Ұяшық мәнерін қолдану, жасау немесе жою

Бірнеше пішімдерді бір қадаммен қолданып, ұяшықтар пішімдерінің сәйкес екендігін тексеру үшін ұяшық мәнерін қолдануға болады. Ұяшық мәнері — қаріп мен қаріп өлшемдері, сан пішімдері, ұяшық жиектері және ұяшық көлеңкесі сияқты сипаттаманы пішімдеудің анықталған жиыны. Белгілі бір ұяшықтарға өзгерту енгізуді болдырмау үшін ұяшықтарды құрсаулайтын ұяшық мәнерін де қолдануға болады.

Example of predefined cell styles

Microsoft Office Excel бағдарламасының қолдануға немесе өзгертуге болатын бірнеше бекітілген ұяшық мәнерлері бар. Сондай-ақ, жеке өзіңіздің, өзгертпелі ұяшық мәнерін жасау үшін ұяшық мәнерін өзгерте де, көшіре де аласыз.

Маңызды : Ұяшық мәнерлері жұмыс кітабына түгел қолданылатын құжат тақырыбына негізделеді. Басқа құжат тақырыбына ауысқанда, ұяшық мәнерлері жаңа құжат тақырыбын сәйкестендіру үшін жаңартылады.

Не істегіңіз келеді?

Ұяшық мәнерін қолдану

Өзгертпелі ұяшық мәнерін жасау

Ұяшық мәнерін бар ұяшық мәнерін өзгерту арқылы жасау

Ұяшық мәнерін деректерден жою

Алдын ала анықталған немесе өзгертпелі ұяшық мәнерін жою

Ұяшық мәнерін қолдану

  1. Пішімделетін ұяшықтарды бөлектеңіз.

    Ұяшықтарды, ауқымдарды, жолдарды немесе бағандарды бөлектеу әдісі

    Таңдау үшін

    Мынаны орындаңыз

    Бір ұяшық

    Ұяшықты жылжыту үшін нұқыңыз немесе жүгірткілерді басыңыз.

    Ұяшықтар ауқымы

    Ауқымдағы бірінші ұяшықты нұқыңыз, содан кейін соңғы ұяшыққа апарыңыз немесе таңдауды кеңейту үшін жүгірткілерді басқаныңызда, SHIFT пернесін басып тұрыңыз.

    Сонымен бірге сіз ауқымдағы бірінші ұяшықты таңдай аласыз, содан кейін жүгірткілер арқылы таңдауды кеңейту үшін F8 пернесін басыңыз. Таңдауды кеңейтуді тоқтату үшін F8 пернесін қайтадан басыңыз.

    Ұяшықтардың үлкен ауқымы

    Ауқымдағы бірінші ұяшықты нұқыңыз, содан SHIFT пернесін басып тұрып, кейін ауқымдағы соңғы ұяшықты нұқыңыз. Сізге соңғы ұяшықты көрінетін ету үшін жылжытуға болады.

    Жұмыс парағындағы барлық ұяшықтар

    Барлығын таңдау түймешігін нұқыңыз.

    Бәрін бөлектеу түймешігі

    Бүкіл жұмыс парағын таңдау үшін сіз CTRL+A пернелерін де баса аласыз.

    Ескерту : Егер жұмыс парағының құрамында деректер болса, CTRL+A пернелері ағымдық аймақты таңдайды. CTRL+A пернелерін екінші рет басқаннан бүкіл жұмыс парағы таңдалады.

    Ұштаспайтын ұяшықтар немесе ұяшық ауқымдары

    Бірінші ұяшықты немесе ұяшықтары ауқымын таңдаңыз, содан кейін CTRL пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды немесе ауқымдарды таңдаңыз.

    Сонымен бірге сіз бірінші ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдай аласыз, содан кейін таңдау басқа ұштаспайтын ұяшықты немесе ауқымды қосу үшін SHIFT+F8 пернелерін қайтадан басыңыз.

    Ескерту : Сізге бүкіл таңдауды болдырмай, ұштаспайтын таңдаудағы ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдауды болдырмауға болмайды.

    Бүкіл жол немесе баған

    Жол немесе баған тақырыбын нұқыңыз.

    Жол және баған тақырыбын көрсететін жұмыс парағы

    1. Жол тақырыбы

    2. Баған тақырыбы

    Сонымен бірге сіз бірінші ұяшықты таңдап, CTRL+SHIFT+БАҒЫТТЫ пернелерін (жол үшін ОҢ ЖАҚ БАҒЫТТЫ немесе СОЛ ЖАҚ БАҒЫТТЫ, баған үшін ЖОҒАРЫ БАҒЫТТЫ немесе ТӨМЕН БАҒЫТТЫ) басу арқылы жолдағы немесе бағандағы ұяшықтарды таңдай аласыз.

