде тексеру ережелері, және ең көп қолданатын синтаксистер ережелерде қойылмалы таңбаны қолдану туралы ақпарат сілтемелері және деректеріңіз мен қолдануға болатын мысалдар берілген.

Тексеру ережесі мысалдары

Төмендегі кестеде өріс деңгейіндегі мен жазба деңгейіндегі мысалдарды және түсіндіретін тексеру мәтіні берілген. Мазмұныңыз үшін осы мысалдарды лайықтауыңызға болады.

Тексеру ережесі

Тексеру мәтіні

<>0

Нөлден тыс мәнді енгізіңіз.

>=0

Мән нөл немесе одан жоғары болуы керек.

-немесе-

Дұрыс санды енгізу керек.

0 немесе >100

Мән 0 немесе 100-ден артық болуы керек

0 МЕН 1 АРАЛЫҒЫНДА

Мәнді пайыз белгісімен енгізіңіз. (Сандық мәндерді пайыз ретінде сақтайтын өріспен бірге қолдану үшін).

<#01/01/2007#

2007 жылдан бұрын болатын күнді енгізіңіз.

>=#01/01/2007# ЖӘНЕ <#01/01/2008#

Күн 2007 жылда болуы керек.

<Date()

Туған күн болашақта болмауы керек.

StrComp(UCase([LastName]),
[LastName],0) = 0

LastName өрісіндегі деректер бас әріппен жазылуы керек.

>=Int(Now())

Бүгінгі күнді енгізіңіз.

M НЕМЕСЕ F

M ерлер немесе F әйелдер үшін енгізіңіз.

LIKE "[A-Z]*@[A-Z].com" OR "[A-Z]*@[A-Z].net" OR "[A-Z]*@[A-Z].org"

Жарамды .com, .net, немесе .org электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

[RequiredDate]<=[OrderDate]+30

Тапсырма беру күнінен бастап 30 күннен артық болмайтын талап етілген күнді енгізіңіз.

[EndDate]>=[StartDate]

Аяқтау күнін бастау күнінде немесе одан кейінгі күнде енгізіңіз.

Жиі тексеру ережелердің синтаксисі

Тексеру ережелеріңіздегі өрнектер ешқандай арнайы синтаксисті қолданбайды. Бұл бөлімдегі ақпарат тексеру ережелерінің жиі қолданатын түрлері үшін синтаксистерді түсіндіреді. Істеп жатқанда өрнектер мен функциялар өте күрделі болу мүмкіндігін ұмытпаңыз, толық талқылау бұл мақалада болмайды.

Өрнектер туралы қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мақаланы көріңіз Өрнекті жасау. Функциялар туралы қосымша ақпарат алу үшін мына мақаланы көріңіз: Функция (санаттар арқылы реттелген).

Өрнектерді жасағанда осы ережелерді ұмытпаңыз:

  • Кесте өрістерінің атауларын тік жақшаға алыңыз: [RequiredDate]<=[OrderDate]+30.

  • Күндердің жақтарына фунт белгілерін қойыңыз(#): <#01/01/2007#

  • Мәтіндік мәндерді қос тырнақшаға алыңыз: IN («Токио»,«Париж»,«Мәскеу»). Сонымен қатар, элементтердің үтірлер арқылы бөлінетінін және тізімдер жақшаға алынатынын ескеріңіз.

Сол ережелермен бірге, төмендегі кесте жиі арифметикалық амалдағыштарды көрсетіп оларды қолдану мысалдарын береді.

Амалдағыш

Функция

Мысал

ЕМЕС

Айырмалы мәндерді тексереді. НӨЛ ЕМЕС шартынан басқа барлық салыстыру амалдағыштардан бұрын қолданыңыз.

ЕМЕС > 10 (<=10 менен бірдей).

IN

Мәндер тексерулері тізімдегі бар мүшелермен бірдей. Салыстыру мәні жақшалардағы үтірлі тізім болуы керек.

IN («Токио«, «Париж», «Мәскеу»)

АРАЛЫҒЫНДА

Мәндер аралықтары үшін тексерулер. Екі салыстырылатын мәндерді қолданып — төмен мен жоғары — сол мәндерді ЖӘНЕ бөлгіші арқылы бөлу керек.

100 МЕН 1000 АРАЛЫҒЫНДА ( >=100 AND <=1000 менен бірдей)

СИЯҚТЫ

Мәтін мен Жазба өрістерінде әшекей жолдарына сәйкес келеді.

"Geo*" СИЯҚТЫ

НӨЛ ЕМЕС

Пайдаланушыларды өріске мәндерді енгізуге мәжбүр етеді. Бұл Талап өрісінің сипатын Иәдегенге баптау мен бірдей. Бірақ,Талап сипатын қоссаңыз да пайдаланушы мәнді енгізе алмаса, Access бағдарламасы қатал қате туралы хабарды бейнелейді. Әдетте, НӨЛ ЕМЕС дегенді қолданып Тексеру мәтіні сипатына хабарды жазсаңыз дерекқорыңызды қолдану оңайырақ болады.

НӨЛ ЕМЕС

ЖӘНЕ

Енгізілген деректер шын болуы немесе белгіленген шектеулер арасында болуын белгілейді.

>= #01/01/2007# ЖӘНЕ <=#03/06/2008#

Ескерту : Және ЖӘНЕ пәрменін тексеру ережелерін біріктіру үшін қолдануға болады. Мысалы: ЕМЕС "UK" ЖӘНЕ СИЯҚТЫ "U*".

НЕМЕСЕ

Деректердің бір немесе бірнеше бөлегі шын болуы мүмкіндігін белгілейді.

Қаңтар НЕМЕСЕ Ақпан

<

Мынадан кем.

<=

Мынадан кем немесе оған тең.

>

Мынадан көп.

>=

Мынадан көп немесе оған тең.

=

Мынаған тең.

<>

Мынаған тең емес.

Қойылмалы таңбаларды тексеру ережелерінде қолдану

Тексеру ережелерінде Access бағдарламасы беретін кез келген қойылмалы таңбаларды қолдануға болады. Access бағдарламасы қойылмалы таңбалардың екі түрін қолдауын ұмытпаңыз. Access бағдарламасы оны Structured Query Language (SQL) үшін екі стандартты қолдауы үшін солай істейді, дерекқорларды жасау мен басқару үшін қолданатын тіл: ANSI-89 және ANSI-92. Сол стандарттардың әрбірі басқа-басқа қойылмалы таңбалар топтарын қолданады.

Әдепкіде, барлық .accdb мен .mdb файлдары ANSI-89 стандартын қолданады; керісі, Access жобалары ANSI-92 стандартын қолданады. Access бағдарламасын қолдану тәжірибеңіз жоқ болса, Access жобасында дерекқорыңыздағы кестелер Microsoft SQL Server бағдарламасын пайдаланатын компьютерде жатады, ал пішіндер, есептер мен басқа нысандар басқа компьютерлерде жатады. Керек болса .accdb және .mdb файлдарының ANSI стандартын ANSI-92 стандартына өзгертуге болады.

SQL үшін қойылмалы таңбалар мен ANSI стандарты туралы қосымша ақпарат алу үшін, мына мақаланы көріңіз: Access қойылмалы таңбалар сілтемесі.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×