Ұяшықтардағы түймешіктер мен үшбұрыштар не білдіреді?

Microsoft Office Excel бағдарламасында ұяшықтың ішінде немесе жанында шығуы мүмкін жеті опциялар түймешігі мен үш түсті үшбұрыш бар. Бұл түймешіктер мен үшбұрыштар пайдалы пәрмендер мен ұяшықтың мазмұны жөнінде мәліметтер береді және Cізге қажетті кезде шығады. Бұл мақала сол түймешіктер мен үшбұрыштардың әрқайсысы не білдіретінін және олармен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндіреді.

Бұл мақалада

Жұмыс парағыңызда көруіңіз мүмкін түймешіктер

Жұмыс парағыңызда көруіңіз мүмкін түсті үшбұрыштар

Жұмыс парағыңызда көруіңіз мүмкін түймешіктер

Ұяшықтың жанында келесі жеті түймешік шығуы мүмкін: Автоауыстырғыш параметрлері, Қою параметрлері, Автотолтыру параметрлері, Қате көзі, Кірістіру параметрлері, Смарт-тэг әрекеттері және Пішімдеу ережесін қолдану.

Автоауыстырғыш параметрлері

Автоауыстырғыш параметрлері түймешігі Түймешік суреті тінтуірдің көрсеткісін автоматты түрде түзетілген мәтіннің астындағы кішкентай көк төртбұрышқа апарған кезіңізде шығуы мүмкін. Мысалы, егер ұяшыққа еренсілтеме немесе электрондық пошта адресін терсеңіз, Автоауыстырғыш параметрлері түймешігі шығуы мүмкін. Егер түзеткіңіз келмейтін мәтін тапсаңыз, жасалған түзету әрекетін болдырмауыңызға немесе автоауыстырғыш параметрлерін қосып не өшіріп қоюыңызға болады. Автоауыстырғыш параметрлерін қосып не өшіріп қою үшін Автоауыстырғыш параметрлері түймешігін басып, тізімнен таңдау жасаңыз.

Қою параметрлері

Қою параметрлері түймешігі Түймешіктің суреті мәтінді немесе деректерді қойғаныңыздан кейін сол қойылған таңдауыңыздың дәл астында шығады. Түймешікті басқан кезіңізде мәліметтерді жұмыс парағыңызға қалай қою керек екенін анықтауға мүмкіндік беретін тізім шығады.

Параметрлердің бар-жоқтығы қоятын мазмұнның түріне, қай бағдарламадан көшіріп алғаныңызға және қоятын жердегі мәтіннің пішіміне байланысты.

Автотолтыру параметрлері

Автотолтыру параметрлері түймешігі Түймешік кескіні мәтінді немесе деректерді жұмыс парағына толтырғаныңыздан кейін сол толтырған таңдауыңыздың дәл астында шығуы мүмкін. Мысалы, ұяшыққа күн-айды теріп, төмендегі ұяшықтарды толтыру үшін сол ұяшықты төмен тартсаңыз, Автотолтыру параметрлері түймешігі шығуы мүмкін. Сол түймешікті басқан кезіңізде мәтінді немесе деректерді қалай толтыруға болатын параметрлер тізімі шығады.

Тізімдегі параметрлер Сіз толтырып жатқан мазмұнға, қай бағдарламадан көшіріп алғаныңызға және Сіз толтырып жатқан мәтіннің не деректердің пішіміне байланысты.

Қате көзі

Қате көзі түймешігі Түймешіктің суреті формула қателігі кездескен ұяшықтың жанында шығады, ал жасыл үшбұрыш ұяшықтың жоғарғы сол жағында шығады.

Түймешіктің жанындағы көрсеткіні басқан кезіңізде қателікті тексеруге арналған параметрлер тізімі шығады.

Кірістіру параметрлері

Кірістіру параметрлері түймешігі Түймешік суреті кірістірілген ұяшықтардың, жолдардың немесе бағандардың жанында шығуы мүмкін.

Түймешіктің жанындағы көрсеткіні басқан кезіңізде пішімдеу параметрлерінің тізімі шығады.

Смарт-тэг әрекеттері

Смарт-тэг параметрлері түймешігі Түймешік суреті ұяшықта терілген акция нышаны немесе кісінің аты сияқты мәтіннің жанында шығуы мүмкін.

Түймешіктің жанындағы көрсеткіні басқан кезіңізде орындауға болатын әрекеттер тізімі шығады.

Пішімдеу ережесін қолдану

Пішімдеу ережесін қолдану түймешігі Түймешік суреті жиынтық кесте есебінде деректерді шартты пішімдеуге арналған шолу әдісін өзгерту үшін қолданылады.

Түймешіктің жанындағы көрсеткіні басқан кезіңізде шолу параметрлерінің тізімі шығады.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс парағыңызда көруіңіз мүмкін түсті үшбұрыштар

Ұяшықта шығуы мүмкін үш үшбұрыштың түстері мынадай: жасыл (қате), қызыл (аңғартпа) және күлгін (әрекет тегтері).

Жасыл үшбұрыш

Ұяшықтағы қате көрсеткіші

Ұяшықтың жоғарғы сол бұрышындағы жасыл үшбұрыш ұяшықтағы формулада қате бар екенін білдіреді. Егер ұяшықты таңдасаңыз, Қате көзі түймешігі Түймешіктің суреті шығады. Параметрлер тізімін шығару үшін түймешіктің жанындағы көрсеткіні басыңыз.

Қызыл үшбұрыш

Ұяшықтағы аңғартпа көрсеткіші

Ұяшықтың жоғарғы оң бұрышындағы қызыл үшбұрыш ұяшықта аңғартпа бар екенін білдіреді. Егер тінтуірдің көрсеткісін үшбұрыштың үстіне апарсаңыз, сол аңғартпаның мәтінін көре аласыз.

Күлгін үшбұрыш

Үшбұрыштағы смарт-тэг көрсеткіші

Ұяшықтың төменгі оң бұрышындағы күлгін үшбұрыш ұяшықта смарт-тэг бар екенін білдіреді. Егер тінтуірдің көрсеткісін үшбұрыштың үстіне апарсаңыз, Смарт-тэг әрекеттері түймешігі Түймешік суреті шығады. Смарт-тэг параметрлері тізімін шығару үшін түймешіктің жанындағы көрсеткіні басыңыз.

Кеңес : Қатені тексеретін үшбұрыш көрсеткішінің түсін өзгертуге болады. Ол үшін келесі іс рәсімін қолданыңыз:

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті Excel параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін Өрнектер дәрежесін нұқыңыз.

  2. Қателерді тексеру тармағында Қатенің өңдік тексеруін қосу параметріне құсбелгі қойыңыз.

  3. Осы түс арқылы қателерді көрсету түймешігін басып, бояғыштардан жаңа түс таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×