    Ескерту : Егер жол немесе баған деректерді қамтыса, CTRL+SHIFT+БАҒЫТТЫ пернелері соңғы пайдаланылған ұяшыққа жолды немесе бағанды таңдайды. CTRL+SHIFT+БАҒЫТТЫ пернелерін екінші рет басқаннан бүкіл жол немесе баған таңдалады.

    Ұштаспайтын жолдар немесе бағандар

    Жол немесе баған тақырыптары арқылы апарыңыз немесе бірінші жолды немесе бағанды таңдаңыз; содан кейін SHIFT пернесін басып тұрып, соңғы жолды немесе бағанды таңадыңыз.

    Ұштаспайтын жолдар немесе бағандар

    Таңдауыңыздағы бірінші жолдың немесе бағанның баған немесе жол тақырыбын нұқыңыз; содан кейін CTRL пернесін басып тұрып, таңдауға қосқыңыз келген басқа жолдардың немесе бағандардың баған немесе жол тақырыптарын нұқыңыз.

    Жолдағы немесе бағандағы бірінші немесе соңғы ұяшық

    Жолдағы немесе бағандағы ұяшықты таңдаңыз, содан кейін CTRL+БАҒЫТТЫ пернелерін (жол үшін ОҢ ЖАҚ БАҒЫТТЫ немесе СОЛ ЖАҚ БАҒЫТТЫ, баған үшін ЖОҒАРЫ БАҒЫТТЫ немесе ТӨМЕН БАҒЫТТЫ) басыңыз.

    Жұмыс парағындағы немесе Microsoft Office Excel кестесіндегі бірінші немесе соңғы ұяшық

    Жұмысы парағындағы немесе Excel тізіміндегі бірінші ұяшықты таңдау үшін CTRL+HOME пернелерін басыңыз.

    Деректерді немесе пішімдеуді қамтитын жұмыс парағындағы немесе Excel тізіміндегі соңғы ұяшықты таңдау үшін CTRL+END пернелерін басыңыз.

    Жұмыс парағындағы (төменгі оң жақ бұрышындағы) соңғы пайдаланылған ұяшықтағы ұяшықтар

    Бірінші ұяшықты таңдаңыз, содан кейін жұмыс парағындағы (төменгі оң жақ бұрышындағы) соңғы пайдаланылған ұяшықтағы ұяшықтарды таңдауды кеңейту үшін CTRL+SHIFT+END пернелерін басыңыз.

    Жұмыс парағының басындағы ұяшықтар

    Бірінші ұяшықты таңдаңыз, содан кейін жұмыс парағының басындағы ұяшықтарды таңдауды кеңейту үшін CTRL+SHIFT+HOME пернелерін басыңыз.

    Белсенді таңдаудан көп немесе аз ұяшықтар

    SHIFT пернесін басып тұрып, жаңа таңдауда қамтығыңыз келген соңғы ұяшықты нұқыңыз. белсенді ұяшық және нұқыған ұяшығыңызды арасындағы тік бұрышты ауқым жаңа таңдау болады.

    Кеңес : Ұяшықтарды таңдауды болдырмау үшін жұмыс парағындағы кез келген ұяшықты нұқыңыз.

  2. Өзіндік қойындысының Мәнерлер тобында Ұяшық мәнерлері. түймешігін нұқыңыз.

    Excel таспасының суреті

    Кеңес : Егер Ұяшық мәнерлері түймешігі көрінбесе, Мәнерлер түймешігін нұқып, ұяшық мәнерлері жолағының жанындағыҚосымша түймешігін Түймешік суреті нұқыңыз.

  3. Қолданылатын ұяшық мәнерін бөлектеңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Өзгертпелі ұяшық мәнерін жасау

  1. Өзіндік қойындысының Мәнерлер тобында Ұяшық мәнерлері. түймешігін нұқыңыз.

    Excel таспасының суреті

    Кеңес : Егер Ұяшық мәнерлері түймешігі көрінбесе, Мәнерлер параметрін таңдап, одан кейін ұяшық мәнерлері жанындағы Қосымша түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

  2. Жаңа ұяшық мәнері түймешігін басыңыз.

  3. Мәнер аты жолағында жаңа ұяшық мәнерінің тиісті атын теріңіз.

  4. Пішім түймешігін басыңыз.

  5. Ұяшықтарды пішімдеу тілқатысу терезесіндегі әр түрлі қойындылардан қажетті пішімді таңдап, OK түймешігін басыңыз.

  6. Мәнер тілқатысу терезесіндегі Мәнер құрамында (мысалдап) астынан ұяшық мәнеріне қосқыңыз келмейтін кез келген пішімдерге арналған параметр жанынан құсбелгіні алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ұяшық мәнерін бар ұяшық мәнерін өзгерту арқылы жасау

  1. Өзіндік қойындысының Мәнерлер тобында Ұяшық мәнерлері. түймешігін нұқыңыз.

