Өрнек синтаксисы анықтамасы

Microsoft Office Access 2007 бағдарламасын пайдаланғанда, деректеріңізде емес болған мәндермен істеуіңіз керек болған жағжайлар да кездеседі. Таспсырманың сатылым салықтарын есептеу немесе осы тапсырыстыің жиын мәнін есептеу қажет болып қалу мүмкін. Осы мәндерді өрнектерді пайдаланып есептеуіңізге болады.

Өрнектерді пайдалану үшін, алдымен дұрыс синтаксисті пайдалану қажет. Синтаксис - бұл өрнекте сөздер мен таңбаларды дұрыс тіркестіру үшін пайдаланылатын ережелер жиынтығы болып есептеледі.

Былай ойлаңыз: Access бағдарламасында бір әрекетті орындауды қалағаныңызда, Сіз сол бағдарлама тілінде сөйлеуіңіз қажет. Мысалы үшін, Access бағдарламасына «Клиенттер кестесіндегі ТұғанКүн өрісін қарап шық та, клиенттің тұған жылын көрсет» деп тапсырма бергіңіз келді делік. Осы өрнекті келесідегідей жазуыңызға болады: Күн-айБөлегі("жжжж",[Клиенттер]![ТұғанКүн-ай]). Бұл өрнекте Күн-айБөлегі мүмкіндігі мен екі аргуметтіқ мәндерден құрам тапқан — "жжжж," және [Клиенттер]![ТұғанКүн-ай].

Өрнекті егжей-тегжейлі қылып көріп шығайлық.

Өрнек мысалдары

1. Күн-айБөлегі - бұл күн-айды тексеріп белгілі бөлекті бейнелейтін мүмкіндік болып табылады.

2. Аралық аргументі Access бағдарламасына күн-айдың қай бөлегін көрсету керектігін айтып тұрады — бұл мысалда, "жжжж" Access бағдарламасына Сіз тек жылды ғана көрсетуді қалағаныңызды білдіреді.

3. Күн-ай аргументі Access бағдарламасына күн-ай деректерін қай жерден іздеу керектігін көрсетіп тұрады — бұл мысалда, [Клиенттер]![ТұғанКүн-ай] Access бағдарламасына Клиенттер кестесіндегі ТұғанКүн-ай өрісіне қарау керектігін көрсетіп тұр.

Көріп тұрғныңыздай, Access бағдрламасындағы өрнектер оқуға аз-кем қиындау тілді пайдаланады. Синтаксистар жақсы меңгеріп алсаңыз және кішкене тәжірибе жинап алсаңыз, одан пайдалану барысы жеңілдеп қалады.

Өрнектерді жазудан алдын бірнеше түсініп алатын кілттік жайттар бар. Бұл мақала синтаксисты дұрыс пайдалану үшін қажет болған түсініктерді ұсынады және өрнектерде пайдаланатын синтаксисты талқылайды.

Бұл мақала Structured Query Language (SQL) мен Visual Basic for Applications (VBA) бағдарламалардың синтаксистарына арналған жоқ.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Кіріспе

Нысандар, жиындар және сипаттар

Ұқсатқыштар

Жетелер, амалдағыштар және тұрақты мәндер

Кіріспе

Өрнек жасау үшін, мүкіндіктерді, амалдағыштарды және тұрақты мәндерді пайдаланып ұқсатқыштар тіркестіріледі. Кез келген жарамды өрнек құрамында ең кемінде бір ұқсатқыш болуы тиіс және тұрақты мәндер немесе амалдағыштар болуы тиіс. Өрнекті басқа өрнектің бір бөлегі ретінде де пайдалануыңызға болады (әдетте өрнек аргументі ретінде)

  • Өрнектердегі ұқсатқыштар- бұл    Өрнекте ұқсатқыштың әдепкі пішіні - бұл [Жиын атауы]![Нысан атауы].[Сипат атауы].

    Ескерту : Өрнегіңіздегі мәтінмәнінде ұқсатқышты бірегей қылып орнату үшін оныңы қажетті бөлектерін анықтауыңыз керек. Ұқсатқыш пішінді қабылдайтын болса ол жаңалық болмайды [Нысан атауы].

