Ұяшықтардағы қате мәндерді және қате анықтауыштарды жасыру

Ұяшықтардағы қате мәндерді және қате анықтауыштарды жасыру

Кесте өрнектерінде алдын алған және түзетуді қажет етпейтін қателер бар, бірақ нәтижелердің көрсетілуін жақсарту керек болды делік. Ұяшықтардағы қате мәндері мен қате анықтауыштарын жасырудың бірнеше жолы бар.

Өрнектердің қате мәндер беруінің көптеген себептері бар. Мысалы, санды 0 санына бөлуге болмайды, ал егер =1/0 өрнегін енгізсеңіз, Excel бағдарламасы #DIV/0 қате мәнін береді. Қате мәндеріне #DIV/0!, #N/A, #NAME?, #NULL!, #NUM!, #REF!, және #VALUE! жатады.

Не істегіңіз келеді?

Қателер көрсетілмейтін етіп ұяшықтардағы мәтінді пішімдеу

Қатені нөлдік мәнге түрлендіріп, одан кейін мәнді жасыратын сандық пішімді қолданыңыз

Қате мәндерді мәтін қарпін ақ түсті ету арқылы пішімдеу

Қате мәтінінің орнына сызықша, #N/A немесе NA мәнін көрсету

Мысал

Функция туралы толық мәлімет

Жиынтық кесте есебіндегі қате мәндерді жасыру

Ұяшықтардағы қате анықтауыштарды жасыру

Қателер көрсетілмейтін етіп ұяшықтардағы мәтінді пішімдеу

Қатені нөлдік мәнге түрлендіріп, одан кейін мәнді жасыратын сандық пішімді қолданыңыз

Келесі процедурада қате мәндерді 0 сияқты санға түрлендіру, одан кейін мәнді жасыратын шартты пішімді қолдану жолдары көрсетілген. Келесі процедураны аяқтау үшін, нөл (0) мәнін қайтару мақсатында ұяшықтың формуласын IFERROR функциясына «енгізіңіз» де, одан кейін кез келген санның ұяшықтың ішінде көрсетілуіне жол бермейтін қалыпты сан пішімін қолданыңыз.

Мысалы, A1 ұяшығында =B1/C1 формуласы бар болып, C1 ұяшығының мәні 0 болса, A1 ұяшығындағы формула #DIV/0! қатесін көрсетеді.

  1. C1 ұяшығына 0 мәнін, B1 ұяшығына 3 мәнін, ал A1 ұяшығына =B1/C1 формуласын енгізіңіз.
    #DIV/0! қатесі A1 ұяшығында көрсетіледі.

  2. Формуланы өңдеу үшін, A1 ұяшығын бөлектеп, F2 пернесін басыңыз.

  3. Теңдік белгісінен (=) кейін IFERROR дегенді теріп, одан кейін жақшаны ашыңыз.
    IFERROR(

  4. Жүгіргіні формуланың соңына жылжытыңыз.

  5. ,0) дегенді теріңіз, яғни, үтірден кейін нөл санын теріп, жақшаны жабыңыз.
    =B1/C1 формуласы былай болады: =IFERROR(B1/C1,0).

  6. Формуланы аяқтау үшін, Enter пернесін басыңыз.
    Ұяшықтың ішінде #DIV! қатесінің орнына 0 көрсетілуі тиіс.

  7. Қатесі бар ұяшықты бөлектеп, таспада Шартты пішімдеу тармағын таңдаңыз (Басты қойындысы, Мәнерлер тобы).

  8. Жаңа ереже тармағын таңдаңыз.

  9. Жаңа пішімдеу ережесі тілқатысу терезесінде Тек келесілері бар ұяшықтарды пішімдеу пәрменін таңдаңыз.

  10. Тек ұяшықтарды пішімдеу қажет, олар үшін келесі шарттар орындалады ішінде бірінші тізімді жолақта Ұяшық мәні тармағын, екінші тізімді жолақта тең тармағын таңдап, оң жақтағы мәтін өрісіне 0 санын теріңіз.

  11. Пішім түймешігін нұқыңыз.

  12. Сан қойындысын нұқып, Санат ішінде Өзгертпелі тармағын таңдаңыз.

  13. Түр ұясында ;;; (үш нүктелі үтір) енгізіңіз де, Жарайды түймешігін басыңыз. Жарайды түймешігін қайта басыңыз.
    Ұяшықтағы 0 саны жоғалады. Бұл жағдай ;;; өзгертпелі пішім ұяшықтағы кез келген санның көрсетілуіне жол бермегендіктен орын алады. Дегенмен, нағыз мән (0) ұяшықтың ішінде қалады.

Қате мәндерді мәтін қарпін ақ түсті ету арқылы пішімдеу

Келесі процедураны пайдаланып, қателері бар ұяшықтардағы мәтін қарпі ақ түспен көрсетілетін етіп сол ұяшықтарды пішімдеңіз. Бұл ұяшықтардағы қатенің мәтінін көзге көрінбейтін етеді.