    Excel таспасының суреті

    Кеңес : Егер Ұяшық мәнерлері түймешігі көрінбесе, Мәнерлер параметрін таңдап, одан кейін ұяшық мәнерлері жанындағы Қосымша түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

  2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Бар ұяшық мәнерін өзгерту үшін, сол ұяшық мәнерін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Өзгерту пәрменін таңдаңыз.

    • Бар ұяшық мәнерінің көшірмесін жасау үшін, сол ұяшық мәнерін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Көшірмелеу пәрменін таңдаңыз.

  3. Мәнер аты жолағында жаңа ұяшық мәнерінің тиісті атын теріңіз.

    Ескерту : Ұяшық мәнерінің көшірмесі мен қайта аталған ұяшық мәнері өзгертпелі ұяшық мәнерлерінің тізіміне қосылады. Егер бекітілген ұяшық мәнерін қайта атамасаңыз, бекітілген ұяшық мәнері енгізілетін өзгертулерімен жаңартылады.

  4. Ұяшық мәнерін өзгерту үшін, Пішім түймешігін басыңыз.

  5. Ұяшықтарды пішімдеу тілқатысу терезесіндегі әр түрлі қойындылардан қажетті пішімді таңдап, OK түймешігін басыңыз.

  6. Мәнер тілқатысу терезесіндегі Мәнер құрамында астынан ұяшық мәнеріне қосылатын немесе қосылмайтын кез келген пішімдеуге арналған параметр жанына құсбелгі қойыңыз немесе оны алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ұяшық мәнерін деректерден жою

Ұяшық мәнерін жоймай, оны бөлектелген ұяшықтардан жоя аласыз.

  1. Жойғыңыз келетін ұяшық мәнерімен пішімделген ұяшықтарды бөлектеңіз.

    Ұяшықтарды, ауқымдарды, жолдарды немесе бағандарды бөлектеу әдісі

    Таңдау үшін

    Мынаны орындаңыз

    Бір ұяшық

    Ұяшықты жылжыту үшін нұқыңыз немесе жүгірткілерді басыңыз.

    Ұяшықтар ауқымы

    Ауқымдағы бірінші ұяшықты нұқыңыз, содан кейін соңғы ұяшыққа апарыңыз немесе таңдауды кеңейту үшін жүгірткілерді басқаныңызда, SHIFT пернесін басып тұрыңыз.

    Сонымен бірге сіз ауқымдағы бірінші ұяшықты таңдай аласыз, содан кейін жүгірткілер арқылы таңдауды кеңейту үшін F8 пернесін басыңыз. Таңдауды кеңейтуді тоқтату үшін F8 пернесін қайтадан басыңыз.

    Ұяшықтардың үлкен ауқымы

    Ауқымдағы бірінші ұяшықты нұқыңыз, содан SHIFT пернесін басып тұрып, кейін ауқымдағы соңғы ұяшықты нұқыңыз. Сізге соңғы ұяшықты көрінетін ету үшін жылжытуға болады.

    Жұмыс парағындағы барлық ұяшықтар

    Барлығын таңдау түймешігін нұқыңыз.

    Бәрін бөлектеу түймешігі

    Бүкіл жұмыс парағын таңдау үшін сіз CTRL+A пернелерін де баса аласыз.

    Ескерту : Егер жұмыс парағының құрамында деректер болса, CTRL+A пернелері ағымдық аймақты таңдайды. CTRL+A пернелерін екінші рет басқаннан бүкіл жұмыс парағы таңдалады.

    Ұштаспайтын ұяшықтар немесе ұяшық ауқымдары

    Бірінші ұяшықты немесе ұяшықтары ауқымын таңдаңыз, содан кейін CTRL пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды немесе ауқымдарды таңдаңыз.

    Сонымен бірге сіз бірінші ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдай аласыз, содан кейін таңдау басқа ұштаспайтын ұяшықты немесе ауқымды қосу үшін SHIFT+F8 пернелерін қайтадан басыңыз.

    Ескерту : Сізге бүкіл таңдауды болдырмай, ұштаспайтын таңдаудағы ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын таңдауды болдырмауға болмайды.

    Бүкіл жол немесе баған

    Жол немесе баған тақырыбын нұқыңыз.

    Жол және баған тақырыбын көрсететін жұмыс парағы

    1. Жол тақырыбы

    2. Баған тақырыбы

    Сонымен бірге сіз бірінші ұяшықты таңдап, CTRL+SHIFT+БАҒЫТТЫ пернелерін (жол үшін ОҢ ЖАҚ БАҒЫТТЫ немесе СОЛ ЖАҚ БАҒЫТТЫ, баған үшін ЖОҒАРЫ БАҒЫТТЫ немесе ТӨМЕН БАҒЫТТЫ) басу арқылы жолдағы немесе бағандағы ұяшықтарды таңдай аласыз.