  • Өрнектегі жетелер    Жетелерді пайдаланатын өрнектің әдепкі пішіні Жете(аргумент, аргумент), яғни ол жерде аргументтердің біреуі ұқсатқыш немесе өрнек болып есептеледі.

    Ескерту : Кейбір жетелер үшін аргументтер керек емес.

    Белгілі бір жетені пайдаланудан алдын, Анықтамада жетенің синтаксисына байланысты мақаланы көріп шығыңыз.

  • Өрнектердегі амалдағыштар     Aмалдағышты пайдаланатын өрнектің әдепкі пішіні келесідегідей болуы тиіс: Ұқсатқыш амалдағыш ұқсатқыш. Осы пішіндің Амалдағыштар бөліміндегі кестелерде сипатталған ерекшеліктері бар.

  • Өрнектегі тұрақты мәндер    Тұрақты мәндерді пайдаланатын өрнектің әдепкі пішіні - бұл Ұқсатқыш салыстыру_амалдағышы тұрақты мән.

Беттің жоғарғы жағы

Нысандар, жиындар және сипаттар

Access дерекқорларындағы кестелер, сұраулар, пішіндер, есепхаттар және өрістер нысандар ретінде танылған. Әрбір нысандың атауы бар. Кейбір Microsoft Office Access Байланыстар үлгісінен жасалған дерекқорындағы байланыстар кестесі сияқты нысандарға атаулар енгізіліп те қойылған. Жаңа нысан жасағаныңызда оған атау қоясыз.

Нысандың белгілі түрінің барлық мүшелер жиынтығы жиын деп танылған. Мысалы үшін, дерекқорыдағы барлық кестелердің жиынтығы - жиын деп танылған. Дерекқорыңыздағы жиындың мүшесі болған кейбір нысандар құрамында басқа нысандар бар жиындар да бола алады. Мысалы үшін, кесте нысаны - бұл құрамында өріс нысандары бар жиын.

Нысандың сипаттамасын көрсететін және өзгерту жолымен қамтамасыз ететін нысандар сипаттары. Мысалы үшін, сұрау нысаны Әдепкі көрінісіне ие яғни ол нысанды сипаттап береді және сұрауды орындағанда ол қай көріністе болу керектігін орнатуға мүмкіндік береді.

Келесі диаграмма жиындар, нысандар және сипаттамалар арасындағы қатынасты көрсетіп тұр:

Жиындардың нысандарға, нысандарды сипаттамаларға болған қатынасы

1. Жиын

2. Нысан

3. Сипаттама

Беттің жоғарғы жағы

Ұқсатқыштар

Өрнекте нысанды, жиынды немесе сипаттаманы пайдаланғаныңызда, ұқсатқышты пайдаланып сілтеме бересіз. Ұқсатқыш құрамында анықталатын элементтің атауы және байланысты болған элементтің атауы болады. Мысалы үшін, өріс ұқсатқышының құрамында өрістің атауы мен өрісмен байланысты болған кесте атауы болады. Осындай ұқсатқыш туралы мысалды келесі өрнекте келтірілген: [Клиенттер]![ТұғанКүн-ай].

Кейбір кездерде, элементтің атауы өзі-ақ ұқсатқыш ретінде жұмыс істейді. Элементтің атауы жасалынып жатқан өрнектің мәтінмәнінде бірегей болған кезде бұл шын болады. Ұқсатқыштың қалғаны мәтінмәнмен қарастырылған. Мысалы үшін, тек қана бір кестені пайдаланатын сұрауды жасап жатсаңыз, өріс атаулардың өзі ұқсатқыштар ретінде жұмыс істейді, себебі осы кестедегі өріс атаулары бірегей болуы тиіс. Себебі Сіз тек қана бір кестені пайдаланасыз, кесте атауы сұрауда өріске сілтеме беретін ұқсатқышта ол болуы тиіс.

