Ұяшықтардағы қате мәндерді және қате анықтауыштарды жасыру

Кесте өрнектерінде алдын алған және түзетуді қажет етпейтін қателер бар, бірақ нәтижелердің көрсетілуін жақсарту керек болды делік. Ұяшықтардағы қате мәндері мен қате анықтауыштарын жасырудың бірнеше жолы бар.

Формулалар қателерді себеп ретімен қайтара алады. Мысалы, санды 0 санына бөлуге болмайды, ал егер =1/0 өрнегін енгізсеңіз, Excel бағдарламасы #DIV/0 қате мәнін береді. Қате мәндеріне #DIV/0!, #N/A, #NAME?, #NULL!, #NUM!, #REF!, және #VALUE! жатады.

Қате нөлге түрлендіріп, мәнді жасыру үшін форманы пайдалану

Қате мәндерді 0 сияқты санға түрлендіру арқылы оларды жасыра аласыз және содан кейін мәнді жасыратын шартты пішімді қолдана аласыз.

Қате үлгісін ж асау

  1. Бос жұмыс кітабын ашу немесе жаңа жұмыс парағын жасау.

  2. В1 ұяшығына 3 мәнін, С1 ұяшығына 0 мәнін және A1 ұяшығына =B1/C1 формуласын енгізіңіз.
    #DIV/0! қатесі A1 ұяшығында көрсетіледі.

  3. Формуланы өңдеу үшін A1 ұяшығын бөлектеп, F2 пернесін басыңыз.

  4. Теңдік белгісінен (=) кейін IFERROR дегенді теріп, одан кейін жақшаны ашыңыз.
    IFERROR(

  5. Курсорды формуланың соңына жылжытыңыз.

  6. ,0) — теріңіз, яғни, үтірден кейін нөл санын теріп, жақшаны жабыңыз.
    =B1/C1 формуласы былай болады: =IFERROR(B1/C1,0).

  7. Формуланы аяқтау үшін Enter пернесін басыңыз.
    Ұяшықтың ішінде #DIV! қатесінің орнына 0 көрсетілуі тиіс.

Шартты пішімдеуді қолдану

  1. Қатесі бар ұяшықты таңдап, Басты қойындысында Шартты пішімдеу пәрменін басыңыз.

  2. Жаңа ереже тармағын таңдаңыз.

  3. Жаңа пішімдеу ережесі диалогтық терезесінде Тек келесілері бар ұяшықтарды пішімдеу пәрменін таңдаңыз.

  4. Тек ұяшықтарды пішімдеу бөлімінің астында Ұяшық мәні бөілмі бірінші тізімді ұяда, тең бөлімін екінші тізімді ұяда таңдалғанына көз жеткізіп, содан кейін оң жақтағы мәтін өрісіне 0 санын теріңіз.

  5. Пішім түймешігін басыңыз.

  6. Сан қойындысын басып, Санат ішінде Реттелетін тармағын таңдаңыз.

  7. Түр ұясында ;;; (үш нүктелі үтір) енгізіңіз де, ОК түймешігін басыңыз. ОК түймешігін қайта басыңыз.
    Ұяшықтағы 0 саны жоғалады. Бұл жағдай ;;; өзгертпелі пішім ұяшықтағы кез келген санның көрсетілуіне жол бермегендіктен орын алады. Дегенмен, нағыз мән (0) ұяшықтың ішінде қалады.

Тағы не істегіңіз келеді?

Ақ мәтінді ауыстыру арқылы қате мәндерді жасыру

Қате мәнінің орнына сызықша, #N/A немесе NA мәнін көрсету

Жиынтық кесте есебіндегі қате мәндерін жасыру

Ұяшықтардағы қате анықтауыштарын жасыру

Ақ мәтінді ауыстыру арқылы қате мәндрді жасыру

Сондай-ақ, ақ мәтінді ауыстыру арқылы қате мәндерді жасыра аласыз немесе мәтінді жұмыс үстелінің фон түсіне сәйкес қыла аласыз. .

  1. Ішінде қате мәні бар ұяшықтар ауқымын таңдаңыз.

  2. Басты қойындысындағы Мәнерлер тобынан Шартты пішімдеу жанындағы көрсеткіні басып, Ережелерді басқару пәрменін таңдаңыз.
    Шартты пішімдеу ережелерін реттеуші диалогтық терезесі көрсетіледі.