    Ескерту : Егер жол немесе баған деректерді қамтыса, CTRL+SHIFT+БАҒЫТТЫ пернелері соңғы пайдаланылған ұяшыққа жолды немесе бағанды таңдайды. CTRL+SHIFT+БАҒЫТТЫ пернелерін екінші рет басқаннан бүкіл жол немесе баған таңдалады.

    Ұштаспайтын жолдар немесе бағандар

    Жол немесе баған тақырыптары арқылы апарыңыз немесе бірінші жолды немесе бағанды таңдаңыз; содан кейін SHIFT пернесін басып тұрып, соңғы жолды немесе бағанды таңадыңыз.

    Ұштаспайтын жолдар немесе бағандар

    Таңдауыңыздағы бірінші жолдың немесе бағанның баған немесе жол тақырыбын нұқыңыз; содан кейін CTRL пернесін басып тұрып, таңдауға қосқыңыз келген басқа жолдардың немесе бағандардың баған немесе жол тақырыптарын нұқыңыз.

    Жолдағы немесе бағандағы бірінші немесе соңғы ұяшық

    Жолдағы немесе бағандағы ұяшықты таңдаңыз, содан кейін CTRL+БАҒЫТТЫ пернелерін (жол үшін ОҢ ЖАҚ БАҒЫТТЫ немесе СОЛ ЖАҚ БАҒЫТТЫ, баған үшін ЖОҒАРЫ БАҒЫТТЫ немесе ТӨМЕН БАҒЫТТЫ) басыңыз.

    Жұмыс парағындағы немесе Microsoft Office Excel кестесіндегі бірінші немесе соңғы ұяшық

    Жұмысы парағындағы немесе Excel тізіміндегі бірінші ұяшықты таңдау үшін CTRL+HOME пернелерін басыңыз.

    Деректерді немесе пішімдеуді қамтитын жұмыс парағындағы немесе Excel тізіміндегі соңғы ұяшықты таңдау үшін CTRL+END пернелерін басыңыз.

    Жұмыс парағындағы (төменгі оң жақ бұрышындағы) соңғы пайдаланылған ұяшықтағы ұяшықтар

    Бірінші ұяшықты таңдаңыз, содан кейін жұмыс парағындағы (төменгі оң жақ бұрышындағы) соңғы пайдаланылған ұяшықтағы ұяшықтарды таңдауды кеңейту үшін CTRL+SHIFT+END пернелерін басыңыз.

    Жұмыс парағының басындағы ұяшықтар

    Бірінші ұяшықты таңдаңыз, содан кейін жұмыс парағының басындағы ұяшықтарды таңдауды кеңейту үшін CTRL+SHIFT+HOME пернелерін басыңыз.

    Белсенді таңдаудан көп немесе аз ұяшықтар

    SHIFT пернесін басып тұрып, жаңа таңдауда қамтығыңыз келген соңғы ұяшықты нұқыңыз. белсенді ұяшық және нұқыған ұяшығыңызды арасындағы тік бұрышты ауқым жаңа таңдау болады.

    Кеңес : Ұяшықтарды таңдауды болдырмау үшін жұмыс парағындағы кез келген ұяшықты нұқыңыз.

  2. Өзіндік қойындысының Мәнерлер тобында Ұяшық мәнерлері. түймешігін нұқыңыз.

    Excel таспасының суреті

    Кеңес : Егер Ұяшық мәнерлері түймешігі көрінбесе, Мәнерлер параметрін таңдап, одан кейін ұяшық мәнерлері жанындағы Қосымша түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

  3. Жақсы, нашар және бейтарап астынан Қалыпты параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Алдын ала анықталған немесе өзгертпелі ұяшық мәнерін жою

Алдын ала анықталған немесе өзгертпелі ұяшық мәнерін бар ұяшық мәнерлерінің тізімінен жоюға болады. Ұяшық мәнерін жойған кезде, ол осы мәнермен пішімделген барлық ұяшықтардан да жойылады.

  1. Өзіндік қойындысының Мәнерлер тобында Ұяшық мәнерлері. түймешігін нұқыңыз.

    Excel таспасының суреті

    Кеңес : Егер Ұяшық мәнерлері түймешігі көрінбесе, Мәнерлер параметрін таңдап, одан кейін ұяшық мәнерлері жанындағы Қосымша түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

  2. Алдын ала анықталған немесе өзгертпелі ұяшық мәнерін жойып, онымен пішімделген барлық ұяшықтардан оны алып тастау үшін ұяшық мәнерін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Жою пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Қалыпты ұяшық мәнерін жоя алмайсыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×