Басқа жайттарда, ұқсатқыштар бөлектерінің жұмыс істейтін сілтемелері дұрыс жазылған әры түсінікті болуы тиіс. Өрнектің мәтінмәнінде ұқсатқышта бірегей болмағанда бұл шын болады. Түсініксіз жағдайларда, мәтінмәнде бірегей ету үшін ұқсатқыштың қажетті бөлектерін дұрыстап белгілеуіңіз қажет. Мысалы үшін, Өнімдер және Тапсырыстар деп аталған кестелерді жасап жатырсыз делік және кестелердің екеуіде де Өнім Коды деген өрісі бар делік. Осындай кездерде, сұрауда әрбір ӨнімКоды өрістеріне сүйнетін ұқсатқыш өріс атауымен бірге кесте атауы да болуы керек.  (Мысалы үшін, [Өнімдер]![ӨнімКоды].

Ұқсатқыш амалдағыштары    Ұқсатқышта пайдаланатын үш амалдағыш бар.

  • Дабыл амалдағышы (!)

  • Нүкте амалдағышы (.)

  • Тік жақшалар амалдағышы ([ ])

Әрбір ұқсатқыш бөлегін тік ақшалардың ішіне алу арқылы осы амалдағыштар пайдаланылады. Мысалы үшін, "Жұмысшылар" кестесіндегі "Фамилия" өрісі үшін келесідегідей жазылу мүмкін:[Жұмысшылар]![Фамилия]. Дабыл амалдағышы Access бағдарламасына шығатын яғни амалдағыштан кейін орналасатын элемент жиынға жататын нысан екенін білдіреді. Осы мысалды алатын болсақ, [Фамилия] деген өріс [Жұмысшылар] жиынына жатады, яғни оның өзі кесте нысаны.

Ескерту : Нақты айтқанда, бөлектелген ұқсатқышта әрбір ұқсатқышты тік жақшаларға ала берудің қажеті жоқ. Егер ұқсатқышта ешқандай бос орын немесе өзге арнайы таңбалар жоқ болса, Access бағдарламасы өрнекті оқығанда жақшаларды автоматты түрде қосады. Алайда, жақшаларды өзіңіз енгізетін болсаңыз дұрыс болады (бұл қателердің алдыны алады және белгілі өрнек ұқсатқыш екенін көрнекі жолы ретінде қызмет етеді).

Беттің жоғарғы жағы

Жетелер, амалдағыштар және тұрақты мәндер

Өрнекті жасау үшін, ұқсатқыштар жеткілікті емес (Сіз қандай бір әрекет жасауыңыз керек). Жетелер, амалдағыштар және тұрақты мәндер өрнекте әрекет орындау үшін пайдаланылады.

Жетелер

Жете -бұл өрнекте пайдаланатын процедура. Күн-айы сияқты кейбір жетелер жұмы сістеу үшін енгізуді талап етпейді. Алайда, жетелердің көбісі, аргументтер жетесі деп аталатын енгізуді талап етпейді. Осы мақаланың басындағы мысалда, Күн-айБөлегі екі аргументті пайдаланады: аралық аргументі ("жжжж" мәнімен) және күн-айы аргументі ([Киенттер]![ТұғанКүн-ай] мәнімен бірге). Күн-айБөлегі жетесі ең кемінде осы екі аргументтерді талап етеді (аралық және күн-айы), алайда ол тек қана төртке дейін аргументтерді қабылдай алады.

Ескерту : Егер жетенің құрамында бірден көп аргументтер болатын болса, олар үтірмен ажыратылуы тиіс.

Келесі тізім әдетте өрнектерде пайдаланылатын кейбір жетелерді көрсетіп тұр. Жетелермен қолданылатын синтаксис туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, әрбір жетені нұқыңыз.

  • Күн-айы Күн-ай жетесі өрнекке ағымдық жүйе күн-ай параметрлерін енгізу үшін қолданылады. Әдетте ол Пішім жетесімен бірге пайдаланылады және құрамында күн-айы/уақыты бар өріс ұқсатқыштармен де пайдаланылады.

  • Күн-айБөлегі Күн-айБөлегі жетесі күн-ай бөлегін анықтау және бөліп алу үішн пайдаланылады (әдетте өріс ұқсатқышынан алынатын күн-айы, бірақ кейбір кездерде күн-ай мәндері Күн-айы өзге жетелерден алынады.