  3. Жаңа ереже тармағын таңдаңыз.
    Жаңа пішімдеу ережесідиалогтық терезесі пайда болады.

  4. Ереже түрін таңдаңыз астындағы Тек келесілері бар ұяшықтарды пішімдеу түймешігін басыңыз.

  5. Ереженің сипаттамасын өзгертіңіз ішінде Тек ұяшықтарды пішімдеу қажет, олар үшін келесі шарттар орындалады тізімінде Қателер тармағын таңдаңыз.

  6. Пішім тармағын таңдап, Қаріп қойындысын басыңыз.

  7. Түс тізімін ашу үшін көрсеткіні басыңыз және Тақырып түстері бөлімінің астында ақ ұяны басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Қате мәтінінің орнына сызықша, #N/A немесе NA мәнін көрсету

Қателерді жасыруға қосымша оларды NA сияқты мәндерге жасыра аласыз. Мұны орындау үшін келесі мысалда көрсетілгендей, IFERROR және NA функцияларын пайдалануға болады.

Бос жұмыс парағына көшіргенде мысалды түсіну оңайырақ болуы мүмкін. Төмендегі мысалда, «Деректер» мәтіні бар ұяшықты таңдап, «Сипаттама (Нәтиже)» бағанындағы соңғы ұяшыққа дейін бөлектеу үшін курсорды жылжытыңыз. Одан кейін, бөлектелгенді көшіріп, A1 ұяшығымен басталатын жұмыс кітабына қойыңыз.

1

2

3

A

Деректер

10

0

Формула

Сипаттама (Нәтиже)

=A2/A3

Қате нәтиже (#DIV/0) береді

=IFERROR(A2/A3,"NA")

Мән қате болғанда, NA мәнін береді

=IFERROR(A2/A3,"-")

Мән қате болғанда, сызықша таңбасын береді

=IFERROR(A2/A3,NA())

Мән қате болғанда, #N/A қате мәнін береді

Функция туралы толық мәлімет

IFERROR    Осы функцияны ұяшықта қате бар-жоғын немесе формула нәтижелерінің қатені беретін-бермейтінін анықтау үшін пайдаланыңыз.

NA    Осы функцияны пайдаланып, #N/A жолын ұяшықта қайта шығарыңыз. Функция атынан кейін бос жақша (мынаған ұқсас: =NA()) бар.

Беттің жоғары бөлігі

Жиынтық кесте есебіндегі қате мәндерді жасыру

  1. Жиынтық кесте есебін басыңыз.

    Жиынтық кестелермен жұмыс істеу тармағы көрсетіледі.

  2. Талдау қойындысындағы Жиынтық кесте тобынан Параметрлер тармағының жанындағы көрсеткіні басып, Параметрлер тармағын таңдаңыз.

  3. Орналасу және пішімдеу қойындысында төмендегі параметрлердің біреуін немесе бірнешеуін таңдаңыз:

    • Қатенің көрсетілуін өзгерту    Пішім тобының астындағы Қате мәндер үшін көрсету параметрі ұяшығына белгі қойыңыз. Жолақта қателердің орнына көрсетілетін мәнді теріңіз. Қателерді бос ұяшықтар түрінде бейнелеу үшін жолақтағы кез келген таңбаны жойыңыз.

    • Бос ұяшықты бейнелеуді өзгерту    Қате мәндер үшін көрсету параметрі ұяшығына белгі қойыңыз. Жолаққа бос ұяшықтарда бейнеленетін мәнді теріңіз. Бос ұяшықтарды көрсету үшін жолақтағы кез келген таңбаны жойыңыз. Нөлдерді бейнелеу үшін осы параметр ұяшығына белгі қойыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Ұяшықтардағы қате анықтауыштарды жасыру

Егер ұяшықта қатеге апаратын формула бар болса, ұяшықтың үстіңгі сол жақ бұрышында үшбұрыш (қате көрсеткіші) пайда болады. Бұл көрсеткіштер көрсетілмеуі үшін келесі процедураны орындауға болады.

Формула ақаулығы бар ұяшық
Формула қатесі бар ұяшық
  1. Файл қойындысын басып, Параметрлер бөлімін басып, содан кейін Формулалар санатын басыңыз.

  2. Қателерді тексеру ішінде Қатенің өңдік тексеруін қосу параметрі ұяшығынан белгіні алыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×