  1. Ішінде қате мәні бар ұяшықтар ауқымын таңдаңыз.

  2. Басты қойындысындағы Мәнерлер тобынан Шартты пішімдеу жанындағы көрсеткіні нұқып, Ережелерді басқару пәрменін таңдаңыз.
    Шартты пішімдеу ережелерін реттеуші тілқатысу терезесі көрсетіледі.

  3. Жаңа ереже тармағын таңдаңыз.
    Жаңа пішімдеу ережесітілқатысу терезесі пайда болады.

  4. Ереже түрін таңдаңыз ішінде Тек келесілері бар ұяшықтарды пішімдеу пәрменін таңдаңыз.

  5. Ереженің сипаттамасын өзгертіңіз ішінде Тек ұяшықтарды пішімдеу қажет, олар үшін келесі шарттар орындалады тізімінде Қателер тармағын таңдаңыз.

  6. Пішім тармағын таңдап, Қаріп қойындысын нұқыңыз.

  7. Түс жолағында Тақырып түстері ішінде ақ түсті білдіретін ұяға құсбелгі қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қате мәтінінің орнына сызықша, #N/A немесе NA мәнін көрсету

Кейде қате мәндердің ұяшықтарда көрсетілмеуі керек болатын жағдайлар болады және орнына «#N/A», сызықша немесе «NA» көрсетілуін қалауыңыз мүмкін. Бұны орындау үшін, келесі мысалда көрсетілгендей, IFERROR және NA функцияларын пайдалануға болады.

Мысал

Бос жұмыс парағына көшіргенде мысалды түсіну оңайырақ болуы мүмкін. Төмендегі мысалда, «Деректер» мәтіні бар ұяшықты таңдап, «Сипаттама (Нәтиже)» бағанындағы соңғы ұяшыққа дейін бөлектеу үшін, жүгірткіні жылжытыңыз. Одан кейін, бөлектелгенді көшіріп, A1 ұяшығымен басталатын жұмыс кітабына қойыңыз.

1

2

3

А

Деректер

10

0

Өрнек

Сипаттама (Нәтиже)

=A2/A3

Қате нәтиже (#DIV/0) береді

=IFERROR(A2/A3,"NA")

Мән қате болғанда, NA мәнін береді

=IFERROR(A2/A3,"-")

Мән қате болғанда, сызықша таңбасын береді

=IFERROR(A2/A3,NA())

Мән қате болғанда, #N/A қате мәнін береді

Функция туралы толық мәлімет

IFERROR     Осы функцияны пайдаланып, ұяшықта қате бар-жоғын немесе формуланың нәтижесінде қатенің орын алатынын анықтаңыз.

NA    Осы функцияны пайдаланып, #N/A жолын ұяшықта қайта шығарыңыз. Функция атынан кейін бос жақша (мынаған ұқсас: =NA()) бар.

Беттің жоғарғы жағы

Жиынтық кесте есебіндегі қате мәндерді жасыру

  1. Жиынтық кесте есебін таңдаңыз.
    Жиынтық кестелермен жұмыс істеу тармағы көрсетіледі

  2. Параметрлер қойындысындағы Жиынтық кесте тобынан Параметрлер тармағының жанындағы көрсеткіні нұқып, Параметрлер тармағын таңдаңыз.

  1. Орналасу және пішім қойындысын нұқып, келесі әрекеттердің бірін немесе бірнешеуін орындаңыз:

    • Қатенің көрсетілуін өзгерту    Пішім ішінде Қате мәндер үшін көрсету параметрі жанына құсбелгі қойыңыз. Жолаққа қателердің орнына көрсетілетін мәнді теріңіз. Қателерді бос ұяшықтар түрінде бейнелеу үшін, жолақтағы кез келген таңбаны жойыңыз.

    • Бос ұяшықты бейнелеуді өзгерту     Қате мәндер үшін көрсету параметрі жанына құсбелгі қойыңыз. Жолаққа бос ұяшықтарда бейнеленетін мәнді теріңіз. Бос ұяшықтарды көрсету үшін, жолақтағы кез келген таңбаны жойыңыз. Нөлдерді бейнелеу үшін, осы параметр жанынан құсбелгіні алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ұяшықтардағы қате анықтауыштарды жасыру

Егер ұяшықта қатеге апаратын формула бар болса, ұяшықтың үстіңгі сол жақ бұрышында үшбұрыш (қате көрсеткіші) пайда болады. Бұл көрсеткіштер көрсетілмеуі үшін, келесі процедураны орындауға болады.

Формула ақаулығы бар ұяшық

Формула ақаулығы бар ұяшық

  1. Файл қойындысын нұқып, Параметрлер тармағын таңдаңыз да, Формулалар санатын таңдаңыз.

  2. Қателерді тексеру ішінде Қатенің өңдік тексеруін қосу параметрінен құсбелгіні алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×