  • Күн-айАйыр Күн-айАйыр жетесі екі күн-ай мәндері арасындағы айырмашылықты анықтау үшін пайдаланылады (әдетте өріс ұқсатқышынан алынатын күн-ай мен Күн-ай жетесінен алынатын күн-ай арасында).

  • Пішім Пішім жетесі ұқсатқышқа пішімді қолдану үшін пайдаланылады және пішімді басқа жетенің нәтижелерін пішімдеу үшін де пайдаланылады.

  • IIf IIf жетесі өрнектерді "шын" немесе "жалған" деп бағалау үшін пайдаланылады және егер өрнек "шын" деп анықталған болса, бір белгілі мән бейнелеу үшін, ал егер де өрнек "жалған" деп анықталатын болса, өзгеше мән орнату үшін пайдаланылады.

  • InStr InStr жетесі таңба немесе жол орналасуын өзге жол ішінен іздеу үшін пайдаланылады. Әдетте ізделетін жол өріс ұқсатқышынан алынады.

  • Сол, Орта және Оң жақ Бұл жетелер таңбаларды жолдан бөліп алу үшін пайдаланылады яғни сол жақтағы таңбадан (Сол), ортадағы белгілі таңбадан (Орта) немесе оң жақтағы таңбадан (Оң). Әдетте InStr жетесімен бірге пайдаланылады. Сонымен бірге, бұл жетелер таңбаларды бөліп алатын жол өріс ұқстақышынан алынады.

Топтастыратын жетелер тізімі туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, Жетелер (санаттар бойынша реттелген) деген мақаланы көріңіз.

Амалдағыштар

Амалдағыш - бұл өрістің басқа элементтері арасындағы арифметик немесе логикалық қатынастарды көрсетіп тұратын сөз немесе таңба. Амалдағыштардың келесі түрлері болады:

  • Қосу белгісі сияқты арифметик амалдағыштар (+).

  • Тең белгісі сияқты салыстырма амалдағыштар (+).

  • Жоқ сияқты логикалық амалдағыштар

Амалдағыштар әдетте екі ұқсатқыштар арасындағы қатынастарды көрсету үшін пайдаланылады. Келесі кестелер Access бағдарламасы өрнектерінде пайдалануға мүмкін болған амалдағыштарды сипаттайды.

Арифметик амалдағыштар    

Арифметик амалдағыштар екі немесе одан да көп сандарды есептеу үшін немесе оң сандың белгісін теріс санға айналдыру үшін пайдаланылады.

Амалдағыш

Мақсат

Мысал

+

Екі санды қосу

[Аралық жиын]+[Сату салығы]

-

Екі сан арасындағы айырмашылықты табу үшін немесе сандың теріс мәнін көрсетеді.

[Бағасы]-[Жеңілдік]

*

Екі санды көбейту

[Мөлшер]*[Бағасы]

/

Бірінші санды екінші санға бөлу.

[Жиын]/[ЭлементСанау]

\

Сандардың екеуін де бүтін саңға дейін жинақтайды, бірінші санды екінші санға бөледі де, оны да бүтін санға дейін жинақтайды.

[Тіркелген]\[Орындар]

Mod

Бірінші санды екінші санға бөледі де тек қана қалдықты көрсетеді.

[Тіркелген] Mod[Орындар]

^

Сандың дәрежесін қойыңыз.

Сан ^ дәреже

Салыстыру амалдағыштары    

Салыстыру амалдағыштары мәндерді салыстырып "шын", "жалған" немесе "бос мән" (белгісіз мән) анықтау үшін пайдаланылады.

Амалдағыш

Мақсат

<

Бірінші мән екіншінен кіші ме, үлкен бе анықтаңыз.

<=

Бірінші мән екіншінен кіші ме, үлкен бе немесе тең бе анықтаңыз.

>

Бірінші мән екіншінен үлкен бе, кіші ме анықтаңыз.

>=

Бірінші мән екіншінен үлкен бе, кіші ме немесе тең бе анықтаңыз.

=

Бірінші мән екіншіне тең бе, жоқ па анықтаңыз.

<>

Бірінші мән екіншіне тең бе, жоқ па анықтаңыз.

Төбедегі барлық мысалдарда, егер бірінші мән немесе екінші мән "бос мән" болатын болса, нәтиже де "бос мән" болады. Себебі "бос мән" белгісіз мәнді білдіреді, "бос мән"-мен салыстырудың нәтижесі де "бос мән" болады.

Логикалық амалдағыштар    

Ллогикалық амалдағыштар екі мәнді тіркестіру үшін және "шын", "жалған" және "бос мән" қайтару үшін пайдаланылады. Логикалық амалдағыштарды Қисындық амалдағыштар деп көрсетіліу мүмкін.

Амалдағыш

Не үшін қолданылады

Сипаттама

Және

Expr1 және Expr2

Expr1 мен Expr2 "шын" болғанда "шын" болады.

немесе

Expr1 немесе Expr2

Expr1 немесе Expr2 "шын" болғанда "шын" болады.

Eqv

Expr1 Eqv Expr2

Expr1мен Expr2 екеуі де "шын" болғанда "шын" болады.

Жоқ

Expr емес

Expr "шын" болмағанда "шын" болады.

Xor

Expr1 Xor Expr2

Expr1 немесе Expr2 "шын" болғанда "шын" болады.

Біріктіру амалдағыштары    

Біріктіру амалдағыштары екі мәтін мәндерді бір жолға тіркестіру үшін пайдаланылады.

Амалдағыш

Не үшін қолданылады

Сипаттама

&

string1 & string2

Бір жолды құрастыру үшін екі жолды тіркестіреді.

+

string1 + string2

Бір жолды құрастыру үшін екі жолды тіркестіреді және "бос мәнді" көбейтіреді.

Арнайы амалдағыштар    

Арнайы амалдағыштар келесі кестеде көрсетілгендей пайдаланылады.

Амалдағыш

Сипаттама

Қосымша ақпараттар үшін

Бос мәнге тең немесе Бос емес

Бос мәнге тең бе, тең емес пе анықтайды.

Сияқты "үлгі"

Қойылмалы таңба амалдағыштарды ? және*пайдаланып жол мәндерін салыстырады.

Амалдағыш сияқты

Арасында val1 And val2

Сандық немесе күн-ай мәні аралық ішінде ме, жоқ па анықтайды.

Арасында...Және амалдағыш

(string1,string2...)-де

Жол мәні жолд мәндері жиынтығының ішінде ме, жоқ па анықтайды.

Амалдағышта

Тұрақты мәндер

Тұрақты сан - бұл белгілі сан яғни ол өзгермейді және оны өрнекте пайдалануыңызға болады. Access бағдарламасында төрт кең қолданылатын тұрақты мәндер бар:

  • Шын    Логикалық "шын" заттарды көрсетеді.

  • Жалған    Логикалық "жалған" заттарды көрсетеді.

  • Бос мән    Белгілі мән жоқтығын білдіреді.

  • "" (бос жол)    Бос деп танылған мәнді білдіреді.

Тұрақты мәндер жетелерге аргументтер ретінде пайдалануға болады және өрнекте шарт бөлегі ретінде пайдалануға болады. Мысалы үшін, бағандағы мәндерді анықтайтын сұрауда бос жол тұрақты мәнді баған үшін шартты бөлек ретінде пайдалануыңызға болады (""), яғни ол үшін келесі шартты енгізуіңіз керек: <>"". Бұл мысалда, <> амалдағыш және "" тұрақты мән болып есептеледі. Бірге пайдаланғаны, қолданылған ұқсатқыш бос жолмен салыстыру керектігін білдіреді. Егер ұқсатқыштың мәні бос мән емес болса, нәтижедегі өрнек «шын» болады.

Ескерту : Бос мән тұрақты мәнді ұқыптылықпен пайдаланыңыз. Бос мән салыстыру амалдағыштарымен пайдаланылғанда көбініше қате пайда болады. Өрнекте мәнді Бос мәнмен салыстыратын болсаңыз, Бос мәнге тең немесе Бос емес амалдағышты пайдаланыңыз.

Өрнектерді пайдалану туралы қосымша ақпараттар үшін, Өрнекті жасау деген мақаланы көріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×